Экономика семинарлар


Кәсіпорындағы материалды – техникалық ресурстар мен қамтамасыз етудің нақты формасы: ресурстардың еркешілігін, оны алудың ұзақтығына, ұсыныстардың санына, ресурс сапасы мен бағасына және басқа да факторларымен анықталады. Кәсіпорынды ресурспен қамтамасыз ету формасын таңдауда жеткізушінің сенімділігімен шығарылатын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін ескеру қажет. Соңында жеткізушілермен келісім – шарт жасасқан да сандық және сапалық көрсеткіштерді жеткізушінің нақты түрін, секцияларды және басқаларды белгілеп алу керек.

Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының негізгі тағайындалған өндірісті энергияның барлық түрімен қауіпсіздік техникасын қолдана отырып үзіліссіз жабдықтау, энергия ресурстарының сапалық және үнемдеу талаптарын орындау. Энергияның негізгі түрлері: электр энергиясы, жылылық және қаттылық, сұйық және газ түрінде, химиялық энергия буы энергиясы және жылы су, механикалық энергия.



Транспорттық шаруашылық кәсіпорынның материалдық ағыммен байланыстырушы негізі болып табылады. Транспорттық қызмет көрсетудің сапасы кәсіпорынның  қалыптылық тиімділігін көрсетеді. Транспорттық операциялар өндірістік операцияның маңызы құрамдық бөлігі болып табылады. Жүк тасымалдауда жүк айналымын қысқартады, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, еңбектің өнімділігін арттыруға әкеледі.

12семинар

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық кеөрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру прцесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық ждағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды ьеру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар , т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қарадаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін  талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорнының шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел статистикалиқ есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижеміне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алған кезден бастап танылады.

Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуан да мақсат тұтпайды.

- Түсініктілік.

- Маңыздылық.

- Мәнділік.

- Дұрыстық.

- Шындық және алалықсыз ұсыну.

- Бейтараптылық.

- Сақтық.

- Аяқтау және салыстыру.

- Жүйелілік.

         Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік статистикалық және жедел болып бөлінеді. Жедел-статистиаклық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгелтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерде жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және пошта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.

Балансты жәна басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептері толық көлемде берілун қамтамасыз етуі керек.

Қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлңк баланс, шаруашылық-қаржылық қызметтің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы кіреді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты – пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражаттарының ағынын бағалауға, кәсіпорын міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементі болып табылады.

Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің  құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес иелігі.

Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің  немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді(жұмысты, қызметті) өндіру үшін,  сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста  сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемемсін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындаған көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту,  ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің сол шақтағысы мен болашақтағысынаң жігін ашу қажет. Субъектінің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде  немесе субъект келісім-шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі.,  немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады(сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).

Меншік капиталы – бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бәрнеше класқа бөлінеді: жарғалық капиталы, қосымша төленген капитьалы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Сонымен қатар қаржылық есеп берудің  элементтеріне қаржылық нәтижесі, табыстар, шығыстар жатады.

Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны жасауға бейін есеп регистріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасымен және бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен сәйкестендірілуге тиіс.



Бухгалтерлік баланс 2БЕС пен есеп беруді жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарында анықтылған ақпараттардан тұруы тиіс.

Қаржылық-шаруашылық қызметті ұйымдастыру туралы есеп берунысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қаржылық-шаруашылық қызметтің есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады.

- өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер жәнее басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегерілетін түрінде көрсетіледі, қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда;

- өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;

- жалпы табыс — өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтижесі;

- кезең шығыстары — өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, сату бойынша шығысы, пайыздарды төлеу бойынша шығыстары;

- негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) – жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;

- негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) – кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес операциялардан алған табысы;

-салық салғанға дейінгі әтеттегі қызметінен алынған табысы – негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргеннен алынған табыс;

-табыс салығы ьойынша шығыс – 11БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;

- салық салғаннан кейінгі әтеттегі қызметінен алынған табысы(зияны) — салық салғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен соң алынғын табысы(зияны);

-төтенше жағдайдан алынған табыс(зиян) – есептік кезеңде орын алған төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі;

-таза табыс(зиян) – есептік кезеңде кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру.Есеп беру 4БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі, инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынғын ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай

13сем

Кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты — өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес. Кәсіпорын егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негзгі міндеттеріне жататындар: - жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету; - өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану; - кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру; - өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту; - кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау; - баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру. Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары межелеген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн. Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс фактор рыногы, екінші жағынан — өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс [3]. Әр саладағы қателер саны аудит жүргізу барысында бағаланады.Сондықтан аудитор маңыздылық туралы жасаған алдынғы пікірін өзгертіп отырады. Бағалауды қайта қарау негізі бірі ол есе беруге өзгеріс немесе аудитор жасаған қорытынды. Маңыздылық жоспарлау кезінде тәуекелділік төмендеу үшін қажет болған жағдайда маңыздылық деңгейін түзету қажет. Түзету дәлелдемелер алғаннан кейінгі соңғы күнде жасалады. Маңыздылықтың жоспарлау деңгейін анықтау 2-10%. Арнайы бұйрық негізі бойынша арнайы аудиторлық ұйыммен құрылған деңгейі алдын ала бағалау Қаржылық есеп берудің көрсеткіштеріне сәйкес жасалады. Қаржылық есептегі мәнділік деңгейіне мынадай фактрлер әсер етеді: 1. Субъект басшылығының біліктілігі мен шынайылығы басшылар құратын өзгеріс 2. Басшыларға қысым көрсету 3. Капиталдың жеткізілуі 4. Субъект бизнесінің сипаты, техникалық жағдайы, орналасуы, өндіріс көлемінің географиялық таралуы 5. Бәсекелестік жағдай Аудиторлық есепті іріктеуге арналған маңыздылықтың 3деңгейі ажыратады: 1. Елеусіз сумма, егер сумма пайданың шешім қабылдануына ықпал етуі төмен, аз болса 2. Сумма маңызды болып саналса. Мұндай сумма пайданың шешіміне әсер еткен жағайда орын алады 3. Сумма маңызды әрі жиі кездеседі. Бұл қаржы есептілігінің объективті күмән келтіреді Маңыздылық деңгейі бухгалтерлік есеп қателіктің шекті шамасы ұғынылады. Бұл шамадан бастап осы есептілікті білікті пайдаланушы дұрыс тұжырым жасауға және дұрыс экономикалық шешімдер қабылдау негіз етіп алуды тоқтату ықтималдығы жоғары болады. Маңыздылық тұжырымдамасы бухгалтерлік есеп сияқты аудитте де бар. Маңыздылық аудиттің негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Аудитте клиенттің қаржылық есептілігінің растығына елеулі ықпал жасайтын жағдай маңызды болып саналады. Маңыздылықтың айқын және бір жақты өлшемдер белгілеу оңай емес. Аудиторлар маңыздылық тұжырымдамасына біріншіден: 1. Ерекше назар аударуға талап ететін маңызды типтік емес және қатесі бар баптар мен шоттарды негіз ретінде 2. Жинақталған аудиторлық дәлелдеулерді бағалауға негіз ретінде 3. Аудиторлық есептің типі туралы шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде пайдаланылады [

Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан-бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принциптері анықталған:

-         есептеу;

-         үздіксіз (ұдайы);

-         түсініктілік;

-         мәнділік;

-         маңыздылық;

-         сенімділік;

-         әділетті әрі тура көрсету;

-         бейтараптық;

-         сақтық;

-         толықтылық;

-         салыстырмалық;

-         дәйектілік.

Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық деп аталатын төрт принцип-бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.

Түсініктілік принципі 

Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.

Маңыздылық принципі      

Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуы мен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:

-         алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;

-         бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін.

Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.

1)    Уақытылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз

пайдаланушыларына керекті уақытында жеткізіліп отырылуы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.

2)    Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазіргі кездегі

жасалынған болжаулардың нәтижесінде алынған бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.

3)     Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар

немесе оларға енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.

Сенімділік принципі

Берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай-

ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.

Салыстырмалық принципі

Қандай да бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мәліметтері (қаржылық есебі) өткен уақыттардағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығымен мазмұндылығы арта түседі.

Сақтық принципі

Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтерінде жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді (бейнелейді) және пайдаланушылар осы мәлімет арқылы түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан да әрбір әріптің және цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.

Есептеу принципі  

Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.

Үздіксіз принципі

Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.

Мәнділік принципі

Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына (қызметіне) баға беруіне көмек тесуі керек.

Бейтараптық принципі

Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала бір шешімді қабылдауы арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметтер болмаған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келеді.

 

 

Әділетті әрі тура көрсету принципі 

Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі осы мәліметтерді пайдаланушыларды қаржы жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты әрі әділетті ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.

Толықтылық принципі

Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық мәліметтер сенімді болуы үшін толық болуды қажет етеді және шыққан шығынға қарай олар мәнді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді. Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.

Дәйектілік принципі

Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңін басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.

Есеп қисап жұмысының мақсаты үкіметіміздің экономикалық саясатымен анықталады. Әрбір қоғамның экономикалық теориясында анықталған негізгі заңына сәйкес шешіледі. Яғни, қоғамның бір қалыпты жоспармен дамуы, есеп – қисап көрсеткіші болмаса іске асуы мүмкін емес. Себебі мемлекеттік даму бағыты есеп-қисап мәліметінің көрсеткіштерін негізге ала отырып жасалады. Онымен қатар мүмкіншілігін немесе орындалмау себебін экономикалық талдау арқылы анықтап отыратын да бухгалтерлік есеп.

Осы орайда, бухгалтерлік есептің алдына мынадай нақты міндеттер қойылады.

Бухгалтерлік есептің басты міндеті – кәсіпорынның шаруашылық жоспарының орындалуын бақылау. Бұл мақсаттың орындалуы есеп – қисап жұмысының көрсеткіштерімен дәлелденеді. Себебі, барлық кәсіпорын шаруашылығының нәтижесін есеп-қисап алады. Яғни, ол көрсеткіштер жоспардың орындалуы барысын көрсетеді.

Осы орайда, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің, жоспарлау көрсеткіштермен салыстырып, оның орындалу дәрежесін анықтайды. Бұл мәліметтер кәсіпорын жұмысына басшылық ету үшін өте қажет.

Бухгалтерлік есептің міндеттерінің бірі мемлекеттік, қоғамдық және жекеменшіктің түгелдігін қорғау. Есеп-қисап жұмысында, мемлекет меншігі – ол халқымыздың қазынасы.

Оның молшылығы – еліміздің экономикалық қуатының деңгейін, әрбір кәсіпорын шаруашылықтарын игеру мүмкіншіліктерінің шамасын көрсетеді.

Мемлекет меншігінің ішінде белгілі орын алатындары- өндіріс қоры, өндіріс құрал-жабдықтары, ақша қаражаттары, тұтыну тауарлары. Осы көрсетілген мемлекет меншіктерінің түгелдігін қорғауда бухгалтерлік есептің орны өте жоғары. Осы орайда, айта кететін бір жағдай материалдық жауапкершілік есебін тиянақты бір жүйеде жүргізу ерекше орын алады. Себебі материалдық жауапты адаммен (мекемемен) есеп-қисап уақытылы жүргізілмесе ол жағдай есеп-қисап жұмысының барлық нәтижесін жоққа шығарады.

Бухгалтерлік есептің тағы бір міндеті – кәсіпорындар экономикасын, шаруашылық есептің түбегейлі нәтижесі көрсету.

Түбегейлі қайта құру кезінде барлық кәсіпорындар толық шаруашылық есеппен өзін- өзі қаржыландыруға көшуге тиісті. Шаруашылық есеп жоспарлар шаруашылықты жүргізу әдісі ретінде өндіріс тиімділігін арттыру үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасайтын принциптерге негізделген.

Негізгі принциптер мыналар: 

1) қажетті ресурстарды кәсіпорынға немесе бірлестіктерге жарғылық устав арқылы анықтау;

2) шаруашылық дербестік;

3) өндіріске жұмсалған шығындарды оның нәтижелерімен ақшалай түрінде жалғастыру;

4) өз шығынын өзі өтеу және рентабельділік;



5) өндірістің дамуына жұмысшылар ұжымын материалдық жағынан мүдделі ету, экономикалық ынталандыру;

6) шаруашылық қызметіне ақшалай өлшем арқылы бағалау жасау.

Осы айтылған шаруашылық есеп принциптерін негізге ала отырып, әрбір кәсіпорын-мақсаты мен міндеттері жарғы арқылы белгіленген дербес шаруашылық орны бола алады. Оның өз жоспары, тиянақты балансы және мемлекеттік банктерде өзінің есеп айырысу счеттары болады.

Қорыта келген де бухгалтерлік есептің шаруашылық есепті нығайту нәтижесін көтерудегі кәсіпорындарда негізгі қорды пайдалану, айналмалы қорлардың тиімділігі, өндіріс өнімін уақытылы, тиімді бөлініп сатылуын тиянақты есепке алу арқылы орындалады.

Бухгалтерлік есеп заңына сәйкес, бухгалтерлік аудит стандарттар талабына қарай үйлестіру қажет.

Қазақстан Республикасында 1995 жылы 26 қаңтар айында №2732 Президентіміздің Указы бойынша “Бухгалтерлік есеп” туралы заңына сәйкес, (1 қаңтар) 1997 жылдан бастап заң ретінде іске қосылған “Бухгалтерлік счеттардың бас жоспары” бойынша еліміздегі бухгалтерлік есептің міндеттері анықталған.

Олар:

1) кәсіпорындарды, заң тұлғаларын, барлық субьектілерді тағы басқа жеке субьект шаруашылығы туралы анық, толық мәліметтер мен қамтамасыз ету;

2) мемлекетіміздің тексеруші, бақылаушы мекемелерінің субьекті шаруашылығында заңдылықты кәсіпкерлігін бақылау үшін қажет информациямен қамтамасыз ету.

Қорытынды

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Айтып өткендей салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың   негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, мемлекеттік бюджеттің, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу мүмкіндіктері пайда болады.

14сем

Республикамызда соңғы жылдары аймақтың экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл жерде салық жүйесінің алатын орны зор. Салықтар өте күштi әлеуметтiк  құрал болғандықтан оларды тиiмдi және өз бағыттарында пайдалану керек. Салықтық заңдылықтардың принциптерiн сақтау керек. Ал мұның барлығы салықтық инфрақұрылымды құрайтын салықтар туралы, салық салу, салық жүйесi туралы және тағы да  басқалар ғылыми негiзделген бiлiмдi қажет етедi.

Мемлекеттiң  экономикасын  көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық тұрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Қоғамның тарихында  салықтық формаларымен әдiстерi  мемлекеттiк сұранымды  және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге ұшырайды. Олардың қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге  ролi  де өзгерiп отырады. Тауар –ақша  қатынастары неғұрлым дамыған елдерде  салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi.   Қай мемлекетте  болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.

Жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады.  Бұл  бағытта ең негiзгiлерiн мүлiк-салығын  акциздердiң  және басқа да салықтардың  мәнiн арттыру.  Ұқсас жағдайларда  салық салудың шамамен  тең тәртiбi қолданылатын болады. Салық салу механизiмi кез -келген  экономикалық жүйенiң күрделi бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлi ретiнде орын алып,  оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi 

Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да  он бес жылдан асты. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы конституциясының 35 бабында «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады» деп атап көрсетілген.

Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Бюджет-ұдайы өндірісті іске асырудың құралы мен маңызды алғы шарты. Оның көмегімен әлеуметтәк бағдарламаларды өткізуге,қоршаған ортаның қорғауын қамтамассыз ету,ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру,қорғану қабілеттілігін қолдау,басқа да мемлкеттік істерді іске асыруға жағдайлар жасалынады. Сәйкесінше, шаруашылық механизімді қалыптастыру бюджеттік басқарудың тиімді жүйесінсіз қалыптастыру мүмкін емес. Нарықпен, корпорациямен және мемлекетпен басқарылатын экономикаға көшу мемлекеттік бюджетті,кәсіпорындар мен салалардың қаржыларын, аймақты жіне жергілікті деңгейдегі, бюджеттен тыс қорлардың қаржылық қатынастарының жаңа буынын дамыту тереңдетілген қайта құрылысты қажет етеді.

Бюджеттерге және салықтарға байланысты бюджеттің жаңа түрі мемлекеттің қоғам мүшелеріне, салық төлеушілерге ұсынылатын қоғамдық игіліктер категориясының негізінде құрылады. Бұл бағыт негізгі өмірдегі бюджетке, оның қызметтеріне нарықтық көзқараспен қарайды. Мемлекет бюджетті ерекше игіліктерді, қоғамдық өнімдерді, ұстауға мүмкіндік болуы үшін құрайды.

Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережелерін қарастырады. Мемлекеттің тиімді салық салу үрдісін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты бұл –арнайы бюджетке төленетін кәсіпорын салығының  экономикалық мәні мен мазмұнын ашу, есептеу тәртібін анықтау.  Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді қарастыру қажет деп шештім:

-        Салықтардың пайда болуы мен экономикалық мәнін анықтау;

-        Салық элементтері мен есептеу әдістерін көрсету;

-        Кіші және орта бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың табыстарына салық салудың арнайы режимдерін қарастыру.




Предыдущий:

Следующий: