шпор-эконом.тарих

1.Экономикалық тарихтың пәні және әдістері.

Экономикалық тарих маңызды әлеуметтік –экономикалық ғылымдардың бірі. Ол нақты экономикалық жүйелерді, олардың пайда болуын және әр түрлі тарихи дәуірлердегі даму кезеңдерін зерттейді. Экономикалық тарих қалған экономикалық ғылымдардың негізгісі болып табылады.

Экономикалық тарих экономикалық байланыстардың дамуын, құбылыстарды және процесстерді зерттеумен айналасады. Ол дүние жүзі шаруашылығын, жеке мемлекет шаруашылығын қамту мүмкін.

Экономикалық тарих пәнінің зерттеу объектісі экономика болып келеді. Экономикалық тарих қазіргі кезде үш жақты тарихты, экономикалық теорияны, нақты экономиканы зерттейді,

XIX – XX ғасырларда экономикалық тарих өзіндік пән ретінде қалыптасып, жоғары оқу орындарында өткізіле басталды. Экономикалық тарихтын практикалық қолданысы экономикалық теорияны, экономикалық дамудың заңдылықтарын біліп болжайды.

Экономикалық тарих атқаратын қызметтері:

Шаруашылықтың даму дәрежесін жалпылау және меңгеру;

Әр түрлі экономикалық мағлұматтарды сұрыптау;

Логиканың қалыптасуы және саналаудың стили.

Әдістер зерттеу пәнімен тікелей байланысты. Әдістерді экономикалық теорияларды интерпретация тәсілі ретінде және бағалау ретінде қолдануға болады. Әдістер теория мен практиканы сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Экономикалық тарих әдістері:

Тарихи генетикалық – экономикалық көзқарастардың пайда болуы мен дамуын анықтауға көмектеседі.

Құрылымдық – жүйе – экономикалық даму эволюциясын қарастыады.

Мәселелі – логикалық экономикалық тарих кезеідерінің әр кезенінің негізгі мәселерін қарастырады.

Салыстырмалы – тарихи экономикалық көзқарастардың жалпы және өзгеше ерекшеліктерін анықтап, зерттеуге мүмкіндік береді.

Осы әдістердің қолданылуы экономикалық ғылымындағы экономикалық тарихты зерттеудегі прогресстың дамуын және экономикалық тарихи көзқарасты зерттеудегі.

Экономикалық тарихтын негізгі фактілері экономика үшін негіз болып табылады.

2.«Экономика, тарих, мәдениет, саясат, өркениет, нарық, бизнес» терминдерінің ұғымы.

Экономика — гректің «oikonomos» — «жеке шаруашылықты/үй шаруашылығын басқаратын тұлға» деген сөзінен шыққан, материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар. Экономика да, табиғат та объективті. Экономика заңдары, табиғат заңдары сияқты объективтік сипат алады. Егер экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.

Тарих латын тілінен аударғанда, өткен оқиғалар жөніндегі әңгімелер, зерттелген, анықталған туралы баяндау. Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады.

Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.). Мәдениет– адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды

Саясат — (гр. politika — мемлекетті басқару өнері) — алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген, тағы 1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;

2) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.

Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген.

Нарық — тауар өндірісі мен айналым заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.

«Бизнес (ағылш. busіness — кәсіпкерлік, сауда-саттық) — пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі»

3.Экономика дамуының негізгі кезеңдері мен деңгейлері»

Экономикалық тарих салыстырмалы түрде бертін шыққан ғылым. Ол XIX ғасырлардың ортасында саяси экономикадан бөлініп шықты.

Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы – меркантилизм мектебі. Олар қоғамдық байлықтың негізігі нысаны – ақша, алтын, ал оның пайда болу көзі сауда деп білді.

Меркантилистік мектептін осы кемшілігін физиократтар сынға алды. Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлықтың көзі өндірісте, соның ішінде ол тек ғана ауыл шаруашылығында жасалады. Мектептің негізгі қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго.

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой – пікірдің прогрессивті сатысы болды.

Еңбек – құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан – жақты талдады. Маркстік экономика теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты.

XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында қалыптасқан экономикалық мектептердің – маржинализм. Оның қарастырған негізгі мәселесі: шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективті — психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Осы мектеп өкілдері: К. Менгер, Э. Бем – Бамверг, В. Визер.

Экономикалық келесі бір жаңа бағыты – неоклассикалық бағыт, негізін қалаушысы А. Маршалл. Оның басты еңбегі «Экономика ғылымының қағидалары» 1890 жылы жарық көрді.

XIX – XIX ғасырларда экономика ғылымының математикалық әдіс – тәсілдері арқылы зерттеуге негізделген мектеп пайда болды. Бұл бағыттың негізін салушылар: М. Ваьрас, В. Парето, У. Джевонс.

4.«Адамзат өркениеті дамуының негізгі кезеңдері»

Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген.

Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);

Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);

Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);

Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);

Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);

Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Өркениетті саралаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Өркениетке бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ әрі тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеум. ұйымдасу мен реттелудің этносаралық жергілікті қауымдастығы деген анықтама берілді. Өркениет категориясы мәдени типтерді зерттеуде немесе мәдени-тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Өркениет типтерін шығыс және батыс деп бөліп, “ғаламдық Өркениет” және “техногендік Өркениет” ұғымдары да қолданылады. Мәдениеттанушылар Өркениетті “мәдениет” ұғымымен салыстыра қарастырады. С.Хантингтонның жіктемесі бойынша, қазіргі әлемде батыстық, латын америкалық, православиялық, исламдық, конфуцийшілдік, үнді-буддалық, қиыр шығыс және африкалық секілді 8 суперөркениет қатар өмір сүруде.

5.Экономикалық тарих пән ретінде.

Экономикалық тарих – экономиканы құбылыс ретінде зерттеумен шұғылданады. Әр мемлекеттің, дүние жүзінің әр тарихи кезеңдердегі экономикасын зерттеумен айналасады. Адамзат баласының өзінің тиімді даму жолдарын іздестірумен шұғылданады. Экономикалық тарих салыстырмалы түрде бертін шыққан ғылым. Ол XIX ғасырлардың ортасында саяси экономикадан бөлініп шығып, бөлек ғылым ретінде пайда болды. Экономикаклық тарихты зерттеген негізіг ғалымдар: ағылшын ғалымдары А. Тойнби, Дж. Эшли, неміс ғалымдары К. Бюхер, М. Вебер, орыс ғалымдары М. Ковалевский и Д. Виноградов.

Экономика өзара тәуелді екі мәселені шешуге бағытталған: өндіріс, бөліс. Сонымен қатар, экономикалық тиімділікке қол жеткізу. Экономикалық тиімділікке қол жеткізу экономиканың адам өмірінің өзге де салаларының өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.

11.Ежелгі Греция мен Римнің экономикалық тарихы

Ежелгі Грекияның ең алғашқы кезеңі- гомерлік кезең деп аталады. Ол б.з.б XII-VIII ғасырларды қамтиды.ол кезде Грекия мемлекет болып қалыптасқан жоқ, бұл кезде әскери демократиялық құрылысты мемлекет типтес бірлестіктер болған.б.з.б VIII-III ғ- грекияда полистердің өмір сүру кезеңі, сонымен қатар классикалық құл иеленуші кезең .Полис — қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. Полистің экономикалық принципі- автаркия, яғни өзін—өзі қамту. ежелгі грекияда саяси және экономикалық құрылымның 2 нұсқасы- афинылық және спарталық нұсқасы өмір сүрді. Полистер олигарх. (мыс., Спарта) немесе демократиялық (мыс., Афины) түрінде болды. Спартаның барлық жері мемлекеттік меншігіне алынды. Жерді басыбайлы құлдар – илоттар өң- деді.Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы – периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты.Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Экономикалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып, тәуелді халықты аяусыз қанады. Б.з.б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б.з.б. 431 – 404) жүргізді.Ал Афины қаласы сауда мен қолөнер дамыған, өндірісте құлдар еңбегін пайдаланатын демократиялық мемлекет болды. Ол Спартаға қарағанда дамыған мемлекет болып саналды.

Ежелгі Римдегі өндірістік қатынастың құл иенушілігі Ежелгі Грециямен салыстырғанда неғұрлым дамыған дәуірде болды. Бөтен жерлерді басып алу арқасында өте үлкен Ұлы құл иеленуші Рим империясы құрылды, көптеген тайпалар мен халықтар құлдарға айналды. Ауыл шаруашылығы құл еңбегін пайдалуныдың басты айласы болды, олар аяусыз қаналып, ауыр жұмысқа жегілді.Сондықтан құлдар мәселесі, ірі құл еңбегін пайдаланатын шаруашылықтарды ұйымдастыру және жүргізу әдістері. Ежелгі Рим империясының маңызды проблемасы болды (Латифундий).

Құлдарды ауылшаруашылық құралдарына жатқызды Ерте Римдік құлиеленуші республиканың ең күрделі экономикалық проблемалар ол жерді атақты – патрицалардың қолдарында шоғырландырып жай Италия шаруаларын — плебейлерді жерсіз қалуында болды. Құлиеленушілік өндіріс тәсіліндегінің қарама — қайшылықтарының асқынуы, құлдарды аюандықпен қанау Спартактың бастауымен (б.д.д. 73-71 жж.) құлдар көтерілісінің шығуына әкелді. Көтерілістің басты мақсаты – тұтқандағы құлдарды босату және Италиядан шеткері аумақтарға кетуі. Көтеріліс аса қатігездікпен басылды, дегенмен, ол құлиеленушілік өндірістік қатынастардың негіздеріне қатты соққы болып тиді.

12.Ежелгі Греция мен Римнің экономикалық тарихы

Ежелгі Грекияның ең алғашқы кезеңі- гомерлік кезең деп аталады. Ол б.з.б XII-VIII ғасырларды қамтиды.ол кезде Грекия мемлекет болып қалыптасқан жоқ, бұл кезде әскери демократиялық құрылысты мемлекет типтес бірлестіктер болған.б.з.б VIII-III ғ- грекияда полистердің өмір сүру кезеңі, сонымен қатар классикалық құл иеленуші кезең .Полис — қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. Полистің экономикалық принципі- автаркия, яғни өзін—өзі қамту. ежелгі грекияда саяси және экономикалық құрылымның 2 нұсқасы- афинылық және спарталық нұсқасы өмір сүрді. Полистер олигарх. (мыс., Спарта) немесе демократиялық (мыс., Афины) түрінде болды.

Ежелгі Римдегі өндірістік қатынастың құл иенушілігі Ежелгі Грециямен салыстырғанда неғұрлым дамыған дәуірде болды. Бөтен жерлерді басып алу арқасында өте үлкен Ұлы құл иеленуші Рим империясы құрылды, көптеген тайпалар мен халықтар құлдарға айналды. Ауыл шаруашылығы құл еңбегін пайдалуныдың басты айласы болды, олар аяусыз қаналып, ауыр жұмысқа жегілді.Сондықтан құлдар мәселесі, ірі құл еңбегін пайдаланатын шаруашылықтарды ұйымдастыру және жүргізу әдістері. Ежелгі Рим империясының маңызды проблемасы болды (Латифундий).

Құлдарды ауылшаруашылық құралдарына жатқызды Ерте Римдік құлиеленуші республиканың ең күрделі экономикалық проблемалар ол жерді атақты – патрицалардың қолдарында шоғырландырып жай Италия шаруаларын — плебейлерді жерсіз қалуында болды. Құлиеленушілік өндіріс тәсіліндегінің қарама — қайшылықтарының асқынуы, құлдарды аюандықпен қанау Спартактың бастауымен (б.д.д. 73-71 жж.) құлдар көтерілісінің шығуына әкелді. Көтерілістің басты мақсаты – тұтқандағы құлдарды босату және Италиядан шеткері аумақтарға кетуі. Көтеріліс аса қатігездікпен басылды, дегенмен, ол құлиеленушілік өндірістік қатынастардың негіздеріне қатты соққы болып тиді.

13.Феодалдық экономиканың қалыптасуы мен дамуы

Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері Батыс Еуропа елдерінде ІХ-Х ғасырларда қалыптасты. Оның ең басты белгісі — жердің негізгі табыс пен байлық көзіне айналуы. Кімнің жері көп болса, сол құдіретті де құрметті адам болды. Ақсүйекшонжарлар мен корольдер, әскер қолбасшылары қауым жерлерін, жаулап алынған жерлерді өздерінің мұрагерлік меншігіне айналдырды. Ірі жер иелеріне өздерінің жер иеліктерін ұлғайтуға мемлекет көмектесті. Шонжарлар тегін жатқан орман-тоғайды, тау-тастар мен өзен-көлдерді де өз меншіктеріне айналдырды. Жерге деген өз кұқықтарын олар заң жүзінде бекітіп алды. Еңбек құрал-жабдықтарының дамып, жетілуіне байланысты жерден, егін және мал шаруашылытарынан түсетін табыс өсе түсті. Король мен ақсүйек шонжарлар бірте-бірте ірі жер иеленушілерге айналды

Король, ақсүйектер мен әскер қолбасшылары — мырзалар артық жерлерін өз қызметкерлеріне, бағыныштыларына (вассалдарына) үлестіріп берді. Атқарған қызметі үшін әр адамға сыйға берілетін жер үлесі «феод» деп, ал ол үлестің иесі «феодал» деп аталды. Бір феодалдың жер үлесі ұлан-ғайыр көп болса, екінші феодалдың жері аздау болды. Феодалдар жерді онда өмір сүретін жүздеген, мыңдаған шаруаларымен қоса иемденді. Бірінші жыл себу пар екінші жыл пар себу Қос танапты егіншілік. Феодалдар өз жерлерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген шаруашылық құрды. Осындай шаруашылық феодалдық поместъе деп аталды. Поместьедегі шаруалар жер иелеріне тікелей тәуелді еді. Кейбір шаруалардың шағын, дербес шаруашылықтары да болды. Бірақ олар жерсіз күн көре алмағандықтан, поместьенің иесіне тәуелділікке түсті. Феодалдар мемлекеттің көмегімен шаруаларды өздеріне кіріптарлыққа салды. Шаруалар поместьедегі шаруашылык жұмыстарын өз еңбек құрал-жабдықтарымен жүргізді. Олар неғұрлым көп өнім өндірсе, соғұрлым өзіне де көп өнім қалатын. Сондықтан да шаруалар өз еңбегінің нөтижесіне мүдделі болды. Сөйтіп феодалдық құрылыс алғашқы қауымдық және құл иеленушілік құрылыстарға қарағанда озық құрылыс екендігін таныта бастады.

Феодалдық құрылыстың келесі бір белгісі — шаруашылықтың натуралды, яғни томаға-тұйық сипаты. Феодалдың өміріне қажетті бұйымдар мен азық-түліктердің бәрі оның Натуралды шаруашылықтың белгілері Натуралды шаруашылық Сауда-саттық пен экономикалық байланыстардың төмен дәрежеде болуы Қажетті азық-түлік пен бұйымдар поместьенің өзінде өндірілді Орталық мемлекеттік билік әлсіз болды. Тек өздері өндірмейтін тұз бен темірді ғана олар азық-түлікке, малға айырбастап алатын. XI ғасырға дейін ел ішіндегі сауда-саттық өте төмен дәрежеде болды. VI-X ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде осындай натуралды шаруашылық үстемдік құрды. Мұндай шаруашылық кезінде еш нәрсе сатылмады және сатып алынбады.

14.Феодалдық шаруашылықтың тарихи-экономикалық дамуының ерекшеліктері

Феодализм — XVIII ғасырда Ұлы француз төңкерісі кезінде «Ескі тәртіп» (шексіз монархия, дворяндар үстемдігін) білдіретін ұғым; марксизмдекапитализмнің алдындағы әлеуметтік экономикалық формация. Қазіргі тарих шымында феодализм Батыс және Орталық Еуропада орта ғасыр дәуірінде өмір сүрген әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылады, алайда, феодализм әр дәуірде әртүрлі елдерде кездесті. Феодализм негізіне — вассал (бағынышты) мен сеньор, азамат мен зереннің, шаруа мен ірі жер иеленушінің ара қатынастары жатады. Феодализмге құқықпен бекітілген сословиелік, заңдық теңсіздік, рыцарлық әскери ұйым тән. Феодализмнің идеологиялық және өнегелік негізі ортағасырлық мәдениеттің мазмұнын анықтаған христиандық болды. Феодализмнің қалыптасуы V-IX ғасырлар. Рим империясын варварлар жаулап алғанынан кейін жүрді. Феодализмнің гүлденген дәуірінде қалалар және қалалық тұрғындар экономикалық және саяси нығая түседі, сословиелік, өкілеттік жиналыстар құрылады (ағылшын парламенті, француз Бас штаттары және т.б.), сословиелік монархияның ақсүйектердің ғана емес, сословиелердің мүдделерімен де санасуына тура келеді. Қалалық экономиканың дамуы аристократия үстемдігінің табиғи-шаруашылық негіздерін шайқалтты, ал еркін ойлаудың таралуы дінге күпірлік етушілердің XVI ғасыр. Қайта Өрлеуге өтуіне әкелді. Протестанттық өзінің жаңа этикасымен және құндылықтар жүйесімен капиталистік сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің дамуына қолайлы жағдай туғызды. XVI-XVIII ғасырлар төңкерістер негізінен аяқталғанын белгіледі.

15. Индустриа́лды экономика ерекшеліктері

Индустриалды экономикаға ерекшеліктері:

Өнеркәсіптің механикаландырылуына байланысты өнеркәсіп өндірісінің қарқынды өсуі

ғылым мен техниканың, телекоммуникациялардың жедел дамуы,

газет, радионың ойлап табылуы,

халық санының кенеттен өсуі,

адамдардың өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы,

олардың өмір сүру деңгейлерінің басқа дәуірлерге қарағанда артуы,

халықтың мобильділігінің артуы,

жекелеген елдер арасында ғана емес, сондай ақ халықаралық масштабта күрделі еңбек бөлінісі .

қарқынды урбанизация,

салалар бойынша еңбекпен қамтылудың өзгеруі, яғни ауыл шаруашылығындағы жұмысшылар санының қысқаруы мен өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларындағы жұмысшылар санының өсуі,

Тұтыну деңгейінің өсуі

табиғат байлықтарын игерудің жаңа құралдарының ойлап табылуына байланысты оларды игеру деңгейінің өсуі

16.Ұлы географиялық ашылулардың экономика тарихы үшін маңызы

XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында мұхиттық экспедициялардың арқасында алғаш рет Европа мен әлемнің басқа да бөліктерімен тікелей, тұрақты экономиқалық байланыс орнады. Азғантай уақытта Европа елдерінің экономикасына ірі, тарихта ешкім көрмеген азиядан, америкадан, африкадан материалдық ресурстар құйылды. Туркияның оңтүстік-жерортатеңіздік және азов-қаратеңіздік бассейндерді жаулап алуы жерортатеңіздік сауданың дағдарысына алып келді. Ал бұл ұлы жүзудің негізгі алғышарты болды. Европалықтарды дағдарыстан шығу жолдарын мен шығыспен тікелей баланыс орнатуға түрткі болды.

Ұлы географиялық ашылулардың саяси ролі де зор – батыс европа елдерінің бірігуінің аяқталуы.

Туріктер мен арабтардың сауда жолдарын жаулап алуы европалықтардың жаңа сауда жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Кеме жасау, оқ дәрі жасау өндірісі дамыды. Тұсбағдарды және картаны пайдалану кең етек алды.

Меркантелизм дамыды. Ірі колонистер пайда болды. Колонияларды эксплуатациялаудың негізгі әдістері ашық тонау болса, кейіннен салық жүйксімен ауыстырылды. Бірақ негізгі табыс саудадан көрінді. Ұлы географиялық ашылулар сауда мен баға революциясында көрініс тапқан ірі маңызға ие. Сауда революциясы – европалық елдердің сыртқы саудасында ірі секіріс болды. әлемдік рынок құрылды. Европа, африка, америка, австралия бир биримен сауда жолымен байланыста болды. Жаңа әлем тұтынушы нарыққа айналды. Колониялық жүйе қалыптаса бастады. Бұл жүйе капитализмнің дамуын тездетті, әрі ірі кәсіпкерлікті ұйымдастыруға қажет ақша қаражатының көбеюіне үлесін қосты. әлемдік сауда центрі жерорта теңізінен атлант мұхитына көшті. Италия қала-мемлекеттері құлдыраса, испания мен португалия, кейін голландия мен англия да дамыды. Ұлы географиялық ашылулар еңбек бөлінісінің дамуына, әлемдің шаруашылықтың және нарықтың дамуына алғышарт болды. Сауданың көлемі мен асаортименті өсті.

17.Экономиканың индустриальды моделінің дамуы

Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады.Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет. Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар.

Ерекшелігі: Ғылымның дамуына еркіндік – қоғамдық сананы жоғары көтерді

Толық жұмыспен қамту – жапай жұмыссыздықты жойды.

Артық тауар өндірісін болдыртпады

Капиталистік қатынастарға жол ашты

Монополистік капитализм орнады

Ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16 — 18 ғасырдағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми теориялық және технологиялық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс, негізінен, империялық тәжірибені, кәсіби кұпияны қорландырып, машық тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми теориялық таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдықта қамалып, өндірістік амал-шараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады. 16 ғасырда адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу, қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым қайта өрлеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ дәріні ойлап табуы және кітап шығару тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. кызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды.

Жалпы, бұл — ғылыми техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезендерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Ц.Бернулли, Э.Ма-риотт, Ж.Л. Д’Аламбер, Р.А. Реомюр, П.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихка «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапкыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. түрғыдан қолда-ну үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі Ғ.-т. п-тің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қаркынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді тех. нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы салалар: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. 

Ғыл.-тех. іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды. Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғылыми-техникалык революция жетістіктерімен байланысты. Оның ыкпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. мін-деттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ, биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революция-ландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғьлымның алдына тың талап, тосын міндет қою, әрі оны күрделі, эксперименталды жабдықтармен жарақтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогрестің ерекше қыры — тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: көлік катынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми техникалық прогресс әлеум. прогресстің негізі болып табылады.

18.Еуропада өндірістік капитализмнің қалыптасуы және даму ерекшелігі

XІV пен XV ғасырда феодалдық қатынастардың ыдырауы байқалады. Италия, Фландриядағы сияқты елдерде алғашқы капиталистік қатынастар пайда бола бастайды. XVI ғасырда адамзат дамуында үлкен өзгеріс орнады. Батыс европа елдерінде феодализмнің ыдырау процесі басталды. өндіріс құралдары жаңа күштердің – капиталистердің қолына жинақталды. өндірушілер еркін адамдарға айналып, жалдамалы еңбекке негізделген капиталистік өндіріс өз күшіне енді. Материалдық өндірістің терең өзгерісі экономикалық төңкерістің алғышарты болды.

Батыс елдерінде капитализмнің дамуы ортағасырлық экономиканың даму уақытымен сәйкес келді.11-15 ғ эксплуатацияның ауырлығына қарамастан, шаруаларға өздерінің шағын шаруашылығын ашуға мүмкіндіктер бола бастады.Италия, Германия, Англия және т.б. мемлекеттердің қолөнершілері еңбек өнімділігінің арқасында өндірістік тәжирибе жинақтап,өндірістік технологияларды дамытты.Бұл дамытулар 16 ғ ң басында материалдық өндірісте көптеген өзгерістерге алып келді.Шағын өндірістен ірі өндірістерге ауысу болып отырды.16 ғасырдағы Батыс еуропаның бұл жаңартулары сыртқы ,ішкі нарығымен қатар экономикалық төңкеріске әсер еткен негізгі факторлардың бірі болды.

Өнеркәсіптік өндірісте 16 ғасырда қолөнердің қару жарақ жасау түбегейлі өзгеріске түсіп, өндірістік технологияда жан-жақты дамытулар болды.Батыс еуропада қайта өңдеу қарқынды түрде жүрді. Егер антика дәуірінде европалықтар тоқыма өндірісінде жүн мен ленді пайдаланса, енді жібекті пайдалану кең өріс алды. Сонымен қатар мақта қағаз өндірісі де дамыды. өндірістің құрылымы да өзгерді: өнеркәсіптік тауар көлемі ұлғайды, бұрында болмаған өнеркәсіптік өндіріс салалары пайда болды. Қоғамдық өндіріс пен айырбаста маңызды өзгерістер орын алды. өзінің дамуын тауар өндірісінде жалғасын тапқан Еңбек бөлінісі де өсіп, тереңдеді. Каптиалистік қатынастардың дамуына Ұлы географиялық ашылулар мен ашылған жерлерді: Африка,Азия, Американы жаулап алу әсер етті.

19.Англия, Франция және Германияда өндірістік капитализмнің дамуы

Батыс елдерінде капитализмнің дамуы ортағасырлық экономиканың даму уақытымен сәйкес келді.11-15 ғ эксплуатацияның ауырлығына қарамастан, шаруаларға өздерінің шағын шаруашылығын ашуға мүмкіндіктер бола бастады.Италия, Германия, Англия және т.б. мемлекеттердің қолөнершілері еңбек өнімділігінің арқасында өндірістік тәжирибе жинақтап,өндірістік технологияларды дамытты.Бұл дамытулар 16 ғ ң басында материалдық өндірісте көптеген өзгерістерге алып келді.Шағын өндірістен ірі өндірістерге ауысу болып отырды. Жалпы алғанда өндіріс, жекелеп алғанда өнеркәсіп, өндіріс машинасына негізделе бастады.Бұл жаңалықтың енуіне Англияда болған өнеркәсіптік төңкеріс әсер етті.Ол өндіргіш күштердің дамуына жаңа сапалы негіз берді.Сол кезден бастап бірсыпыра еуропа елдерінде каптиалистік жолмен индустрияландыру ісі басталды.19-ғасырда және20- ғасырдың бас кезінде көптеген елдер бірінен соң бірі капиталистік система қойнауына ене бастады.Еуропадағы Англия, Франция,ГерманияИталия сияқты елдер мен қатар Батыста Солтүстік Америка,Шығыста Жапония ірі капиталистік елдерге айналып,өздеріне тән материалдық-техника базасын жасады.Материалдық техникалық база- белгілі бір қоғамның өндіргіш күштері негізінде дамып, қызмет атқаратын өзінің мазмұны жағынан әбден толық және дербес техника экономикалық категория.Бұл кез капитализмнің шарықтау шегі болды.Экономикалық жүйеде еркін бәсекеден мемлекеттік монополияға өту процесі кең етек алды.Сөйтіп, каптиалистік монополия қалыптаса бастады.Шарттары:энергетикалық базаның өсуі; ірі, ауыр техникалық жетістіктердің қолданылуы, транспортта жаңа қозғалтқыш механизмді енгізілуі т.б.Германия. экономикалық салмағы жағынан Англия мен Францияны басып озған мемлекет.Мұнда ірі өндіріс құрылысы болды. Ерекшелігі: өндіріс, сауда, көлік біріккен ірі банктердің бақылауында болуы.1910 жылы жалпы салымның 10 млрд. маркасы 10 ірі банк иелігінде болған. Мемлекеттер картель мен синдикат қолданылған. Мысалы көмір саласындағы «Рейнско-Вестфальский »синдикаты.

Англия. Бұл елде ескі құралдар мен төмен деңгейдегі еңбек өндірісіне байланысты үлкен шығындар болып, Германия сияқты мемлекеттен өндірістік капитализм жағынанан артта қалуына себеп болды.Негізгі даму бағытында колониялық империя ұстанымын қолданды.Бұл бағыт жоғары табыс пен ұлттық тауар өндірісін сақтауға көмектесті.Ал Францияда 19-ғасырдың соңында колониялық империяны құрды.Ол нарықта өнім өндіруге кепіл берді. Жеңіл өндірісте негізгі кәсіпорындар дербестігін сақтап қалған болатын.

20.ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы өндірістік капитализмнің эволюциясы

21.Әлемнің жетекші елдерінде монополистік капитализмнің қалыптасу ерекшелігі

Монополистік капитализм дәуірінде отар елдер мен тәуелді мемлекеттер бірінші кезекте үстемдік етуші метрополияның өнеркәсіп тауарларын өткізу және капитал салу көзі болып қалды. Бұл шетелде монополистерге құлдыққа түскен елдердің экономикасын толық өз қолына алып, бақылау жасауына мүмкіндік берді. Метрополиялар отарлар мен тәуелді елдерге экспортқа тауар шығаруды олардың капиталын салу негізінде ғана жүрді, себебі қажетті мөлшерде пайда түсіру үшін емес, бұл елдерді арзан шикізат көзі мен жері, үнемі болып тұратын жұмыссыздыққа байланысты болатын арзан жұмыс күші, жалпы бұқара халықтың қайыршылығы мен кең көлемдегі пайдаланылатын күшпен жұмыс жасату, соның ішінде әйелдер мен балалардың арзан еңбегін пайдалану үшін салынды.

Германия экономикалық салмағы жағынан Англия мен Францияны басып озған мемлекет. Мұнда өндіріс құрылысы болды. Ерекшелігі: өндіріс, сауда, көлік біріккен ірі банктердің бақылауында болуы. 1910 жылы жалпы салымның 10 млрд. маркасы 10 ірі банк иелігінде болған. Мемлекеттер картель мен синдикат қолданылған. Мысалы көмір саласындағы «Рейнско-Вестфальский »синдикаты.

Англия. Бұл елде ескі құралдар мен төмен деңгейдегі еңбек өндірісіне байланысты үлкен шығындар болып, Германия сияқты мемлекеттен өндірістік капитализм жағынан артта қалуына себеп болды. Негізгі даму бағытында колониялық империя ұстанымын қолданды. Бұл бағыт жоғары табыс пен ұлттық тауар өндірісін сақтауға көмектесті. Ал Францияда 19-ғасырдың соңында колониялық империяны құрды. Ол нарықта өнім өндіруге кепіл берді. Жеңіл өндірісте негізгі кәсіпорындар дербестігін сақтап қалған болатын.

22.АҚШ-та қоныс аударушылық және өндірістік капитализмнің дамуы

1860-1865 ж Азаматтық соғыс аяқталған соң экономиканың қарқынды дамуы 19 аяғында АҚШ-ты қуатты индустриалды аграрлы елге айналдырды. Азаматтық соғыстан кейін Батысты колонизациялау процесі белсендірілді. Экономикалық өсудің маңызды факторы- Еуропадан жұмысшы күштің ағылуы. Статистикаға жүгінетін болсақ, 1870-1900 аралығында елге 14 млн мигрант келді.

АҚШ-ң экономикалық өсімінің динамикасы ғылыми- техникалық процеспен анықталады. Елде өнеркәсіп электрефикациясы өндірісінің энергетикалық базасы өзгерді – бу машиналары электрмен алмастырылды. Индустриализациялау барысында еуропалық мемлекеттердің ең жаңа ғылыми – техникалық тәжірибесі қолданылды.

Экономика өзінің ашық жүйесімен ерекшеленеді. Шетелдік инвестицияның ағылуына ешбір кедергі болған жоқ. Инвестициялар көбінесе Англия тарапынан бөлінді. Американдықтар әлемдік нарыққа тауарларды экспорттаушылар ретінде шықты. 1874 ж бастап экспорт импорттан асып түсті. Америкалық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің жоғарлауы мен өндірістің эффективтілігі арқасында 60-90 ж Америка экспорты 3 есеге өсті.

19 ғ соңғы ширегінде ауыр өнеркәсіптің өсу қарқыны жеңіл өнеркәсіптің өсу қарқынынан жөғары болды. 20 ғ басында темір жолдары барлық штаттарды байланыстырды. Бұл капитал мен жұмыс күшінің мобилдігіне, еңбек өнімділігіне, урбанизация процесіне, ауыл шаруашылығының одан әрі дамуына негіз болды.

23.АҚШ-та өндірістік капитализмнің қалыптасуы

АҚШ-ң экономикалық өсімінің динамикасы ғылыми- техникалық процеспен анықталды. Елде өнеркәсіп электрефикациясы өндірісінің энергетикалық базасы өзгерді – бу машиналары электрмен алмастырылды. Индустриализациялау барысында еуропалық мемлекеттердің ең жаңа ғылыми – техникалық тәжірибесі қолданылды.

Экономика өзінің ашық жүйесімен ерекшеленеді. Шетелдік инвестицияның ағылуына ешбір кедергі болған жоқ. Инвестициялар көбінесе Англия тарапынан бөлінді. Американдықтар әлемдік нарыққа тауарларды экспорттаушылар ретінде шықты. 1874 ж бастап экспорт импорттан асып түсті. Америкалық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің жоғарлауы мен өндірістің эффективтілігі арқасында 60-90 ж Америка экспорты 3 есеге өсті.

19 ғ соңғы ширегінде ауыр өнеркәсіптің өсу қарқыны жеңіл өнеркәсіптің өсу қарқынынан жөғары болды. 20 ғ басында темір жолдары барлық штаттарды байланыстырды. Бұл капитал мен жұмыс күшінің мобилдігіне, еңбек өнімділігіне, урбанизация процесіне, ауыл шаруашылығының одан әрі дамуына негіз болды.

24.ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басында Ресейде өндірістік капитализмнің дамуы

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы Ресей империясының тарихындағы өтпелі кезең болды. Империя аса үлкен көлемдегі саяси сілкіністерге тап болды және оның себебі бірнеше ғасырдан бері қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты еді.

Жалпы алғанда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Отандық индустрияның даму қорытындыларна қарасақ, 1913 жылы Ресейдің өнеркәсіптік өндіріс көлемі АҚШ, Германия, Англия, Францияға жол беріп, әлемде 5 орынды иеленді. Соның өзінде Францияның өнеркәсіп өнімдерінің көлемі Ресейден екі есе көп болғанымен, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының есебінен көтерілді. Шойын балқыту, прокат, машина жасау, мақта өңдеу және қант өндіру жағынан Ресей Францияны басып озып, әлемде 4 орынға шықты. Мұнай алу жағынан Ресей 1913 жылы тек қана АҚШ-қа ғана жол берді. Ал сыртқы сауда да ол әлемде 6 орынға ие болды және әлемдегі тµртінші индустриалды держава деп есептелінді [1]. Қаншама өнеркәсіпте жетістіктері болғанымен, Ресей сол аграрлы-индустриалды ел болып қалды. Империалистік монополиялар отар елдерде ұлттық капиталдың өсуіне барынша кедергі жасады, жаңа заманға сай ірі өндіріс ошақтарының дамуын тежеді. (отар елдерден бағалы минералды шикізаттарды алу үшін тау-кен өндірісінің, жеңіл өндірістің біршама дамуына ғана қолдау көрсетті, осылайша отар елдердің біржақты аграрлық-шикізат көзі ретінде ұстау саясатын барынша тереңдете түсті.

Предыдущий:

Следующий: