Топ карта экзамен

1:10000 және 1:25000 маштабты топырақ карталарында көрсетілетін ең кіші топырақ нұсқасы. 1:10000 және 1:25000 ірі маштабты топырақ карталарында топырақ индекстері мен шартты белгілері көрсетіледі. Онда а) барлық таксономиялық бірліктерді қамтыған топырақтар жүйесі көрсетіледі; б) әртүрлі мезобедерлерде кездесетін топырақтар (өзен аң,аңғалары т.б.) және эрозияға ұшіраған, тұзданған, кебірленген және тасты топырақтарды жекелеп көрсетіледі; в) жекеленген топырақ нұсқалары немесе ауыспалы егіс алқаптары көрсетіледі.

Бедер, олардың маштабына қарай жіктелуі, Микробедерлер, олардың топырақ жамылғысының күрделілігіне әсері. Бедерлер макро-, мазо және микробедерлер болып жіктеледі. Макробедерлер-жер бетінің 100 м ден көп ауытқыитын жерлерді жатқызамыз. Оған таулар, теңіз және көлдер жатады. Мезобедерлер- жер бетінің 1-100 м ауытқитын жерлерді жатқызамыз. Оған жоталар, қыраттар, сайлар және ойыстар жатады. Микробедерлер-жер бетінің 1 м аралығында ауытқиытн жерлерді жатқызамыз. Оған арықтар, ағаштың орны, жертесерлердің үйген топырақтары т.б. жатады.

Далалық жұмыс көлемі мен оған кететін уақыт мөлшерін анықтау.

Далалық материальдарды алдын ала өңдеу және қабылдау, онда кездесетін қателік түрлері. Далалық зерттеу жұмыстарының камеральдық өңдеуінің біразын тікелей сол далалық зерттеу жұмыстары барыснда, ал қалғаны шаруашылықтың далалық топырақ картасын толық жасағаннан кейін жүргізіледі. Далалық жағдайда камеральдық өңдеуге жасалынған картаны алдын-ала өңдеу мен шаруашылық топырақтарының тізімін құрастыру жатады. Бұл камеральдық өңдеу негізгі камеральдық өңдеу мен топырақ үлгілерін лабораториялық талдауға дайындау үшін керек. Далалық картада карындашпен, кескін нүктелері және топырақ нұсқа шекаралары қара тушпен белгіленген. Топырақ нұсқаларының аты индекспен, ал гранулометриялық құрамын, тастылығын және басқаларын шартты белгілер арқылы көрсетіліп, далалық топырақ картасының аңызы құрастырылады. Далалық кезеңде міндетті түрде орындалатын жұмыстарға топырақ үлгілерін кептіру, оларға тексеріс және талдау жүргізу жатады.

Далалық топырақ зерттеулерінің техникасы

Далалық топырақ картасында топырақ нұсқаларын бөліп шығару принціптері

Жай және күрделі топырақ нұсқалары. Жай топырақ нұсқасы-бір топырақ нұсқасынан тұрады, ал күрделі топырақ нұсқасы-екі немесе бірнеше топырақ ұнұсқаларынан тұрады.

Жер бедері мен топырақ жамылғысының өзара байланысы. Жер бедеріне байланысты топырақ түзілу типтері: автоморфты (10 м ден жоғары), жартылай гидроморфты (6-10 м ) және гидроморфты (2,5-6 м) бөліп бөлінеді, яғни осындай типті топырақтар түзіледі. Жер бедері қаншалықты күрделі болса топырақ жамылғысыда соншалықты күрделі болады. Мысалы, автоморфты жағдайда автоморфты топырақтар, жартылай гидроморфты жағдайда шалғындылау топырақтар және гидроморфты жағдайда шалғынды топырақтар түзіледі.

Жетік (детальды) топырақ картасын құрасытырудың қажеттілігі және әдісі. Жетік топырақ карталары 1:200 және 1:5000 маштабта жасалынады. Бұл топырақ карталарында топырақ жамылғысы нақтылы және дәл, ең төменгі таксономиялық бірлестікте, яғни топырақ ареалының денгейінде көрсетеді. Онда топырақтың тегін (генезисін) оның дамуы арасындағы байланысты ашып көрсетеді. Бұл карталарда топырақ жамылғыының кеңістіктегі құрылымы мен алалығы, топырақ түзілу факторларымен топырақтың өнімділігі арасындағы заңды байланыстың теориялық және тәжрибелік сұрақтары шешіледі. Бұл карталар өзінің күрделілігі мен қиыншылығына байланысты аз аумақты жерлерді қамтиды, яғни кішігірім учаскелерге жасалынады.Тәжрибе учаскелерінде бұл топырақ карталары пайдаланылады. Жасалу техникасы (әдісі): топырақ картасы жасалынатын учаске 20 м сайын торларға бөлініп, торлардың бұрышына таяқшалар қағылып, топырақ бетінің беред мүсіні анықталып, соған байланысты негізгі кескіндер қазылады. Мысалы, 1:200 маштабты ІІІ категория бойынша 1,5 га-ға 1негізгі ескін қазылады. Жасалынған кескіндердің мәліметтеріне сүйене отырып, далалық топырақ картасы жасалынады. Тәжрибе учаскесі тек топырақ жамылғысы бірдей жерлерге жүргізіледі.

Ірі маштабты топырақ карталарын жасаудың технологиясы. 1.Толық кескін –квадратпен, жартылай кескін-дөңгелек ал казбаша кескін-үшбұрышпен белгілінеді. Олардың мөлшері 3 мм. Картада көрсетілген кескіннің түрі белгісінің оң жағына оның реттік номері қойылады. Топырақ үлгілері алынған кескіндер белгілері боялады. Барлық қабылданған белгілердің жазылуы немес орналасуы картаның жоғары ернеуінде параллельді болуы керек. 2. Топырақ нұсқа шекара сызықтары жалпақтығы 3 мм жұмсақ карындашпен үздіксіз сызылады. Әрбір топырақ нұсқасы аудан мөлшеріне байланысты бір немесе бірнеше кескіндермен негізделуі керек. Нұсқаның ортасына сызба шрифпен топырақтың толық атауын көрсетеді. Оның әріптік белгісінің биіктігі 3 мм.Топырақ картасын индекстеу және бояу ЖерҒӨО жүйесіндегі қабылданған шартты белгілерге сәйкес орындалады. 3. Топырақ картасының шартты белгілері форма бойынша құрастырылады. 4. Топырақ картасы безендіріледі.а) картаның жоғары сол жақ бұрышына сызба жасап, онда кртаның аты, шаруашылы, аудан, облыс, масштаб, орындалған жылы, авторлары, пайлаланған топографиялық типтері және масштабы көрсетіледі. б) топырақ картасының астына картографиялау кезінде қабылданған шартты белгілер жазылады. в) картаның төменгі оң жақ бұрышына жұмысты орныдаған мекекме мен оның авторлары көрсететін штамп сызылады.

Ірі маштабты топырақ картасын жерге орналастыруда қолдану.

Камеральдық кезеңдегі зертханалық жұмыс түрлері. Далалық зерттеу жұмыстиарынан алынағн мағлуматтарды талдау және қорытындылау. Топырақ түсірілім жұмыстары материальдарын өңдеу негізінен қыс айларында, топырақтың зертханалық талдауы толық біткеннен кейін, солардың мағлуматтарына сүйене отырып жүргізіледі. Осы кезеңде далалық жағдайда алынған мәліметтерге камеральдық өңдеулер жүргізіледі. Соған сүйене отырып, түбегейлі топырақ картасы жасалынады және оған түсініктеме- топырақ очеркі жазылады. Олардың негізінде әртүрлі топырақ картонграммалары құрастырылып, оларға түсініктеме жазбалар жазылады. Оларда шаруашылық жерін тиімді пайдалану және топырақ құнарлығын көтеру үшін арнайы ұсыныстар беріледі. Камералдық кезеңде топырақтанушының қолында төмендегідей материальдар болуы керек. 1. Топырақ кескінлері және топырақ нұсқалары көрсетілген далалық топырақ картасы. 2. Топырақ күнделігі. 3. Зертханаға жіберілген топырақ үлгілерінің түзімі. 4. Топырақтардың зертханадан алынған мәліметтердің кестесі.

Кебір және кебірленген топырақтардың картограммасы. Кебірлі кешенді массивтерді практикалық қолдану жағдайын шешкенде және оларға агрономиялық баға берген кезде, кебірлердің топырақ нұсқаларында кездесуін 10%-аз, 10-25%-орташа, 25-50%-оташадан көп және 50% көп.

Климат-топырақ пайда болу факторы. Климат-топырақтардың түзілуіне тікелей және жанама әсер ету арқылы, ондағы жүріп жатқан үрдістердің қарқындылығын өзгертіп отырады. Егер топырақ географиясында топырақтардың таралуы макроклиматтық жағдайларға қарай қарастырылса, топырақ картографиясында әсіресе ірі және орта маштабты топырақ карталарын құрсатыруда мезо- және микроклиматтық жағдайларға көп көңіл бөлінген, себебі, өсімдік пен жануарлар дүниесі, аналық жынысы және және жер бедеріне тығыз байланысты топырақ түзілу жағдайлары өзгеріп отырады.

Қазақстанда топырақ картографиялық жұмыстарын жүргізу мен айналысатын мекемелер

Негізгі кескіндерін далалық жағдайда қазуды орналастыру және оларды тұрақты обьектілермен байланыстыру. Танаптарда кескіндердің орнын таңдаған кезде олар бір ауылшаруашылық дақылдары немесе біркелкі табиғи шөптер өскен жерлерде немесе жергілікті бедердің негізгі элементтерінде орналасуы қажет. Топырақ кескінін жолға, арнаға, құрылыс жұмыстары жүрген және бұрын қора және үй болған жерлерде орналастыруға болмайды. Негізгі кескінді орналастырудан бұрын алдын ала бірнеше қазбаша кескін қазып, топырақтары біркелкі, яғни барлық топырақтарды сипаттай алатын жерге орналастырады. Кескінді топографиялық негізде байлау-оны қоршаған заттарға байланысты тұрған орнын табу және оны кеңістікте бағдарлау. Топографиялық негізде жергілікті жерді бағдарлау үшін, карта рамасының жоғары жағын солтүстікке бағдарландырып, ондағы барлық сызықтар жергілікті жердің сызықтарымен бірдей бағытарда орналасуы керек. Тек осыдан кейін ғана картаны жергілікті жермен байланыстырады. Топырақ кескіні орналасқан жерді қоршаған нысандардың бейнесін тауып, одан өзінің түрған орнын анықтайды. Жергілікті жерді карта бойынша бағдарлағанда картаға құойған компастың сотүстікті көрсететін тілінің ұшы картаның солтүстік бағытына сай келуі керек. Ол үшін картаны бүру арқылы компас тілінің С әріпінің оның солтүстікті көрсететін жағына апарады. Топырақ кескінін бағдар бойынша анықтап, бағдар бола алатын (үй, жол т.б) заттармен кескінді байлайды. Сол арқылы топырақтанушы біраз уақыт өткен соң қазылған кескін орнын анықтай алады.

Орта маштабты топырақ карталарын құрастыру әдісі. Топырақ жамылғысына генерализациялау. Орта маштабты топырақ карталары 1:100000нан 1:300000. Ол облыстарға , әкімшілік аудандарға жасалынады. Олар осу аумақтағы шаруашылықтарды дұрыс орналастыру және жер ресуртарын тиімді пайдалау үшін қолданылады. Оларға сүйене отырып, келешекте ауыл және орман шаруашылықтарын дамыту. Ауылдар мен қалалар салу, жолдар мен өндірістік орталықтарын құру жосарланады. Генерализациялау деп- генетикалық жағынан бір-біріне жақын топырақ түрлерін біріктіріп жоғары таксономиялық бірлестікте біріктіруды айтамыз.

Өсімдіктер мен жануарлар әлемі-топырақ пайда болу факторлары.

Рекогностиравкалық зерттеу. Далалық зерттеу жұмыстары шаруашылықтардың пайдаланатын жерлерін алдын-ала танысумен (рекогностировка) басталады. Танысулық зертеулерде шаруашылықтағы топырақ жамылғысын жалпылама бақылап, ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлердің ерекшеліктерімен танысады. Танысуда топографиялық негізге өнімі ең жоғары учаскелер мен ауылшаруашылық дақылдарының өсуі мен дамуы нашар алаңдар белгіленеді. Бұл зерттеу кезінде нақылы зерттеуге керек шаруашылық туралы жалпы мағлумат және оның териториясының топырақ жамылғысы қарастырылады.

Табиғи жағдайлар бөлімінде негізгі климаттық көрсеткіштердің көп жылдық орташа мағлұматтары, жергілікті бедер ерекшеліктерінің сипаттамасы жарлы-сайлы жерлердің бедер элементтері көрсеткіштерінің егжей-тегжейлі сипаты, қапталдарың еңістігі, гидрографиялық жүйелердің орналасуы, ыза суларының жату тереңдіктері, су.

Тастақты топырақтардың картограммаларын құрастырыу. Топырақты сипатап жазған кезде тастылығы мен сызатталуларын және т.б. атап қана қоймай, олардың сандық сипаттамасында береді. Мысалы, жыртылған жерде тастардың жалпы көлемінің 10% аз бөлігін қамтыса, онда бұл топырақ –сәл тастанған, 10-20% орташа, 20-40% күшті тастанған (А. П. Петров бойынша). Мұнда тастардың диаметрі бойынша көрсетікштері де көрсетіледі: d>1м-қой тас, d=60-100 см ірі тас ,d=30-60см орташа тас, d=30-10см ірі емес, d=5-10см майда тас,d=1-5 см малта тас. Тастардың топырақта орналасуы бойынша: беттік-топырақтың бетінде жатқан тастар, жартылай-топырақ ішінде жартылай көміліп жатқан тастар, жасырын-топырақ ішінде кездесетін тастар.

Территорияның табиғи және агроэканомикалық жағдайларын зерттеудің мақсаты мен маңызы

Топографиялық картада топырақ құраушы факторларды сипаттаңыз.

Топографиялық карталар мен топырақ шартты белгілері. Топографиялықкарталарға- топографиялық карта, аэрофототүсірілім және шаруашылықтың жерді пайдалану жоспары жатады. Топографиялық негіздерде топырақты далалық зерттеу кезінде анықталатын топырақ жамылғысы нұсқаларының болжамы шекараларын көруге болады. Топырақтың шартты белгілеріне топырақтардың атын, тегін, типшесін білдіретін әріптер жатады. Мысалы, Тж-тайгалық топырақ, Лг-шалғынды топырақ, Бл-шалғынды батпақты топырақ, Б-батпақты топырақ, Аб-жайылманың батпақты топырағы, Сб-сұр күрең және т.б.

Топырақ бонитеті. Топырақты бонитеттеу. Бонитет деген латын Bonitos (сапалылығы) сөзінен алынған, яғни топырақтың сапалық бағасы, топырақтың өнім беру қабілеті. Бұрынғы КСРО-да бірнеше бонитеттеу әдістері қолданылған.1. В. Докучаев атындағы Топырақтану институты әдісі, бұл әдістің негізіне топырақтың табиғи қасиеттері менг белгілі дақылдар өнімділігі арасындағы сайкестілігі алынған. 2.Топырақтың агроөндірістік топтарына қарап, дақылдардың өніміне сайкестендіріп, баға беру әдісі.Топырақ бонитетінің өлшемді бағасы болады және оны балл мен көрсетеді. Топырақтар 1- 100 балл аралығында немесе кластарға ( нашар, орташа, өте жақсы деген бағалар) бөлініп бағаланады. Бонитетік өлеу шкаласы бойынша әр жергілікті топырақ-климат жағдайына сәйкес облыс, аудан, шаруашылық аймақтарындағы жерлерга баға беріледі. Мысалы, Қазақстанда 5 топырақ аймағы бар.

Топырақ жамылғысын картаға түсіруде “ кілттік” әдісті қолдану. Кілттік тәсіл, ол кешенді массив ішінде көлемі шамалы (0,5-1га), қалыпты алаңды таңдайды (кілттік заңы). Онда нақтылы маштабты 1:200 түсірілім жүргізіледі. Мұндай ірі түсірілімді жүргізу үшін барлық алаңды бағана шанышқы ағашын қолдану арқылы 10 м2 аумақты торшаларға бөледі. Мұндай жағдайда әрбір ұсақ дақты топырақ нұсқаларын картада айқын көрсетуге болады. Кілттік тәсілде бағана шанышқылармен жүру арқылы әрбір торша ішіндегі топырақтардың барлығын картаға түсіреді. Алаң ішіндегі кешеннің жеке топырақ компненттері аудандарын планимермен немесе пленкамен өлшеу арқылы анықтайды.

Топырақ жамылғысын картографиялаудың далалық техникасы. Далалық топырақ картасын жасауда топырақтанушының алдында екі үлкен мәселе тұрады. 1. Топырақтың атын дұрыс табу. 2. Оның таралу шекарасын дәл анықтау.

Топырақ жамылғысының алалығы (комплексность). Топырақ жамылғысының алалығы деп негізгі топырақтардың ішінде (аумағында) кездесетін басқа топырақ типтері мен типшелерін, тектерін айтамыз. Мысалы, сұр топырақ аймағындағы кәдімгі сұр, ашық сұр, шалғынды сұр, сортаңданған шалғынды және кебір топырақтардың кездесуін айтамыз. Негізгі топырақ ішінде кездескен бұл топырақтар топырақ жамылғысының ала екендігін көрсетеді.

Топырақ жамылғысының алмасымдылығы (сочетание).

Топырақ жамылғысының категориялары. Бесінші категория. Шаруашылық жерлерін ірі маштабты картаға түсіру нұсқауы бойынша, топырақ түсірілімі топырақ жамылғысының күрделілігіне байланысты бес категорияға бөлінеді, яғни күрделілік категориялары бойынша әрбір топырақ кескініне әртүрлі жер аумағы керек. Бесінші категория: а) орманды жерлер, батпақтануы жоғары (40%); орманды тау және тау етегі; в) жайылма, өзен аңғарлары, топырақ жамылғысы біркелкі емес (гранулометриялық құрамы әртүрлі, тұзданған, батпақтанған немесе ормандануы 20% дан көп).

Топырақ жамылғысының құрылымы (ТЖҚ). Топырақ жамылғысы әртүрлі денгейлерде генетикалық байланыста (жаралуында) элементарлық топырақтақ ареалдарының бір-бірімен жүйелі, түрақты алмасып орналасуы. Топырақ комбинатциясы ТЖҚ-ң ең кіші тұтас топырақ денесі ретінде қарастырылады. Топырақ комбинациясы ЭТА-ға қарағанда күрделірек таксономиялық бірлестік болып саналады. Топырақ комбинациясы айқын және айқынсыз болып бөлінеді. Айқынды топырақ комбинациясы –әртүрлі агроөндірістік

Топырақ зертеу отрядының құрамы және олардың мақсаттары. Топырақтанушы-рекогностировка жасап, топырақ кескінін зерттеп, сипаттап жазады,агроном-сол жердің жағдайын жақсы білетін кісі және сол туралы мағлуматтар беріп отырады, инженер-техник-топырақ кескінін орналастырады, 2 күрекші-топырақ кескінін қазады.

Топырақ зерттеулерінің дайындық кезеңі. Шаруашылықтың топырақтарын зерттеу алдында дайындық кезеңінен, яғни зерттелетін территорияның жоспарын жасаудан басталады. Жүргізу мақсатына байланысты, топырақ зерттеу топтары құрамдары жоспарланады (топырақ отряды, партиялары). Осы территорияда ертеректе жүргіхілген топырақ зерттеу құжаттары, яғни ауданның табиғи және агроэканомикалық жағдайлары, жүйелі топырақ тізімі, экспедицияға керек құрал-жабдықтар (1. Далалық сумка; 2. Топографиялық негізге керек планшет; 3. Далалық күнделік; 4. Этикетка; 5. Үлгілерді байлайтын, орайтын материальдар;6. Тығыз материальдан жасалған метрлік өлшеуіш; 7. Рулетка; 8. Пышақ; 9. 10 % HCl құйылған колба пипеткасымен, хлор, сульфат иондары мен соданы анықтайтын реактивтер т.б. 10. Компас. 11. Эклиметр. 12. Виирлі сызғыш. 13. Үлкейткіш әйнек. 14. Топырақ бұрғысы. 15. Гербарийлер. 16. Жазатын қағаздар. 17. Рюкзак. 18. Екі күрек.) және топографиялық негіздер дайындалады. Ол негізгі үш бөлімнен түрады: 1. Табиғи және эканомикалық жағдайларды зерттеу; 2. Топографиялық негіздерді дайындау; 3. Топырақ жамылғысын картаға түсіру экспедициясын ұйымдастыру.

Топырақ картасын құрастыруға қолданылатын картографиялық негіздерге сипаттама. Топографиялық карталарға дәл маштабтылығы, шартты белгілері, әммебаптылығы және кординат торларымен қамтамасыз етілгенділігі тән. Олар топырақ зерттеулері жүргізілетін територия немесе аумақ туралы нақтылы мағлуматтар алуға қол жеткізеді. Топографиялық карталарда жер бедері мүсіндерін көрсету үшін, биіктіктері бірдей жерлерді қосатын изогипс сызықтарымен бейнеленеді. Топографиялық картада кординатты сызықтар болады. 2. Шаруашылықтың жерге орналастыру жоспары. Ірі маштабты топырақт карталарын жасауда қосымша картографиялық негіз ретінде қолданылады. Оларда шартты белгілер мен ауыл шаруашылық, шабындық, орман, бау-бақшалар, жолдар мен гидрографиялық торлар, электр жүйсі сызықтары, жерді пайдалау шекаралары т.б. көрсетіледі. Мұндай топографиялық негізді пайдалана отырып шаруашылықтың топырақ жамылғысы картасын дәл жасау мүмкін емес. Себебі, бұл негіздерде жер бедер мүсіні көрсетілмеген. 3. Аэрофототүсірілімдер. Жердің әуеден түсірілген түсірілімі. Олардың негізгі құндылығы жер бетінде өсімдік жамылғысы түрлері, ауыл шаруашылық аумақтар және т.б. Бұл түсірілімнің кемшіліктері әр түрлі маштабты болуы топырақ карталарын жасауға мүмкіндік бермейді. Жиы-жиы түсірілген суреттерді бәр-бәрәне жымдастыра отырып, одан шыққан материалдарды, зертханада тағыда суретке түсіріп, екінші рет алынған фотомонтаж немесе аэрофотомонтаж барлық нүктелерінде маштабы бірдей болады. Сонымен қатар бұл негізде жер бедер мүсіндері көрсетілмейді.

Топырақ картасын маштабына қарай топытастыру, олардың мазмұны. Топырақ карталары маштабына қарай 5 топқа бөлінеді: 1-шолу, 2-кіші,3-орта, 4-ірі, 5-жетік. Шолу-топырақ карталары 1:1000000 маштабқа жасалынады. Олардыі аумағы өте үлкен материктерге жасалынады. Ол оқу және ғылыми мақсаттарда қолданылады. Олардың негізгі мақсаты топырақ жамылғаларын кеңістікте географиялық орналасуын, биоклиматтық табиғи жағдайларына, белдеулік, облыстық, фациялық провинциялық немесе өңірлік сүйене отырып, таралу заңдылықтарын анықтау. Бұл топырақ карталырында типше, кей жағдайларда тектеріде көрсетіледі. 2. Кіші немесе ұсақ маштабты топырақ карталары, оның маштабы 1:300000 нан 1:1000000. Бұл мемлекетке , әкімшілік облыстарға, өлкелерге жасалынады. Олар аумақты табиғи және ауыл шаруашылық аудандастыру, жерді мемлекетік сынақтан өткізу, ауыл шаруашылық дақылдарын аудандастыру және тәжрибе стацияларын орналастыру үшін қолданылады. Мұнда аумақтық топырақтары көрсетіледі. 3. Орта маштабты топырақ карталары 1:100000нан 1:300000. Ол облыстарға , әкімшілік аудандарға жасалынады. Олар осу аумақтағы шаруашылықтарды дұрыс орналастыру және жер ресуртарын тиімді пайдалау үшін қолданылады. Оларға сүйене отырып, келешекте ауыл және орман шаруашылықтарын дамыту. Ауылдар мен қалалар салу, жолдар мен өндірістік орталықтарын құру жосарланады. 4. Ірі маштабты топырақ карталары- 1:50000-1:10000. Ол жеке шаруашылықтарға жасалынады. Бұл топырақта топырақтың ең ұсақ таксономиялық тбірліктері көрсетіледі. Ал разряд көрсетілмейді. 5. Жетік маштабты топырақ карталары 1:5000-1:200. Тәжрибе станциялар аумағында тәжрибелік егістіктерге сол сынақ жүргізілетін учаскелерге, құнды дақылдар мен көп жылдық жеміс-жидек және жүзім ағаштарынотырғызылатын жерлерге отырғызылады.



Топырақ картасының дәлдігі. Топырақ картасының сапасы оның дәлдігімен анықталады. Топырақ картасының дәлдігі- осы сұраққа жауап беру үшін екі жағдайға көңіл аударуымыз қажет. 1. Қазылған кескіннің дәл қойылғандығын тексеру. 2. Топырақ кескінінің қабаттарын (А, В, В1, В2, С) дұрыс бөліп, олардың морфологиялық белгілерін дұрыс анықтау. Ол төмендегі ретпен анықталады. 1. Топырақ бетінің сипаты. 2. Қабаттың жату тереңдігі, қалыңдығы. 3. Топырақтың түсі. 4. Дымқылдығы. 5. Құрылымы, оны құрайтын бөлшектермен түйіртпектердің бір-біріне сәйкес орналасуы. 6. Түйіртпектілігі. 7. Гранулометриялық құрамы. 8.Жаңа жарандылары (гумус, тұздар, минеральдар). 9. Кірмелері. 10. Келесі қабатқа ауысу ерекшелігі (айқын 4-5 см аралығында, біртіндеп 5-10 см, сәл байқалатын 10-15 см аралығында ауысады). Сонымен қатар топырақтағы тамырлардың таралу тереңдігі де көрсетіледі. Топырақ кескіні қазылған нүкте СРS пен анықталып, картада белгіленеді. Ал оны табу үшін жан-жақтағы обьектілермен кескінде байланыстырады.

Топырақ картографиясы- топырақтану пәнінің арнай курсы. Ол төмендегі курстарды оқытылған геология, минералогия негіздері мен жалпы топырақтану және топырақтар географиясы пәндеріне сүйене отырып, олардын алынған білім нәтижелерін аул шаруашылығы өндірісінде топырақтарды қолдану жолдарын, яғни топырақтарды далалық жағдайда зерттеу және топырақ карталарын жасау тәсілдерін қарастырады. Пәннің негізгі мақсаты-жер бетінің нақты бір ауданының топырақ жамылғысын, ондағы топырақтар мен олардың жаралуына қатынасты факторлар арасындағы қарым-қатынастың заңдылықтарын айқындай отырып, топырақтардың таксономиялық бірлестіктерінің ( тип-типше-түр-түрше-тек-разряд) кеңстіктегі заңдылықтарына сүйене отырып топырақ карталарын жасау.

Топырақ картографиясының тоериялық негіздері, ЭТА, ТЖҚ. Топырақ жамылғысы деп әртүрлі денгейлерде бір-бірімен генетикалық байланыстылығы. ТЖҚ туралы ілімнің негізі В. Докучаев, Н. Сибирцов, К. Глинка, С. Неустереов,Н .Параслов еңбектерінде қаралған. Ең толық және әржақты болып ТЖҚ ілімі қазіргі кезеңде В. Фридланд-ң еңбектерінде қарастырылған. Табиғи топырақтардың заңдылықпен орналасуын зерттеу топоргафияның еншісінде. Олар:1. Топырақ жамылғысының аймақтық ілімі.2. тіктік белдеулік ілім.3. топырақ климаттық фациялар және провициялар ілімі.4. топырақ жамылғысының ілімі. Топырақ индивидумы(ЭТА)-топырақ жамылғысы құрылымының ең төменгі таксономиялық денгейдегі разрядқа тең.ЭТА бірнеше м2 тан бірнеші мың га ға дейін ауытқиды. Мысалы: лөсте қалыптасқан орташа құмбалшықты сәл кебірленген орташа гумусты оңтүстік қара топырақ.

Топырақ кескіндерінің түрлері және олардың топырақ нұсқаларының мазмұны мен шекараларын табудағы орны. Топырақ кескіндерінің 3 түрі бар. Олар негізгі, жартылай және қазбаша кескіндер.

Топырақ кескіндерінің түрлері, олардың мақсаты. Топырақ кескіндерінің 3 түрі бар. Олар негізгі, жартылай және қазбаша. Негізгі кескін- топырақтың аналық жынысы мен қатар топырақтың төсеніш қабатында зерттейді. Соған байланысты оның тереңдігі топырақтың типіне байланысты 125-500 см ге дейін барады, сәйкесінше оның ені 80-150 см болады. Топырақ кескіндеріне күннің сәулесі тік түсуі керек. Топырақты қазғанда топырақтың беткі құнарлы қабатын кескіннің бір жағына, ал кескіннің астыңғы қабатынан алынған топырақты кескіннің екінші жағына лақтырады. Кескінді сипаттап болған соң, кескіннің астыңғы қабатынан алынған топырақты бірінші көміп, үстіне кескіннің беткі қабатынан алынған құнарлы топырақпен кескінді көмеді. Жартылай кескін-топырақтың АВ қабаттарына дейін қазылады. Ол топырақ типінің басқа топырақ типіне ауысқан ауыспағандығын анықтау үшін қажет. Оны, тереңдігі топырақ типшесіне байланысты өзгереді. Қазбаша кескін В қабатына дейін қазылады. Ол топырақ шекараларын шығауда пайдаланылады. Кескіндер топырақ Егер топографиялық негіз ретінде топографиялық карта қолданылса, негізгі кескін, бақылау кескіні және қазбашалардың арақатынасы 1:4:5 болуы керек. Негізгі кескіндерді қазу топырақтың күрделілік категориясына байланысты өзгереді.

Топырақ кескініне сипаттау жүргізу әдісі. Қазылған кескінді жан-жақты төмендегідей ретпен сипатталады. 1. Кескіннің орналасу жерін кеңістікте байланыстырады. 2. Бедер жағдайын сипаттайды. Мысалы: Іле Алатауының солтүстік беткейі, конус шығындылары, тау алды жазықтығы. Микробедерлерге сипаттама бергенде олардың қалыптасу ерекшеліктеріне сипатама беріледі. Топырақтарды далалық жағдайда анықтағанда, оның барлық тектік қабаттарын анықтап, олардың морфологиялық белгілерін жоғарыдан төмен қарай біртіндеп, мына ретпен сипаттап жазылады: топырақтың құрылымы, топырақ пен тектік қабаттардың қалыңдығы, жатқан тереңдігі, түсі, ылғалдығы, құрылымы, түйіртпектілігі, гранулометриялық құрамы, жаңа жарандылар мен кірмелер, көпіршік тереңдігі және келесі қабатқа өту ерекшеліктері. Осының нәтижесінде топырақ кескіні бейнесінің толық мағлуматы алынады.

Топырақ комбинациясы(үйлесімділігі). Топырақ үйлесімділігі-топырақ аймақшаларының араласып келуі.

Топырақ нұсқаларының шекараларын анықтау. Топырақ нұсқаларының шекараларын қазбаша кескіндердің көмегімен жақындату әдісі арқылы анықтаймыз.

Топырақ очеркін дайындау. Далалық және зертханалық топырақ зерттеу жұмыстарының қорытындысы- топырақ картасы мен топырақ түсініктемесі болып саналады. Мұнда топырақ зерттеу жұмыстарының іртүрлі кезеңдерінде алынған барлық материальдар қамтылады.Топырақ очеркі төмендегідей бөлімдерден түрады: 1) Кіріспе; 2) Шаруашылық туралы жалпы мағлумат; 3) Зерттелетін ауданның табиғи жағдайлары; 4) Шаруашылық топырақтарының егжей-тегжейлі сипаттамасы; 5) Топырақты тиімді пайдалану туралы ұсіністар; 6) Қосымша. Кіріспеде зерттеу жұмысын атқарған мекеме туралы мағлұмат, зерттеу жұмыстарының жетекшісі және орындаушылары, қолданыгған картографиялық негіздері туралы мағлұматтар, топырақ түрлері бойынша салынған кескіндердің саны, топырақты талдаудың түрлері және олардың сандарымен орындалу тәсілдері көрсетіледі.

Топырақ үлгілерін алу әдістері.Топырақтарды далалық зерттеулер кезінде алынған мәліметтердің обьективті болуын қамтамасыз ету үшін олардан зертханада талдауға топырақ үлгілерін алады. Үлгілері алынған кескіндер саны шаруашылықтағы негізгі топырақ түрлерін толық қамтамасыз етуі қажет. Зерттеудің мақсатына байланысты топырақ үлгілерін алу бірнеше түрге бөлінеді: тектік қабаттардан алынған үлгілер, жалпылама талдаулар үшін жекеленген және аралас үлгілер, бірікпесі бұзылмаған топырақ үлгілері алынады. Тектік қабаттардан барлық негізгі және 10% бақылау кескіндерінен салмағы 500-1000 г шамасында алынады. Үлгілерді алғанда мынадай ережелердәі сақтайды: 1. Үлгіні кескіннің төменгі қабатынан, яғни аналық жыныстан, одант кейін оның үстінде жатқан қабаттарынан алады. Үлгіні әрбір тектік қабат ортасынан 10 см қалыңдыңынан ғана алады. Үлгі алу техникасы мынадай: әрбір бөлінген және сипатталып жазылған тектік қабаттардың жоғары және төменгі шекараларының ортаңғы тұсынан үлгі алатын жерді белгілейді. Осы тәртіппен барлық тектік қабаттардан, тек ең астыңғы, жыртылған және гумусты қабаттардан басқасынан алады. Ең бірінші топырақ үлгісін астыңғы аналық жыныс қабатынан күрекпен алады. Ал жыртылған қабаттан оның барлық қалыңдығы бойынан алады. Ал гумусты қабатының қалыңдығына байланысты бір немесе бірнеше үлгі алынады. Егер тектік қабаттардың қалыңдығы 50 см көп болған жағдайда,одан екі топырақ үлгісі алады Мұнда кескіннің үлгі алатын орны жерқазғыштардың ініне немесе басқада оқыс жерлерге тап болмауынескерген жөн. Қалыңдығы 10 см-ден аз қабаттардан топырақ үлгілерін оның өн бойынан толық алады. Иллювиалды қабаттардан оның ортаңғы тұсы емес, ең нығыздалған жерінен алады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарында топырақ үлгілері кескіннің өн бойынан әрбір 10 см сайын тектік қабаттар бойынан алады. Топырақ үлгісін пышақпен немесе таза күрекке қолға алады. Алған үлгіні майда етіп ұнтақтап, алдын-ала келтіріп, қаптайтын қағазға немесе қапшықтың ішіне этикетка қосып салады. Онда облыс, аудан, шаруашылық, кескін номері, қабат тереңдігі, үлгі алынған мерзім және топырақтанушының аты-жөні жазылады. Этикетканы тек жұмсақ қарындашпен немесе топырақ ылғалынан шайылып кетпейтін заттармен жазады. Жазылған этикетканы жазуын ішіне қаратып, топырақпен қатынасын азайту үшін бірнеше рет бүктеп, сол үлгі салынған қапшықтың бір бұрышына салады. Бір кескіннен алынған топытақ үлгілерін жіппен көгендеп біріктіріп байлайды. Көбінесе үлгіні маталы қапшыққа салады. Бұл жағдайда қапшыққа салған этикеткадан бөлек, оның сыртына химиялық қарындашпен мына мағлұматтарды жазады: шаруашылықтың аты, кескіннің нөмірі және үлгіні алу тереңдігі. Аралас үлгілерді жыртылған топырақтардың барлық қалыңдығынан алады. Бірінші үлгіні топырақ кескіні бойынан алады, одан кейінгілерді 4 үлгіні бірінші үлгі алған жердің қарама-қарсы жақтарынан 10-30 м қашықтықтан алады. Алынған үлгілерді қатты қағаз бетіне немесе шелекке салып жақсылап араластырып, одан талдауға салмағы 350-400 г келетін ортақ үлгіні алады.Жыртылмайтын жерден жалпылама талдаулар алу үшін жкек үлгі алады. Арнайы агрофизикалық талдауларға топырақ үлгісін бірікпелігі бұзылмаған топырақтарды алады. Оны топырақ момнолиті деп атайды. Ол табиғи қалпында ағаш жашікте сақталады.

Топырақ эрозиясы картограммаларын құрастыру принціптері. Жел мен су эрозиялары қарқынды байқалатын аудандарда топырақтардың эрозияға ұшырау денгейін көрсететін картограммалар жасалынады. Картограммада топырақтардың эрозияға ұшырау денгейлеріне байланысты топырақтарды 9 топқа бөледі. 1. Егіншілікке қарқынды игерілген жерлер. 1. Су және жел эрозиясына ұшырамаған жерлер. 2. Эрозияға сәл ұшыраған жерлер (беттік су ағысы осы жердің төменгі жақ бөлігіне қауіп әкеледі). Эрозияны болдырмау және беткі ағысты тоқтату үшін қарапайым агротехникалық шараларды қолданады. Оларға терең жырту, қапталды көлденең бағытта жырту және себу, егістікте жалдар мен ойық шұнқырлар жасау және т.б. 3. Эрозияға орташа ұшіраған жерлер. 4. Эрозияға күшті шалдыққан жерлер.

Топырақтарды агроөндірістік топтастыру принціптері. Топырақтарды агроөндірістік топтастыру деп, топырақ түрлері мен түршелерін агрономиялық қасиеттері мен ауыл шаруашылығында пайдалануерекшеліктерінің ұқсастығына байланысты топтарға біріктіруді айтады. Топырақтың агроөндірістік сипаттарының негізіне сүйене отырып, олардың бірнеше түр немесе түршелерінің құрам қасиеттерінің бірдей немесе бір-біріне жақын болуын қадағалай отырып топтарға біріктіреді. Ондай көрсеткішер болып саналатында: 1. Топрақтардың қүрылымы гранулометрийлық қүрамы, гумыс қабатының қалыңдығының бірыңғайлығына байланысты су-ауа және жылу қүбылымдарының жақын немесе бірдей болуы және де осылармен қатар топырақтардың топырақтардың геоморфологиялық және гидрологиялық жағдайлары ескерілінеді. 2. Топырақ қасиеттерінің жақындылығы топырақтардың қоректік заттар құбылымдарының ұқсастығымен сипатталынады, ал ол өз кезегі бойынша тыңайтқыш қолдану жағдайының біркелкілігіне әкеледі ( жылжымалы NPK қоректік заттардың мөлшері, гумус денгейі, қоректік элементтердің жалпы денгейі,қоректік элементтердің жалпы қоры, топырақ ортасының реакциясы, микроэлементтердің мөлшері т.б.) . 3. Топырақты өңдеуге байланысты қасиеттерінің бір-біріне жақындығы, яғни байланыстығы, дымқылданғанда иілгіштігі, қоймалжыңдығы, жабысқақтығы, қабыршақ түзу мүмкінділігі, пісу мерзімі, езілгіштігі, жырту қабатын тереңдету ерекшелігі және т.б. 4. Топырақтардың батпақтану ерекшелігіне, гранулометриялық құрамына, кебірленгендігіне және кебірлердің кескін құрылымының ерекшелігіне , сортаңданғандығына, топырақ ортасының реакциясына баға беру арқылы мелиоративтік шаралардың қажеттілігі мен күрделілігі анықталады. 5. Топырақ кескінінде өсімдіктердің өсуіне зиянды заттардың кездесуі. 6. Эрозия үрдісінің сипаты және қарқыны.

Топырақ картоаграфиясы пәні, мақсаттары және міндеттері

1. Солтүстік Қазақстандағы шалғынды дала аймағы.2. Солтүстік Қазақстандағы дала аймағы.3. Орталық Қазақстандағы құрғақ дала аймағы.4. Каспий-Балқаш аралығындағы шөл аймағы.5. Оңтүстік Қазақстандағы тау етегіндегі аймақтар. Бұл аймақтардың топырақтары әртүрлі қасиеттерімен өзегіп отырады. Оларды бағалауда төмендегідей белгілер ескеріледі.1.Топырақтың басты тобы. 2. Гранулометриялық құрамы. 3. Аналық жыныстары. 4. А+В қабатының қалыңдығы және жыртылатын қабаттың қалыңдығы. 5. Қарашірік мөлшері. 6. Эрозиялық сатысы. 7. Топырақ өнімділігінің денгейі. 8. Топырақ кескініндегі тұздардың қоры, олардың шоғырлану тереңдіктері, зияндылығы.9. Жер асты суларының тереңділігі, химиялық құрамы, ағындылығы. 10. Сілтісіздену денгейі және тұз қышқылында көпіршу тереңдігі.11. Тұзды және су ерітінділерінің ортасы-рН көрсеткіші.12. NPK қоры, жалпы тиімді түрлері.13. Сіңірілген натрий мөлшері.14. Топырақтың жалпы физикалық және су-физикалық қасиеттері.15. Ауа-райы көрсеткіштері.16. Негізгі өсірілетін дақылдардың көпжылдық өнім мөлшері, ц/га. Айта кететін жағдай, әр аймақтың бұл көрсеткіші әртүрлі болады. Мысалы , Солтүстік Қазақстан аймақтарында көбінесе топырақтың гумусі А+В қабатының қалыңдығы, гумус мөлшері, катиондар сйымдылығы, гранулометриялық құрамы ескеріледі. Қара топырақ, қара-қоңыр топырақ аймағында дақылдар өнімі топырақтың ылғал қорының жетіспеушілігіне байланысты болады.Сондықтан, ауа-райының бұл құбылыстарын ескерген жөн. Сөйтіп, әр аймақ топырақтарының бонитет баллдары олардың тек өнімділікке сәйкесті табиғи қасиеттері, белгілері арқылы анықталады, сондықтан, бұл белгілердің маңызы әр аймақта әртүрлі. Топырақты бонитеттеудің екі өлшемдеу түрі бар: 1. Жабық түрі. 2. Ашық түрі. Жабық түрі өлшеуде ең жоғары көрсеткіші 100 балл деп, тек жақсы қасиеттері бар, ең мол өнім беретін топырақты алады. Мысалы, қара топырақ, шалғынды сұр топырақтар сияқты, ал басқа кездесетін топырақтарды солармен салыстырып бағалайды. Ашық түрдегі өлшеуде 100 балл деп, аймақтағы ең көп тараған топырақтарының көрсеткіштерін алады да, басқа топырақтарды солармен салыстыра отырып бағалайды. Топырақтың балл бонитеті мына формуламен есептелінеді: Б=НК/МК*100, яғни Б-топырақтың балл бонитеті, НК топырақтың нақтылы бір көрсеткіші, МК-көрсеткіші ең көп топырақ (100 балл).

Топырақтың морфогенетикалық белгіліерін оқып зерттеу және оларға сүйене отырып топырақтың толық атын табу

Топырақтың физикалық қасиеттерін зерттеу. Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді.  Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады.Топырақтың тығыздылығы деп оның қатты фазасы массасының 4 С-тағы судың сондай көлемдегі массасына қатынасын айтады.Негізінен топырақтың тығыздылығы оның қатты фазасы құрамындағы минералдық және органикалық бөлшектер мөлшерінің арақатынасына тікелей байланысты.  Егер топырақта қарашірік көп болса, онда қатты фазаның тығыздылығы төмен болады. Құмды топырақтың қатты фазасының тығыздылығы -2,70 г/см, қара топырақтікі-2,37 г/см, ауыр сазды топырақтікі-2,67 г/см болады.Топырақ тығыздылығының жоғары болуы тамырдың  төмен бойлап өсуіне, тұқымның көктеп өсуіп шығуына кедергі жасайды. Топырақ тығыздылығының ең қолайлы мөлшері өсімдіктің биологиялық  ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Топырақ тығыздығының шамадан тыс жоғары болуынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді.Сонымен бірге топырақ тығыздылығы ондағы органикалық заттардың мөлшеріне байланысты, себебі олардың тығыздылығы 1,25 г/см,-ден 1,80 г/см –ге дейін болса, ал минералдарда бұл көрсеткіштер 2,3 г/см –ден 3,0 г/см-ге дейін ауытқиды. Яғни, топырақта органикалық зат көп боған сайын , оның тығыздылығы төмендейді. Мысалы, қара шірігі мол қара топырақтың тығыздылығы 2,37 г/см. Топырақ тығыздылығына оның гранулометриялық құрамы, құрылымы үлкен әсер етеді.Топырақтардың көлемдік массасы. Табиғи күйдегі 1 см абсолютті құрғақ топырақтың массасын оның көлемдік массасы дейміз. Топырақтың көлемдік массасы оның тығыздылығынан әрқашан кем болады, әйткені топырақ түйіршіктерінің арасындағы ауаның тығыздылығы өте төмен. Көптеген дақылдар (дәнді, отамалы) үшін топырақтың  қолайлы көлемдік массасы 0,9-1,2 г/см аралығында болады.Топырақтың физикалық қасиеттеріне жылу өткізгіштігі, жылу сіңіргіштігі, жылу үстап түру қабілеті, топырақтың альбедосы, топырақтің көлемдік және меншікті салмағы, ал топырақтың су-физикалық қасиеттеріне су өткізгіштігі, су ұстап тұру қабілеті, су сіңіргіштігі, су көтергіштігі жатады. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне оның созымдылығы , ісінуі,шегуі,байланыстылығы,жабысқақтығы, физикалық «пісуі» жатады.

Шаруашылық туралы жалпы сипаттамада зерттеу жүргізілген жерлер мағлұматтары орналасқан жері пайдаланылатын жерлердің экспликациясы, шаруалықтың өндірістік бағыты мен мамандалғандығы, егістік жерлердің құрылымы, соңғы 3-5 жылдардағы ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігі, мал шаруашылығы мен агратехника туралы және т.б мағлұматтар.

Шаруашылық топырақтарының жүйелі тізімін құрастыру

Ыза суы мен топырақ құраушы жыныстардың топырақ жамылғысында әсерлері. Топырақ жамылғысының өзгеруіне топырақ түзуші жыныстардың маңызы зор. Себебі, топырақ түзуші жыныстардың химиялық және физикалық қасиеттері сол жерде түзілген топырақтың химиялық және физикалық қасиеттерімен бірдей болады. Мысалы, егер топырақ түзуші жыныстар тұзданған болса, онда сол жерде түзілген топырақтарда тұзданған болады. Ал ыза суының жату тереңдігі топырақ түзілу үрдістеріне тіккелей байланысты. Ыза суының жату тереңдігіне байланысты топырақтар автоморфты, жартылай гидроморфты және гидроморфты типті түзіледі. Бұл топырақ түзілу типтері топырақ жамылғысына айтарлықтай әсер етеді. Гидроморфты жағдайда пайда болған шалғындылаудан бастап шалғынды топырақтардың таралуы топырақ жамылғысының күрт өзгеруіне себепші болады.

Элементарлы топырақ ареалы(ЭТА). Топырақ индивидумы(ЭТА)-топырақ жамылғысы құрылымының ең төменгі таксономиялық денгейдегі разрядқа тең.ЭТА бірнеше м2 тан бірнеші мың га ға дейін ауытқиды. Мысалы: лөсте қалыптасқан орташа құмбалшықты сәл кебірленген орташа гумусты оңтүстік қара топырақ.




Предыдущий:

Следующий: