дарис экзамен


№ 14 дәріс Тақырып: Балаларды тәрбиелеуде дау- таластарды шешу жөнінде әлеуметтік педагог қызметі. 1.Балаларды тәрбиелеуде дау- таластарды шешу бойынша әлеуметтік педагог қызметі.

2.Балаларға қатал қарау жағдайларының көріну формалары.

1.Ата-аналар баланы тәрбиелеуде дау-таластарды шешуде өзара келісімдері жоқ болса, онда дау- жанжал сот, қамқорлыққа алу басқармасы, әлеуметтік педагог және ата-ананың қатысуымен жүреді.

Баланы тәрбиелеуде ата-ананың түрлі міндеттері болғанымен, олардың балаға деген артықшылықтары болмайды. Жалпы ереже бойынша, басқармаға әкенің немесе ананың құқығын қорғауға және конфликтіні шешіп беруге ата-ананың біреуінен арыз түседі. Конфликтіні шешуге ата-аналар басқармаға шақырылады. Баланы қорғау инспекторы педагогикалық сипатта арыз берушіге кеңес береді және проблеманы қарастыруға керекті заңдылықтарды анықтайды.

Мектептегі әлеуметтік педагог ата-анамен жұмыстана отырып ақпаратшы-кеңес беру рөлінде (іс-әрекеттердің нормативті-құқықтық базасын түсіндіреді, психологиялық-педагогикалық ұсыныстар айтады, мамандардың мекен-жайын береді) проблеманы шешуге көмектеседі.

2.Балаларға қатал қарау жағдайларының көріну формаларын негізінен төртке бөлінеді:

1.Денелік күш көрсету – бала дамуының артта қалуына, денелік бұзылысына және өліміне себеп болатын ата-ананың немесе оны алмастыратын тұлғалардың балаға әдейі денелік күш көрсетуі.

Денелік күш көрсетуден пайда болатын негізгі белгілер:

спецификалық сипаттағы көптеген денелік зақымдар (саусақ іздері, белбеу, көз алмасының қанталап кетуі және т.б.);

денелік дамудың артта қалуы;

дұрыс күтімнің болмауы;

баланың қарсылық көрсете алмауы, ауруына енжар қарауы, жарақат себептерін көрсетпеуі;

мектептен кейін үйге баруға қорқуы;

жалғыздық, достарының болмауы;

агрессивтілік, сын, ескертулерден ауыртпалықты сезінуі, негативизм;

шектен тыс жол бергіштік;

өтірік айту, ұрлық, жануарлармен қатал қарым-қатынас жасауы;

өртеуге деген бейімділігі;

үйден қашу, суицидтік ойлар, ішімдікті , есірткіні пайдалану.

2.Сексуалды күш көрсету – қанағат, пайда алу үшін ересектердің саналы немесе санасыз түрде балаға деген қарым-қатынасы. Күш көрсетуден пайда болатын белгілер:

сыртқы кейпіндегі ерекшеліктер (генетиальды, анальды, оральды аймақтарындағы зақымдар);

жыныстық қарым-қатынас арқылы берілетін ауру белгілері, жүктілік;

салмақтың күрт өзгеруі;

тұйықтық, денелік контактіге түсуден қашу, қорқыныш сезімі, құрдастарымен қарым-қатынасының төмендеуі;

рольдік мінез-құлықтың ауысуы (ата-ана рөлін алу), регрессивті мінез-құлық (кіші жасқа тән мінез-құлық);

жасына тән емес сексуалды мінез-құлық;

денесін жауып жүруге ұмтылу;

түнгі қорқыныштар;

себепсіз жүйкелік-психологиялық бұзылыстар, депрессия, өзі-өзі бағалауының төмендігі, суицидтік талпыныс белгілері.

3.Психологилық (эмоционалдық) күш көрсету – тұлғаның дамуын бұзатын және поталогиялық сипатта көрініс алатын балаға деген ұзақ уақыт немесе кезеңденуімен ерекшеленетін психологилялық әсер ету. Оған: ашық түрде қабылдамау, балаға деген сын, әдейі жасалған денелік немесе әлеуметтік оқшаулау, шектен тыс талап қою. Күш көрсетуден пайда болатын негізгі белгілер:

ақыл-ой және денелік дамудың артта қалуы;

соматикалық аурулар (тері ауруы, семіздік, аллергиялық поталогия т.б.);

энурез, тәбеттің жоғалуы;

жалғыз қалуға ұмтылу, өзі-өзі бағалауының төмендігі, адамдармен қарым-қатынас жасай алмау;

агрессивтілік немесе шектен тыс жол бергіштік;

үлгермеушілік.

4.Бала қажеттілігінің орындалмауы (моральды қаталдық) – элементарлы күтімнің болмауы, нәтижесінде балада эмоционалдық жағдай төмендеп, дене дамуына қауіп төнеді. Қажеттілік өтелмеуіне енетіндер: мекен-жайының болмауы, білім, азық- түлік, киім, медициналық көмектің болмауы, қажетінше көңіл аудару мен күтімнің жетіспеуі. Күш көрсетуден пайда болатын негізгі белгілер:

денелік дамуда артта қалу;

санитарлы-гигиеналық тұрғыдан қадағаланбау;

аштық, азық- түлік ұрлау;

қандай жолмен болса да, ересектердің көңілін өзіне аудартуға тырысу;

енжарлық, көңіл-күйінің болмауы, өзі-өзі бағалауының төмендігі;

агрессия, импульсивтілік;

деликвентті және антиқоғамдық мінез-құлық;

әлеуметтік өзара қарым-қатынастың төмендігі;

регрессивті мінез-құлық;

оқудағы қиындықтар.

27 дәріс Тақырып: Әлеуметтік- педагогикалық кешенді ұйымдастыру әдістемесі.

1.Шағын әлеуметтік ортаны диагностикалау әдістемесі.

2.Әлеуметтік- педагогикалық кешенді ұйымдастыру әдістемесі.

1.Шағын орта (микроәлеуметтік орта) – бірдей әлеуметтік – экономикалық ортада өмір сүретін, ортақ құндылықтары, қызығушылықтары бар индивидтер қоғамы. Шағын ортаны диагностикалау құрылымына: балалар (микросоциумға арналған әлеуметтік- педагогикалық мінездеме, шағын аудандағы мектептерге арналған карта- мінездеме, отбасының өмірлік бағдарына арналған карта- мінездеме) мен шағын ортадағы тұлғаны диагностикалау ( баланың өмірлік бағдарына арналған зерттеу картасы) енеді.

Әлеуметтік педагогке диагностикалау үшін аса маңыздысы:

мақсатты таңдау, ақпаратты жинау әдістері мен мазмұнын нақтылау;

объективтілік, адекватты, детерминизм принципіне сәйкес практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру;



этикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, жекелей ыңғайлылық, педагогикалық модельдеу, зерттеу жүргізу;

нәтижені қорытындылау, нәтижені графикалық формада ұсыну.

Диагностикалық кешен әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық сипатта әдістемелік тұрғыдан кең ауқымды алады. Міндетті орындауға мектеп психологі, әлеуметтік лабораторияның жұмыскері, құқық органы, білім беру жүйесі, медицина қызметкері және т.б. тартылады.

2. Әлеуметтік педагогикалық кешен (ӘПК) — тәрбиелеу білім мекемесі, әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету, территориялық топтар мен бірлестіктер, отбасы мен балаларға көмек көрсетудегі қызмет ету мекемелері, тұлғаның әлеуметтік, психологиялық, денелік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуіне бағытталған көмек көрсету қызметінің құрылымды жүйесі болып табылады.

Әлеуметтік тәрбие тиімді болу үшін ең алдымен балаға және арнайы мұқтаж отбасыларына (ата-анасынан қараусыз қалғандар, мүгедектер, психо-денелік әлсіз балалар, «тәуекел топтағы» балалар) мекен – жайына байланысты керек жағдайды үйлесімді түрде қамтамасыз ету, диагностикалық жұмыс жүргізу, түзету жұмысы, реабилитация, әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік-педагогикалық қолдау.

Ұйымдастыру бағыты – үнемі маман қатысуымен ұзақ уақытқа есептеген профильді қызмет жүйесін құру болып табылады.

№ 28 дәріс Тақырып: Қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру әдістемесі.

1.Қайырымдылық қызметінің мақсаттары.

2.Акция. Қайырымдылық акцияларындағы әлеуметтік педагог жұмысы.

1.Қайырымдылық қызметінің мақсаттары:

— азаматтарды қорғау және оларға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету, аз қамтылған жанұялардың материалдық жағдайларын жақсарту, мүгедектер мен жұмыссыздарды әлеуметтік реабилитациялау, денелік, интелектуалдық ерекшелікеріне қарай олардың құқықтық, заңдық қызығушылық қабілеттерін жетілдіру;

-экологиялық, өндірістік немесе басқа да жайсыздықтардың алдын-алуға тұрғындарды дайындау;

— халықтар арасындағы достық, келісімділік, бейбітшіліктің бекінуіне ат салысу;

— стихиялық жайсыздық кезінде адамдарға көмектесу;

— қоғамдағы отбасы рөлін бекітуге ат салысу;

— ананы, баланы, әкелік қорғауды іске асыру;

-тұлғаның рухын дамытуда білім, ғылым, мәдениет, өнер және ағарту салаларының қызметіне қатысу;

-азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір сүруді насихаттау, азаматтардың моралдық- психологиялық жағдайын жақсартуға қатысу;



-массалық спорт, дене мәдениетін іске асыруға қатысу;

-қоршаған табиғи ортаны және жануарларды қорғау;

-тарихи құндылығы бар ғимараттар мен территорияларды қорғау.

2.Акция– нақты нәтижеге бағытталған, интенсивтілігімен, бағыттылығымен ерекшеленетін қайрымдылық іс-әрекетінің массалық формасы.

Әлеуметтік педагог практикасында қайырымдылық акциясын жүргізу екі топқа бөлінеді:

1.Шаралар жүйесі, мақсаты- проблемаларға назар аударуға бағдарланған құндылықтарды пропагандалау. Оған жастар қызметі, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, психо-педагогикалық мақсаттағы марафондар

2.Алдын ала анықталған субъекттілерге бағытталған шаралар. Оған кең көлемдегі- мерекелер, тақырыптық күн, концерт, еңбектік операциялар т.б. жатады. Мысалы: қал күніндегі қайырымдылық лотореясы, қайырымдылық концерттері. Олардан түскен пайда алдын-ала анықталған мекен-жайға жолданады.

Қайырымдылық акцияларын жүргізуге арналған ұсыныстар төмендегіше сипатталады::

-тақырыптың өзектілігі

-қатысушының рольдік ауысымы.

Мысалы: көрермен — әлеуметтік проблемаға қатысушы (субъект) – құрбан етуші (қайырымдылық жасаушы).

-адресаттың абстрактілі емес нақты болуы.

-қайырымдылық күшпен жасалған іс-әрекетті ұнатпайды, сондықтан да мотивацияға қосымша әдістерді іздеу қажет болады.

-әлеуметтік педагогикалық практикада қайырымдылық акциялары финанстық тұрғыдан нақты көлемдегі қаржыны талап етпейді.

№29 дәріс Тақырып: Бос уақыт іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі.

1.Бос уақыт іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі.

2.Клуб қызметінің өзіндік мазмұны.

Бос уақыт іс- әрекеті дегеніміз жұмыстан және оқудан бос болу болып табылады. Бос уақыт іс- әрекеті ереже бойынша белсенді және енжар демалыс болып бөлініп келеді. Енжар демалыстың негізгі атқаратын функциясы- релаксация (қысымды бәсеңдету, босаңсыту).Релаксацияға арналып арнайы демалыс орны(демалыс бөлмесі, демалыс зонасы және т.б.) дайындалады. Белсенді демалыстың енжар демалыстан айырмшылығы организмге жүктеме түсіруді болдырмау, негізгі қызмет түрлеріне ауысу кезеңінде түрлі органдар жүйесіне оларды қайтадан бөлуді қарастырады.

Бос уақыттағы мазмұнды құрылымға енеді; қарым- қатынас; спорттық- сауықтыру іс- әрекеттері, табиғаттағы демалыс пен ойындар; пассивті- репродуктивті немесе ойын- сауық іс- әрекеттері (серуендер, теледидар қарау, музыка тыңдау, дискотекаға бару және т.б.); белсенді сипаттағы интеллектуалды- танымдық іс- әрекеттер (оқу, үйірмедегі сабақтар, факультативті сабақтарға қатысу және т.б.); көркемдік, техникалық, жаратылыстану- ғылыми шығармашылықтар; қолданбалы сипаттағы сүйісті істерімен шұғылдану (тігу, тоқу, фото шығару және т.б.); қоғамдық белсенді іс- әрекеттеріне қатысу (қоғамдық қозғалыстарға, бірлестіктерге, ұйымдарға, қайырымдылық қызметіне, өзара көмек ету).

Бос уақыт қызметін ұйымдастыруда ең бір кең таралғаны-клуб қызметі. Клуб қызметі әлеуметтік педагог жұмысында профилактикалық мақсатта әлеуметтік реабилитациялық және коррекциялық қолданылатын болады.Клуб жұмысы – тұлғаның жекелей шығармашылық белсенділігін және өзінің қызығушылығын таратудағы әлеуметтік қызмет түрі болып табылады.Клуб жұмысы еріктілік принцип негізінде ұйымдастырылады: адамдарды жалпы қызығушылығына қарай біріктіріп топтастырады, соның ішінде көркем өнер және өзін- өзі басқару.Мұнда олардың жас және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері есепке алынады. Клубқа қатысу балалардың бойында тұлғалық, әлеуметтік құндылық мәнін, өз құрдастарымен және үлкендермен тұлғааралық қарым- қатынастағы ізгілік бағдарлығығын айқындайды; әлеуметтік мінез- құлық тәжірибелерін қалыптастырады; қоғамдық қатынас жүйесінде табысқа жетуіне мүмкіндік береді; интеллектуалдық, коммуникативтік, инструменталдық экспрессивтік қабілеттерін анықтайды және дамытады.

№30 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік- педагогикалық қызмет әлеуметтік басқару ретінде.

1.Әлеуметтік басқару.



2.Әлеуметтік делдалдық.Әлеуметтік- педагогикалық делдалдық.

Әлеуметтік басқару – басқару теориясына бағытталған ғылым.Оның зерттеу пәні — әлеуметтік менеджмент. «Әлеуметтік» термині екі мағынада түсіндіріледі.Кең мағынада – «қоғамдық» түсінікке ұқсас табиғатпен қоғамды сәйкестендіргенде қолданса, ал тар мағынада – адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстардың болуын көрсетеді. Әлеуметтік басқарудың объектісі- индивид, топ, ұйым, әлеуметтік процестер. Ол адамды әлеуметтік қасиетімен бірге қарастырады (әлеуметтік мақсаты, әлеуметтік статусы, ролі, нормалары мен құнндылықтары) және де тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара әрекет процестерін басқаратын болады. Әлеуметтік басқару әдістеріне бұйрық, тапсырма беру жатады: мотив және қажеттілік арқылы басқару (стимул беру); құндылық жүйесі арқылы басқару ( тәрбиелеу, білім беру және т.б.): қоршаған орта арқылы басқару ( іс- әрекет жағдайын өзгерту) және т.б.

Әлеуметтік делдалдық — проблеманы шешуде әлеуметтік субъектілерді келісімділікке жеткізіп көмек көрсету. Субъектінің орнында топ, ұжым, тұлға отбасы, бүтін әлеуметтік қабат болуы мүмкін. Әлеуметтік делдал болу – бір жаққа екінші жақтың көзқарастарымен қызығушылықтарын түсіндіру. Яғни әлеуметтік педагог субъектілер арасындағы байланысты орнатып, қолдау көрсетіп отыруы тиіс.

Әлеуметтік- педагогикалық практикада делдалдық түрлі формада жүргізіледі. Құқықтық, тұрмыстық, медико-реабилитациялық проблеманы шешудегі делдалдық: асырап алуға қатысу, кәмілетке толмағандардың мүліктік құқығын қорғау, кәмілетке толғандар мен кәмілетке толмағандардың құқық бұзу кезіндегі сот істеріне қатысу және т.б.

Әлеуметтік – педагогикалық делдалдық – тұлға арасындағы топтар, мемелекет, отбасы, қоғамдағы өзараәрекетті мақсатқа бағыттап педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады. Балалармен жұмыста әлеуметтік педагог бала мен мемлекеттік-қоғамдық әлеуметтік қызмет арасындағы байланыстырушы буын болып есептеледі; баланы көп жыл бойы бағыттап отыратын адам, әлеуметтік потронажды іске асырушы, бала бойында адамгершілікті қалыптастыруды қамтамасыз етіп, конфликтілі жағдайларды шешуді жүзеге асырушы болып табылады.




Предыдущий:

Следующий: