экономика 2Рубеж толық ответ


Аралық бақылау №2 сұрақтары:

Медициналық қызмет нарығында ҚР халқын әлеуметтік қорғау бағыттары

Халықаралық экономикалық қатынастар түсінігі, құрылымы

Халықаралық байланысатын және халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі бағыттарын қамтитын, жекелеген елдердің ұлттық экономикалық қатынастар түсінігі, құрылымыәлемдік нарық бұл бір-бірімен тауар экономикалық қатынастар арқылы  нарықтарының жиынтығы. Әлемдік нарық тарихи түрде, капиталистік нарық ретінде өндірістің капиталистік жолдары негізінде қалыптасты.

Әлемдік нарық өзінің ұзақ уақыт даму барысында, халықаралық еңбек бөлінісінің белгілі бір деңгейімен және өндірісті интернационалдандырумен сипатталатын бірсыпыра кезеңдерден өтті. Солардың ішінен келесілерді бөліп көрсетуге болады:

Нарықтың пайда болу кезеңі. Әлемдік нарық капитализм дамуының мануфактуралық сатысындаXVI ғасырда пайда болып, алғашқы беттегі капитал жинақтау процесінің шешуші факторларының біріне айналды. Оның туындауы, жас еуропалық  буржуазияның сауда және орталық өктемдігін жүргізумен, теңізде жүзу мен құрлықтағы қатынас құралдарының жылдам дамуымен ажырағысыз байланыста болды.

XVIII-XIX ғасырлардағы өнеркәсіптік төңкерістер барысында жүзеге асырылған, жетекші капиталистік елдердің ірі машиналары өндіріске өту кезеңі. Ірі өнеркәсіп іс жүзінде капитализмнің әлемдік нарығын  қалыптастырады;

3. Имперализм сатысындағы әлемдік нарықтың даму кезеңі әлемдік сауданың өсуімен сипатталады.1896-1900 жылдардағы өнеркәсіп өнімдерінің әлемдік экспортының 4/5-нен астамы Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Францияның және Германияның үлесіне тиді. Капиталды сыртқа шығару әлемдік нарықты дамытудың анықтаушы факторына айналды;

4. Капиталистік нарық жалпыға бірдей болуды тоқтатқан, әлемдік соғыстан кейінгі нарықтың даму кезеңі;

5. Бұрынғы социалистік елдер әлемдік саудаға қатыса бастаған XXғасырдың 90-шы жылдарымен байланысты жаңа кезең.

Бірқатар жекелеген елдердің ұлттық нарығы әлемдік нарыққа ажыратылып көрсетіледі:

а) Ұлттық нарықта тауарлар қозғалысы бар болғаны экономикалық факторлармен

(елдің кәсіпорындары мен аудандары арасындағы өндірістік байланыстарымен) келісіледі, ал мемлекеттер арасындағы шекаралар мен  жекелеген мемлекеттер сыртқы экономикалық қызметте әлемдік нарыққа түбегейлі түрде ықпалын жүргізеді. Ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауарлардың қозғалуы шектелген және кейбір тауарлар әлемдік тауарлар айналымына мүлдем түспейді.

ә) Әлемдік нарықта бағалардың айрықша жүйесі әлемдік бағалар өмір сүреді.

б) Құрылымдық ілгері ұмтылу, өнеркәсіп өндірісін мамандандыру мен біріктіру, шаруашылық өмірін интернациоландыру әлемдік нарықтың дамуына ықпалын тигізеді.

Қазіргі уақыттағы әлемдік нарықтағы даму үрдестеріне келесі  факторлар әсер етеді:

1. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі қарама- қайшылықтардың болуы, олардың трансұлттық корпорациялар арасындағы шиеленісуі;

2. Әлемдік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы және одан әрі нығаюы, өндірісті интернациоландандырудың дамуы;

3. Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін дамушы және артта қалып қойған елдердің күресі.

Әлемдік нарық сыртқы саудамен тығыз байланысты. Сыртқы сауда — бұл тауарларды сырттан әкелу (импорт)  мен сыртқа шығарудан (экспорт) тұратын, бір елдер мен екінші елдер арасындағы сауда болып саналады. Ақшалай түрде көрсетілген импорт пен экспорт сомасы елдің сыртқы сауда айналымын білдіреді. БҰҰ-ның статистикалық басылымы, әлемдік барлық елдер экспортының жиынтық құны ретінде халықаралық сауда көлемінің динамикасы бойынша деректерді жариялап отырады.

Халықаралық сауда теориясының негіздерін XVIII ғасырдың  аяғы мен XIX ғасырдың басында ағылшынның аса көрнекті экономистері А.Смит пен Д.Рикардо қалыптастырды. А.Смит “ Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер” кітабында абсолюттік басымдық теориясын қалыптастырды және халықаралық сауданы еркін дамытуға деген елдердің қызығушылықтарын  да ашып көрсетті.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады.Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы. Ассамблея Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмыс бағытын анықтап, Бас директорын (5 жылға) тағайындайды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының орта әкімшілік органы — Хатшылық (штаб пәтері Женева қаласы; Швейцария). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 192 мемлекет мүше (2000). Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 1992 жылы 19 тамызда мүше болып қабылданды (Еуропа аймақтық ұйымына кіреді). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 6 аймақтық ұйымнан (олардың атқару органдары — аймақтық бюро) тұрады: [Еуропа] (аймақтық бюросы — Копенгаген қаласында, Дания); Африкалық (Браззавиль қаласы; Конго); Жерорта тенізнің шығыс бөлігі (Александрия қаласы, Египет); Оңтүстік-Шығыс Азиялық (Нью-Дели қаласы, Үндістан); Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі (Манила қаласы, Филиппин) және америкалық (Вашингтон қаласы, АҚШ). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмысының негізгі бағыттары: жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу, оған мүше елдердің денс

денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дәрігерлер дайындау, медицинастатистикаесеп жүргізу (мысалы, ауру түрлері мен одан қайтыс болу себептерін халықаралық деңгейде саралап жүйелеу, адамдардың денсаулығы туралы мәліметті тарату, т.б.), дәрілік препараттардың дайындалуын жіті қадағалау, медицинаның маңызды мәселелерін шешуде ғылым зерттеулер жүргізуді қолдау, т.б. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының сәтті аяқталған халықараралық жобаларына дүние жүзінде безгек және шешек ауруларын жою бағдарламасы жатады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, сондай-ақ, туберкулезбен, жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулармен, паразиттік, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен (мысалы, жүрек-қантамыр, қатерлі ісік, психикалық аурулар, т.б.) күрес жүргізу бағдарламаларын іске асыруда. 1978 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мен БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Алматы халықараралық конференциясында 20 ғасырдағы Денсаулық сақтау ісінің хартиясы аталған “Алматы декларациясы” қабылданды. 1979 жылы Өлкелік патология ғылым-зерттеу институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылым-зерттеу ортлық) жанынан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен бірлесіп жұмыс істейтін алғашқы медицина-санитариялық көмек жөніндегі Халықараралық орта ашылды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бюджетінің негізін оған мүше елдерден жүйелі түрде жиналатын жарналары құрайды.

БҰҰ-дың Деңсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бүкіл дүниежүзілік Ұйымы (БДҰ)

1946 жылы құрылған.

Қатысушылар — БҰҰ-ға мүше мемлекеттер.

Мақсаты — қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және басқару арқылы адамденсаулығын қорғау және жақсарту.

Негізгі кызметі — қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар өткізу, соның ішінде химиялық препараттарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ластану деңгейін бағамдау және бақылау, радиоактивтік соулеленуден қорғау, климаттың өзгерістерінің адамның денсаулығына ықпал-әсерін бағамдау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық стратегиясын талдап-белгілеу.

Мекен-тұрағы — Швейцария, Женева.

Дүние жүзілік интеграциялық процестер Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың айтуынша: «…біреулерді жаһандану қайтадан «тас ғасырына» қуып тықса, келесілерді өзінің өміршең күш-қуатымен және жайнаған жасампаздығымен құнарландырады» [1, 11 б.]. Біздің тарапымыздан оған төтеп беру, ғаламдану әсерінен қалыптасқан жаңа жағдайларға машықтану болып табылады. Мұндай машықтанудың бірден-бір әдісі – экономикалық интеграция.Қазақстанда, сондай-ақ басқа да жаңа тәуелсіз мемлекеттерде өзінің болашағын жаңа тәртіптерге сай қалыптастырудың тек екі ғана нұсқасы бар сияқты:1. қол жеткізген егемендігіне және өз күшіне арқа сүйей отырып, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді өз бетінше өктемдігінде қалуға тәуелділікте болу (әрине, тиімсіз нұсқа);2. көршілес мемлекеттермен өзара ұтымды әрі тиімді интеграциялық байланыстарды дамыту, ұлттық экономикалық бірлесе отырып нығайту. Қазақстан қазіргі таңда екінші нұсқа бойынша өзінің даму бағытын таңдап отыр. Сол себепті біз болашаққа нық аяқпен басу үшін бүгінгі күннің қауіпсіздігіне сенімді болуымыз керек. 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Еуразиялық одақ құру идеясын ұсынып келеді. Оның айтуынша: «…Біз — өзінің жеке тарихы және өзінің жеке болашағы бар еуразиялық елміз. Сондықтан да біздің үлгі басқаларға ұқсамайтын болады. Ол өзінің өн бойына әртүрлі өркениет жетістіктерін сіңіреді»[1,130-131 бб.]. Әрбір елдің, қоғамның, мемлекеттің дербестігі мен тәуелсіздігі оның жүргізіп отырған халықаралық қатынастары және сыртқы саясаты арқылы көрініп, бағаланады.Осы мәселелерді талдай отырып, мен өзімнің диплом жұмысымның тақырыбын қазіргі таңда үлкен маңызға ие деп ойлаймын. Қандай болмасын мемлекеттің болашағы бүгінгі күннен басталатыны сөзсіз.Тақырыптың зерттелу деңгейі Посткеңестік кеңістегі экономикалық интеграция мәселелерін зерттеуге экономист-ғалымдардың тәжірибедегі адамдардың көптеген еңбектері арналды. Интеграцияның және ортақ аймақтық экономикалық кеңістікті қалыптастырудың жалпы мәселелеріне ТМД елдерінің мынадай белгілі ғалымдарының еңбектері сіңді: Л.Абаукин, П.Алампиев, Л.Бляхма, Т.Койчуев, И.Коротченя, А.Кротов, К.Овчинников, И.Семенов, С.Ситарян, Е.Строев, Е.Чистяков, Н.Шмелев, Ю.Шишков, В.Шульга және басқалары.Интеграция проблемалары төңірегінде отандық экономист ғалымдар да – қалам тербеді, олардың еңбектерінің тақырыпты зерттеу барысындағы алатын орны зор. Атап айтсақ, Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялануы және әлемдік экономикадағы алатын орнын анықтау мәселелері туралы ой-пікірлер А.Алшановтың, О.Әлиевтің, Я.Әубәкіровтың, А.Әшімбаеваның, Р.Елемисовтың, А.Есентүгеловтың, А.Қошановтың, Е.Жатқанбаевтың, К.Сағадиевтің, Л.Сухованың және т.б. еңбектерінде қаралды.Ал экономикалық интеграция, оның ішінде ТМД мемлекеттерінің, оның ішінде Орталық Азия елдері экономикалық интеграциясы проблемаларына байланысты арнайы зерттеулерді Н.Назарбаев, Н.Исинғарин, С.Сатубалдин, С.Прімбетов, М.Кенжегузин, Д.Қабдиев, Б.Қазбеков, Ж.Әубәкірова, М.Тінәсілов, Т.Мансұров сияқты отандас ғалымдар еңбектерінен көруге болады.Дегенмен, аймақтық экономикалық интеграцияның кейбір мәселелеріне қатысты еңбектердің барлығына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ концепциясы төңірегіндегі интеграциялық процестермен байланысты теориялық және практикалық мәселелер толыққанды өңделіп, бір жүйеге келтіріліп, кешенді түрде әлі зерттелген жоқ. Сондай-ақ бұл тақырып туралы республикамызда арнайы жүргізілген дипломдық жұмыс кездеспейді. Сондықтан экономикалық саясатты жүргізудегі маңызды бастаулардың қазіргі әлем талаптарына сай бағытталуы мәселелері тереңірек зерттеуді қажет етеді.Жұмыстың мақсаты Әлем елдерінің аймақтық интеграциялануға деген жаппай бет бұрыстарын ескерсек, интеграциялық әлеуметтері өте жоғары ЕурАзЭҚ елдерінің аймақтық бірігуі – объективті қажет процесс еді. Сондықтанда аталмыш диплом тақырыбының басты мақсаты — Еуразиялық Экономикалық қауымдастықтың құрылу тарихы мен қазіргі таңдағы қызметіне баға беру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс барысында бірнеше міндеттер туындады. Олар төмендегідей:- Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың – географиялық, тарихи – мәдени, саяси, экономикалық алғышарттарымен жан – жақты таныса отырып, оларға талдау жасау;- Еуразияшылдық идеасының қалыптасуы және және қазіргі таңдағы маңызы;- Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың мақсат міндеттерімен кеңінен танысу;- Қауымдастықтың институтционалдық құрылымын анықтау;- Қауымдастықтың әлемдік экономикадағы алар орнын анықтай отырып, сауда қарым – қатынастағы рөлін анықтау;- Қазіргі таңдағы интеграциялық дамудың маңызын анықтай отырып, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың орнын анықтау болып табылады. Зерттеу нысаны (объектісі) – ЕурАзЭҚ-қа қатысушы-мемлекеттердің көпжақты экономикалық ынтымақтастығы.Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі Жұмысты жазу кезінде обьективтілік, салыстыру, талдау және тағы басқа әдістер қолданылды.Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдеріндегі экономикалық – сауда қатынастарына байланысты теориялық және практикалық мәселелерге кешенді шолу жасау және талдау, сондай-ақ оның қалыптасуы мен дамуына байланысты ғылыми негізделген ұсыныстар зерттеудің ғылыми жаңалығы болып табылады.Зерттеу жұмысының қолданыстық маңызы Жұмыстың басты нәтижелері мен тұжырымдамаларын халықаралық қатынастар тарихын және әлемдік ықпалдастық үрдістерін оқып үйренуде студенттердің семинар, реферат, курс жұмысын жазу барысында пайдалануға болады.Жұмыстың құрылымы Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дүние жүзілік жаhандану процесі

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш.Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

1) “менталдық” немесе мәдени Жаһанданудәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;

2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;

4) ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;

5) этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін — өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Рыноктар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10—12%-ке түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді.

6. Ұлттық есепшот жүйесі

ҰЕЖ де тұтастай алғанда экономика үшін дәл соны атқарады: ол елдің экономикадағы қан тамырының соғысын бағдарлап отыруға мүмкіндік береді. Ұлттық есепшот жүйесіне кіретін әртүрлі көрсеткіштер бізге экономиканың жұмыс істеуін тікелей анықтайтын факторларды әйгілеп, нақтылы уақыт сәтіндегі өндіріс көлемін өлшеуге жол ашады.

ҰЕЖ — өзара байланыстылықтағы статистикалық көрсеткіштер жүйесінің макродеңгейде аяқталатын, нарықтық экономикаға барабар ұлттық есеп.

Ұлттык есепшоттар — өндірісті, ақтық өнімді және ұлттық табысты бөлуді, қайта бөлуді пайдалануды сипаттайтын экономикалық-статистикалық көрсеткіштердің жиынтық жүйесі. Тарихи ұлттық есеп жүргізу жүйесінің (ҰЕЖЖ) ізашары — ұлттық табыс есебі. Мемлекеттің экономикалық рөлінің белсенділігі туралы Дж. М. Кейнс идеясының дамуына орай экономистер ұлттық шаруашылықтағы өзара байланыстылықты зерттеу қажеттілігін мойындаған болатын. 30-шы жылдары ұлттық табысты есептеп шығару, оны бөлу, және пайдалану проблемасымен Дж. Стэмп, А. Боули, К.Кларк, С.Кузнец және тағы басқа шетелдік ірі ғалымдар шұғылданды.

Ұлттық есеп шот жүйесі тұңғыш рет Голландияда, Францияда, Германияда, Англияда пайда болды. Кейнс ілімі шаруашылық процестерді макродеңгейде зерттеудің статистикалық тәсілдерінің орнығуы жөнінен көрнекті орын алды. Бұл ретте Кейнсті «ұлттық есеп жүргізудің әкесі» деп атайды. ҰЕЖЖ практикалық талдау жасалынуына Дж. Р. Хикс, Р.Стоун және басқалар зор үлес қосты. Ұлттық есеп жүйесінің жасалынуы экономика теориясында және практикада төңкеріс болып шықты; ҰЕЖЖ экономистер мен финансистерге экономиканың қандай да бір қызмет түрінің қаншалықты «материалдығына» қарамастан оның құндылық формасын іс жүзінде түгелдей қарап шығуға мүмкіндік береді

7.Ұлттық экономика түсінігі және мақсаттары

Макроэкономика (грекшеμακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң) —

экономикалық теорияныңэкономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды[1]. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р.Харрод (1900 — 1978), Дж.Хикс (1904 — 1989), америкалық экономистер В.Леонтьев (1906 — 1999), М.Фридмен (1912 ж.т.), Р.Лукас (1937 ж.т.), т.б. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру — қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі;

жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның классикалық мектебінің өкілдерінде ғана кездесетін. Француз экономисі Ф.Кенэнің (1694 — 1774) экономикалық кестесі алғашқы макроэкономикалық үлгілердің бірі болып табылады.[2]

Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономикаэкономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады

8.Макроэкономикалық тепе- теңдік түсінігі, үлгісі

Макроэкономикалық тепе-теңдік — жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе — теңдігі.

12.1. график. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

Р

АD

Ре

АS

Qе Q

ЕгерАД>AS, бұлжағдайда 2 ұйғарымғатоқтауғаболады:

Өндіріскөлемінөзгертпей, бағаныкөтеругеболады;

Өндіріскөлемінкеңейту, сондаұлттықтабысөседі.

ЕгерАД<АS, бұлжағдайда:

өндірісті қысқарту қажет болады;

өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды.

Мұнда, Р — бағаның жалпы дәрежесі, Q — тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.

Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.

12.2. график. Жиынтық сұраныстың қисығы.

Р

Р1

АD2

Р2

АD1

АD

Q1Q2ЖҰӨ

Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АД2 — өсуі) немесе солға (АД — азаюы) жылжуына әкеледі.

Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.

12.3. график. Жиынтық ұсыныстың кисығы.

Р АS

3

2

1

Q

Жиынтықұсынысқамерзімаралықтарыәсерінтигізеді:

Қысқамерзімде – АS –көлденеңсызық,

Ұзақмерзімде — АS–тіксызық.

1 – кейнсиандықсызық, қысқамерзім

2 – аралықмерзім

3 — классикалық сызық, ұзақ мерзім.

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.

Нарықтық құрырылымы.

Өнімділік.

Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.

9. Экономикалық цикл фазалары.ҚР дағдарысқа қарсы саясаты Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:

Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

Инвестициялар өседі.

Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

Тауарлардың бағасы өседі.

Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.

Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

14.1. кесте

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары

Құралдар

Тоқырау фазасында

Өрлеу фазасында

1. Ақша несие саясаты

Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы.

Пайыз мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы.

2. Фискальдық саясат

Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету.

Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру.

3. Жалақы мен тарифтер саясаты

Жалақыны өсіру.

Жалақыны төмендету.

4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты.

Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау.

Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату.

Мақсат:

Шаруашылық белсенділігін ынталандыру

Шаруашылық белсенділігін тоқтату.

Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.

Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.

Экономикалық циклдардың типтері

Экономикалық

циклдің типтері

Ұзақтылығы

Себептері, ерекшеліктері

1. Дж.Китчиннің қысқа толқындары»

2-4 жыл

Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі.

2. К.Жуглярдың «орташа толқындары»

10 жыл

Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.

3. Кузнецтің циклдары

18-25 жыл

Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты

4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары»

40-60 жыл

Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.

5. Форрестердің циклдары

200 жыл

Энергия куаты мен материалдарға байланысты.

6. Тоффлердің циклдары

1000-2000 ж.

Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.

10. Инфляция түсінігі, түрлері, әлеуметтік- экономикалық салдары.

ҚР инфляцияға қарсы саясаты Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды, Франция 1789-1794 жж. революция кезінде ақша 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар.

Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.

Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.

Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.

Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:

Сұраныс инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады.

Шығын (ұсыныс) инфляциясы – ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.

Құрылымдық инфляция – ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.

Болжау арқылы инфляция бөлінеді:

Күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция.

Күтпеген инфляция – ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі.

Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:

Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.

Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.

Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды.

Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.

Баға

=

ағым кезіндегі тұтыну баға индексі — өткен кезеңдегі баға

индексі

өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі

Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.

Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.

Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.

Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.

Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.

Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауына тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне байланысты еңбекке деген ынтада бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:

Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.

Инфляцияның жоғары қорқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.

Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.

Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.

Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.

Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер инфляцияға қарсы саясатты жүргізуге мәжбүр болады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады.

Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.

Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізілді. Табыстар саясатын екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысандарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланысты болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда – жанама түрде баға арқылы реттеледі. Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарылату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін.



Страницы: Первая | 1 | 2 | 3 | Вперед → | Последняя | Весь текст


Предыдущий:

Следующий: