вопросы по экономике предприятия

«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша емтихан сұрақтары

Қазақстан Республикасы экономикасының ұзақ мерзімге даму бағыттары.

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.НазарбаевтыңҚазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

улттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту

 Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.

Қазақстан Республикасының мемлекетік өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары.

Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші.

5 Кәсіпорынның басты міндеттері.

Кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнешеуі:

-         өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу

-         жоғары сапалы өнім өндіру

-         технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену

-         қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану

-         жұмыс бастылықты барынша жоғары деңгейде жеткізу.

Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге тырысады:

-                     қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек

-                     бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және  нарықта өз позицияларын қалай нығайту керек

-                     өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек

-                     қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек

-                     қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады

-                     өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.

       Егер кәсіпкерліктің ұжымдық түрін таңдаса онда кәсіпорын бойынша жауапкершілікті серіктестерімен бөліседі. Кәсіпкерге өндірістік және қойма үйлерін, құрал-жабдықтарын, станоктар мен құрал-саймандар, шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар, коплект бұйымдарын дайындау, жұмыс күшін тарту қажет болады.

6.Өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері және көрсеткіштер жүйесі.

Өндірістің экономикалық тиімділігі мына көрсеткіштер арқылы айқындалады:

1. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі (қор қайтарымы және қор сыйымдылығы)

2. Инвестициялардың тиімділігі ( капитал қайтарымы және капитал сыйымдылығы)

3. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі ( еңбек өнімділігі, еңбек сыйымдылығы)

4. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі (материал қайтарымы, материал сыйымдылығы)

5. Шаруашылық қызметінің жалпы тиімділігі ( пайдалылық )

Өндіріс тиімділігінің факторлары — өндіріс нәтижелеріне және шығындарына әсер ететін жағдайлар /13/. Олар келесілер:

— ҒТП – тің жеделдеуі, ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік күресте төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін жаңа жетістіктерді игеру;

— өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану және кооперацияның оңтайлы жүйесі;

— басқару әдістері мен жүйесін жетілдіру;

— өндірістің жетілдіруі және дамуының әлеуметтік механизмдерін белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

— халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.

Факторлардың маңыздылары және маңыздылығы төмені, обьективті (материалды) және субьективті (саяси, құқықтық, идеологиялық), қысқа және ұзақ мерзімділері болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді. 1 қосымшада өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлардың жіктелуі көрсетілген.

7. Өндірістің абсолюттік және салыстырмалы тиімділігі.

8. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.

9.Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.

Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай  құралдардың  көзі ретінде  негізгі  қорларды жатқызуға  болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге  асырылуы  тек  қана  негізгі  қорлардың  іс  жүзінде  ықпалыменен болады.Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің   бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік қорлардың бір бөлігі 

Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың  анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған  нұсқаларын ұсынуға болады:Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндылық  белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың  қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып табылады, олар  көптеген  өндірістік  циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады

10.Кеңейтілген ұдайы өндірістегі негізгі қорлардың рөлі.

11.Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.

Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық  және экономикалық факторлардың ықпалы  арқылы   олар  өзіндік  ерекшелігін,  үлгісін  бірте-бірте  жояды,  жарамсыздыққа  әкеледі, сөйтіп  алдағы  кезде  өз  бернелерін  орындауға  мүмкіндіктері  болмайды.Негізгі қорлардың тозуы –құндылықтарының пайдалану кейпінде не болмаса жұмыс істемейтін күйінде негізгі қорлардың тұтынушылық ерекшеліктері мен бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы.Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын  жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады:−    Негізгі  қорлардың тозуы;−    Амортизация;−    Негізгі қорларды толық қалпына  келтіру  үшін қаражаттың  қорлануы;−    Негізгі қорларды күрделі қаржы жұмсау арқылы  ауыстыру.Өндіріс  процесіне  қатысуымен негізгі қорлардың кез келген объектілері:−    Табиғи;−    Сапалық  тозуға  ұшырайды.

Амортизация  – негізгі  қорлардың құнын сол арқылы өндірілетін өнімдер  мен қызметтерге бірте-бірте көшіру: ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру және тозған негізгі қорлардың орнын толтыру, пайдалану процесінде  олар  тозады,  өзінің  тұтыну  құнын  жоғалтады.Нарықтық  қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағына, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы  төмендейді,  алатын  пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті  кәсіпорынның  экономикалық дамуының  ауқымды  деңгейі  қысқарады.

12.Өнеркәсіпті дамыту үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстар маңызы

13. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстардың жіктелуі.

Материалдық ресурстар өндірістің негізгі факторының бірі болып табылады. Олар шығарылатын өнімнің заттай құрамын қалыптастырады және өндіріс процесін қандай да бір дәрежеде қамтамасыз етеді. Ал шығарылған өнім қоғамның қажеттілігі мен тұтынысын қамтамасыз етеді. Сондықтан да қоғамның әл-ауқаты материалдық ресурстарды қалай пайдалануына, материалды тұтыну тұрғысынан өндіріс процесі қаншалықты тиімді әрекет етуіне байланысты. Шаруашылықтың экстенсивтіден интенсивті типіне ауысуы, кез келген мемлекеттің экономикасының алдына материалдық ресурстарды оңтайлы және тиімді пайдалану проблемасын қояды.

Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:

-   жылу және отын-энергетикалық баланстың құрылымын жақсарту;

-   шикізатты өнеркәсіптік кәсіпорындарда тікелей пайдалану үшін оларды анғұрлым мұқият және сапалы даярлау, өңдеу; …

Отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) әлеуетті және нақты деп бөлеміз.

Әлеуетті ОЭР дегеніміз -  қандай да бір экономикалық аудан, жалпы мемлекет иелігіндегі отынның барлық түрлері мен энергия қорының көлемі.

Нақты ОЭР жалпы мағынада – мемлекет экономикасында қолданылатын энергияның барлық түрінің жиынтығы.

ОЭР жеке мағынада қарастырсақ, ол:

            табиғи ОЭР (табиғи отын) – көмір, торф, табиғи және пайдалы газ, жерасты газданудан жиналған газ, ағаш; отынның табиғи көзі – күн, жерасты буы.

            отынды өңдеу өнімдері – кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір және т.б.

14. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері және тиімді пайдаланудың жолдары

15.Кәсіпорынның айналым капиталы туралы түсінік, оның құрамы және құрылымы.

16.Айналым қорлардың құрамы және құрылымы.

17.Айналыс қорлардың құрамы. Айналым капиталды қаржыландыру көздері.

Айналым капиталы - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады. Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:

өндірістік айналым қорлары;

айналыс қорлары;

Айналыс қорлары — запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.

Сонымен, айналым қорлары — бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.

Айналым капиталының қаржыландыру көздері

Тузілу көздеріне қарай айналым капиталы меншікті және несиелік болып екіге бөлінеді.

Меншікті айналым капиталы — бұл үнемі кәсіпорын иелігінде болатын және өз ресурстары (пайдадан және т.б.) есебінен құралатын қаражаттар болып саналады.Қозғалыс үдерісі негізінен меншікті капитал қатарына уақытша бос тұрған еңбекақы төлеу үшін жиналған қаражаттар кіруі мүмкін. Бұл қаражаттар меншікті капиталға теңестіріледі немесе тұрақты пассивтер деп аталады.

Несиелік айналым капиталы деп банк несиесі, несиелік қарыз (коммерциялық несие) және басқа да пассивтерді атайды.

18.Кәсіпорынның еңбек ресурстары және кадрлары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптастыру көздері.

19.Кадрларды бағалау көрсеткіштері.

20.Еңбек ақы төлеудің мәні және қағидалары

Еңбекақының мәнін қарастырған кезде оның жалдамалы жұмыскерлерге, яғни өз еңбегі үшін ақы алатын адамдарға қатысты екенін ескеру қажет. Ал экономикалық категория ретінде еңбек ақы деген не? сұрағы тууы мүмкін.

Еңбекақы — бұл жалдамалы жұмысшының табыс алу элементі, өзіне қатысты еңбек ресурсын экономикалық жүзеге асыру нысанының құқығы. Сонымен бірге жұмыс берушіге, яғни еңбек ресурсын өндіріс факторларының бірінің сапасын жақсарту үшін, сатып алушыға жалдамалы жұмысшыларға еңбек ақыны төлеу өндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады.

Нарықтық экономика жағдайында еңбекақы көлеміне нарықтық және нарықтық емес бірқатар факторлар әсер етеді.

Нарыққа өткеннен кейін еңбек ақыға қатысты жаңа қатынастар пайда болады. Яғни, нарық ресурсы болатын еңбек нарығы пайда болады. Оның субъектілері ретінде мыналар болады: жұмыс беруші (жеке кәсіпкер, біріккен кәсіпкерлер). Олар белгілі еңбек ресурсы санына сұраныс білдіреді. Сонымен бірге жалдамалы жұмысшылар – еңбек ресурсының меншіктері. Олар еңбек нарығындағы еңбек ресурсының сапалы санын ұсынады. Ал объекті, ол белгілі бір уақыт аралығында сапалы еңбек ресурсы санын қолдану құқығы болады.

Еңбек ақы төлеу жүйесі келесіәдей болып анықталады:

1.Жұмыскерлердің еңбек ақысы мерзімді, кесімді немесе еңбек ақының басқада  жүйелерімен төленеді.  Еңбек ақы еңбектің жеке және ұжымдық  нәтижесі үшін төленуі мүмкін.

  Еңбек ақы жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелердің негізінде қалыптасуы мүмкін.

  Еңбек ақының тарифтік жүйесі тарифтік мөлшерден  (қызметтік оклад), тарифтік тордан, тарифтік коэффициенттен тұрады.

21.Еңбек ақының мәні және оның қалыптасуы

Еңбекақының экономикалық мәні.Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің (тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта да естен шығаруға болмайды.Еңбекақы бұл — мемлекет белгіленген нормаларға сәйкес түпкі нәтижелеріне, санына және сапасына байланысты еңбектері үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар төлейтін ақшалай төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына, тең және және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады — еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі.Батыстың экономикасы дамыған елдерде бұл ұғым «еңбекақы» және «ақшалай сыйақы» түрінде болады. Әдетте еңбекақы қызметкерлердің дене еңбегін, ал ақшалай сыйақы ой еңбегін марапаттауға арналған. Бұл екі фактор әлеуметтік жағынан қарағанда, бір-біріне өте жақын ұғым, бірақ олардың өзгешелігі де бар. Жалақы қысқа мерзімді шектеулі (1 күн, 1 ай) болады және оның деңгейі кәсіпорын немесе жұмыс берушінің өзара келісімдерінде анықталады.Ал ақшалай сыйақы болса, оның төлемдері едәуір ұзақ мерзім ішінде жүзеге асады, мөлшері жеке келіссөздер арқылы белгіленеді.

22.Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеудің формалары және жүйелері

Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру үш өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:

тарифтік жүйе;

еңбекті нормалау;

еңбекақы төлеудің нышаны.

Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді олардың еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамассыз ететін норматифтердің жиынтығын көрсетеді.

Тарифтік жүйеге:

сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;

еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың әр түрлі разряд арасындағы арақатнастарын көрсететін тарифтік тор;

тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықтамалар кіреді.

Жұмысты тарифтеу – бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.

Тарифтік разряд қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияларда, әр жұмыста қолданылады.

Еңбекті тарифтеу және тарифтелуразрядының қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.

23.Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттігін анықтау

 Кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі, оларды тиімді пайдалануы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі өнім көлемін ұлғайту үшін және өндіріс тиімділігін арттыру үшін үлкен маңызға ие. Соның ішінде, кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі және олардың машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды пайдалану тиімділігі және өнім өндірісінің көлемі, оның өзіндік құны, пайда және бірқатар басқа да экономикалық көрсеткіштер.

Талдаудың негізгі міндеттпрі мыналар болып табылады:

-         кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің еңбек ресурстарымен тұтастай, сонымен бірге санаттар және кәсіптер бойынша қамтамасыз етілуін зерттеу және бағалау;

-         кадрлар тұрақтамауының көрсеткіштерін анықтау және зерттеу;

-         неғұрлым толық талдау жасау үшін және оларды пайдаланудың тиімділігі үшін еңбек ресурстарының резервтерін анықтау.

Талдауға    арналған   ақпараттар    көзі  болып еңбек жөніндегі жоспар,

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі жұмыскерлердің санаттар және кәсіптер бойынша фактіге негізделген санын жоспардағы мұқтаждықпен салыстыру арқылы анықталады. Кәсіпорынның аса маңызды кәсіп иелерімен қамтамасыз етілуіне талдау жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Еңбек ресурстарының біліктілік бойынша сапалық құрамына талдау жасау да қажет.

Атқарылатын жұмыстардың күрделілігіне қарай жұмыскерлердің біліктілік деңгейінің сәйкестігін бағалау үшін орташа өлшенген арифметикалық шама бойынша есептелген жұмыстар мен жұмысшылардың орташа тарифтік разрядтарын салыстырады:

24. Нарық және инвестициялық процесс.

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс — әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Нарық [1]— тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.

Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері – құнбағабәсекесұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған

25.Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы:мәні және әзірлеу қағидалары

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің, сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен, жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез – келген басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда және әлеуметтік нәтижеге жету мақсатында пайдаланады.

Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны. Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады.

26.Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі

Кәсіпорында инвестициялық тартымдылықты арттыру саясатын жүргізген кезде мыналарды ескеру керек:

● өндіріс орынның қаржылық ахуалы;

● өндірістің техникалық дәрежесі;

● аяқталмаған құрылыс;

● лизинг арқылы құрал-жабдыктарды алу мүмкіншілігі;

● меншікті қаржының жеткіліктілігі;

● капитал нарығының конъюктурасы;

● мемлекеттен келетін жеңілдіктер;

● инвестициялық бағдарламаның коммерциялық және бюджеттік тиімділігі;

● сақтандыру қызметі;

● салық;

● маркетингтік зерттеу;

● өнімнің сату бағасы;

● өнімді сатудағы географиялық шекараның жағдайы;

● жалпы өнімнің мөлшері;

● инвестициялық саясат жүргізетін уақытта тұтынушылардың сұранысының динамикасы;

● нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;

● техникалық мүмкіншілігі және дамыту мүмкіншлігі.

Инвестицияны өндіріс орнында басқаруды жақсарту үшін мынандай шараларды қолдану керек:

● инвестиция кызметінің қажеттілігін табу;

инвестициялық табыстың үлес салмағын преферениялау болып табылады, яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін, берілетін жеңілдіктер. Жеңілдіктер үш түрде болып келеді:

● инвестициялық салыктық преференциялар;

● кеден баждарын салудан босату;

● мемлекеттік заттай гранттар.

27.Кәсіпорындардың шығындары, олардың түрлері және өндірілетін өнімнің өзіндік құны туралы түсінік

  Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері  нарық  жағдайлары  мен  шығындар  арқылы анықталады. Өнім  көлемінің  өзгеруі  фирмалардың  ұсынатын  тауарлардың  мөлшері  және  оның  бағасымен  байланысты.  Өндірістің  шығындары  бухгалтерлік  және  экономикалық  шығындар  болып  бөлінеді. Бухгалтерлік  шығындар  бұл  өнімнің  өзіндік  құнының  құрамына  кіретін  нақты  шығындар.  Бұлар  шикізат,  материалдар,  жалақы,  амортизация,  салықтар  және  т.б.  Экономикалық  шығындарға  барлық  шығындар  жатады.  Соның  ішінде  кәсіпорынның (фирма)  өз  меншігіндегі  сатып  алынбайтын өндіріс  факторларын  пайдаланбағандағы  айқынсыз  шығындар.  Сонымен  экономикалық  шығындар – бухгалерлік  және  балама шығындардан  тұрады.

                        Бухгалтерлік  шығындар = нақты  шығындар.

    Экономикалық  шығындар = бухгалтерлік  шығындар + балама шығындар

         Қысқа  мерзім  кезеңінде  өндірістің  жалпы,  тұрақты  және айнымалы  шығындары  анықталады. 

         Жалпы  шығындар (ТС) – бұл  өндіріске  кеткен  барлық  шығындар  және  тұрақты, айнымалы  шығындардан  тұрады.

                                             ТС = ҒС + VС

         Тұрақты  шығындар (ҒС) — өнім шығару  көлемінің өзгеруіне  байланысты  өзгермейтін  шығындар. Бұларға  салықтар,  жалға  беру,  төлемдер,  сақтандыру,  амортизация  және  т.б.

         Айнымалы  шығындар (VС) – бұлар  өнім  көлемі  өзгерсе  бірге  өзгеретін  шығындар.  Олар  шикізатқа,  жалақыға,  энегияға,  транпортқа,  материалдарға  кеткен  шығындар.

28. Өнімнің өзіндік құнының түрлері

Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

            Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі. Осылайша, өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

            Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

            Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құн  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

29. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы және оның әр түрлі салалардағы ерекшеліктері

Бирдей одно и тоже повторяются почти

30.Маркетинг және стратегиялық жоспарлау

Стратегиялық жоспарлау деп- басқармамен ерекше маманданған жоспарлауға негіз болатын іс-әрекеттер мен шешімдердің жиынтығын айтады. Әдетте компаниялар жылдық, ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлар құрады.Жылдық жоспар- қысқа мерзімге өңделіп, ағымдық ситуацияны, компания мақсаттарын, алдыңғы жылға қоылған стратегия мен бюджетті, бақылау формасын анықтайды.Ұзақ мерзімді жоспар- болашақтағы ұзақ жылдар бойы компанияға әсе ететін негізгі факторлар мен күштерді анықтайды. Онда негізгі ұзақ мерзімді мақсаттар, негізгі маркетингтік стратегиялар көрсетіледі. Бұл жоспарға жыл сайын өзгертулер мен түзктулер енгізіліп отырады.Стратегиялық жоспар- компанияға өз мүддесі үшін өзергмелі сыртқы ортаның барлық мүмкіндіктерін қолдануға бағытталған. Бұл- компанияның мүмкіндіктері мен мақсаттары арасында стратегиялық байланыстар орнатуға бағытталған.Стратегиялық жопарлау- компанияның басқа да жоспарларының негізін қалайды.1) Ол жаһандық мақсаттар мен компания миссиясын анықтаудан басталады.Миссия деп- компания мақсаттарын белгілі бір нақышқа келтіруді айтады. Миссия компания ұжымын белгілі бір ортақ бағытқы қарай беттейді.

Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық жоспарлауда қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтағы бәсекелестік күрестегі басты фактор болып табылады.

Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетістіктері жоғары болатындығы зерттеулер нәтижесінде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың мәні болашақта технологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістерге байланысты өсіп отырады.

31. Маркетинг шешімдерге арналған ақпараттар

Жақсы жоспарланған Маркетингілік ақпарат жүйесінің құрамы, әдетте, оның төрт құрамдас жүйесінен (бөлігінен) тұрады.

Біріншісі — ішкі есеп-қисап жүйесі, ол ағымдағы өткізудің, шығын сомасының, материалдық босалқы қорлар көлемінің көрсеткіштерін, қолма-қол ақша қозғалысын, дебиторлық және кредиторлық берешек туралы деректерді көрсетеді.

Екіншісі — сыртқы ақпаратты жинау жүйесі, мұнда көздер мен әдістемелік тәсілдер жиналады, олардың көмегімен басшылар коммерц. ортада болып жатқан оқиғалар туралы күнделікті ақпарат алып отырады.

Үшіншісі — маркетингілік зерттеулер жүйесі, мұнда кәсіпорынның (фирманың, компанияның) алдында тұрған маркетингілік жағдаймен байланысты қажетті деректер шеңберін жүйелі түрде анықтау, өткізімді талдау, бәсекелестердің тауарларын зерттеу, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжау, жаңа тауарға сатып алушылардың қалай қарайтынын, баға саясатын, т.б. зерделеу қамтылады.

Төртіншісі — маркетингілік ақпаратқа талдау жасау жүйесі, мұнда деректерді өңдеудің осы заманғы әдістемелері, рынокқа қатысушылардың маркетингілік шешімдер қабылдауын жеңілдететін үлгілер пайдаланылады

32. Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу

30 билет екеуи почти бирдей

33. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін көтеру жолдары

Өнімнің сапасын басқару — бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.

Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:

• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;

• тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;

• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;

• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу. Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.

34. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы -

өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып

табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы

нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің

бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың

негізгі факторы болып табылады.

Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен

себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің



Страницы: 1 | 2 | Весь текст


Предыдущий:

Следующий: