эконом талдау 2 срс

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау – межелі көрсеткіштердің орындалуын бағалау‚ ішкі шаруашылық сақтық қорларды анықтау және өндірістің тиімділігін арттыру үшін кәсіпорынның (компаниянының, фирманың‚ тағы басқа) шаруашылық қызметінің жай-күйі мен дамуын оның техникалық деңгейімен және ұжымның әлеуметтік дамуымен өзара байланыста кешенді түрде зерделеу. Оны орындау кезінде оперативтік‚ статистикалық және бухгалтерлік есеп  материалдары‚ олардың есептемелері‚ нормативтік және жоспарлы деректер‚ техникалық ақпарат пайдаланылады; техника мен технологияның‚ өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың‚ жоспарлау мен басқарудың‚ қаржыландырудың‚ несие-ақша қатынастарының шаруашылық қызметтің тиімділігіне әсері анықталады. Талдау жалпы экономика талдау және техника-экономиканы талдау түрінде болып келеді. Біріншісі шаруашылық қызметтің қорытындылаушы құндық көрсеткіштерін зерделеуге бағытталған; екіншісі кәсіпорынның техника деңгейін және оның экономикалық  көрсеткіштерге әсерін зерделеп‚ бағалауға бағытталған. Зерделенетін мәселелердің көлеміне қарай толық талдау (бүкіл шаруашылық қызметті талдау) және тақырыптық талдау (шаруашылық қызметтің жекелеген жақтары мен көрсеткіштерін талдау‚ мысалы‚ еңбек өнімділігін‚ негізгі қорлардың пайдаланылуын‚ жалақыны‚ пайданы‚ пайдалылықты‚ тағы басқаларды талдау) түрлеріне бөлінеді. Талдау материалдары арнаулы тәсілдер мен әдістер (салыстыру‚ топтастыру‚ математикалық статистика ‚ тізбекті ауыстырымдар‚ тағы басқалар) арқылы зерделеніп‚ қорытындыланады. 

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерделеу барлыө өзара байланыстарды ескере отырып жүргізілуі қажет. Талдаудың маңызды әдістемелік ерекшелігі – оның себеп-салдық байланыстарды анықтап қана қоймай, оларға сандық сипаттама беруі, яғни қызмет етудің нәтижелеріне факторлар ықпалының өлшенуін қамтамасыз ету. Талдаудағы себепкер байланыстарды зерделеу және өлшеу индукция және дедукция әдістері арқылы жүзеге асырылады.Талдау объекттерін зерделеуде жүйелік қатынастың қажеттілігі тағы да бір ерекше сипаты болып табылады. Жүйелік қатынас зерделенетін құбылыстар мен үрдістерді элементтерге максималды бөлшектенуін, олардың жүйелендірілуін және синтезін көздейді

Шаруашылық қызметті талдаудың әдістемесі.Әдістеме деп қандай-да бір жұмыстың ең тиімді орындалуының тәсілдер мен ережелер жиынтығын айтады.Жалпы әдістеме – бұл ұлттық экономиканың әртүрлі салаларында экономикалық талдаудың әртүрлі объекттерін зерделеу кезінде біркелкі пайдаланылатын зерттеу жүйесі.Дербес әдістемелер экономиканың белгілі бір салаларына, өндірістің белгілі бір типіне немесе зерттеудің белгілі бір объектісіне қатысты жалпы әдістемені нақтылайды.Әдістеме келесідей элементтерден тұрады:а) талдаудың мәселелері және мақсаттарының формулировкасы;ә) талдау объекттері;б) талдаудың әрбір объекті зерттелетін көрсеткіштер жүйелері;в) тізбектілік пен мерзімділік бойынша кеңестер, аналитикалық зерттеулерді жүргізу;г) зерделенетін объекттерді зерттеу тәселдерін сипаттау;д) талдаудың жүргізілуі негізделетін деректердің көздері;е) талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар;ж) ақпаратты аналитикалық өндеу үшін пайдаланылатын техникалық құралдар;з) талдау нәтижелерін рәсімдейтін құжаттар сипаттамасы;и) талдау нәтижелерінің тұтынушылары.Шаруашылық қызметін кешендік талдау кезінде келесі сатыларды атап өтуге болады:I саты. Талдау объекттері, мақсаттары және мәселелері нақтыланады, аналитикалық жұмыстың жоспары жасалынады. II саты. Талдау объекті сипатталатын синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі жасап шығарылады.III саты. Қажетті ақпарат жинастырылып, талдауға даярланады.IV саты. Нақты көрсекткіштерді есеп беру жылындағы жоспар көрсеткіштерімен, өткен жылдардағы нақты көрсеткіштермен, жетекші кәсіпорындардың, салалардың жетістіктерімен салыстыру.V саты. Факторлық талдау: факторлар айқындалады және олардың нәтижеге ықпалы анықталады.VI саты. Өндірістің тиімділігін көтерудің пайдаланбаған және перспективалық резервтері айқындалады.VII саты. Әртүрлі факторлардың ықпалын және пайдаланбай қалған айқындалған резервтерді ескере отырып, шаруашылық жүргізудің нәтижелерін бағалау және пайдаланбай қалған айқындалған резервтерді пайдалану бойынша шаралар жасап шығарылады.Шаруашылықтың кызметін талдау әдістемесінің маңызды элементтері – бұл талдаудың техникалық тәсілдері мен әдістері:

жинастырылған ақпараттың алғашқы өнделуі (тексерістер, топтастырулар, жүйелендірулер);

зерттелетін объекттердің жағдайын және даму заңдылықтарын зерделеу;

кәсіпорындар қызмет етуінің нәтижелеріне факторлардың ықпалын анықтау;

өндірістің тиімділігін көтерудің пайдаланбаған және перспективалық резервтерін есептеу;

талдау нәтижелерін және кәсіпорындар қызмет етуін кешендік бағалау нәтижелерін жалпылау.

Шаруашылық қызметті талдау-бұл арнайы экономикалық талдау пәні болып саналады.Өйткені қандайда бір экономикалық ғылым болмасын өзіне тән жағда йларында жалпы заңдардың қалай әрекет жасайтының және халық шаруашылы ғының жекелеген салаларындағы өңдірістік қатынастардың өндіргіш күштеріме н өзара байланыста дамуының ерекшеліктерін зерттейді.Шаруашылық қызметке талдау жасаудың да арнайы ғылым ретінде өз пәні бар.Экономикалық талдау шаруашылық есеп категориясының бұлжымас,объективті талабы болып табыла ды.Толық шаруашылық есеп шаруашылық қызметтің ғылыми тұрғыда  негіздел іп жоспарлануын, есептелуі мен талдауын көздейді. Жоспарлау, есеп айыру және экономикалық талдау шаруашылық қызметтің аса маңызды 3элементі болып табылады.Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жасау  процесінде,сонымен бірге, жоспарлаудың сапасы, жоспарлық нормалардың про грестілігі, оларда қолда бар резервтердің толық есепке алынуы, жоспарлық тапсырмалардың өзара ұштастырылуы мен үйлестірілуі анықталады.Жоспардың ор ындалу көрсеткіштеріне ықпал жасаған сияқты және ішкі факторларды, сондай-ақ ішкі өңдірістік резервтерді анықтап алмай тұрып, кәсіпорынның  шаруашылық қызметіне баға беруге болмайды.Сонымен, шарушылық қызметті экономика лық талдау ақпарат алу мен басқару шешімдерін қабылдаудың арасындағы жіктік буыны бола отырып, басқарудың маңызды элементі, яғни өңдіріс резервтерін ашып, пайдаланудың, басқарудың сан алуан міндеттері мен басқару әдістерін жетілдірудің және еңбекшілерге тәрбие берудің маңызды құралы болып табыла ды.

    Экономикалық талдау әдісі дегенде зерттеуге қарай қай тұрғыдан қарау әдісі

ұсынылады: оның мәні, кәсіпорындар мен бірлестіктердің шаруашылық қызметтерін сипаттай белгіленген көрсіткіштер жүйесін пайдалану қасиетін қарастырады.Шаруашылық қызметке талдау жасаудың көптеген әдістермен тәсілдері қол-      данады.Оларға: экономикалық талдау, комплексті талдау, жүйелі талдау,саралау, синтез тәсілі, салыстыру, элиминациялау тәсілдерімен талдаулар жүргізіледі. Бұл талдаулар кәсіпорынның шаруашылық қызметінің басқарудағы манызды элеметтері болып есептеледі.Бұларсыз ешқандай нақты, толық экономикалық тұж ырымдар алынбайды.Қазіргі заманғы өнеркәсіп кәсіпорының басқару оның жұм ысы туралы экономикалық ақпараттың барлық түрлері дамыған және пайдалануда.Басқару процесіндегі функциялар бойынша экономикалық ақпарат мына негізгі түрлерге бөлінеді:өңдірістің конструкторлық және технологиялық жөніндегі ақпарат, нормативтік  ақпарат,     жоспарлық ақпарат,  шаруашылық есеп беру мен есептік деректік ақпараттар жатады.Негізінде өнеркәсіп  кәсіпорындар  мен өңдірістік бірлестіктердің қазіргі кезендегі басты міндеті- халық шаруашылығымен  халықтың жоғары сапалы  өнімдерді толық қамтамасыздандыру болып табылады.  Өнім өндіру мен өткізуге көптеген талдаулар мен тәсілдер жүргізіледі.Өнеркәсіптің шаруашылық қызметін талдау-өнім өндіру көлемі мен жалпы тауардан шыққан таза көрсеткіштерімен өткізілген өнім көрсеткіштерімен сипатлады.Кәсіпорынның щаруашылық қызметін талдауға мыналар жатады:

1.Өнеркәсіптің шаруашылық қызметін талдау;

2.Өнімнің ассортименті құрылымын талдау;

3.Өнімнің сапасы мен өнім шығарудың ырғақтылығын талдау;

4.Еңбек пен жалақы қорының пайдалануын талдау;

5.Жұмыс күшінің саны мен құрамының лимитін талдау;

6.Еңбекті  пайдаланудың тиімділігін талдау;

7.Жалақы қорының пайдалануын талдау;

8.Негізгі қорлардың пайдаланылу көрсеткіштерін талдау;

9.Өнімнің өзіндік құның талдау;

10.Пайда мен рентабельділікті талдау;

         Осы негізгі 10 талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдауға және бағалауға мүмкіндік береді.  Әрбір жеке талдау өздерінің  өзіндік ерекшеліктері бар.Өйткені олардың атқаратын қызметтері мен талдаулары әотүрлі.

Мысалы: өнеркәсіптің шарушылық қызметін талдаған кезде мұнда- өнім өндіру дің жалпы көлемі және таза өнім пайдасы,  өнімнің сапасы туралы айқындалған Өнімнің ассортиментін талдауда-өнімнің манызды түрлерін өндіру туралы бекітілген жоспарлы ассортимент болып табылады.    Ал өнімнің сапасын талдауда-өнімнің сапасын арттырудың нақты еңбектің  үнемделуін  қамтамасыз етеді. Ал 4-ші талдауда-еңбек өнімділігін одан әрі арттырудың және  жалақыны үнемдеу- дің резервтерін анықтауы жатады. 5-ші талдауда- адам құрамының  толық болу- ымен жоспармен болуымен байланысуы көрсетілген.    6-шы талдауда – еңбекті пайдаланудың тиімділігін сипаттайтын ен басты көрсеткіш-еңбек өнімділі тура лы айтылған.   7-ші талдауда-жалақы қорының мөлшерлері, берілуі, бесжылдық жалақы қорлары жазылған. 8-ші талдауда-негізгі қорлардың ұтымды пайдаланы луы көрсетілген.       9-шы талдауда-шығынның аз мөлшерлі болуы және өндіріс         шығынның сметасы көрсетілген.  10-шы талдауда-кәсіпорындардың немесе бір- лестіктердің  пайдасы мен  пайда түрлері көрсетілген.    Осы қарастырылғанның       барлығы кәсіпорынның  ұдайы өсуіне және жоғары дәрежеге көтерілуне мүмкін дік беретін жағымды жақтары.

Экономикалық талдау мемлекеттілілік, ғылымилық, объективтілік, жүйелілік, кешенділік, жеделділік, пәрменділік, бұқарашылдық принциптеріне негізделген.

Мемлекеттілік принципі экономикалық құбылыстарды бағалаудың мемлекеттік амалдарының негізінде жасалады. Осылайша, меншік нышанына қарамай, құрылымдық бөлімшелердің және кәсіпорындардың қызметін талдау барысында мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатын және одан пайда болатын халық шаруашылығының сәйкес даму кезеңіндегі міндеттерді ескеру қажет.

Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметінің экономикалық талдаудың жеке әдісі материалистік диалектика және саяси үнемділікке негізделуі тиіс, яғни, экономикалық талдау ғылыми сипатта болып, экономикалық заң талаптарын жан-жақты есепке алып жүргізілуі тиіс. Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметін талдау теориясын жетілдіру, қазіргі заманғы экономикалық- математикалық әдістерді және ЭЕМ-ді кеңінен қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады.

Объективтілік принципі экономикалық талдау барысындағы нақты экономикалық құбылыстар және үрдістерді, олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын зерттеу шынайы және объективті ақпараттар жағдайында жүргізілуі тиіс, ал зерттеу қорытындысында алынған шешімдер нақты аналитикалық есептеулерге негізделуі тиіс. Талдау объективті, нақты және дәл болуы тиіс. Пайдаланылатын ақпараттар кәсіпорынның мүліктік жағдайын және оның қызмет корытындысы дәл көрсетуі және құжат түрінде негізделуге тиіс, өйткені оның шынайылылығы экономикалық талдаудың қорытындысына әсер етеді.

Жүйелілік принципі экономикалық талдау барысында кәсіпорын қызметі оңаша тұрғыдан емес, өзара байланыс тұрғысынан қаралуы тиіс, бұл жағдайда шаруашылық үрдістері динамикалық оқылуы тиіс.

Кешенділік принципі экономикалық талдау барысында талданылатын кәсіпорынның барлық кезеңдерін, құбылыстапрын, көрсеткіштерін олардың өзара байланыстылығымен жүйелі түрде оңашаландыру қажет.

Жеделділік принципі экономикалық талдаудың тез және нақты жүзеге асырылуын, талдау қорытындысы негізінде басқару шешімдерін қабылдауды көздейді. Сонымен қатар, осы шешімдер кәсіпорын қызметі үрдісінде нақты және уақытылы жүзеге асырылуы тиіс. Талдаудың жеделділігі сапалық және сандық көрсеткіштерді жоспарланған көрсеткіштерден ауытқудың себептерін уақытылы анықтау және ескертуден, теріс факторлардың көзін жою жолдарынан тұрады. Осылайша, талдаудың уақыттылығы оны жоспарды орындауды бақылаудың жеделділігіне мүмкіншілік береді. Экономикалық талдаудан қажетті тиімділік алу үшін оның қорытындысы орындаушымен жедел түрде кәсіпорын басшылығына жеткізілуі тиіс.

Пәрменділік принципі өндірістік қызмет барысына және оның қорытындысына белсенді әсер етуге, яғни, жетіспеушіліктерді, санаудағы қателіктерді, салақтықты уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Осы принцип экономикалық талдау материалдарын кәсіпорынды басқаруға пайдалануға, нақты іс-шараларды дайындауға, жоспарлық мәліметтерді негіздеуге, түзетуге және анықтауға мүмкіндік береді.

Экономикалық талдау жүзеге асырылатын соңғы принцип — бұқарашылдық принципі. Бұл экономикалық талдау барысында озық тәжірибелерді неғұрлым анықтауға және қолда бар шараушылық ішілік қорларды пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпорын жұмысшыларының кең шеңберін аналитикалық жұмысқа жұмылдыруды білдіреді

Экономикалық талдау жүруінде келесі топталу түрлері пайдаланады:

Типологиялық – табуға арналған мінездемелі және типтердің оқылатын процестердің байланыстары;

Құрылысты — құрылымның талдауға арналған және құрам бағалауларының көрсеткіші;

Аналитикалық — өзара байланыс зерттеуіне арналған тәуелді, факторлы, нәтижелі көрсеткіштердің әрекеттестіктері;

Математикалық әдістердің қолданылуы кәсіпорынның шаруашылық қызмет экономикалық нәтижелігін жоғарылатады. Негізгі математикалық әдістерге және экономикалық талдау қабылдауларына жатады:

Математикалық үлгі;

Математикалық бағдарлама;

Ойындар теориясы;

Бұқаралық қызмет ету теориясы;

Корреляция қабылдаулары және кері кетушілік;

Предыдущий:

Следующий: