Сагындык ЭКОНОМИКА шпор

Экономикалық теорияның негізгі даму бағыттары мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз.

Экономикалық теория — бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.

Ең алғаш рет б.д.д. III-ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.

Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.

Экономикалық теорияның даму кезеңдері:

Меркантилизм – ең алғаш экономикалық ілім XVI­XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» — саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды. Меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.

Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес, өндірісте деген қағида ұстанған бағыт. «Физио» — табиғат, «кратос» — үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдеріФ.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси экономия — ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) — өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды.

б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады.

Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.

Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.

Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.

2. Экономикалық теорияның мәні мен қызметін түсіндіріп беріңіз

Экономикалық теория – қоғамдық ғылым. Ол, басқа да ғылымдармен қатар, қоғамдағы адамдар арасындағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарын және қарым-қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану және философия пәндерінен айырмашылығы, қоғамды бүтіндей қарастырмайды, тек қана оның экономикалық саласын, яғни шаруашылық байланыстар мен адамдардың экономикалық іс-әрекетін қарастырады. Нақтылай айтсақ, экономикалық теория, экономиканы ұйымдастыру және реттеу, баға белгілеу және ақша табыстары, өндіріс үрдісіндегі  өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қарым-қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады. Осы сұрақтардың барлығы, яғни экономикалық мәселелердің басты көрсеткіші болып табылатын — өндіріс шығындарын аз жұмсау арқылы, игіліктердің санын жеткілікті өндіру мәселесінің негізі болып табылады.

Адамдардың қажеттілігі қай игіліктерге болсын  шексіз, ал осы игіліктерді жасауға қажетті ресурстар шектеулі. Осыдан шығатын қорытынды – материалдық игіліктер өндірісіндегі шектеулі ресурстарды тиімді қолдану арқылы адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған нақты жолын іздестіру болмақ. Бұл экономикалық теория пәнінің негізін құрайды.

Экономикалық теорияның негізгі қызметтері:

Танымдылық қызметі: бұл қоғамдағы экономиканы зерттеу мен мәнісін түсіне білу және алған білімін теоретикалық түрде, яғни жалпы және жүйелі түрде көрсете білу.

Әдістемелік қызмет. Бұл барлық экономикалық ғылым жүйесіне арналған теориялық және әдістемелік базаларында қызмет істейді.

Білімділік қызмет арқылы экономикалық теорияда, әр түрлі маманды адамдардың көбі экономикалық мәдениетпен таныса алады. Қазіргі кездегі адамның өмірі экономикамен тығыз байланысты, сондықтан да жоғарғы оқу орындарының бағдарламалары — оның заңдары мен үрдістерін зерттеуге бағытталған

Тәжірибелік қызметі, ұтымды шаруашылықтандырудың тәсілдерін және үрдістерін қалыптастыруға, ал ғылыми ұстанымда мемлекеттің тиімді саясат жүргізуіне бағытталған.

Сыни қызмет. Құбылыстарды сын тұрғысынан қарастырып, оларды жетістігі мен артықшылығын күнделікті өмірде қолдану мақсатын және кемшілігін көрсетеді.

3. Экономикалық үрдістер мен құбылыстарды түсіндірудің негізгі әдістерін ашып көрсетіңіз.

Экономикалық теория – экономикалық жүйелерге, экономикалық дамуға, экономикалық заңдар мен заңдылықтарға ғылыми көзқарастардың жиынтығы, яғни экономикалық құбылыстар мен үдерістер туралы, шаруашылықтың жұмыс істеуі туралы, экономикалық қатынастар туралы логикаға, тарихи тәжірибеге және экономист-ғалымдардың теориялық тұжырымдамаларына негізделген теориялық түсініктер.

Экономикалық Теория неғұрлым елеулі жалпы байланыстарды, нарықтық экономика мен оның басқа да тұрпаттары дамуының экон. үдерістеріне тән қажетті себептік байланыстарды зерттейді. Өндіріс пен бөлу тәсілдерінің дамуын, еңбек нәтижелерінің пайдаланылу бағытын, меншік қатынастарын зерделейді. Экономикалық-өндірістік қатынастардың теориялық тұжырымы экономикалық категориялар (қоғамдық еңбек бөлінісі, тауар, ақша, капитал, ұлттық байлық, т.б.) арқылы жасалады. Экономикалық теория басқа ғылымдар сияқты танымның әр түрлі формаларын қолданады. Олардың барлығы шаруашылық өмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми методологияны құрайды. Ол әдістер жалпы ғылыми және жеке болып бөлінеді.Жалпы ғылыми әдістер – бұл көне грек философтары негізін салған және кейінгі буын ғалымдары дамытқан диалектикалық материалистік қағидалар. Олар бір-біріне тәуелді, қайшылықты түрде дамытып, ұдайы қозғалыста болады.Бұл процестерді зерттеу барысында тарихи және логикалық тәсілдер қолданылады.Тарихи әдіс құбылыстардың пайда болып, дамып және бірінің орнын бірі басқанын тізбекті талдауға жағдай жасайды.Логикалық (теориялық) тәсіл тарихи құбылыстардың тарихи дәлме-дәл даму жолы емес. Ол зерттеліп отырған құбылыстың мәнін ұғыну мен абстракциялауды, яғни олардың болмысы мен қасиеттерін жорамал түрде таза зерттеуді көздейді. Осының негізінде бұл құбылыс жайында ғылыми түсінік пайда болады, яғни логикалық түсінік немесе тауар, баға, ақша, акция, бәсеке т.б.сияқты экономикалық категориялар қалыптасады. Зерттеудің осындай әдісін ғылыми абстракция деп атайды.Ғылыми-техникалық жекелеген әдістерге: байқау, синтездеу мен анализдің көмегімен алынған материалды өңдеу, индукция мен дедукция, заңдар мен категориялар жүйесін құру, оларды тексеру, тәжірибе-сынақтар жүргізу, модельдер құрастыру, олардың математикалық формализациясы және т.б. жатады.Математикалық модельдер индивидиумды көрсетеді. Альферд Маршаллдың көрсетуінше «Экономикалық ғылым жеке және қоғамдық қызметтің сол бөлігін, негізінен, материалдық игіліктің жасалуын және пайдалануын зерттейді».Қазіргі кезде экономикалық ғылым экономикалық құбылыстар мен процестерді түсіндіріп болжаушы, экономикалық игілікті пайдалану және жасау тенденциясының үрдісінің заңдылығын қарастырушы маңызды әлеуметтік институт.

Өндірістің негізгі факторларын атап беріңіз. Экономикалық ресурстардың шектеулілігі мен сиректілігін қалай түсінесіз.

Өндіріс – қорларды экономикалық игіліктерге айналдыру үдерісі. Ол игіліктер тура немесе жанама түрде қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.

Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.

Қалай өндіру керек — бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.

Кімге және қанша өндіру керек — бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады.

Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары — жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

Өндіріс ресурстары – бұл тауарлар  мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Өндіріске кіретін қорлар өндіріс факторлары болып келеді. Неоклассиктер оларды 4 негізгі топқа бөледі:

1. Жер – табиғи ресурстары;

2. Еңбек – өнідіріс үдерісіне кіретін адамдардың ақыл-ой және дене қабілеттілігі;

3. Капитал – құнды құруда тікелей қатысатын өндіріс құралдары;

4. Кәсіпкерлік қабілеттілік (қызмет) пайда табу мақсатымен өндірістің басқа факторларын шоғырландыруы бойынша қызмет.

Өндіріс факторлары — бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді  білдіреді. Ресурстар   бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады, сондықтан да өндіріс — алуан түрлі факторлардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Адам, қоғам қажеттіліктері өзгеріссіз қалмайды, олар адамзат өркениетінің эволюциясымен қоса дамып отырады және қоғамдық өндіріс құрылымы — материалдық және материалдық емес аларды айқындайды. Шектеулі ресурстардан жасалған материалдық және материалдық емес байлықтар бір тауарды, бір қызметті, бір өндіріс түрін таңдауды білдіреді. Ресурстардың шектеулігі жағдайында адамдардың, кәсіпорын мен қоғамның әл-ауқат деңгейін ұстап тұру үшін қолда бар ресурстарды тиімді жұмсауға  мүмкіндік беретін дұрыс таңдау жасау маңызды болып саналады.

Экономикадағы таңдау проблемасын қалай түсінесіз. Өндірістің қисық сызығының мүмкіндіктерін көрсетіңіз.

Экономикалық таңдау дегеніміз – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу.

Экономикалық рационалдылық немесе ұтымды шешім қабылдау – рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Сондықтанда, микроэкономикалық теорияда әрбір шаруашылық жүргізуші субъект аса жоғарғы көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді.

Үнемдеу мәселесі– берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді дұрыс ойластырып және шектеп жұмсауынан туындайтын мәселелер, демек соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізе алу. Алайда, балама қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық әрекеттердің шығындары туралы айтып өтуіміз керек, себебі кез келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Нақты өмірде адамдар үнемі баламалы (альтернативті) шығындармен кезігіп отырады. Бір өнімді өндіре отырып біз екінші бір өнімді өндіруден бас тартуымыз қажет. Ұтымды субъект болашақ шығындарын есепке алып қоймай, сонымен қатар, ол оңтайлы экономикалық таңдау жасау үшін қолданыла алмаған және жіберіп алған өндірістік мүмкіндіктер шығындарын да есепке алуы қажет. Яғни, баламалы (альтернативті) шығындар дегеніміз – жіберіп алған немесе қолданыла алмаған мүмкіндіктер шығындары, бір өнімді өндіру барысында құрбан болған және таңдауға ие болмаған балама нұсқалардың сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген шығындары.

Енді баламалы (альтернативті) шығындарды график арқылы, яғни өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы ресурстан дайын өнім өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі азаяды.

Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз – технологиялық дамудың белгілі бір деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса толық және тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі қоғамның мүмкіндіктері. Жоғарыда атап өткеніміздей, өнімнің мүмкін шығарылымын өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды. Мысалы, қоғамда тек қана екі игілік өндіріледі: тұтыну заттары және инвестициялық тауарлар. Оны 2.1 суретінен көруге болады. Осы суретке сәйкес, А нүктесінде – ресурстардың барлығы тұтыну заттарын өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың барлығы инвестициялық тауарларды өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды. А, В, С, Е нүктелерінен өтетін қисықты біз өндірістік мүмкіндіктер қисығы – ресурстарды толық пайдалану кезіндегі альтернативтік нұсқаларды сипаттайтын қисық деп атаймыз.

А

тұтыну В. N

заттары

.D С

E Инвестициялық тауарлар

Сурет 2.1 Өндірістік мүмкіндіктер қисығы

6.Экономикалық заңдар мәні мен жіктелуін ашып көрсетіңіз. Мысалдарын беріңіз.

Экономикалық теория шаруашылықты тиімді жүгізу заңдары мен шаруашылық жүргізуші тұлғалардың әр түрлі деңгейлері мен әр қилы тарихи кезеңдердегі әрекеттерін ұғымдар мен категориялар жүйесі арқылы зерттейді.

Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады.

Экономикалық заңдар дегеніміз – қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары және қоғамдық өмірдегі болатын құбылыстар мен процестердің пайда болу сипаты,себебі. Экономикалық заңдар — адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады. Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге қайшы келетін кез-келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық қиындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырады. Рыноктық қатынасқа ену жолында осыны қатаң ескеру қажет.

Қолданылу мерзіміне қарай барлық экономикалық заңдар төмендегідей жіктеледі:

1. Арнайы экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар.

2. Ерекше экономикалық заңдар – олардың іс-әрекет жүргізу жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар. Бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары,яғни жекелей алынған дәуірлерге, формацияларға тән.Мысалы, құлдық және феодализм дәуіріндегі материалды игіліктерді бөлу заңдары. Солардың ішінен баға заңын алатын болсақ…Баға заңы,социализм кезеңінде өнім өндірістен шыққаннан бастап белгілі бір бағасы бекітіледі және оны ешкім өзгерте алмайды, яғни тұрақты болады.

3. Жалпы экономикалық заңдар – адамзаттың барлық тарихи дәуірлеріне тән заңдар. Бұл барлық тарихи дәуірлерге тән заңдар, яғни барлық экономикалық формацияларда әрекет етеді.Жалпы экономикалық заңдар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлестіріп, процесс етіп байланыстырады. Мысалы, құн заңы,еңбек өнімділігін арттыру заңы, уақытты үнемдеу заңы, қоғамдық еңбек бөлу заңы және басқа да тарихи әлеуметтік қажеттіліктер. Құн заңын алатын болсақ, яғни кез келген қоғамның даму кезеңінде өндіріс бар,ал өндірістен құн жасалынады. Қоғамның даму кезеңдерінде құн сипаты өзгеріп тұрғанымен,құн заңы өзгеріссіз әр кезеңге өтіп тұрады.

Экономикалық заңдардың объективтік сипаты – олар жекелеген индивидтердің, фирмалардың немесе мемлекеттің еркінен, санасынан және қалауынан тыс орын алады және әрекет етеді. Мұндай заңдарды экономикалық ғылымның көмегімен танып білуге болады, бірақ оларды сол экономикалық ғылыммен жасауға болмайды.

Экономикалық заңдар  мәңгі емес,олар тарихи сипатта  белгілі бір кезеңде туындап,өзгеріп  немесе жойылып кетеді.Олардың  көпшілігі белгілі бір тарихи  кезеңде әрекететеді де,кейін  жаңа экономикалық заңдарға орын береді.

Әрдайым ескертетін жайт- ескі  экономикалық заңдар адамдардың еркімен жойылмайды,тек қана жаңа экономикалық құбылыстардың туындауымен өз әрекетін тоқтатады.Экономикалық заңдар күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз,қоғамдағы объективті экономикалық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты.

7. Экономикалық категория ретінде тауарды ашып көрсетіңіз және ол қандай қызметтерге ие.

Тауар өндірісінің өзекті категориясы — тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық.

I. Маркстік теорияда, тауар — сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:

а) тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;

б) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады.

в) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.

II. Австрияның экономикалық мектебі (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.

Экономикалық игіліктерге, К.Менгер, шектеулі мөлшерде кездесетін — экономикалық қызметтің объектілері мен нәтижелерін де жатқызды.Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым бар, олар тауарды еңбек өнімі ретінде қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада шектеулі игіліктер мен шексіз қажеттіктердің арақатынасы  ескеріледі,  ал  бірінші  анықтамада  бұл   мәселе  қарастырылмайды.  Бұл концепцияларда әртүрлі көзқарастардың болуына қарамастан, олар тауар — еңбек арқылы жасалған өнімдер және адамның нысаналы мақсатты еңбегі жұмсалған дайын табиғи заттар, сонымен бірге түрлі қызмет көрсетулер де тауарға айналатынын дәлелдейді. Әрбір тауардың тұтыну құны болады. Ол өндірушінің емес, басқа адамдардың қажеттіктерін өтейді, яғни оның қоғамдық тұтыну құны бар. Тауар өндірушіге ең қажетті нәрсе өз тауарының басқа тауарларға айырбасталу қабілетінің болуы.

Тауардың өзінен басқа тауарларға белгілі пропорциялық мөлшермен айырбасталу қабілетін оның айырбас құны деп атайды.

Қызмет көрсетулердің ерекшелігі, олардың өздеріне тән натуралды-заттай формасы болмайды, бірақ пайдалы әсерлері бар және адам қызметінің нәтижесі болып табылады.

Тауарлардың материалдық және материалдық емес сипаттары болады. Тауардың екі қасиеті бар:

а) адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұны деп атайды.

б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны

Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу кезінде, олардың өзара пропорциялық мөлшерде алмасуына себепші болатын мәселенің шешімін табуды алғашқы рет Аристотель ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі экономистер бұл мәселеге өздерінше жауап іздеді.

Құнның еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың құнын жасауға жұмсалған еңбек шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады деген пікірді айтады.

Шектеулі пайдалылық теориясын жақтаушылар — айырбастың негізін пайдалылық құрайды деген пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының өкілдері тек шығындар арқылы ғана құнды анықтауды қолдайды.

8.Игіліктің, тауардың және қызметтің салыстырмалы сипатын беріңіз.

 Маркстік теорияда тауар сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады.Яғни:

-      тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын зат болып табылады.

-       тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы ормандағы жидектер оларды теруші үшін тауар емес, бірақ оларды теруге еңбек жұмсалғаннан кейін тауар бола алады.

-      тауар сатуға арналған

Австриялық экономикалық мектебінде тауар айырбас үшін өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады.

Экономикалық игіліктерге К.Менгер экономикалық қызмет нысаны немесе нәтижесі болып табылатын және қажеттіліктермен салыстырғанда шектеулі мөлшерде алуға болатындарды жатқызады. Игілікке деген қажеттілік пен осы игіліктің қол жетерлігі ара қатынасын ескереді. Қызметтің ерекшелігі сонда, оның заттай формасы болмағанмен, пайдалы мәні бар, адам іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.Тауарлар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін.

Тауардың екі қасиеті бар:

-      қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;

-      басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.

Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу алу қасиеті айырбас құны деп аталады. «Тауар» категориясына дейін тарихта «игілік» ұғымы болған, ол заттардың адамзаттың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсетеді.

Экономикалық әдебиеттерде «игілік» категориясы әртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, ағылшын экономисі А.Маршалл (1842-1924 ж.ж) «Саяси экономика принциптері» кітабында игілікті адамның барлық көңілі ауған заттарын түсінген, және ол адамның қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Игілік қоғамдық ұдайы өндіріспен байланыстырылатын болса сирек кездесетін болып есептелінеді. Игілік экономикалық және экономикалық емес болып екіге бөлінеді. Экономикалық игіліктер, индивидумдардың әртүрлі игіліктерге сұранымдармен салыстырғанда, әрқашанда шектеулі болған. Алғашқы рет «экономикалық игіліктер» ұғымын ғылыми айналымға итальян экономисі А. Пезенти (1910-1973 ж.ж) ендірді. Табиғатта белгілі игіліктер (ауа, жер, жарық, климат) бар және оларды адамдар күш-қайратын жұмсамай-ақ, қолдануына болады. Осы игіліктерді экономикалық емес игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар жатады. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Ол өзінің ғана емес, басқа адамның тұтынуына арналған, яғни айырбас үшін немесе сатып алу-сатуға бағытталған. Қоғамдық өндірістің қазіргі құрылымы мен нарықтық қатынастарды ескере отырып, материалдық өнім ғана тауар емес, сондай-ақ материалдық емес сипаттағы қызмет көрсетуде тауар бола алады.

9.Экономикалық жүйелер. Қандай экономикалық жүйелерді білесіз. Әр қайсысына сипаттама беріңіз.

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы  ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет  шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен  шектеледі, шетелдермен қатынас  болмайды.

Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика  белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

Меншік қатынастарының формалары бойынша:

1.Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа  жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша  қатынастар қалыптасады.

2.Әкімшілік — әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен  өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік  меншіктің  үстемділігі жүргізіледі.

3. Нарықтық экономика -  меншікке, бәсекеге негізделеді.

4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық  механизмдерінің  араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

1.Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:

Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

Өндірістің дамуы мен  әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.

Техникалық прогресс шектеулі.

Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.

Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

Мемлекет пен қарулы  күштердің ролі өте жоғары.

Әкімшілік-әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:

Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктің болуы.

Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады:

Өндіріс  құралдарына мемлекеттік меншік.

Экономикада орталықтанған жоспарлау.

Өндірушілердің монополист ретінде  көрінуі.

Орталықталынған  ресурстар қоры.

Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.

3.Нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Нарықтық экономика жүйесі –нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.

Нарықтық экономикаға тән қасиеттер:

Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.

Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.

Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:

Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:

Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.

Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.

Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономикажүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.

10. Нарықтық экономика инфрақұрылымын мәнін көрсетіңіз. Заманауи экономикадағы нарықтық инфрақұрылымның құрылымы мен ролін көрсетіңіз.

Кез келген қазiргi объективтi жүйенің сияқты, нарықтың да меншiк инфрақұрылымы бар. «Инфрақұрылым» термині қазіргі жүз жылдық басында, экономикалық талдаудың қарулы күштердiң қызметін дұрыс қамтамасыз ететiн объекттерін және ғимараттарын белгiлеу үшін қолданылған. 40-шы жылдары Батыста инфрақұрылыммен материалдық игiлiктер және қызметтер өндiрiсiнiң дұрыс жұмыс жасауына себепшi болатын салалардың жиынтығын түсiне бастады. Инфрақұрылым мәселелерiнiң зерттелуi бұрынғы Кеңес Одағының экономикалық әдебиеттерінде 70-шi жылдары басталды.Нарық – еркiн ашылмалы-жабылмалы бағалар бойынша тауарлардың сауда-саттығы өтетін орын.Нарықтық экономика – бұл тауарлар және қызметтердiң сатып алу-сату жөнiндегі экономикалық қатынастардың жүйесi, ол әлеуметтiк-экономикалық мәселелер шешiмдерің тиiмдi қамтамасыз ететiн меншiк, еркiн бәсеке және баға белгiлеудiң барлық формалары, плюрализм шартындағы қазына арқылы iске асады.

Нарықтық экономикаға инфрақұрылым қажет, ол өзара байланысты мамандандырылған ұйымдардың жүйесi, тауарлар, қызметтердiң өзара байланысты ағындарының, қазына, бағалы қағаздар және жұмыс күшінің жағдайы жайлы мәселелер жиынтығы. Мысалы, тауарлық нарықта сауда биржасы, көтерме және бөлшек сауда кәсiпорындары, делдалдық қызметпен шұғылданатын фирмалар және т.б жұмыс iстейдi.

Ең алдымен, «инфрақұрылым» ұғымын қарастыру үшiн, «инфрақұрылым» терминінің өзі қандай мағына беретінін анықтау керек.

Инфрақұрылым (латын тілінен infra – астыңғы, астында және structura – құрылыс, орналасқан жер) – нарықтың теориясында: негiзгi макроэкономикалық ағындардың өзара байланысын қамтамасыз ететiн нарықтық институттардың кешені. Инфрақұрылымды «кең» және «тар» деп танып бiледi. Нарықтық инфрақұрылымға кең мағынада барлық жергiлiктi нарықтардағы институттардың барлық жүйелерiн жатқызады. Тар мағынада инфрақұрылымның заттық объектілерiн айтады, әдетте өндiрiсi және қолдануы мемлекетпен қамтамасыз етiлетін «қоғамдық тұтыну тауарлары», (қалалық көлiк жүйелерi, сумен жабдықтаудың муниципалдық жүйелері жәнет.б.).Оның құрамы:

ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.;

материалдық база – көлік құралдары, қойма, ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер, т.б.;

несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері.

Немесе басқаша айтқанда, инфрақұрылым бұл өндiрiске қызмет етуші шаруашылықтар салаларының кешенi.

Нарықтың инфрақұрылымы - бұл нарықтық қатынастардың қызмет етуін қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың жиынтығы.

Нарықтық инфрақұрылымдардың төрт негізгі түрі бар: тауар нарығы, қаржы нарығы, еңбек нарығы және ақпараттық нарық.

11. Натуралды және тауарлы өндірістің формаларының мәнін ашып көрсетіңіз. Пайда болу ерекшеліктері мен шарттарын түсіндіріңіз.

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

Натуралды шаруашылық:

1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады;

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі;

3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.

Тауарлы шаруашылық:

1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады;

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек;

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

  Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердіңбір-бірінен оқшаулануы.Ал, жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты болады.Тауарлы өндіріс натуралды шаруашылықтың даму арқасында дүниеге келді.Негізінен тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірімен оқшаулануы. Тауар айырбасы қауымдар арасында кездейсоқ кездескен жерлерде пайда болып, кейін әдетке айналады. Тауарлы өндіріс жағдайларында адамдар арасындағы “таза” қатынастар еңбектерінің нәтелерін айырбастау түрінде көрінеді.Бұл ерекше бір қатынастар, әрбір жеке еңбекті қоғам тарапынан жанама жолмен жонудың түрі.Ол өнім өндіруге жұмсалған еңбекті айырбас өрісінде өлшеу тәсілі. Тауарлы өндірісі алдымен қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдеу арқылы дүниеге келді. Жекелеген өнімдерді өндіруге мамандану өндірушілер арасында өнімдерін айырбастауды қажет етсе, өндірісті мамандыру еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.Сөйтіп, өнімді айырбастау натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы өндірістің келуіне басты себепші және алғы шарт болды. Тауарлы қатынастардың әлеуметтік-экономикалық негіздеріне тоқталайық. Олардың ең бастысы – қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Әрбір өндіруші қоғамға қажетті өнімдердің белгілі бір түрлерін өндіруге мамандалады да, соның арқасында еңбек өнімділігін артып,молырақ табысқа ие болады. Еңбекші негізі – жеке меншікке байланысты өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы және өндірген өнімдерін еркімен өз қажеттеріне пайдалана алу осы жағдайлар тауарлы өндірісті қажет етеді және оған негіз болады. Сөйтіп, еңбектің нәтижесі тауарға айналады да, қоғамдық өндіріс тауарлы өндіріс түріне көшеді.

Ақшаның мәні мен қызметін түсіндіріңіз.

Ақша – айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.

Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес.  Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

1) құн өлшемі;

2) айналыс құралы;

3) төлем құралы;

4) қор және қазына жинау құралы;

5) дүниежүзілік ақша.

Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана құн өлшемі болады.Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады.

Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады. Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату — сатып алу процесіне қызмет етеді.

Ақша төлем құралы ретінде. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:

1. тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;

2. еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;

3. мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;

4. банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;

5. сақтандару міндеттемелері;

6. әкімшілік — сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.

Ақша — қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттілігі Т — А — Т айналымының екі актілерге Т — А және А — Т айырылуымен байланысты. Қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру — алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады. Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде олар қорлану қызметін жүзеге асырады.

Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халақаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

13. Нарықтың мәнін ашыңыз. Оның қызметін және жіктелуін көрсетіңіз.

Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723-1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол» — бұл сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты өзін өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес. Нарық деген ұғымға бірнеше анықтама беруге болады.

Нарық (рынок) дегеніміз:

1) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы;

2) өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар – ақша қатынастары;

3) сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы құрал немесе тетік;

4) тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы;

5) сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм. Міне осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады.

Нарық құрылымының әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері орын алады:

1) Нарықтық қатынас объектілерінің экономикалық мүдделері бойынша:

- тауарлар мен қызметтер (игіліктер) нарығы;

- өндіріс факторларының нарығы, соның ішінде, еңбек нарығы, капитал нарығы және жер нарығы;

- қаржы нарығы;

- ақпарат нарығы.

2) Географиялық орналасуы бойынша:

- жергілікті нарық;

- аймақтық нарық;

- ұлттық нарық;

- дүниежүзілік нарық.

3) Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша:

- жетілген бәсеке нарығы;

- монополиялық нарық;

- олигополиялық нарық;

- монополистік бәсеке нарығы.

4) Салалар бойынша:

- автомобиль нарығы;

- компьютер нарығы, т.б.

5) Сатылу сипаттамасы бойынша:

- көтерме сауда нарығы;

- бөлшек сауда нарығы;

- фьючерстік сауда нарығы.

6) Заң нормаларына сәйкестігі бойынша:

- ресми нарық;



Страницы: Первая | 1 | 2 | 3 | ... | Вперед → | Последняя | Весь текст


Предыдущий:

Следующий: