ЭКОНОМ.ТЕСТ
1.Экономикалық теория нені зерттейді:
A.шектеулі жағдайында қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну барысындағы адамдардың іс-әрекеттерін зерттейді;
B.ұйымдық- экономикалық қатынастарды;
C.қоғамның өндіргіш күштерін;
D.әлеуметтік-экономикалық қатынастарды;
E.тауар өндірісінің технологиясын.
2. Экономика ғылымының зерттеу әдісіне жатады:
A.тәжірибелік бақылау
B.нақты мәліметтердің жиынтығы;
C.пәннің құрылымы;
D.ғалымның дүниетанымдық ұстанымдары
E.барлық танып-білу әдістерінің оңтайлы қолданымы;
3. Дедукция деген не:
A.жалпы қағиданың негізінде жекені түсіндіру;
B.жекелердің негізінде жалпы ұстанымдарды шығару;
C.қарапайымдалған пікір;
D.экономика үлгілерін жасау;
E.экономиканы тарихи тұрғыдан зерттеу.
4. Синтез әдісі қалай сипатталады:
A.жеке элементтерді біртұтастық ретінде қосу, олардың өзара байланыстарын зерттеу;
B.жеке қағидаларды жалпы ұстаным негізінде дәлелдеу;
C.тәжірибе жүргізу;
D.экономикалық процестердің моделін жасау;
E.біртұтас жүйенің жеке элементтерін ажырату.
5. Экономикалық категория деген не:
A.қарапайымдалған пікір;
B.өндірістік қатынастардың әртүрлі қырларын білдіретін жалпылама ұғымдар;
C.субъективті бағалау ұғымы;
D.себеп-салдарлық байланыстар;
E.қалыпты пікір.
6. Төмендегі пікірлердің қайсысы дұрыс:
A.экономика заңдары объективті түрде ықпал жасайды, бірақ адамдар оларды зерттеп, өздерінің тәжірибелік іс-әрекетінде қолданады;
B.экономика заңдарын адамдар белгілейді және олар адамдардың қалауына сәйкес қызмет атқарады;
C.экономика заңдары адамдардың қалауынан тыс қызмет атқарады;
D.экономика заңдары құқық заңдарымен бірдей;
E.экономика заңдары субъективті түрде қызмет атқарады.
7. Экономика заңдары деген не:
A. экономикалық құбылыстардың ең маңызды, тұрақты байланыстары және өзара тәуелділігі;
B. экономикалық құбылыстар туралы бірқалыпты түсінік;
C. экономикалық құбылыстың маңызды жақтарын айқындайтын ғылыми абстракциялар;
D. экономикалық қатынастарды және экономикалық іс-әрекеттерді реттейтін қылмыстық және азаматтық кодекстердің баптары;
E. себеп-салдарлық қатынастар.
8. Төменде келтірілген белгілердің қайсысы экономикалық емес игілікті сипаттай алмайды:
A.адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырады;
B.өндірістің нәтижесі емес;
D.адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды;
E.жеткіліктіз, өте аз
9. Өндірістік қатынастар деген не:
A.материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну барысында қалыптасатын қатынастар;
B.табиғат, материалдық және ақпарат ресурстарын пайдалану қатынастары;
C.адамның табиғатқа қатынасы;
D.әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар;
E.әртүрлі дін өкілдерінің арасындағы қатынастар.
10. Қоғамның қарапайым өндіргіш күштеріне жатады:
A.өндіріс құралдары мен жұмыс күштерінің біртұтастығы;
B.жоспарлау;
C.өндірісті қоғамдастыру әдісі;
D.жер,су, қазба байлық;
E.инфрақұрылым және оның элементтері.
11. Келтірілген қатынастардың қайсысы әлеуметтік-экономикалық қатынастар үлгісіне жатады:
A.меншік қатынастары;
B.экономиканы ұйымдастыру және басқару формалары;
C.адамның табиғатқа қатынасы;
D.еңбектің бөлінісі және біргуі;
E.еңбек тәртібі.
12. Экономикалық теорияда негізінен келесі өндіріс факторларын бөліп көрсетеді:
A.еңбек пен капитал;
B.еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет;
C.табиғи ресурстар, еңбек және капитал;
D.еңбек, капитал, ақпарат, технология;
E.негізгі және айналмалы капитал.
13. Өндірістің мазмұны:
A.адамның өмір сүруіне қажетті өнімдер мен игіліктерді өндіру;
B.өндірушілер мен тұтынушылардың байланысы;
C.адамның жұмыс орны;
D.игіліктерді қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдалану;
E. табиғаттың дайын өнімдерін иемдену.
14. Ұдайы өндірістің экстенсивті түрін не сипаттайды:
A. бұрынғы техника негізінде өндіріске қосымша факторларды тарту;
B. жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғарту;
C. жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғарту;
D. технологияны өзгерту;
E. өндіріс құрылымын өзгерту.
15. Ұдайы өндірістің интенсивті түрін не сипаттайды:
A.жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құрып, жаңарту.
B.жаңа кәсіпорындарды салу және капитал салымдарын арттыру;
C.капитал салымдарының өсуі;
D.жұмыс орындарының санын көбейту негізінде даму;
E.жаңа технология негізінде өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы өндірісті кеңейту;
16. Аралас экономиканы не сипаттайды:
A.ресурстарға жеке меншік, экономикалық іс-әрекетті бағыттауда нарық жүйесі мен бағаны пайдалану;
B.мемлекеттік және жеке экономика салаларының нарық механизмі негізінде қатар өмір сүруі;
C.әміршіл- әкімшілдік механизм негізінде экономиканы бір орталықтан жоспаралы түрде басқару;
D.нарық күштері мен мемлекеттің қатысу негізінде қалыптасқан экономиканың мемлекеттік және жеке секторының біртұтастығы;
E.тұйықтану.
17. Егер экономикалық проблемалар жартылай рынок, жартылай мемлекет арқылы шешілетін болса, онда бұл экономика:
A.аралас болғаны;
B.нарықтық;
C.дәстүрлі;
D.әміршілдік;
E.өтпелі.
18. Дәстүрлі экономика үшін не сипатты емес:
A.құқықтық заңнама негіздерінің әлсіздігі.
B.өндіріс күштерінің төменгі даму деңгейі;
C.өндіріс қатынастарының салт-дәстүр, тәжірибе негізінде құрылуы;
D.натуралды өндіріс пен ұжымдық меншік формаларының үстемдігі;
E.ұлғаймалы ұдайы өндіріс;
19. «Меншік» категориясы қандай экономика қатынастарын білдіреді:
A.адамның табиғатқа қатынасын;
B.адамның табиғатқа қатынасын;
C.топ белгілері бойынша адамдар арасындағы қатынастарды;
D.тұлғаның объектіге қатынасын;
E.құқық алу қатынастарын.
20. Меншіктен «айыру» деген не:
A.тіршілік игіліктерін, өндіріс және қаржы ресурстарын адам өзінің өмір сүруіне пайдалана алмауы;
B.бұл табиғат өнімдерін адамнан айыру;
C.бизнестің барлық мәселелерін басқаларға жүктеу;
D.кәсіпорынды басқара алмау;
E.қарызын төлеу үшін меншігінен айырылуы.
21. Меншік экономикалық категория ретінде не болады:
A.тіршілік игіліктерін иемдену, айыру, иелену, пайдалану және басқару бойынша тарихи қалыптасқан адамдар арасындағы қатынастар;
B.жеке немесе заңды тұлғаның иелігі;
C.өндіріс факторлары мен нәтижелерін басқару әдісі;
D.өндірісті реттеу қатынастары;
E.айырбастау формасы.
22. Меншіктің мазмұнын келесі қос категориялардың қайсысы ашады:
A.мәні-көрінісі;
B.базис- құрылым;
C.иемдену – айыру;
D.себебі-салдары;
E.субъектісі-объектісі.
23. Иелену құқығын қалай сипаттауға болады:
A.игілікті толық және тікелей бақылау құқығы;
B.заттан оның пайдалы қасиеттерін алу құқығы;
C.заттың тағдырын шешу құқығы;
D.игілікті мұрагерлікке беру құқығы;
E.мұрагерлік құқығы.
24. Пайдалану құқығы немен сипатталады:
A.игіліктің пайдалы қасиеттерін өзі үшін пайдалану құқығы;
B.затты иелену құқығы;
C.заттың пайдалы қасиеттерін алу мүмкіншілігі;
D.заттың пайдалы қасиеттерін алу мүмкіншілігі;
E.игілікті мұрагерлікке беру мүмкінішілігі.
25. Қазақстан Республикасында Конституция бойынша меншіктің келесі түрлері бар:
A.мемлекеттік, кооперативтік, жеке.
B.мемлекеттік, ұжымдық, жеке-даралық;
C.мемлекеттік, жеке, аралас;
D.мемлекеттік, аралас, біріктірілген;
E.жеке және мемлекеттік;
26. Натуралды шаруашылық үшін не сипатты емес:
A.еңбек бөлінісі және мамандану;
B.ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы
C.өндіріс пен тұтынудың тікелей байланысы;
D.бөлшектенбеген толық қол еңбегі;
E.өнімді сатуға емес, тұтыну үшін өндіру.
27.Натуралды шаруашылыққа не сипатты:
A.жеке шаруашылық шеңберінде өндіріс пен тұтынудың тікелей байланысы;
B.шаруашылықтың ашық болуы;
C.еңбек бөлінісі және мамандану;
D.өнімді айырбас үшін өндіру;
E.халықаралық сауда
28. Тауарлы өндірісті не сипаттайды:
A.еңбектің бөлінбегендігі;
B.өндіріс пен тұтынудың тікелей байланысы;
C.өнімнің натуралдық формада болуы;
D.өнімді сату үшін өндіретін шаруашылықтың ұйымдастырылған формасы;
E.шаруашылықтың тұйықтылығы.
29. Игіліктің құндылығы неге тәуелді емес:
A.шекті пайдалығына
B.оның көлеміне;
C.қажеттіліктің түріне;
D.оның сапасына;
E.оның өндірісіне жұмсалған шығынның мөлшеріне;
30. Шекті пайдалықтың кему заңына сәйкес:
A.тұтынылған игіліктің саны өскен сайын, оның шекті пайдалығы кеми береді;
B.тауарды тұтыну қажет емес;
C.жалпы пайдалық белгілі мөлшерге дейін өседі;
D.жалпы пайдалық теріс мәнде болуы мүмкін;
E.жалпы пайдалық тұтынылған тауар саны өскен сайын артады.
31. Құн заңына сәйкес:
A.құн сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы арқылы реттеледі;
B.тауарлар олардың шекті пайдалықтарын салыстыру негізінде сатылады;
C.құнды пайдалық және өндіріс шығындары реттейді;
D.тауарлардың өндірісі және айырбасы қоғамдық қажетті еңбек негізінде жүреді;
E.тауар бағасы құнға тең болуы қажет.
32. Ақша экономикалық категория ретінде не болады:
A.жалпы эквивалент қызметін атқарушы тауар;
B.өзінің құнын басқа тауар арқылы білдіретін тауар;
C.құнын алтын арқылы білдіретін тауар;
D.алтын мен күміс (металл) ақша;
E.тауар айырбасын қамтамасыз етуші құрал.
33. Ақшаның қандай қызметі баға деген ұғымды анықтайды:
A.құн өлшемі;
B.айналым құралы;
C.қор жинау құралы;
D.төлем құралы;
E.әлемдік ақша
34. Ақшаның қандай қызметі негізінде несиелік ақша пайда болған:
A.айналым құралы;