Айнура социология экзамен

- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша,  есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.

Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым  бағдарлама  мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті  бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның  құрылымдық кезеңдері жөнінде  біршама тұтас  түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі  талдау объектісі  — үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.

Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың  құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ  тәжірибелік құндылығы  жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық  зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады.  Қолданылған әдістер негізінде  бұл зерттеу  жиынтық сипатқа ие болады. (зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылады)

Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын  құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми  негізделу дәрежесінен  жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады.

Социологиялық зерттеу  бағдарламасы – ғылыми құжат,  әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және  барлық бөлімдері бір  тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды  қолданудан тұрады.

Зерттеу бағдарламасы  екі бөлімнен тұрадыәдістемелік және  әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің  негізделуі мен  тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын  анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері  кіреді.

Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері,  зерттеуді жүргізу уақыты, ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі.

Тәжірибенің белгілеуі бойынша,  бағдарламаны құрастыруға  зерттеуді жүргізуге қарағанда көп уақыт қажеттілігін белгіледі. Мұқият құрастырылған социологиялық зерттеу  бағдарламасы  оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асыруының  кепілдеме шартының бірі есептеледі. Бағдарламаның негізгі элементтері ұсынылатын оқулықтарда (4,5,6) жеке-жеке қарастырылатындықтан, ерекше назар талап ететін,   бағдарлама бөліктерінің сипаттамасына  тоқталайық.

 

47. Қоғамнан шет қалып кеткен адамның әлеуметтену ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз. Мысалы қоғамнан шет қалып кеткен адам деп жатырмыз, бұл жерде Абай іліміне сүйенсек қоғамдағы адамдарды 3ке бөліп қарастырғын болатын. Толық адам, жарым адам, ортаңғы сатыдағы адам. Соның ішінде қоғамнан шет қалып кеткен адамды біз жарым адам дейміз. Себебі, жарым адам деп қоғамда өзіндік ой-пікірі қалыптаспаған, ешқандай қоғамға деген қызығушылығы жоқ, ешкіммен қарым-қатынас жасамайтын адамдар. Оларда ортаға деген бейімделу (адаптация) немесе алға қарай ұмтылу, әлеуметтену процесі баяу дамиды немесе дамымай қалуы мүмкін. Мысалы біз жарым адамды толық адаммен салыстыратын болсақ, толық адам деп индивид болып қалыптасқаннан кейін, яғни туылғаннан бастап ол өзін қоғаммен әлеуметтендіреді. Яғни тұлға болып қалыптасуға алға қарай ұмтылады. Белгілі бір қоғамда қызығушылық сезімін оятып, бейімделу прцесін, білім алу процесін көптеп алуға тырысады. Осы мәліметтерді ала келе, толық адам сол жарым адамға деген қарама қарсы пікірдегі адам болып табылады. Белгілі әлеуметтанушы К. Марксты алып қарасақ қоғамды 5 фазаға бөліп қарастырған болатын. Алғашқы қауымнан бастап, социолизмге дейінгі аралықты қамтыды. Тарихта оқығандай алғашқы қауымда сөйлеу, алға басушылық болмады. Сондықтан да К. Маркстың 5 фазасынан өткеннен соң ғана адам болып қалыптасты. Яғни олар алғашқы қауым, құл иеленушілік, феодализм, капитализм, социолизмнен өткен соң ары қарай дамыды. Мысалы Маугли, Тарзанды алып қарасақ, қоғамнан шет қалып кеткен болып табылады. Себебі: олар әлеуметтенбеген, ешқандай қоғам мен қарым қатынас жоқ, сөйлеуі, ойлау жүйесі дамымаған.

48. Әлеуметтік зерттеудің қоғамға тигізер пайдасын қалай түсінетініңізді жазып көрсетіңіз

Әлеуметтанулық зерттеулер – әлеуметтану ғылымының ажырамас бір бөлігі, әрі әлеуметтік құбылыстардың және процестердің дамуын эмпирикалық тұрғыдан зерттеп, тәжірибеге негізделген құнды деректер жинаудың түрі. Сондай-ақ ол өзара әрекет етуші әлеуметтік қауымдастықтар, сонымен қатар осы қауымдастықтың мүшелері ретінде индивидтердің өзара қарым-қатынастарының сипаты туралы жаңа білімдер алуға негізделген танымдық іс-әрекеттің түрі.

Әлеуметтік зерттеулер жоғары деңгейдегі басқару құндылығына және диагностикалық мағынаға ие болады. Олардың нәтижелері адамдардың қоғамдағы іс-әрекеттерінің жетістіктері мен кемшіліктерінің өзіндік айнасы саналады.

Әлеуметтанулық зерттеулердің кеңінен қолданылуы өзекті әлеуметтік мәселелерді дер кезінде анықтап, оны шешудің жолдарын көрсетуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік зерттеулер — әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, «өзегі» ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы — саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. — әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекеле¬ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.

49. Әлеуметтік білімдерді игерудің маңыздылығын, оның өз өміріңізге қажеттілік деңгейин сипаттаңыз

Болашақ психолог маманы ретінде, мен үшін әлеуметтік білімдердің маңызы өте зор. Себебі әлеуметтану мен психология ғылымдары арасында өте көп байланыс бар.

Егер социология өзінің пәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды, яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді. Психологияның пәні болып табылатындар — адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері. Дей тұрғанмен де, адамдар арасындағы қарым-қатынастарда, олардың бір-біріне қатысты мінез-құлықтарында бұл қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылатын психологиялық элемент те бар. Сондықтан да социология қоғамдық қатынастарды зерделей отырып, адамдардың себептерінің, сезімдерінің және көңіл-күйлерінің психикалық элементтерін назарға алуы тиіс. Бірақ та қоғамдық құбылыстарды тек қана психикалық құбылыстарға телу дұрыс болмас еді. Сөйтіп, социология мен психологияның байланысы олардың пәндерінің байланысынан туындайды. Ал олардың пәндерінің байланысы қоғамдық құбылыстарды зерделеген кезде психикалық элементтерді назарға алу қажеттігін ғана емес, психикалық құбылыстарды зерделеген кезде олардың әлеуметтік шарттылықтарын, әлеуметтік ортамен байланысын ескеру қажеттігін де көрсететіндігінде.

Социология да, психология да адамды және оның мінез-құлқын зерделейді. Алайда олар мұны өз пәндерінің ерекшеліктері тұрғысынан әр түрлі жасайды. Дегенмен де олар өз пәндерін зерделеген кезде үйлесімді бағыт ұстанады және олардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы бар деп айтуға болады.

Осылайша, әлеуметтік білімдерді игере отырып мен тек өз мамандығымды ғана емес, оның басқа ғылымдармен байланысын да игеремін. Соның арқасында өз білім қорымды ұлғайтамын. Бұл кейін жұмыстағы нәтижеліліктің де кепілі бола алады деп санаймын.

50. Қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастарын сипаттаңыз

Қазақстанның әлеуметтанушылық ойы қалыптасуының іргелі негіздері болып табылатын мына факторлар: бірінші негізгі қабатта өз дәуірінің дара ойшылдары ретіндегі Абай мен Шәкәрімнің мұралары. Олардың дүниетанымында шығыс философиясының, адам мен қоғамды тану теориясының үздік дәстүрлері көрініс тапқан. Олар қазақ қоғамының дамуындағы рухани және ізгілік бастауларына, жалпы адамзат құндылықтарына жол салған. Олардың ілімінің, көзқарастарының маңызы және шығармашылық мұрасы қоғамдық сананың орнықты принциптерімен сипатталады. Олар Қазақстан қоғамы дамуының қазіргі кезеңінде ерекше өзекті.

Екінші мәдени және ғылыми қабат ХІХ ғасырдың аяғы — ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының өкілдері болып табылады. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннен бастап қазақтың ұлттық зиялыларының шоқ жұлдызы жасақталады, оның айрықша белгілері қазақтардың дүниетанымының ұлттық нысандары мен зайырлы білімдерінің нәтижесінде алған демократиялық көзқарастарын ұштастыруы болып табылады. Батыстың классикалық білімдерін, патшалық режим жағдайындағы ресейлік еркін ой иелерінің демократиялық идеяларын, Шығыс ілімдерінің дәстүрлік негіздерінің және көшпенді мәдениеттің сүзгіден өтуі дүниені қабылдаудың ерекше нысандары мен қоғамды зерделеудің белгілерін қалыптастырды.

А.Құнанбаевтың (1845-1904) қарастыратын мәселелерінің бірі – жеке адамның құрылымы. Бұл жерде оның көзқарастары Э.Дюркгеймнің, П.Сорокиннің көзқарастарымен сәйкес келеді. Ол жеке адамда биологиялық «Мен» болатындығын айтады. Абай «жан мен тән адамға табиғат арқылы берілген» – деп өзінің 43 қара сөзінде көрсетеді. Абай адамның мәнінің негізінің әр түрлілігін жеке адамдардың өзара байланысына және өзара әрекетіне байланысты екендігін, сонымен бірге оған тигізетін әлеуметтік ортаның да әсерін сипаттайды.

Абай адам табиғатының екі жақтылығын көрсете отырып, адамның сұраныстарын табиғи және оны танып білуді жатқызса, ақыл мен білімді адамның еңбектік іс-әрекеті арқылы қалыптасатын сұраныстарына жатқызады.

Абайдың әлеуметтік көзқарастарын жеке адамды әлеуметтік сипаттауынан да көруге болады. Абай қара сөздерінде жеке адамның әлеуметтенуінің кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсетеді: балалық, жасөспірімдік, жетілу кезеңдері. Абай дүниеге келгеннен бастап сәбиде екі түрлі сұраныс қалыптасады деп көрсетеді : 1) тамақ ішу мен ұйқыға деген сұраныс; 2) білуге деген сұраныс. Бұл жерде Абай Әлеуметтену процесінің бейімделу және интериоризация кезеңдерін сипаттайды. Абай әсіресе білімнің адамның қалыптасуына тигізетін әсерін жоғары бағалаған. Ол «мінез ерекшеліктері» және «адамның мәні» ұғымдарына тоқтала отырып, адамның мінезінің жақсы және жаман жақтарына толық тоқталады. Жаман қасиеттер: мақтаншақтық, алдау, бейжайлық, дандайсу, жалқаулық, өзін-өзі жақсы көру.

Ы.Алтынсарин (1841-1889) – халықты оқыту, білім беру ісінің әлеуметтік мәнін терең түсінген адам. Ол қазақ қоғамының күйін зерттей келе дүниежүзілік алдыңғы қатарлы өркениетпен артта қалған қоғамның тежелу себебі қазақ арасында оқу-білімнің таралмағандығын деп біледі. Ы.Алтынсарин орыс әкімшілігінің отаршылдық саясатын сынай отырып, орыстар мен қазақтардың бір–бірімен жақындасуын күштеп кіріспей, оның табиғи жолмен өтуі керектігі туралы пікір білдірген. Ы.Алтынсарин ескілікті, әдеп-ғұрыптарды, оларлың әсерлерін зерттеп, олардың әлеуметтік өмірдегі маңызы туралы ғылыми пікірлер айтады. Соның ішінде отбасында құда болу, үйлену тәртіптерін мұқият талдап, қазақ қоғамын нығайту үшін көптеген әдет-ғұрыптардың маңызды екендігін айтады.

Ш.Уәлиханов (1835-1865) «Сот реформасы туралы хат», «Сахарадағы мұсылманшылық туралы», «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы» тб еңбектері туралы. Қазақ-қырғыздардың әлеуметтік жағдайы, отарлау мәселелері.

А.Байтұрсынов (1873-1937) – ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы қоғамдық ойдың ірі өкілдерінің бірі – 1913 ж. наурыздан өзі шығара бастаған «Қазақ» газетінің бетіне қазақ қоғамында саяси-әлеуметтік қатынас көтеріп, оған ғылыми талдау жасады, түбегейлі әлеуметтік саяси өзгерістер жасаудың қажеттігін көрсетіп, дәлелдеп отырды. Отаршылдықтың бұғауын бұзып, ұлттық және әлеуметтік бостандық үшін күреске шақырды. 1917 ж. «Алаш» партиясын құруға белсене қатысты. Сол жылы партия сьезінде қарауға өзекті мәселелерінің бірі – қазақтың территориялық-ұлттық автономиясын құру, жер мәселесін шешу, мемлекет басқару ісі, халық милициясын құру, халыққа міндетті түрде бастауыш білім беру , т.б.

М.Жұмабаев (1858-1931). Ақын философ, аудармашы-гуманистік, ағартушылық, демократиялық идеяларды уағыздап, мол көркем мұра қалдырған. Шәкәрім шығармаларында рационализмге, деизмге көп мән беріледі. «Үш анық» кітабында таным, ұждан мәселелеріне назар аударған. Мақсаттың, көзқарастың, ақыл-ойдың адамның әлеуметтенуіне, дүниені танып-білуге тигізетін әсерін айтады.

51.П.Монсонның «Саябақ аллеясындағы қайық (Лодка на аллеях парка)» еңбегінде әлеуметтік өзгерістер қалай сипатталғандығын ашып көрсетіңіз. 52.Әлеуметтанудың қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орнын көрсетіңіз. Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді. Қазіргі қоғамдағы терең, әрі түбегейлі өзгерістер , жаңа әлеуметтік құбылыстардың және шешімін таппаған әлеуметтік мәселелердің қалыптасуы әлеуметтану ғылымының дамуын талап етті. Әлеуметтану ғылымы қоғамның әлеуметтік жағдайын теориялық тұрғыдан түсінуге , сипаттауға және жүйелеуге , тәжірибелік тұрғыдан деректер жинауға мүмкіндік береді. Әлеуметтану – абсрактылы ғылым емес, ол ең алдымен қоғамдағы әлеуметтік топтардың мүдделердің тепе теңдігін және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ететін нақтылы әлеуметтік проблемаларды шешу мен зерттеп білу міндеттерін атқарады. Әлеуметтану қоғамдық процестер мен құбылыстардың нақтылы бейнесін беретін , жекелеген әлеуметтік фактілер туралы дәлме-дәл , шынайы мәліметтерге негізделуі тиіс. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысынң екінші түрі, ол адам туралы, оның іс-әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік ғылымдарда кеңінен қолданылады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады.

53. Әлеуметтік жағдай мен девиантты мінез-құлықтың қалыптасу түрлеріне мысал келтіріңіз.

Әлеуметтік жағдай-уақыттың және орынның нақты жағдайындағы әлеуметтік құрылымның әртүрлі элементтерінің өзара әрекеттестігінін қорытындысы. Бұл әр түрлі факторлардан сыналған күрделі, көп жақты құбылысты көрсетеді. Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) — жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]

Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.

Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.

Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу,геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

-қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүрбұқаралық ақпарат құралдары, т.б.); -тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,); -микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

55. Ұлтаралық некенің өмір сүру ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз.. Ортақ территориясына, экономикасына, тіліне , мәдениетіне, ұлттық танымына және белгілі бір мемлекетке бірігуіне байланысты біріккен адамдар қауымдастығы. Қазіргі таңда  отбасы мәселесі, соның ішінде ұлтаралық неке мәселесі ғалымдарымыздың қызығушылығын арттыруда.  Әлеуметтану ғылымында ұлтаралық некенің өз орны бар деуге болады. Бұл проблема тек біздің елімізге ғана тән емес, сонымен қатар, көпұлтты елдерге де тән құбылыс. Құрамында көп ұлты бар елдерде ұлтаралық некеден арылу мүмкін емес. Бұл мәселе әрдайым сол елдің ғалымдарын толғандыратын мәселе болып табылады. Ұлтаралық некенің қалыптасуы – бұл әлемнің әртүрлі елдеріндегі қазіргі кезеңдегі орын алып отырған ұлтаралық қатынастардың даму процесінің көрінісі. Бұл процесс интернационалдық тәрбиемен, ұлтаралық қатынас мәдениетімен, ұлтаралық байланыс деңгейімен өте тығыз байланыста болады және де осы мәселелердің бәрі еліміздің әлеуметтік саяси өмірінде маңызды орын алады.

Сондай-ақ, ұлтаралық некенің таралуы мен көбеюі біздің елімізде билингвизм процесінің дамуына да тікелей ықпал етеді. Өйткені, ұлтаралық отбасында қостілділік қатынастың жекеше формасы болып табылады. Билингвизм – ұлтаралық, демек тілдік байланыстардың даму нәтижесінде қалыптасқан жағдай.

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мемлекеттік, ұлттық және ресми тілдермен тығыз байланыста, сонымен қатар, олар оның элементінің негізі болып табылады.  Яғни бұл біздің Конституциямызда анық көрсетілген. Ұлтаралық некеде қарым-қатынас жасау үшін барынша ыңғайлысы көбіне орыс тілі немесе қазақ тілі болып жататындығын атап көрсеткен жөн. Бұл түсінікті де: біздің еліміздегі қос тілділіктің негізгі формасы ұлттық  тілде және ұлтаралық орыс тілінде сөйлеу болып табылады. Барлық жағдайларда, тілі жағынан бір-бірінен алшақ жатқан ұлт өкілдері некеге тұрса, ерлі-зайыптылар үшін, әлбетте орыс тілінде сөйлеу ыңғайлы. Сондықтан мұндай отбасыларда олардың балалары да орыс тілін еркін меңгеріп, жеңіл үйренеді. Көбіне балалар, егер ата-анасының қайсысы сол өңірдің түпкілікті халқының өкілі болып табылатын болса, соның ұлттық тілінде еркін сөйлейді. Азаматтар өздерінің балаларын қай тілде оқытқысы келсе, қоғам сол үшін тек құқықтар беріп қана қоймай, толық мүмкіндіктерді де ұсынады. Республикамызда әр түрлі тілде оқытатын, «әр түрлі тілді» деп аталатын мектептердің дамуы жақсы жолға қойылған. Өзінің құрылымы бойынша олар интернационализмнің талаптарына толықтай жауап береді: бір жағынан, мұнда әрбір оқушы, егер өзі немесе ата-анасы қаласа, ана тілінде оқиды, ал екінші жағынан мұнда әр түрлі ұлт балалары бірыңғай достық ұжымына біріккен. Әр түрлі тілде оқытатын мектептер тарихи және заңды құбылыс ретінде – көпұлтты республикамыздағы халыққа білім беру жүйесінің табиғи дамуы нәтижесінде қалыптасты. Некелесуді ұлттық белгілеріне қарай қарастыратын болсақ, он жыл бұрын қазақтармен бекітілген неке одағының үлесі 50%-ды, орыстармен — 43%-ды, немістермен 3%-ды құраса, 2012 жылы тиісінше 60, 35 және 2%-ға теңесті. Бұл дерек облыстың ұлттық құрамы құрылымының өзгеруімен сипатталады.

56. Тұлға конформизміне мысал келтіре отырып, осы мәселеге қатысты өз бағаңызды беріңіз.Конформизм дегеніміз адам мінез-құлқының бір түрі. Ол саналы түрде қоршаған ортадағы адамдардың көзқарасымен алшақтық байқағанына қарамастан іштей олармен келісімге барады. Конформизм — басқаның айтқанына көнгіштік, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынастың өзіне артық қиындық туғызбау үшін басқаның айтқанына көну, келісімге келу.

Әлеуметтік шындыққа бейімделу, икемделу бұл әлеуметтенудің мақсаты болып табылады, себебі, бұл қоғамның функциялануының міндетті шарты. Бірақ мұнда әдеттегі әлеуметтену процесінен тыс, жеке адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнымен, оның әлеуметтік белсенділігімен байланысты шектен шығушылық болады. Бұл шектен шығушылық бейімделудің жағымсыз түрі болып табылады. Олардың бірі конформизм (лат.conformism – ұқсас, тәрізді) деп аталады. Конформизм – өз позициясының жоқтығымен, белгілі бір үлгіге ерумен, беделге бағынумен сипатталады. Конформизмнің әлеуметтік сипаттамасы – бұл конформды саналы адамның әр түрлі өмірлік жағдайда өзін ақтау мақсаты мен  қателіктерін мойындамай түгелін жағдай ағымына жабуы.

57. Саяси әлеуметтану мен саясаттану ғылымдарының өзара байланыстылығы мәселесі Саяси социология – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін социологияның саласы. Саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірліте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.Саяси социология – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін социологияның саласы.Оның пәндік құрылымы және саясаттың социологиялық көрінісін ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель анықтап көрсетіп берген.Мемлекеттік социология теориясының негізі мен идеясының қалыптасуына, және кейбір саяси ғылымдары принциптерінің – саяси социологиялық пәндердің төркіндес жақтарының қалауына маңызды үлес қосқан адам – Аристотель. Алғашқы саяси социология екі пәннің проблематикасы мен тәсілін байланыстыратын ғылыми білім саласы ретінде көрінеді.Саяси социологтар мен социологияның бағдар тұтқан политологтар саясатты заңсыз әлеуметтік институттар және әлеуметтік құрылым талдамасы перспективасында қарастыруды ұсынды.Олар зерттеудің қажет екендігіне назар аударды, мысалы,тек қана мемлекеттік формалар емес,саяси тәртіп; сондай-ақ тек қана мемлекеттің сыртқы саясатын және олардың халықаралық саясат төңірегіндегі байланысын ғана емес, халықтың қарым-қатынасын, халықаралық ортаның жағдайын, аймақтық және ғаламдық мәселелердің де зерттелуін қолдады.Саяси социологияның ең бір маңызды мәселесі ретінде халықаралық қатынастар социологиясы мен сыртқы саясат мәселелеріне тоқталып өтсек. Платон мен Аристотельден бастап ғалымдар барлығына талдау жасайтын, оның квинтэссенциясын шығаратын түсіндіру жүйесін, категориясын және принциптерін табуға тырысты.Қазіргі кездегі батыс зерттеушілері, халықаралық қарым-қатынас – халықаралық қарым-қатынастағы жүйе – ол саяси бірлік арасындағы қарым-қатынас, мемлекет арасындағы қарым-қатынас көріністерінің өзіне тән құлығынан көрінеді: мәселен, дипломат пен солдаттың құлығы – деп атап көрсетті. «Екі және екі адам бір мүше ретінде көрінбейді ол жалпы көріністің өкілі: елші өз функцияларын орындауда өзі жататын қауымның саяси өкілі болады; солдат соғыс алаңында соның атынан өзіне ұқсастарды өлтіретін саяси бірлік қана»(Р.Арон). Соғыстың көлеңкесіне оралады дәлірек айтқанда мемлекет арасындағы қарым-қатынас соғыс пен бейбітшіліктің баламасын ұстанды. Социологтардың ойынша жалғасады дейді. Ғалымдардың ойынша , олар бір әмбебап мемлекет болып бірікпейінше осындай қалып мақсаты – тіршілік етуі. Осы жерден қарама-қайшылық туады: саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірліте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.

58) Т. Парсонстың социология ғылымының дамуында алатын орны.Парсонс Талкотт (1902-1979) — белгілі американ әлеуметтанушысы. Парсонс адамдық шындықтың барлық жағын қамтитын теориялық жүйені қалыптастыруға тырысты. Қоғамды сақтау мен тұрақтылық жағдайларын талдады. Кез келген жүйенің сақталуын қамтамасыз ететін негізгі төрт қызметті анықтады: бейімделу, мақсатқа жету, ықпалдасу мен модельді қолдау. «Әлеуметтік стратификация теориясын а талдамалы көзқарас» атты еңбегінде қоғам туралы функционалдық ұғымды теориялық тұрғыдан негіздей бастайдыӘлеуметтік жүйе деңгейінде бейімделу функциясын — экономикалық бөлік, мақсатқа жету функциясын — саяси, ықпалдасу функциясын — құқықтық институттар мен дәстүр, модельді қолдау функциясын — наным жүйесі, мораль және әлеуметтендіру ұйымдары (отбасы, білім беру институттары, т.б.) қамтамасыз етеді. Парсонс пікірінше, әлеуметтік жүйені талдауда үш деңгей бар: құндылықтар, қалыптасқан заңдар мен ұжымдық ұйымдарАмерикан социологы Т.Парсонс индивидтің көпшілік мақұлдаған беделді адамдармен араласу процесіне әлеуметтік жүйенің интеграциялануының ережелерін түсіндіретін әлеуметтік теорияны жасап шығарды. Оның ойынша, жанұя мен білімді қоса алғанда әлеуметтену институттары әлеуметтік құрылысты тудыру қызметін атқарады.Әлеуметтену процесінің бір маңызды ерекшелігі – бұл әлеуметтенудің тек балалық шақпен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді және қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі.Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.Әлеуметтік шындыққа бейімделу, икемделу бұл әлеуметтенудің мақсаты болып табылады, себебі, бұл қоғамның функциялануының міндетті шарты. Бірақ мұнда әдеттегі әлеуметтену процесінен тыс, жеке адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнымен, оның әлеуметтік белсенділігімен байланысты шектен шығушылық болады. Бұл шектен шығушылық бейімделудің жағымсыз түрі болып табылады. Олардың бірі конформизм (лат.conformism — ұқсас, тәрізді) деп аталады. Конформизм — өз позициясының жоқтығымен, белгілі бір үлгіге ерумен, беделге бағынумен сипатталады. Конформизмнің әлеуметтік сипаттамасы – бұл конформды саналы адамның әр түрлі өмірлік жағдайда өзін ақтау мақсаты мен қателіктерін мойындамай түгелін жағдай ағымына жабуы. П.Сорокинің әлеуметтік  көзқарасы. Питирим Александрович Сорокин (1889 жылы Вологодск губерниясы, Турья елді мекені — 1968 жыл 10 ақпан, Винчестер, Массачусетс, АҚШ) — орыс-американ әлеуметтанушысы, әлеуметтік стратификацияны және әлеуметтік мобильділік теориясының негізін салушылардың бірі болып саналады.1930 — 1959 жж. аралығында Гарвард университетінің социология факультетінің деканы болған. П.А. Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі – қоғамның тұтастық (яғни, біріктіруші — И.А.) тұрпаты. Бірінші тұжырымдамасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндаға әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай негігі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл – парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде – интуицияның (яғни, жорам-алдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. 59) Эгалитарлық отбасының тұрмыс-тіршілігіне мысал келтіріңіз.Отбасы әлеуметтануы— отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады. Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет өтуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты. Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы — адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды,- дейді.Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы),  матриархапды (әйелі басшы), құрамына қарай — отбасы  нуклеарды (ата-анасы мен балалары), кеңейтілген (нуклеарды отбасы және бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бөлінеді.Эгалитаризм деген сөз француз тілінен аударғанда «теңдік» деген мағананы береді екен. Яғни эгалитарлық отбасы дегеніміз- бұл отбасында билік бір адамның қолында болмайды, яғни тең дәрежеде болады. Отбасындағы еркекте әйелде тең құқықты, тең дәрежелі болады. Бұл отбасы уақыт өте келе пайда болған, қалыптасқан отбасы болып саналады. Себебі, Совет үкіметі кезінде әйелдер үйде отырып, еркектері сыртта жүретін болса, кейін уақыт өте келе көптеген өндірістік орындар салына бастады, әйелдерге лайық жұмыстар болды. Сонда әйелдерде жұмыс жасап еркектерімен тең дәрежеде жұмыс жасайтын болды, осының нәтижесінде эгалитарлық отбасы пайда болды. Бұндай отбасыға мысал келтірер болсақ, жаңа айтып өткендей бұндай отбасында еркек, әйел деп бөлмейді. Барлығы тең дәрежеде болады.60) П.Монсонның «Саябақ аллеясындағы қайық (Лодка на аллеях парка)» еңбегі бойынша әлеуметтік құрылым дегеніміз не екенін анықтап көрсетіңіз.Әркім өз білгені бойынша____________



Страницы: 1 | 2 | Весь текст


Предыдущий:

Следующий: