Эконом журналист 9сынысы

Ғылыми жоба: «Іскерлік журналистика: Не үшін және қалай?»

Кіріспе

Іскерлік журналистика туралы

Негізгі бөлім

Қазақ тілді басылымдардағы экономика тақырыбының қамтылуы

Экономикалық журналистиканы меңгеруді тереңдетуге арналған ұсыныстар

Қорытынды

Кіріспе

Әлемдегі барлық мәселелердің түйінін екі фактормен байланыстыруға болады: саясат және экономика. Бұл екі фактордың өздері өзара тығыз байланыста. Халықаралық масштабтағы кез-келген мемлекеттің беделі дәл осы критерийлер арқылы. Көп жағдайда соңғысы біріншісіне қарағанда маңызды ролге ие болып кетеді. Сондықтан экономиканы мықты саясат қалыптастырудағы бірден-бір негізгі діңгек деп қарастыру қажет. Қандай да БАҚ құралдарын ашып қарасаң да қаржы тақырыбындағы жаңалықтардың алғашқы орында тұратындығы да осы себепті.

Экономика және БАҚ. Арадағы байланыстыратын негізі ұғым-іскерлік журналистика. Іскерлік журналистика дегеніміз адамдарға ақша туралы, қаржының адам өміріне қаншалықты ықпал ететіндігі туралы айту. Нарықтың барлық құбылыстарын саралап, оқырман үшін ең өзектісін уақытында жедел жеткізе білу.

Неге оқуымыз керек?

Саясат пен экономика бүгінгі қоғам күнтізбесіндегі ең маңызды салалардың бірі.

Қазақ журналистикасында енді ғана дамып келе жатқан, көп қалам тербелмеген бірақ талмай зерттеуді қажет ететін тақырып.

Халықты қаржылық сауаттандыру миссиясының орындалуы үшін журналистердің экономикадағы «бес қаруының» сай болуы қажет.

Журналистиканың бұл саласының пайда болуына көз жүгірте қарайық.

Қалай пайда болды? Іскерлік журналистиканың бастауы нарықтағы айналымы миллиондаған долларды құрайтын, әлемнің қаржылық орталығына айналған «Уолл-стриттің» пайда болған кезеңіне тұспа-тұс келеді. Бүгінде, ол көше негізінің қалану уақытына байланысты даулар көп.XVII ғасырда Нью-Йорктың солтүстік бөлігінде жергілікті тұрғындар жиналып, ағылшын колонистері мен тұрғылықты американдықтардан қорғану мақсатында ағаш дуал орнатады. 1685 жылы жергілікті халық дуал ортасынан, болашақта Уолл-стрит (Wall Street – Уолл көшесі) аталатын, жол салады. Көп ұзамай көшенің бойында саудагерлер мен көпестер жиналып, акциялар мен облигациялардың (құнды қағаз) сатылымына қатысуды әдетке айналдырады. Бірте-бірте, Уолл-стрит тек Нью-Йорк пен АҚШ-тың ғана емес, бүкіл әлемнің қаржылық эпицентріне айналады. Күні бүгінге дейін адамдардың бір-бірінен «Уолл-стриттен хабар бар ма?», я болмаса «Уолл-стрит қалай болып жатыр?» деп сұрауының бастапқы көше атауына қатысы жоқтығын біреу білсе, біреу білмейді, себебі Уолл-стрит, ол ең алдымен – нарық алаңы. ХІХ ғасырда пайда болған бұл сала тек өткен ғасырдың 90-шы жылдарында ғана ауқымды масштабта дами бастады. Кейінірек, журналистика қарыштап дамысымен, салалық журналистика ішінде іскерлік журналистика сұранысқа ие салаға айналды. Себебі, тақырып қамтылуы үшін жазылатын, зерттейтін алаң керек. Еуропа мен батыста дәл осы нарық алаңыныңы негізі қаланып, экономиканың қарыштап дамығандығын ескерсек, іскерлік журналистиканың еркін қанат жаюы да қалыпты құбылыс.

Ресей үшін іскерлік журналистика толығымен таңсық болмағанымен, іскерлік басылымдар тек 90-шыжылдарда жарық көре бастады. Ал Қазақстанға жоғарыда айтылған даму көрсеткіші тікелей қатысты деп айта алмаймыз. Себебі 90-жылдар Қазақ елінің тәуелсіздік алып, экономикасы әлі қалыптасып үлгермеген уағы. Демек, іскерлік журналистика да әлі біраз ақсап тұрған кез. Тек, іскерлік журналистика ғана емес, соңғы жиырма жылда жалпы салалық журналистика дамуын бірақ кешеуілдетті.

Ал енді бүгінгі қазақ тілді басылымдардағы экономика тақырыбының қаншалықты көрініс табатындыған көз жүгіртейік. Соңғы 3айдағы экономика ғана емес қоғамдағы ең үлкен дүрбелең туғызған жаңалық – теңгенің құнсыздануы. БАҚ біткен жаппай жарыса жазып жатты. Біз дәл осы тақырыптың жоғарыда айтқан қазақ тілді басылымдарда қаншалықты жазылғандығына назар аудару үшін сараптама жүргізді. Алдымен айта кету керек, қазақ тілді басылымдар дегенде апталық «Экономика» газеті, «Жас қазақ» газеті, «Түркістан» газеттері мен күнделікті «Алаш айнасы» (қазір жабылып қалды, бірақ сайт қарқынды түрде жұмыс істеп тұр) басылымдарын ауызға ілінеді. Біз осы басылымдардың девальвация орын алған күннен бастап яғни 11 ақпаннан бастап наурыздың соңына дейінгі аралықта қаншалықты материал жариялағанына, болған оқиға қандай баға бере алғандығына зерттеу жүргіздік. Материалдардың шығу жиілігі, тақырыптың ашылуы және журналистің ізденісі мен оперативтілігі толығымен ескерілді.

«Түркістан» газеті. Бұл басылымдағы экономика саласында қалам тербеп жүрген журналистер ретінде Назия Жоямергенқызы мен Ақниет Оспанбайды атаймыз. Осы екі ай аралығында девальвацияға қатысты 9 мақала жарияланған. Девальция жариялаған күні басылымның сайтындағы алғашқы мақала кешкі 19:59-да жарияланған. Ұлттық банктің кеңесшісі, макроэкономист Олжас Құдайбергеновтің әлеуметтік желілердегі парақшасына және «VISOR Holding» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжановтың пікіріне сілтеме жасап, осы мамандардың көзқарасы арқылы болған оқиғаға баға береді. Бұл мақалада жалпы девальвацияның қоғамда дүрбелең салғандығы жазып, не себепті орын алды деген болжам жасайды.

Келесі күні Динара Дүрмәннің 12 ақпанда «БанкЦЕНТРКРЕДИТ» банкротқа ұшырамайды және Назира Жоямергенқызының «Төл теңгеміз құнсызданып тынды 1 АҚШ доллары 185 теңгеге көтерілді» деген мақалалары жарияланды. Соңғы мақалада девальвацияның болуына Ұлттық Банктің басшысы Қайрат Келімбетовтың атына сілтеме жасап отырып баға береді. Ал Қайрат Келімбетовтың теңгенің құнсыздануына байланысты брифингі 11 ақпанда өткен еді. Сондай-ақ дәл осы мақала мен 11 ақпан күні жарияланған мақалада ұқсас ойлар кездеседі.

«Өйткені, Тәуелсіздік алған 23 жылдың ішінде экономикасы шикізатқа байланып қалған мемлекетте қандай отандық өнім болуы мүмкін? Өндірісі дамытылмаған, әлі күнге мұнай мен газдың, көмірсутегілердің, табиғи ресурстарды сатумен шектелетін елде 23 жылда салынбаған өндіріс енді қашан салынады?»

Ал ірі дүкендердің есігі тарс жабық. Өйткені, азық-түлік бағасын бір-ақ демде 30 пайызға сылқ ете қалған құнсыз теңгемен сәйкестендіруі тиіс. Ал кейбір пысықайлары барлық тауардың бағасына 3 мың теңгеден қосып қойған. Әлеуметтік желілерде теңгенің құнсыздануына қатысты ашу-ыза мен наразылыққа толы жазбалар жариялануда. Кейбір отандас тіпті, Үкіметті отставкаға жіберуді талап етті. Өйткені девальвацияның соңы инфляцияға кері әсер етіп, дүкен мен базарлардағы бағаның құтыратыны сөзсіз. Бұл қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсіреді. Құнсыздануға қатысты тұщымды пікір айтқандар аз. Көпшілігіне кездейсоқ болғаны белгілі. 

Және

«Ал ірі дүкендердің есігі тарс жабық. Өйткені азық-түлік бағасын бір-ақ демде 30 пайызға сылқ ете қалған құнсыз теңгемен сәйкестендіруі тиіс. Ал кейбір пысықайлары барлық тауардың бағасына 3 мың теңгеден қосып қойған.

Өйткені Тәуелсіздік алған 23 жылдың ішінде экономикасы шикізатқа байланып отырған елімізде қандай отандық өнім болуы мүмкін? Өндірісі дамымаған, әлі күнге мұнай мен газдың, көмірсутегілерді, табиғи ресурстарды сатумен шектеліп келген Қазақстанда өндіріс орындарын салу енді қолға алына бастады.»

Мақалалардағы анықтауыштың тым көп қолданылуы, журналистің өз пікірін жапсарлауы жиі кездеседі. 23 ақпан, «Билік борышкерлерді неге ойламайды?» Нәзира Жоямергенқызы. «Бірақ банктерге қол ұшын созған Ұлттық банк пен билік жекелеген борышкерлер мәселесіне тас керең. Әмірбекова Ұлттық банктен көмек сұрап отыр, доллармен алынған қарызды теңгеге ауыстыру үшін төленетін 450 долларды банктердің өз мойнына алуын немесе мемлекеттің төлеуін сұрап отыр. Біақ қайдам… Ірі кәсіпкерлер мүддесі әрқашан да ұсақ борышкерлер мәселесінен өтімдірек…»

Сондай-ақ смс-хабарламаға байланысты материалдар да кең көлемде қамтылмаған, нақты фактілер жоқ.

«Жұртшылық 20 пайыздық девальвациядан ес жиып үлгермей жатып, тағы да дүрлікті. Әлеуметтік желілер арқылы хабарламалар мен sms хаттар арқылы белгісіз біреулер kaspi, Альянс, Центр кредит банктерінің көп ұзамай банкротқа ұшырайтынын, бұл ақпарат ҚР Ұлттық банкіндегі сенімді бір қызметкерден алынғанын, сондықтан аталған банктерде депозиттерді алып кетуге кеңес берген.»

Каспий банктің осы аралықта 42 млрд, ал Альянс Банктің 55 млрд депозитінен айырылғаны туралы, смс-хабарламаның әлеуметтік желідегі мазмұны деген тәрізді нақтыланған фактілерді кездестіре алмадық. Смс-хабарламаны таратқан арандатушы туралы мәлімет те «Аталған банктерге орасан зор көлемде шығын келтіргендерді құзырлы органдар құрықтады.» деген бір-ақ ауыз сөзбен берілген.

«Сіз Қазақстан азаматы емессіз. Ақшаны алып, еліңізге неге тайып тұрмадыңыз? Біз мол қаржыны қойнына қысып алып, шекара сыртына қарай қашатындарға етіміз үйренген…» 

Бұл Нәзира Жоямергенқызының 72 сағаттық дағдарыстан кейін Каспий Банктің атқарушы директоры М.Ломтадзеге қойған сұрағы. Кешіріңздер, біздің елімізден «ақша алып, тайып тұрғандар» үшін М.Ломтадзе кінәлі емес қой. Осы арада журналистік этиканың сақталмағандығын айта кету керек.

Келесі басылым «Экономика» газеті. Салалық басылымдардағы қазақ тіліндегі бірден-бір басылым деп айтуға болады. Ақпан мен наурыз айларыда басылымда девальвацияға арналған 8 материал жарық көрген. Теңге құнсыздануының алғашқы күні жарияланған «Теңгенің жаңа бағамы ел экономикасына әсер етпейді» деген мақалада Қайрат Келімбетовтың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып баяндайды. Басылымдағы мақалалардың көбі ақпараттық сарында, сараптамалық мақаланы жиі кездестіре алмайсыз. Жалған смс-хабарламаға байланысты Алыпқашпа ақпараттың әлегі. Деген мақала жарияланды 19-Ақпан күні.

«Сейсенбі күні Қазақстан тұрғындарына еліміздегі бірқатар ірі банктердің банкроттығы жақындағаны туралы күдікті sms хабарламалар таратылған көрінеді. Жұртшылықты негізсіз дүрліктірген осы жағдайға байланысты Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, мәлімдеме жасады.» Алғашқы сөйлемдер осындай сарында жазылған. Осыған дейін аталғандай бұл басылымдағы материалдарда нақтыланған фактілер орын алмаған. Айта кету керек, негативті ақпараттардың тасқынында «жалақы, зейнетақы көтеріледі» деген позитивті жаңалықты осы басылымнан оқи алдық.

«Алаш айнасы басылымы» . Екі ай аралығында басылымда теңгенің құнсыздануына қатысты 12 мақала жарық көрген.

11 ақпан күні «Теңге девальвациясы: Неден ұтамыз? Неден ұтыламыз?»деген мақала жарық көрді. Айта кету керек, бұл мақалада тек ақпарат берумен ғана шектелмей жан-жақсы сараптама жасауға тырысқан. Мамандардың пікірі толығымен ескерілген. Сондай Қ. Келімбетовтен сұхбат алып, теңгенің құнсыздануын еліміздің бас банкирінен тікелей білуге тырысқандығын да атап өту қажет. «Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банктің төрағасы: Елдегі барлық банктерде ұлттық валюта да, шетел валютасы да жеткілікті»

14 ақпан күні жарияланған «Әкімдерді дүкен аралатуға мәжбүрлеткен 4 күн не берді атты мақалада» тек азық-түлік бағасын қамтып қана қоймай, қаладағы ірі техника дүкендеріндегі сауда бағамында жазған.

Назарларыңызға рахмет!

Орыс тілді басылымдардан күнделікті шығатын «Курсив.кз» басылымын атауға болады. Екі ай аралығында 17 материал шыққан. 11 ақпан күні алғашқы материал 13:15-те Қ.Келімбетовтың баспасөз-мәслихатынан кейін жарияланды. 1күннің өзінде 4 мақала жарияланған. Және көрнекілі құралдарымен қатар жаряланды.

Осы күні тек сарапшылардың сөзіне сүйеніп қана қоймай, қоғамдағы дүрбелеңге нақты баға бере алды. Айырбастау пункттеріндегі курс бағамын да жиі бақылап, жариялап отырды.

12 ақпан күні «Алматинцы устроили митинг у Нацбанка (фото)» деген мақала жарық көрді.

Наразылық білдіріп, көшеге шыққан алматылықтар туралы материалдарды қазақ тілді басылымдарда жиі көрініс таппағандығын айта кету керек.

««Альянс банк» прокомментировал дефолт»

«Акционеры Kaspi bank’a обратились к клиентам и партнерам»

«kaspi bank предложил 100 миллионов тенге за sms-провокатора» деген мақалаларда смс-хабарлама таратушылар кеңінен жазылған. Және оқиға барысын жіті бақылап отырғандығы байқалады. «Жизнь после девальвации: с надеждой на лучшее»

Деген мақалада девальвациядан кейінгі қазақстандықтардың жай-күйіне сараптама жасайған материалды ерекше атауға болады.

Біз жасаған сараптама көлемі осындай болды. Осыдан-ақ әлі қазақ тілді басылымдарға нақтылық жетіспейтіндігін, экономика саласындағы ізденістерді әлі де тереңінен жалғастыру керектігін аңғарамыз.

Негізгі бөлім

1. Іскерлік журналистика: Қалай?

Ізденіс-Тәжірибе-Нәтиже

1) Ізденіс

«Іскерлік журналистика» пәнін оқу жүйесіне тұрақты түрде енгізу.

«Іскерлік журналистиканы» оқып жүрсіз бе деген сұраққа сұралғандардың 38,3%-ы экономикаға қатысты пән оқымағандарын айтады. 48%-ы 2-курста «Экономика» және «Іскерлік журналистика» пәнін оқығандар. Және тек 13,8%-ы ғана «өз бетінше ізденіп жүрмін деп айтқан.

Журналистика факультетінің студенттері 2-курста бір семестр бойы «Экономика» пәнін оқиды. Бұл қаржы әлемінің әліппесімен танысумен бірдей. Ал Қазақстанның нарығын, қаржы секторын, банктердің жағдайы мен жалпы экономикасындағы құбылыстарға сараптама жасай алатын журналист болу үшін бұл тіптен жеткіліксіз. «Экономика» пәні «Іскерлік журналистикамен» жалғасуы керек. 2-курстың 1-семестрінде осы пәнді оқыған студент экономикамен жалпы танысып шығады. Жоғарыда айтқан жеткіліксіздің факторын ескерсек, іскерлік журналистиканы таңдаған студент ары қарай осы салада ізденуге міндетті. Сондықтан дәл «Экономиканы» оқығаннан кейін 2-семестрде «Іскерлік журналистика» пәнін міндетті түрде жалғастыруы керек. Ол теория жүзінде осы кезде толыққаны базалық білім алып шығады. 2-курста оқытуға да себеп бар. 1-курсқа енді келген студент бұл уақытта журналистиканың әліппесімен танысып жатады. 3,4-курста белгілі бір бағытта дендеп жұмыс істеуі үшін, 2-курста танысу өте ыңғайлы. Арасына жыл салып оқыған кезде тым кеш болуы да мүмкін.

«Құқықтық журналистика», «Шетел журналистикасы» немесе «Журналист этикасы» тәрізді бұл да студенттері жиі таңдайтын пәндердің қатарында болуы керек. Айта кетейік респонденттердің 91%-ы сабақ кестелерінде «Іскерлік журналистика» пәнінің болғанын қолдайды. Ал 8%-на бұл пән ұнамайтын көрінеді. Аталған пәннен беретін мұғалім экономика факультетінің оқытушысы ғана емес, тәжірибесі бар, дәл осы салада қалам тербеп жүрген маман болуы да шарт. Себебі, экономиканы оқудан бөлек, белгілі бір тақырыпта оқырмандардың ойында қалатындай сауатты мақала жаза білу де керек. Қаржыгерлерден, банкирлерден сұхбат алудың, дағдарыс жағдайында халық арасында дүрбелең туғызбай материал жазудың да өзіндік шарттары бар. Саясат, әлеуметтік тақырыптарға барған сәтте де, экономикалық білім әрдайым қажет. Осы арада жағымсыз цифрларды келтіре кетейік. Сауалнамаға қатысқан студенттердің 50%-ы экономист-журналистерді атай алмады. Сұрақ тұсына «білмейміз» деген жауап жазған. 6%-ы «есімізге түсіре алмай тұрмыз» деп жауап береді. Ал экономист-журналистердің танымалдылығы жөнінен «Жас қазақ» газетінің журналисі Гүлзат Нұрмолдақызы екендігін айта кету керек. Екінші кезекте Ербол Азанбек тұр. Атап өту керек, Ербол Азанбек- Каспий банктің баспасөз-қызметкері. Студенттеріміз банк мамандарымен жиі-жиі кездесу өткізіп жүргендіктен оны да экономист-журналистердің қатарына жатқызған. «Экономист-журналистердің» қатарында : Нұртөре Жүсіп, Дуанабек Жолдасбай, Артур Платонов та бар.

Аталған жағдайды саралай отырып, аға буын мен жастардың арасында байланыстың мүлдеп нашар екендігін байқадық. Біз келесі ұсынысты алға тартамыз.

Журналистер арасындағы платформа. Мотивация көзі. Қазақ тіліндегі экономикалық басылымдар аз. Демек экономика тақырыбында қалам тербейтін журналистер де саусақпен санарлықтай. Дегенмен, бұл аға буын өкілдері мен осы салада жазғысы келетін жастардың арасындағы байланыс орнауына кедергі болмауы қажет.

.Шеберлік сыныптар өткізу. «Алаш айнасы», «Жас қазақ», «Экономика» т.б. газеттеріндегі журналистер журфак студенттерімен жиі-жиі кездесу ұйымдастырып тұруы қажет. Қаржыгер мамандармен оның ішінде бизнесте жетістікке жеткен тұлғалармен кездесу ұйымдастыру.

Қазір,дереккөздердің айтуынша бұл ұйымның жұмысы нашарлағандықтан, тарап кеткен.

«Bizmedia» кейін құрылған тағы бір ұйымды айта кетсек. Iskerclub немесе «Іскерлік журналистика» клубы. Ербол Азанбектің ұйымдастырылған клубтың құрамында 15 журналист бар. Олар медия құралдармен танысуды бастап, қаржы әлемі туралы банк мамандарынан сабақ алмақ. Бүгінде клубтың құрылғанына 3-ші ай, қарқынды түрде жұмыс істеуде. Мақсаты осы 15 студентті іскерлік журналистер ретінде дайындап, ақпарат айдынына шығару.

Виртуалды байланыс. Әлеуметтік желі беттеріндегі парақшалар.

Қысқы және жазғы мектептер ұйымдастыру

2) Тәжірибе

Тәжірибе алаңына айналатын сайттар ашу, редакциялармен байланыс орнату. Студенттер жазған материалдардың жарық көріп отыруына жағдай жасау. (Мыс. Блогтұғырнамалар, сынақ алаңы болатын сайттар) Олардың үнемі талқыланып отыруы.

Бәсекелестік тудыру. Экономика тақырыбындағы инновациялық жобаларды дүниеге әкелу, тың тақырыптарға құлаш сермеу. Студенттер үшін бірден-бір мотивация болатын байқаулар мен конкурстар. Әділ түрде, барлық ережеге сай өтетін экономика саласындағы дүниелердің байқауы. Болашақтағы карьералық өсуге кепіл болатын, бағалы сыйлықтар ұсынатын ықпалды демеушінің болуы. (3-4 курстар үшін газет-журналдармен, банктің баспасөз-орталықтарымен келісім-шартқа отыру,батыстық тәжірибе)

ҚазҰУ-дың ішкі нарығын қалыптастыру. ҚазҰУ-дағы өзге де старт-ап компаниялармен келісімге келу.

«Universal Start-UP»компаниясы. Басшысы – Қуанышбек Ерниязов. Алғаш рет 300 мың теңгеден бастаған. Жылдық айналымы -15 млн. ҚазҰУ-дағы ең табысты компания

«Сұңқар» студенттік кәсіподақ ұйымы. «Сала көшбасшысы -2014» номинациясының жеңімпазы. Бүгіндегі ең ірі жобасы ретінде жыл сайын өткізілетін «Ең үздік студенттік топ» байқауын айтуға болады. ҚазҰУ-дағы ең ірі инвесторлар(жоабалр қанш ақталды?).

«Youth Travel». Студенттер арасында танымал турфирма. ҚазҰУ-дағы коммерциялық бағыттағы бірден-бір ұйым.

Асықтың электронды түрдегі ойын нұсқасы. ҚазҰУ-дағы сәтті шыққан бизенс көзі боларлық инновациялық жобалардың бірі.

Ұялы телефондарға арналған қосымшалар (приложениелер). Кез-келген ұялы телефоннан аударма-сөздіктер табуға болады. Дәл осы сипаттағы экономикалық терминдерге арналған қосымша. Банкке барғанда, басылым беттерін парақтағанда, жаңалықтар оқығанда қайсымыз болмасын экономикалық терминдерге кезігеміз. Олардың мәнін түсінбесек маманнынң немесе ғаламтордың көмегіне жүгінуге тура келеді. Осы арада смартфондарға қазақша экономикалық терминдердің жиыны (глоссарий) таптырмас құрал бола алады.

Телевизиялық жоба. Журналистердің шығармашылық қабілетін шыңдай түсетін бірден –бір процесс.

Қорытынды

Экономика әр мемлекеттің қалыптасуында негізгі рол атқаратын сектор. Экономикасы мықты дамыған елдің халықаралық аренадағы ролінің жоғары болатыны рас. Экономиканың дамуындағы негізгі атқарушы тетік адами фактор.

Бұл тезисті халық арасында кең насихаттау керек. Қазіргі кезде, халықтың экономикалық сауаттылығының төмен деңгейде екендігі рас. Дәл осы фактор қарапайым жұртшылықтың қаржы жағдайын реттеуде қиындық келтіреді. Сондықтан қаржылық сауаттандыру жүйесін қолға алу керек. Бұқаралық ақпарат құралдарының осы миссияны орындауда маңызды рол атқарады.

Ал миссияның сәтті орындалуы үшін осы салада қалам тербеп, сараптама жасай алатын журналистердің тобы керек-ақ. Әзірге, мұндай журналистер саусақпен санарлықтай ғана. Сондықтан алдымен «қаламды жауынгерлердің» өзінің экономикалық білім деңгейін көтеру қажет. Ғылыми жоба осы мақсатты орындауды қолға алады.

Предыдущий:

Следующий: