экономика 50,51,49

51. Байланыс кәсіпорындарның инвестиция істерін ретту.

Инвестиция - бұл қоғамдық қажеттіліктерді толық қамтамасыз ету мақсатындағы және қызмет көрсету салаларында пайда алу үшін, қазіргі жабдықтар мен байланыс желілерін модернизациялау және жаңа құрал-жабдықтарды жасауға арналған ұзақ мерзімді жинақталған қор.

Жалпы жағдайда инвестицияға тек қана күрделі құрылысқа кететін қаражат қана емес, сонымен бірге құнды қағаздарға (акциялар, облигациялар), қаржылық салымдар және басқа да ұзақ мерзімді мақсаттар жатады. Бірақ соның ішінде инвестициялық қызметтің бірінші бағыты приоритеттік мағынаға ие және салалық инвестициялық қорлар құрылымында едәуір салмаққа ие, әдетте инвестиция ұғымы байланыс дамуындағы күрделі қаржымен теңестіріледі.

Мөлшері шектеулі инвестициялық қаржыларды тиімді жұмсау үшін байланыс операторлары өндіріс қуаттылығын пайдалану мен жасауға аз шығын жұмсап, көп кіріс және пайда алып келуді қамтамасыз ететін техника мен технологияны енгізуі тиіс.

Сондықтан байланыс мекемесінің инвестициялық қызметінің негізгі кезеңі болып, жобалау кезінде-ақ оларды іске асырудағы экономикалық және әлеуметтік салдарын бағалауға мүмкіндік беретін байланыс желілері мен құралдарды модернизациялау және дамыту жобасының экономикалық негіздеу табылады.

«Тиімділік шығын» қарым-қатынасы бойынша байланысты дамытудағы инвестицияның оптимальді бағыттарын таңдау көп жағдайда экономикалық тиімділікті анықтаудың методологиялық қадамдарына байланысты. Қаржы жұмсаудың, жаңа техниканың, ұйымдастыру –техникалық іс-шаралардың, инвестициялық жобалаудың тиімділігін анықтаудың көптеген анықтамалары бар, бірақ нақты экономикалық міндеттерді шешу үшін олардың әрқайсысы өз салаларында қолданылады.

Оларды екі топқа біріктіруге болады: статикалық және динамикалық.

Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру және іске асыру үшін динамикалық әдістерді пайдаланумен  жасалатын, негізгі бөлімі олардың тиімділігін бағалау болып табылатын бизнес-жоспар қолданылады. Оларды ұзақ мерзімді қаржы бөлуге байланысты, жобалаудағы дұрыс бағалауға қажет әртүрлі кезеңдерге жататын ақша түсірілімдері мен төлемдерінің тең еместігін ескеруге мүмкіндік береді.

Бірақ та, практикалық іс-әрекетте бұрынғыша салыстырмалы тиімділігі мен жалпы (абсолюттік) бағалау әдістерінің дәстүрлі (статикалық) түрінің мәні зор. Бұл инвестициялық жобалаудың өзі үлкен кәсіби шеберлікті, ұзақ уақыт пен  қаржыны талап ететін күрделі және қымбат үрдіс екендігімен түсіндіріледі. Бұл шығындар жобаның құны жоғары болса. Ұзақ мерзімге қолданылса және оптималды мерзімде қайтару кепілдігімен ақшаларын салатын инвесторлар болса ғана өтеледі.

Өндіріс мақсатын және оның нәтижелігін бағалауды негіздеуде қаржы көздерінің жалпы (абсолюттік) тиімділігінің көрсеткіштері қолданылады. Бұл әдіс салалық даму бағдарламасын тұтасымен және байланыс даму перспективаларын  жасаудың барлық кезеңдерін анықтауда, байланыс түрлері мен жекелеген салаларында, кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдарда қолданылады. Ол байланыс қондырғылары мен құрылыс обьектілерінің қаржылық жобалауында, құрылыстың жүзеге асырылуының нәтижесін бағалауда, дамуы бойынша ұйымдық-техникалық іс-шараларды негіздеуді, кәсіпорындарды жетілдіруде және қайта жөндеуде, сол сияқты  өндірістің қуаттылығы мен  негізгі қорларды бағалауда  пайдаланылады. Жалпы (абсолюттік) тиімділіктің негізгі көрсеткіштері болып жалпы тиімділік коэффициенті мен жұмсалған қаржыны қайтару мерзімі табылады.

Жалпы тиімділік коэффициенті (Ек) өндірісті жетілдіруге немесе дамытуға жұмсалған әрбір жылы рубльден бір уақытта қаржы шығынын алуға болатын тиімділікті сипаттайды. Бұл коэффициент өндірілген циклдың қай кезеңіне және басқарудың қай деңгейіне арналғандығына байланысты тиімділік әртүрлі көрсеткіштермен сипатталады. Қоғамдық өндіріс деңгейінде  өндіріс толығымен белгілі бір уақытта (мысалы, жыл) алынған ұлттық өнімнің (НД) өсу түрінде, ал жалпы тиімділік коэффициенті осы өсуді шақыратын (К) оны жұмсалған қаржыға бөлгенде шығады:

 

 

                                       Ек.нд=НД .                                                 (10.1)

 

Экономиканың жекелеген салаларында, байланыс саласы мен салықтарды қосқанда, жалпы тиімділік коэффициенті пайданың жылдық өсімінің (∆П) оның өсуін қамтамасыз ететін жұмсалған қаржыға қарым –қатынасымен анықталады:

                                              Ек.пп=П /К.                                            (10.2)

 

Байланыс жекелеген обьектілерінің құрылысының жалпы тиімділігін бағалауда тиімділік сапасы ретінде пайданың (П) жалпы жиынтығы көрінсе, ал кәсіпорынды қайта жөндеуде және жекелеген  ұйымдық- техникалық шараларды жүзеге асыруда тиімділік пайданың айырмашылығымен анықталады, яғни:   

 

                      Ек.п=П /К ;  Ек.рек=2 1) /К.                                     (10.3)

 

Бір кешенге енетін бірнеше байланыс обьектілері бойынша жалпы (абсолюттік) тиімділікті бағалау жүзеге асырылса, онда нәтижелілік коэффициенті мына формула бойынша анықталады:

                                 Ерез1Е12Е2+…+аnEn ,                                      (10.4)

мұнда:

Е1,Е2,En-кешенге енетін әрбір обьекті бойынша жалпы тиімділік коэффициенттері;

а12n-бірлік үлесінде кешеннің жалпы сметалық бағасына сәйкес келетін бөлінген салмағы.

Обьектілердің тиімділігі олардың рентабильділігімен сипатталады, яғни пайданың айналым құралдары мен негізгі өндіріс қорларыныңорташа жылдық құнына  қатынасымен анықталады.

            Күрделі қаржының қайтарылу мерзімі (Тк) жылдың қандай уақытында күрделі қаржыларын жүзеге асыру нәтижесінде алынған тиімділік, осы салынған қаржылардың жиынтығын қайтару мүмкіндігін көрсетеді. Жалпы жағдайда қайтарылу мерзімі жалпы (абсолюттік) тиімділіктің кері коэффициент өлшеміне қатысын көрсетеді,  яғни Ткі=1/ Eкі. Бірақ сөз байланыстың қайта жөнделетін немесе салынып жатқан деңгейіндегі инвестициялардың қайта мерзімінің анықтамасы болғанда, есептеу нәтижесінің обьективтілігін көтеру үшін байланыстың өндірістік қуаттылығын игеру және құрылыс жобалауды қамтитын тұтас инвестициялық циклды қарастыруды талап етеді.

Бұндай жағдайда  күрделі қаржыларды жұмсаудың басы мен одан толық тиімділікті  алу арасындағы уақыт бойынша қозғалысты ( лаг) есептеу қажет. Лаг ұзақтығы пайдалануға берілген жобалаудың, құрылыс пен қуатылықты игерудің кезеңдерімен анықталады. Инвестицияны қайтару мерзімін бағалау көзқарасы бойынша құрылыс лагы мен игеру үлкен маңызға ие. Себебі біріншісі – ақша салымдарымен тікелей байланысты болса, екіншісі – жобалау көрсеткіштерінің жаңа обьектілерінің жетістіктері бойынша біртіндеп қайтаруымен байланысты.

Орташа алғанда норма бойынша есептелген байланыс саласындағы лаг құрылысы шамамен 1,3 жылға , ал игеру лагы 1,7 жыл, яғни жалпы лаг, яғни жалпы лаг 3 жыл шамасын құрайды. Қайтарылу уақытының жалпы  (абсолюттік) тиімділігін бағалауда лаганың меңгерілуі ескерілуі тиіс, сонымен бірге көрсеткіштің есептеу әдісі байланыс обьектілері мен кәсіпорынның жобалау қуаттылығының меңгерілу сипатына байланысты. 10.2 суретінде әрқайсысы инвестицияның белгілі көлемінің салынуымен сипатталып, кезеңдер  бойынша жүзеге асырылатын өндірістік қуаттылықтың енгізу үрдісі көрсетілген, мысалы  байланыс магистральдарының құрылысы. Бұл жағдайда сатып алу мерзімі екі құраушыдан тұрады: обьектінің пайдалануға берілуінен күшеюге дейін және осы кезеңде орны толмаған қаржы көздерінің қайтарылуы мерзімі. Есептеу   формуласы:

                                      Тк=t+(K+∆K-П1·t)/П2,                               (10.5)

 

мұнда:

 t -  жылдардағы обьектінің пайдалануға берілу уақытынан күшеюге дейінгі кезеңі;

К - бірінші кезең бойынша обьектінің құрылысына кеткен қаржы қоры;

∆K –күшеюмен байланысты қаржы қорлары;

 П1·t− күшеюге дейін алынған пайда жиынтығы;

П2 – күшеюден кейінгі алынған пайда.

 

49. Кәсіпорынның жұмыскерлерге жұмсалатын қаражатның құрамы.

Материалды өндіріс тармағында, жұмыскерлер саны қысқаруда, жыл сайын 1 – 1,5 %, ал қосымша өндірістегі жұмыскерлер санының меншікті үлесі 5,3 – 2,7 % ке дейін төмендеді.

Байланыс саласы тармағындағы жұмыскерлер саны  азайып келеді. Жұмыскерлердің байланыс салсындағы  өзгеруі 5.1 суретте келтірілген.

Жұмыскерлердің еңбек істері функционалды еңбектің бөлуіне негізделген. Олар жұмысшылар және қызметкерлер болып бөлінеді.

Жұмыскерлерге – операторлар, телеграфистер, электромонтерлер, кабельщиктер т.б. жатады.

Қызметкерлерге – инженер-техник жұмыскерлері жатады.

Байланыс саласының 50 % көбісі жұмысшылар, радиотеледидарда да негізінде  инженер-техник жұмыскерлерінен тұрады.

Еңбекті кәсіпқой-біліктілігіне байланысты кәсібі және мамандығы деп бөліп, олардың ішінде еңбек күрделілігіне қарай бөледі. Еңбекақы төлеуде 21 разрядты сетка еңгізілген. Мамандарды жұмысқа қабылдағанда 1-2 категория берілуі мүмкін. Жаңа профессиялар пайда болады.

Мамандар дайындау, қайта дайындау, біліктілігін көтеру жолдарынан өтеді (университет, институт, курстар, жеке бригада арқылы дайындау). Жұмыскерлер өндірісте бір — біріне ауысып отырады.

Кадрлардың жылжып, ауысып отыруын сипаттау үшін және ұжымның  тұрақтылығын бағалау үшін айналым және тұрақтамаушылық коэффициенттері қолданылады.

                                                       (5.1)

Айналым көрсеткіші бағалағанда мына жағдайды айыра білу қажет, олар: а) объективті себептерге қарай керекті айналым; б) субъективті себептерге қарай артық айналым болады.

 

 

5.1 сурет — Байланыс жұмыскерлерінің салалық структурасы

 

Еңбек кәсіптілігі функционалдық еңбек бөлінісіне негізделген, яғни барлық байланыс ұйымындағы жұмысшыларды олардың істелінген жұмыстың сипатына және өндірістік үрдістің орындалудағы роліне байланысты топтарға бөледі. Функционалды еңбек бөлініс негізіне нақты бір өндірістік тапсырмалардың орындалуына бағытталған еңбек кәсіптілігінің ерекшеленген түрі- өндірістік функция жатады.

Барлық жұмысшылар негізгі кәсіптеріне байланысты өндірістік процесске қатысу деңгейі мен атқаратын қызметіне тәуелді жұмысшы және маман болып бөлінеді.

Жұмысшылардың категорияларына (санатына) байланысты келесі топтар ерекшеленеді:

-       тұтынушыларға қызмет көрсетумен, айырбастауды жеткізумен және өңдеумен айналысатын  байланыс жұмысшылары (почталық байланыс операторы, реттеушілер, хатшылар, телеграфшылар, телефонистер және т.б.);

-       құрылғыларға және байланыс құралдарына эксплуатационды-техникалық қызмет көрсетумен айналысатын байланыс жұмысшылары (электромонтерлар, кабелшілер мен пайкілеушілер, антеншілер-мачтовшілер және т.б.).

50.Инвестиция ісі,оның көздері

 Күрделі қаржы салу - жұмыс жасап жатқан кәсіпорынның техникалық қайта жабдықталуына және жөнделуіне, кеңейтілуіне, жаңадан құрылуына кететін шығынның, өндірістік және өндірістік емес міндеттемелердің негізгі қорларының жиынтығы. Оларға құрылыс монтаждық жұмыстарды жүргізумен байланысты құралдар,  жабдықтар мен кабельдік өнімдер, оларды тасымалдау, пайдалану орнындағы  монтаж жатады. Қазіргі салық ставкасы бойынша  қосымша құнға (12 %)  салық есептеледі.

Инветицияны қаржыландыру көздерін анықтау үрдісі салалық және аумақтық аспектлерде оларды пайдаланудың алдыңғы қатардағы аспектлері байланыс құралдарының дамуына жұмсалатын қаржының тиімділігін қамтамасыз ететін экономикалық механизмді жұмсау саладағы инвестицияның мәнін құрайды.

Қарастырылып отырған уақыт аралығында ақпараттандыру мен байланысты дамытуға кеткен уақыттық  инвестиция көлемі 5,6 есе, ал шетелдік 3,7 есе өсті, сондай-ақ салаға кеткен күрделі қаржы бөлудің жылдық өсу қарқыны тұтасымен алғанда экономика бойынша сәйкес көрсеткіштерден 3-4 есе жоғары болды.

Байланыстағы инвестициялық қызметті қаржыландыру негізгі қайнар көзі болып:

-жекеменшік қаражат;

-заемдық және тартылған қаржы;

-бюджеттік ассигнования;

-шетелдік инвестициялар.

Байланыс желілері мен жабдықтарды модернизациялау және дамытуға бағытталған қаржының жалпы көлемінің едәуір бөлігін ұйымның өкілділігіне қалған  сатудан, негізгі және басқа қызмет түрлерінен түскен пайданы, амортизацияны қамтитын телекоммуникациялық компаниялардың жекеменшік қаражаты құрайды.

Лизинг (қаржылық жалға беру) дамуды инвестициялау көзі ретінде банктік несиелерге және өз ақшасына жабдықтарды тікелей сатып алуға қарағанда біршама жеңілдіктермен, бәрінен бұрын пайдаға және мүлікке төленетін салықтың аздығымен сипатталады.

  

10.1 сурет — Байланыс дамуындағы инвестиция бағдарламасының келісімі мен құрастыру алгоритмі

 10.2 сурет — Инвестициялық цикл

Предыдущий:

Следующий: