экономика шпор го


1 Байланыс саласының әлеуметтік−экономикалық ерекшеліктері

Республика байланысы біркелкі шаруашылық емес. Ол әртүрлі байланыс саласының тармақтарынан тұрады. Почта байланысы, электробайланысы, телевизия және радиохабарларын тарату т.б. түрлері, олар бір-бірінен жіберетін хабарлардың айырмашылығына байланысты болды. Байланыс туралы Қазақстан Заңы бойынша, байланыс желілері бірнеше түрге бөлінеді;

электр байланысы (телекоммуникация) – белілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаларды, бейнелерді, дыбыстарды сым- өткізгіш, радио, оптикалық және басқа электромагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау;

почта байланысы- почталық және арнаулы жөнелтімдерді қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ почталық ақша аударымдары;

телевизия және радио хабарларын тарату желілері бірыңғай телекоммуникация желісінің құрымдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттің аумағына телевизия және радио бағдармаларын тарат әрі трансляциялау үшін пайдаланатын жердегі және жерсеріктік хабар тарату жүйелерінің біртұтас өндірістік- технологиялық кешенін құрайды. Жердегі жүйелерге мемлекеттік және комерциялық бағдармаларды трансляциялауға арналған радиорелейлі және кәбілді байланыс желілері, қуаты әртүрлі радиотаратқыштар мен басқа да құралдар кіреді;

Жерсеріктік жүйелерге халықаралық жерсеріктік ұйымдарға, жекелеген мемлекеттерге тиесілі орбиталық байланыс серіктері мен жердегі таратушы және қабылдаушы станциялар кіреді;

Қазақстан Республикасының өзара байланысты бірыңғай телекоммуникацияның желісі Қазақстан аумағында орналасқан төменгі желілерінен тұрады:

ортақ пайдалынатын телекоммуникация желілерінен;

телекоммуникация ведомстволық желілерінен;

телекоммуникацияның бөлектелген желілерінен;

корпорациялық және ақпаратты электрмагниттік сигналдар арқылы беретін басқа да желілерден тұратын телекоммуникация желісі болып табылады.

2 Байланыс қызметінің сапасы

Байланыс жұмысы сапасының комплексті және жүйелі түрде жақсарту проблемалары сапа деңгейіне әсет ететін факторларды табуды қажет етеді.

Факторларды екі топқа қосуға болады:

Техника – технология факторлары;

Ұйымдастыру – экономикаға байланысты факторлар.

Байланыс жұмыс сапасына әсер етуші факторлар

Байланыс саласынын оними

Кәсіпорын желісін кеңейту;

Құралдарды жаңарту, іске қосу;

Ғылыми жаңалықтарды енгізу;

Байланыс құрану схемаларын ықшамдау;

Құралдардың сапасы;

Басқару жүйесін қорғау;

Пропорционалды дамуы;

Ұйымдастыру экономикалық факторлар:

Операторлардың нормативті заң базасын құру;

Лицензия, сертификация жұмыстарын ұйымдастыру;

Тай – таластың нарықта бірнеше операторлардың барлығын білдіреді, қызмет көрсету тәсілдері мен алдағы түрлерін енгізу;

Біркелкісіз жұмыс ауырлығы, жұмыс ауырлығын теңеу үшін ыңғайлы тариф жүйесін қолдану;

Экологиялық қызықтырылу, жұмыс ақысын қызықтыру үшін ұйымдастыру;

Жоғарағы сапаға жоғарғы тариф болу керек;

Сапа жұмысын бақылау, пайдаланушылардың правосын қорғау;

Сапа көрсеткіштері техника мен өндіріс технологиясының жанаруына байланысты жаңарып, өзгеріп отыруы керек.

3. Байланыс саласының ұйымдағы алатын орны. Телекоммуникацияның бөліктелген желілері, телекоммуникацияның желілерінің дербес ұйымдасқан түрі болып табылады. Бұл ортақ пайдаланатын телекоммуникация желісіне қосылмайды.

Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері қорғаныс, қауіпсіздік, ішкі істер тәртібін қорғауды қамтамасыз ететін және үкіметтік байланысты қамтамасыз етуге арналған, ол орталық пайдаланатын телекоммуникация желісіне қосылады.

Фельдъегерлік және арнаулы байланыс.

Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкіметтік курьерлік байланысты жүзеге асыратын қызмет болып табылады.

Арнаулы байланыс қызметі Қазақстанның Ұлттық почта оператырының бірыңғай құрылымдық бөлімшесі болып табылады, заңдарға сәйкес арнаулы байланыс қызметін көрсетеді.

Нарық экономикасына байланысты байланыс структураларына да тиісті өзгерістер де кірді. Бұрынғы байланыс салаларының негізінде: «Қазпочта», «Қазақтелеком», «Қазтелерадио» т.б. акционерлік қоғамдары құрылды.

4. Басқарудың маңызы және мағынасы

Басқару процесі – бұл циклді қайталанып келетін процесс, тізілп қайталанып басқару жұмысының элементтерін көруге болады, бұл басқару міндеттеріне ортақ болады.

Байланыс желілерінің тұрақты, сапалы жұмыс істеуі, оларды басқару жұмысының тиімді ұйымдасуына байланысты. Жеке және заңды тұлғалардың байланыс көлеміндегі жұмыстары, негізгі байлныс саласына тән принциптер арқылы ұйымдастырылады. Олар:

Нарық экономикасына сәйкес , байланыс қызметтерін ұсынғанда тұтынушылардың құқығы мен қызығу жағдайларын сақтай білу керек;

Телекоммуникация желілері арқылы хабарларды кідіртпей жіберу, почта жолдамаларын дер кезінде қабылдап жіберіп, апарып беру;

Жеке және заңды тұлғаларға байланыс қызметтерін пайдалануға бергенде, тепеөтең қарау;

Байланыс істерінің көлемінде адал ниетпен бәсекелесу;

Желілік технологияның ерекшеліктерін еске ала отырып, Қазақстан бойынша бірыңғай стандартты негізге ала отырып, байланысқа деген сенімділікпен басқарушылық жұмыстарын қамтамасыз ету;

Байланыс көлемінде халықаралық қатынастарды кеңейтуге, әлем байланыс жүйесімен қарым-қатынастарды тығыз байланыстыру жұмыстарына әсер ету принциптері.

Функциялары (іс-қызметтері)

Мағынасы

Талдау (анализ)

Басқарылатын объектінің жағдайы, күшті және осал жақтары фирманың есеп-статистика негізіне байланысты т.б.

Жоспарлау

Табысқа жету мүмкіншілігін белгілеу. Жаңа мақсаттар, оны орындау жолдары, көрсеткіштер.

Жандандыру, өзара бірігіп жұмыс жасауды ұйымдастыру.

Жаңа структуралар жасау, белгіленген жоспарларды орындау жолдарын іздестіру;

Жандандыру(мотивизация), адамдарға жұмыс істеу. Оладың қажеттілігін біліп, орындап жұмысты жандандыру т.б.

Реттеу

Өзара бірігіп, келісіп жұмыс істеуді белгілеп, басқарылатын жүйенің құрамдарын, оның дамуына қолдану керек.

Есепке алу (учёт)

Ұйымның қаражат, шаруашылық нәтижелерін қорытындылап, байқауға алу. Бухгалтерлік, басқарушылық статистикалық т.б. есепке алу түрлері бар.

Бақылау (контроль)

Шаруашылық жүйесінде белгіленген көрсеткіштерден ауып кетуін табу. Нәтижелердің қойылған мақсатқа сәйкес келуі. Ауып кетуді табу, қалпына келтіру. Қалпына келтірілмесе, басқару жойылу мүмкін.

5. Басқарудың қағидалары мен міндет-і

Байланыс комплексін басқарудағы негізгі бас міндеттердің бірі, нормативті – право негізін дайындау болып есептелінеді. Бұл жинақталған документтер арқылы нарықтық байланыс қызметтерінің қалыптасуымен дамуын реттейді.



Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы Заңы», «Почта туралы Заңы» байланыс қызметтерінің қолдану тәртіптерімен реттеу тәсілдерін белгілейді. Нарық экономикасына байланысты қабылданған басқа да заңдар мен нормативті- право документтері арықылы байланыс саласының жұмыстары реттелінеді.

Басқару процесі – бұл циклді қайталанып келетін процесс, тізілп қайталанып басқару жұмысының элементтерін көруге болады, бұл басқару міндеттеріне ортақ болады.

Шешім қабылдау процесінің жалпы мінездемесі.

Басқару жұмысының қорытындысы шешім қабылдау болады.

Шешу мәселесіне тиімді түрден қараса, қателі шешімдер аз болады, бұған бірнеше фазалар кіреді. Олар:

1 фаза – Басшы проблемаларды тауып, оларға талдау жасап, оның негізгі себептерін табу болады.

2 фаза – Жиналған деректерден, проблемаға байланысты хабарларды алып, оларды бағалап, альтернативті ұсыныстарды дайындау.

3 фаза – Проблеманы шешетін альтернативті шешімді дайындау.

4 фаза – Шешім қабылдау тәсілін алу, басқаша айтқанда альтернативті тиімді бағалау тәсілін ұсыну.

5 фаза – Шешімді қабылдау. Осы жағдайға сәйкес керекті вариант қабылданады. Шешімнің санасы әртүрлі факторларға байланысты болады.

Іс жүзінде, бәрі де дұрыстыққа әкелетіншешім болмайды, теріс жағдайлар да болуы мүмкін.

Шешімге жүйелі түрде қарау – табысты болудың жалпы шартының бірі.

6 Жоспарлаудың мағынасы мен рөлі

Бизнес жоспарлау кәсіпорын жұмысының кеңейтілген программасын дайындап, оны іске асыру процессі болып есептелінеді.

Бизнес – жоспарлау нарық жағдайына байланысты, инвестицияға, ішкі – сыртқы факторларды есепке алып, ұзақ мерзімге жасалған стратегиялық жоспар бойынша дайындалады. Бизнес жоспар бірнеше бөлімдерден тұрады:



Қызмет көлемі, табыс;

Өзіндік құн;

Пайда;

Ақша қаражатының жағдайы;

Дамуы;

Тиімділік және т.б.

Бизнес жоспардың алғашқы бөлімі, қызмет көлемі жоспарынан басталады, осының негізінен байланысжелісінің қажеттілігі, ресурстары (заттар, еңбек, финанс т.б.) есептелінеді.

Байланыс қызметі көлемін – кетіс – келіс трафигі арқылы табарда алғашқы база ретінде, қазіргі жетілген пайдалану деңгейі қабылданады.

Қызмет көлемі керектік пен ұсыныс арасындағы теңдікті сақтауға әсер етеді.

Кетіс көлемі трафигі жоспарлау жылы (q кетіс жоспар) төменгі арқылы табылады.

қызметті базис (биылғы) жылы пайдалану деңгейі.

, — бір жанның пайдалану өзгеру коэффициенті.

Ч – жоспар жылғы пайдаланушылар саны.

Кетіс трафигін жоспарлағанда негізгі мәні баға факторларында, оның ішінде тариф (байланыс қызметнің) және пайдаланушылардың табысы болады. Керектіктің эластиктік заңы баға бойынша, тарифтің көтерілуі қызметтің пайдалну көлемінің азаюына келтіреді.

Жаңа профессиялар

Жалпы кетіс трафигі жоспарланған кетіс төлем трафигі және жалпы көлемдегі тегін трафиктің меншікті салмағы арқылы табылады (d тегін )

: (1 — тегін);

Кіріс трафигін, өзінің базис жылындағы көлемі мен соңғы 2-3 жылдағы ортажылдық темпінің өзгеру негізінде табуға болады.

Егер жылы автоматты, жартылай автоматты каналдар іске қосылатын болса, онда кіріс трафигі осы каналдар арқылы өтетін трафиктің көлеміне кем болуы керек:

— кіріс трафигі өткен жылғы динамикамен есептелінген.

— 1 акналға келетін орта санды кіріс сөйлесу.

— автоматты, жартылай автоматты орташа жылдық іске қосылған канал саны.

Өтетін трафиктің көлемін табарда, байланыс желісін салғандағы схемаларды, өтетін трафиктің автоматтандырылуын, почта тасу шарттарын еске алу керек.

Пайдалануға техника құралдарын берудегі қызмет көлемін табу методикасы. Бұл қызметтерді 2 топқа бөлуге болады:

Пайдалануға берілген каналдар саны немесе абоненттің қондырғыштар арқылы өлшенетін байланыс қызметтері (телефон, радиоширектік қондырғыштар арқылы өлшенетін байланыс қызметтері),

Пайдалануға берілген каналдар – сағат саны арқылы өлшенетін байланыс қызметтері (радиобайланысы, телерадио тарату құралдарының қызметтері).

Әуелі жоспарлау жыл басында берілетін техника қондырғыштарының саны белгіленеді, () содан кейін жоспары бойынша жоспарлау жылдағы орташа жылдық өсім () табылады. Орташа жылдық өсім көлемі объектілердің іске қосу уақытына байланысты (квартал, ай) және соған байланысты іске қосылған қуаттық () көлемі арқылы есептелінеді.

Орташа жылдық өсім квартал сайын біркелкі іске қосылғанда:

( өндіріс өсімі);

3,5; 2,5, 1,5; 0,5; — техниканың тиісті кварталда эксплуатацияда болу коэффициенті;

- кварталда іске қосылған құралдар саны;

- жыл басындағы құралдар саны;

Орташа жылдық өсім, жыл бойы ай – сайын іске қосылғанда:

;Радиобайланысы, радио – телетарату кәсіпорындардың жұмыс істеу, уақыты арқылы өлшенетін қызмет көлемін табу, пайдаланушылардың берген өтініштер есебіне негізделген.



Жыл бойы канал –сағат саны бойынша жұмыс істеу, әр техника құралдары үшін, қуатына байланысты жүргізіліп, есептелінеді.

Қызмет көлемінің натуралдық түріне қарай байланыс саласының табысы жоспарланып есептелінеді және ресурстардың тиімді қлодануы, т.б. көрсеткіштері есептелінеді.

7. Байланысқызметінің классификациялау және экономикалық мағынасы.

Байланыс саласының негізгі мақсаттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

Байланыс қызметтері кәсіпорынның бағдарламасын жоспарлауға, пайдалы жұмыс істеуге база болады және жіберу құралдарының керектігін қанағаттандыру үшін индикатор деуге болады.

Байланыс қызметі әртүрлі хабарларды қабылдау, сұрыптау, жіберу және апару жұмыстарының қорытынды нәтижесі.

Экономиялық сипаттамалар:

жасалынған істің сипаттамасы заттарға ұқсамастығы;

қызметті жасау мен оны пайдалану процестерінің уақыт бойынша бір мезгілде орындалуы;

қызметтерді ұйымдастырғанда оған бірнеше кәсіпорынның қатысуы;

хабарды жіберуі процессі әрқашанда екі жақты.

Байланыс қызметі екі түрде жасалынады:

біріншісі, жеке хабарларды жіберу, тарату түрінде (хат, телеграмма,телефонмен сөйлесу т.б.);

екіншісі, пайдаланушыларға техника құралдарын беру ретінде (каналдар, таксафондар, апараттар т.б.).

Байланыс қызметтері негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгілер хабарды жіберу процесінің нәтижесін көрсетеді. Баға құру жағынан байланыс қызметтері төленетін және тегін берілетін болып бөлінеді.

Байланыс қызметтері територриялық ерекшелікке қарай халықаралық және жергілікті болып бөлінеді. Байланысқызметінің көлемін табуда натуралды және баға өлшем тәсілдері қолданылады.

Натуралды өлшем байланыс қызметінің физикалық мәнін сипаттайтын көрсеткіштерді қолдануға негізделген (хат, телеграмма, сөйлесу т.б.).

Ақшалай бағаланған өлшем – әртүрлі барлық көрсетілген байланыс қызметтерін бір ақша өлшемін арқылы көрсетуге мүмкіншілік береді. Жалпы байланыс қызметтері көлемінің бағалы өлшемі ретінде негізгі өндіріс табысы көрсеткіші қолданылады.

Қызмет көлемін табу үшін, шартты – натуралды өлшем де қолданылады, өлшемнің біреуі негізге алынады да қалғандар коэффициенттер көмегімен бір көрсеткішке келтіріледі. (кететін, келетін, өтетін, өңделеді 30 мың кететін, 120 мың өтетін, 5 мың келетін, телеграф 1 телеграфтарға кететін уақыт – 0,4 макс., 1,7 мин., 0,4 мин., коэффициент приведения 1,7; 0,9; 1,9 мин, келетін 0,4; 0,9=00,4). (объем услуг қызмет көлемі шартты натуралды түрінде: 301+1201,9+5; 0,4=278 мың келтірілген телеграмма).

8. Байланыстағы табыстың мағынасы және оны анықтау әдістері.

Байланыс кәсіпорнынның тұтынушыларға белгіленген тариф бойынша көрсетілген қызметтің бүкіл көлемінен алынған табыс негізгі қызмет табысы деп аталады. Байланыс түрінің негізгі қызмет табысының жалпы суммасы көрсетілген байланыс қызметінің жалпы көлемінің бағасының ақшалай түрдегі көрінісі болып табылады.

Байланыс саласынын оними

Мұнда Дод—негізгі қызмет табысының жалпы суммасы, руб.; qi — i-қызмет түрінің көлемінің натуральды өрнектелуі. (шт.,кан.-ч, кан.-кмжәнет.б.); Цi —i-қызмет түрінің тарифы. Негізгі қызмет табысы байланыс саласы бойынша, әр салада табыс көзі бойынша қойылады.

Байланыс арнасы түрінде көрсетілген және соңғы құрылғыларға сәйкес қызметке алынған табыстар (телефондық аппараттар, радиотрансляциондық нүктелер) осы каналдар(құрылғылар) санынан және жалдамалық немесе абонементтік төлемнен шыға жоспарланады. Телефондық аппараттарды және радионүктелерді құру мен қайта орнатудан түскен табыстар олардың саны мен орнату төлемінен тәуелді болады. Қалааралық телефондық және телеграфтық арналарды, телевизиялық және дыбыстық тарату арналарын жалдамалы төлем ретінде қолдануға беруден түскен табыстар қойылған тариф бойынша әрекет ету уақытын есепке алып арнаның ұзындығына тәуелді есептеледі. Радиобайланыс, радиотарату және телевидение құралдарының жұмысына сағаттық төлеу түріндегі табыстар таратқыштың қуатынан тәуелді қойылған бір сағаттық жұмыс істеу тарифы шамасына және радиотаратқыш және қабылдағыш құрылғылардың жоспарланған жұмыс істеу уақытынан тәуелді болады.

Табыстардың бір бөлігі қалааралық және жеогілікті сөйлесулер үшін уақыттық төлем түрінде құрылады.(сөйлесулер бағасын автоматтандырылған уақыттық есептеу болған кезде.). Бір реттік байланыс қызметін көрсетуден алынған табыстар олардың саны мен қойылған тарифтен тәуелді болады.

Негізгі қызмет табысын жоспарлау кезінде орташа табыстық такса қолданылады.

Орташа табыстық такса бір ірілендірілген төлемді байланыс қызметінін көрсетуден түсетін орташа табысты сипаттайды. Мысалы, қалааралық телефондық сөйлесулер үшін тариф бүкіл сөйлесуге емес ал бір минут ішіндегі сөйлесу үшін қойылған.Бұл кезде тариф тарифтік зона бойынша бөлінген(қашықтық бойынша). Одан басқа тәуліктің әртүрлі кезіндегі және демалыс күндеріндегі жеңілдікті тарифтар дамуы бар. Осылайша қалааралық телефондық сөйлесулерге қойылған тариф бірнеше факторлардан тәуелді болады. Сондықтан табыстарды ұзақтығын есепке ала отырып нақты сөйлесулер санына , арақашықтық ұзындығына және басқа факторларға байланысты жоспарлау мүмкін емес. Соның үшін орташа табыстық табыстық такса деп аталатын бір телефондық сөйлесуге келетін табыстардың орташа шамасы қолданылады.

Орташа табыстық такса тұрақты емес және оны жоспарлау кезінде бірнеше жылдық табыстық такса динамикасыны мен сол жылғы квартал бойынша қосындысы, тағы да оның өзгеруіне әсер ететін факторлар есепке алынады. (клиентура құрамы, айырбас құрылымы, төлемге қабілетті сұраныс және т.б. орташа табыстық таксаны есепке алып бір жолғы байланыс қызметін көрсетуден алынатын табыстар жоспарланады.

Байланыс саласынын оними

Мұнда n – шығатын төлемді айырбас номенклатурасы. qисх плi – түр бойынша шығатын төлемді айырбас.(телеграмма саны, қалааралық сөйлесулер саны, посылканың, аударулар және т.б.) diT – байланыс қызметінің i-түрі бойынша орташа табыстық такса.

Қазіргі уақытта салалардағы өзара есепте төлемдерді анықтаудың жалғыз әдісі жоқ. Екі әдіс қолданылады: арнаға және басқа қызмет түрлеріне төлемді есептесу әдісі; үлестік төлеулер әдісі, яғни табыстардың жалпы суммасынан белгілі бір үлесін төлеу. Қазіргі уақытта өзара есеп айырысу төлемдері кәсіпорындар арасындағы келісім бойынша өзіндік құны кіреді.

9. Рентабельділік және пайда, оларды жоғарлату әдістері.

кіріс және рентабельділік — әр өндірістің көңіл аударарлық маңызды тиімділік көрсеткіш. Пайда, кіріс өндірістің тиімділігін анықтайтын нақты сипат. Кіріс байланыс мекемелерінің өзара жеке мекеме пайдасы және оның пайдалану шығындарына қарай бөлекше анықталалды. Кірістің 3 түріне түсініктеме бар: баланс, /расчетный/ есеп айыру, /остаточный/ қалдық.

Баланс кірісі, Пб – кірістің жалпы жиыны, қорытындысы, ол өндіріс – шаруашылық қызметінің беретін табысы мына формамен анықталады.

/5.10/

Пб= Посн ин + Двн. оп – Рвн.оп,

Посн – хабарлама қызметі арқылы түсетін пайда,

Пин – мекеме баласындағы қосымша, жанама шаруашылық арқылы түсетін кіріс /немесе басқа да құнды затты өткізу жолы, т.б./.

Двн. оп – таратылудан тыс істер арқылы – кіріс;

Рвн.оп – таратылудан тыс кездескен шығындар.

Негізгі кіріс түрлері, мекеменің хабардағы негізгі қызметі бойынша формуламен анықталады:

/5.11/

Посн = Дс –Э,

Дс – мекеменің өзіндік кірісі;

Э- пайдаланылатын жылдық шығын.

Қосымша, жанама шаруашылық кірісі бұдан түскен өнімнің табысы мен оған кеткен шығынның айырмашылығымен өлшенеді.

1991 жылдан бастап рыноктік қатынастың келуіне байланысты кірістің жаңа түрі туды.

Двн.оп = Дсп+ ДАР + ДА + Добл Двн /5-12/

ДА – мекемеге дивидент/ тиімті акциядан кіріс;

Дсп – ортақ мекемелерге қатысқаны үшін үлес кіріс;

ДАР – мүлікті арендаға беруден түскен кіріс /аренда ақы/;

Добл – мекеменің өзіне тиісті облигациялардан кіріс;

Двн – реализацияланбайтын кіріс /+/ немесе жоғалту /-/, бұл пени, қарыздар, уақыты өткен кредит, тара ісі.

Налог салынатын кірістің формуласы:

Пнал = ПбΣΔ Ропл. тр. – Плрент – ΣДА.ОБЛ – ΣДСП, /5.13/

Пб – баланс кірісі;

ΣΔ Ропл. тр. – жоғарылату /+/ немесе төмендету /-/ мекеме пресоналдарына еңбек ақы шығыны, олар таратылатын өнімдермен салыстырғанда мөлшерінің өзіндік құнын жасаумен айналысатын қызметкерлері;

ПЛрент – рента төлемі;

ДА, ДОБЛ – мекеме иелігіндегі акция дивиденттері қорытынды жинағы мен облигация;

Дсп – мекемелер бірлестігіне қосылудағы үлес кірісінің қортынды жиыны.

Соңғы екі қосылғыштар 15% көлемінде налог төлейді.

Формуладағы көрсетілген мекемелер 45% көлемінде налог салынады, оның 22% — і одақтық бюджетке, 23% — і республикаға жергілікті бюджетке енеді.

Кірістер арқылы мөлшерлі актылардың шығыны, жоғалғаны толықтырылады.

Мекеменің баланс кірісінен көрсетілген налогтарден басқа административтік – басшылық персоналдарының әр адамға 1000 сом көлемінде ақы ұсталады /ПАУП/. Төлемдер мен налогтан қалған кіріс – есептеу /расчетный/ Пр:

Пр = Пб – Нб – Пл АУП – ПЛ КР /5.14/

Н′б – мемлекттік, республикалық бюджетке налог;

Плауп – админинистративті –управленческий персоналға ақы;

П лкр – банк кредитінің уақыты өткізілгендігіне проценттік ақы төлеу.

Есептеу /расчетный/ кіріснен орталық фонд үшін және жоғары ұйымдар алдында міндеттемелерге ақы төленеді, Пл орг, Пл центр.

Пост = Пр –(Пл орг + Пл центр). /5.15/

Қалдық кіріс мекеменің игілігіне жұмсалады, қор, резерв, пайдалану қорын, т.б. жасайды.

Мекеменің рентабельділік сипаты өндірістің тиімділік қатынасына әсер етеді. Байланыс саласында рентабельділік өндіріс қорының бағаға кіріс қатынасын немесе мекеменің пайдалану шығынының жалпы қорытындысына кірістің қатынасын көрсетеді:

а) ρ=П/Фпр, б) ρ = П/ЭΣ /5.16/

Әдетте /5.16л/ формуласы қолданылады, бірақ почтампттар өндіріс қорының көлемі өте аз. (5.16б)

Кіріске ұқсас рентабельділіктің жалпы /балансовую/ ерекшеленеді.

ρо = [Пб/(Коснб)]· 100%, /5.17/

және есептеу /расчтеную/

ρр = [Пб/(Коснб)]· 100%, /5.18/

Пб, Пр – үйлесімдісі баланста есептелінген кіріс;

Косн – негізгі өндіріс қорының нарқы, құны, бағасы;

Об – айналым құралдарының шектелген /нормируемые/ құны, нарқы, бағасы.

10. Байланыс кадрлары, құрамы, құрылымы. Жұмысшылар санын жоспарлау.

Материалды өндіріс тармағында, жұмыскерлер саны қысқаруда, жыл сайын 1 – 1,5 % ал қосымша өндірістегі жұмыскерлер санының меншікті үлесі 5,3 – 2,7 % ке дейін төмендеді. Сапа тармағындағы жұмыскерлер саны да өзгереді. 1990 жылы почта байланысында – 49,8 % қызметкерлер істесе, 2000 жылы олардың меншікті үлесі 35 – 40 % дейін төмендеді. Жұмыскерлердің еңбек істері функционалды еңбектің бөлуіне негізделген. Олар жұмысшылар және қызметкерлер болып бөлінеді. Жұмыскерлерге – операторлар, телеграфистер, электромонтерлар, кабельщиктер т.б. жатады. Қызметкерлерге – инженер-техника жұмыскерлері жатады. Байланыс саласының 50 % көбісі жұмысшылар, радиотелевиденияде де негізінде негізінде инженер-техника жұмыскерлерінен тұрады. Еңбекті профессианалды – квалификация арқылы профессиясы және мамандығы деп бөліп, олардың ішінде еңбек күрделігіне байланысты бөлінеді. Еңбек ақы төлеуде 21 разрядты сетка еңгізілген. Мамандарды жұмысқа қабылдағанда 1-2 категория берілуі мүмкін. Жаңа профессиялар пайда болады. Мамандар дайындау, қайта дайындау, квалификациясын көтеру жолдарынан өтеді (институт, курстар, жеке бригада арқылы дайындау). Жұмыскерелер өндірісте бір — біріне ауысып отырады. Кадрлардың жылжып, ауысып отыруын сипаттау үшін және коллективтің тқрақтылығын бағалау үшін айналым және тұрақтамаушылық коэффициенттері қолданылады. Байланыс жұмыскерлерінің салалық структурасы.

Жаңа профессиялар

Тасымаладарды сұрыптайтын жұмысекрлер саны:

q — орта айлық тасымал і – түрі



Страницы: 1 | 2 | Весь текст


Предыдущий:

Следующий: