Ответы Гос.экзамена ТГП-1


1-билет

1.Мемлекет және құқық теориясы пәні, әдістері

Мемлекет және қуқық теориясының пәні деп арнайы қогамдық өндірістік қатынастар мен тарихи дәстүрлерге байланысты қалыптасан мемлекет және құықтың негізгі категорияларының пайда болып, заңдылықпен дамып, заң ғылымының іргетасы болып танылатын білім жүйесінің жиынтығын айтамыз.

Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі – қоршаған ортаның шындығын зерттейтін әдістер мен жолдардың жиынтығы. Ондай әдістерді, жалпыға бірдей (әмбебап, жалпылама ғылыми, философиялық) және арнайы әдістемелерге бөліп көрсетеді. Жалпыға бірдей әдістеме барлық ғылымдардың білім саласына және оқулық пәндерге тән, себебі олардың негізінде табиғаттың, қоғамның және ойлаудың дамуындағы заңдылықтар бар. Ал жекелеген әдістемелерді, бір ғана ғылым не болмаса, ғылымдардың жиынтығы және арнайы ғылымдар қолданады.

Жалпылама ғылыми әдістемеге мынадай таным әдістемесін жатқызуға болады: идеалистік (метафизика) және материалистік (дуалистика);

Мемлекет пен құқық метафизика шеңберінде өзіндік мәні бар құбылыс ретінде қаралады, адам еркінен тәуелсіз өмір сүреді, тұрақты өзгермейтін құбылыс; олардың пайда болуы объективті танымдылықпен не адам сезімімен байланысты.

Диалектика – табиғаттың, қоғамның және ойлаудың жалпы дамуы туралы ғылым; тұрмыс пен таным туралы жалпы заңдылықтар. Осындай сөзсіз басымдылықтағы отандық ғылыми зерттеуде, мемлекеттік құқықтық құбылыс өмірді қоршаған ортада, өз дамуында динамикада басқадай қоғамдық тұрмыстық факторлармен экономикамен, саясатпен, мәдениетпен тығыз байланыста зерттеледі.

Метафизика мен динамикадан басқа, маңызды әдістеме-лердің біріне – синергетика – өзін-өзі ұйымдастыратын, күрделі әлеуметтік процестер туралы ғылым жатады.

Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтін жекеле-ген ғылыми әдістерге жататыны мыналар:

•Формалды заңдылық (догматикалық) әдіс, ол құқықты зерттеу үшін пайдаланылады, жалғыз ғана өзіндік ерекшелігі бар «феномен» ретінде басқа құбы-лыстардан бөлек, жекешеленіп зерттеледі. Құқық ешнәрсемен бірдейлестірілмейді және салыс-тырылмайды (экономикамен, саясатпен, моральмен және этикамен). Мемлекеттік-құқықтық элементтер (олардың құрамы, қарым-қатынасы, негіздері) өздерінше «таза» конструкцияны жасау үшін зерттеледі.

•Терминологиялық зерттеу әдісі – мемлекеттік-құқықтық проблемалардың негізгі және шеттегі түсініктемелерімен пайдалану, мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды ғылымда бекіген түсініктер мен дефиницилерге талдау жасау арқылы зерттеу.

•Салыстырмалы-құқықтық әдіс дегеніміз – белгілі мемлекеттік-құқықтық институттарды, құқықтық құбылыстарды және процестерді басқа елдердің құқықтық жүйесімен салыстырып, олардың арасындағы

•ұқсастығы мен айырмашылығын ескере отырып, олардың көбірек тиімді жолдарын табу мақсатында пайдаланылады.

•Нақты социологиялық әдіс – мемлекет пен құқықты зерттеу кезіндегі мемлекет пен құқық туралы фактор-ларды еске алу, ол туралы қоғамдық пікірді, статистикалық мәліметті, тұрғындардың пікірін жинау және құқықтық эксперименттер жүргізу, т.б. байқау (құқық социологиясы).

•Құқықтық модельдер – таза (теориялық), заңды нормаларға қажетті идеяларды жасауға қажет (не үшін және ол қалай көрінетін болады, басқа нормалармен қандай қарым-қатынаста болады), бұл мол идеалдарын көрсету;

•Мемлекет пен құқық теориясының, тарихи-салыстырмалы әдісі дегеніміз зерттеудегі пайда болу мен даму заңдылығы, сонымен қатар, мемлекеттік және құқықтық институттарды, әр түрлі тарихи даму кезеңдерімен салыстыру.

•Логикалық әдіс – құқықты түсіндіруге логикалық жолдар мен құралдарды пайдаланады. Формалды логика заңдарына негізделген құқық – формалды белгіленген дұрыс жүйе, ол қандай құқық нормасы болмасын – біткен келісім нәтижесі.

Логикалық әдістердің түрлеріне: анализ, синтез, индукция және дедукция жатады.

Анализ – тұтастықты оның элементтеріне бөлу (мем-лекеттік аппараттың құрамын бөлу, құқық жүйесін салаларға бөлу, қарым-қатынастары мен ерекшеліктерін белгілеу, заңды құжаттарға талдау жасау (контент – анализ, яғни бөліп алып олардың негізгі элементерін зерттеу);

Синтез – алынған деректерді біріктіріп, тұтас көрініс жасау;

Индукция – жекешеден бастап жалпыға қарай зерттеу; мемлекет пен құқықтың жекелеген қасиеттері арқылы көріністі қалыптастыру. Мысалы, белгілі құқық нормаларының негізінде, заңды нормалардың құрылымын және барлық заңдардың құрылуындағы тұтастықты түсіндіруге болады. Нақтылы мемлекеттік органдардың белгілерін анықтау арқылы мемлекеттің механизмін түсінуге болады – бұл белгілі мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдардың жиынтығы.

Дедукция – жалпыдан жекешеге қарай әңгімелеу (мыса-лы, нақтылы құқық саласынан оның құқықтық нормаларының ерекшелігі жөнінде).

Арнайы әдістерге әлеуметтік психологиялық, киберне-тикалық, статистикалық, т.б. жатқызуға болады. Мысалы, кибернетикалық әдіс, құқықтық информацияларды автоматты түрде тексеруге, сақтауға және құқықтық информацияны іздеуге пайдаланылады.

2.Мемлекеттің мәні,сипаты,белгілері

Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, әлеуметтік мақсатын және қызмет етуін анықтайтын ерекше мәнге ие елеулі қасиеті. Мемлекеттің мәнін қарастырған кезде екі жағдайды ескерген жөн:

•Кез келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екені. (формальды жағы)

•Бұл ұйымның кімнің мүдделері үшін қызмет ететінің ( материалдық жағы)

Мемлекеттің мәніндегі басты мәселе оның мазсұндық жағы яғни осы саяси билік ұйымының ең алдымен кімнің мүдделерін жүзеге асыратыны, өз саясатында қандай басымдылықтарды ұстанатынында.

Мемлекет – бұл қоғамдағы бірдей саяси биліктің жүйесі, елдің барлық аумағына таралады және оның тұрғындарының арнайы басқару аппараты және қинауы бар, бар-лығына міндетті ұйғарым шығарады және егемендікке ие.

Мемлекеттің негізгі белгілері:

1. Мемлекеттердің өзіне тән аумақтық (территориялық) бөліктерге бөлінуі.

2. Жариялық өкіметтің құрылуы.

3. Салық жүйесінің болуы

4. Құқық

5. Егемендігінің болуы

3.Құқықтың пайда болу теориялары

Құқық өзін құрайтын үш бөлікке негізделеді және ұсталады: құқықтық идеяларға (құқықтық сезім), құқықтық нормаларға (құқықтық ұйғарымдарға) және құқықтық қатынастарға (заңды табиғаты бар қоғамдық қатынастарға). Осыған орай, заңды дүниетаным, негізінен төмендегі құқықты түсіну түрлерінде көріне алады (қазіргі құқық теориясына).

Табиғи құқық теориясы (табиғи-құқықтық, филосо-фиялық әдіс) құқықтың үстемдік идеясына негізделген (Аристотель, Г.Гроций, Дж.Локк, Д.Дидро, Ш.Монтеське, А.Н.Радищев, т.б.). Табиғи құқық теориясы бойынша, мем-лекетпен белгіленген заңды нормалар, заңдар түріндегілермен (жағымды құқық) қатар табиғи құқық барлығын қолдайды, яғни адам табиғатымен қаматамасыз етілген құқық пен бостандықтың жиынтығы; адамға туғаннан берілген құқықтар (не пайда болу күшімен); қандай жағдайларда болсын алынбайтын және бөлінбейтін құқықтар – өмір сүруге, бостандыққа, жеке басының дербестігі, не жеке меншіктікке, өмірінің жағымды жағдайына, өзі сияқты басқалармен араласу құқықтарына, т.б. Құқық – бұл өзін-өзі күшпен сендірген адамгершілік бағалылықтың жиынтығы.

Нормативті (жағымды) әдіс (Р.Штаммлер, П.И.Нового-родцев, Х.Кельзен) нормаларды мойындауға негізделген. Құқық оның таза күйінде («в чистом виде»), объективті-логикалық заңды қосынды (конструкция) ретінде, көрінеді және әлеуметтіктен, тарихидан, саяси және психологиялық мазмұндардан тәуелсіз; мемлекетпен құрылатын тәртіп нормаларының жиынтығы ретінде және оның өзімен қорғалатын. Сондықтан, құқық тек заңдарда көрсетілген (заңға), заңдардан тыс құқық жоқ.

Құқықтың социологиялық бағыты (құқықтың реалистік мектебі) оның негізіндегі қоғамдық қатынастардың ар-тықшылығына байланысты тұрақталады (құқықтағы әрекет басы). Бұл теорияның негізін салушылар (Л.Дюгн, Э.Эрлих, Г.Конторович, Р.Паунд, К.Левеллин, С.М.Муромцев, Г.Ф.Шершеневич, т.б.) айтқандай, құқық – бұл заңда көрсетілгендей емес, шын мәніндегі тәжірибедегі жағдай. Құқық нормада бекімей, әрекетте бекиді («тәжірибесіз құқық жоқ»). Құқық сотта туады, соттың өзінің кең көлемдегі қалыпты пікірі бар. Ол нақты істі, заң нормаларының материальдық жағдайын өте аз пайдаланып шеше алады. Ол қатаң процедуралық жолмен, өзінің өмірлік тәжірибесімен және құқықтың жалпы қағидаларына сүйеніп істі шеше алады.

Солидаристік бағыт не құқықтың әлеуметтік концеп-циясы (Л.Дюги) оның оның социологиялық түсінігіне өте жақын. Құқықта бір-бірімен араласатын адамдар топтарының арасындағы гармонияға (келісімділікке) жететін құрал ретінде түсіндіреді және саясатты, экономиканы, моральды, т.б. (әлеуметтік қолдаушылық) сол гармонияны күзетуші және қорғаушы ретінде санайды. Мысал бола алатын жағдай, құқықты, солай айтылатын «корпоративтік мемлекеттегідей» құқық ретінде түсінушілігі.

Құқықтың психологиялық теориясы (Л.Петражицкий, Г.Тард). Бұл теория бірнеше орынға жеке адамның мотивациялық-психологиялық ұстанымын алға тартады. «Құқық – бұл сол көрсетілген емес, адамның бар құқыққа қалай қатынас жасайтындығында (заңға). Құқық жағымды, интуитивті құқыққа ұқсас. Оған қоса құқық интуитивті (шын құқық шығу көзі, себебі тек сол ғана адамның әрекетін қозғаушы сәт. Л.И.Петражицкий нормативті тәртіпті былай түсіндіреді: «әлеуметтік институт», адамдардың жалпы тәртіппен жүруіне сай көрінетіндігі; «жағымды моралдық жағдай», міндетті сезіну, сыртқы мәжбүрлеуден, жазалаудан қорқу; құдай билігін еске салу. Дегенмен, барлық осы факторларды іс жүзіне асыру үшін, ол айтқандай, тиімді әлеуметтік, діни бақылаудың қажет екендігіне көңіл аударып, жоғарғы діни сезімділікті және мемлекеттік заңдардың қатаңдығын қолдайды.

Маркстік (материалистік, таптық) құқық теориясы (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Ленин) таптық тұрғыға негізделіп, құ-қықтық заңға айналдырған үстем таптың еркі ретінде танып, оның қоғам дамуындағы экономикалық факторларға сай қалыптасатын және оның қолындағы мемлекеттік билікті қол-дайтын құрал ретінде таниды. Құқық тек мемлекетте әрекет ететін нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы ретінде көрсетіледі, яғни, заң сонымен толық ұқсастандырылады.

Құқықтың тарихи мектебі (Ф.К.Савиньи, Г.Ф.Пухта) құқықты халықтың рухының туындысы ретінде санайды. Ол қоғамда тарихи процесс кезінде тіл сияқты қалыптасады, мемлекеттің еркінен тәуелсіз. Әдет заңнан жоғары тұрады. Мемлекетке сол қалыптасып жатқан нормаларды байқап оларды бекітуін қалайды. Солай ұлттық құқық қалыптасады.

Реалистік мектеп (Р.Иеринг) құқықты мемлекетпен қорғалатын мүдде ретінде қарайды (құқық мемлекеттің мәжбүрлеуінсіз түкке тұрмайды).

Құқықтың либертарлды бағыты (В.С.Нерсесянц, Л.И.Спиридонов, Р.З.Рившиц, В.А.Четвернин, т.б.) құқықтың жоғарғы тәуелсіздігіне және оның жақсылық пен адалдықтың мөлшері екендігі көрсетіп, соған сүйенеді.

2-билет

4. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі орны, маңызы

Мемлекет пен құқық теориясы заңгерлік оқу пәндерінің жүйесінде ерекше орын ала отырып, студенттерге мемлекеттік-құқықтық қоғам өмірі туралы білім береді, жалпы заңды мәдениеттің, заңды ойлаудың негізін қалыптастырады және мемлекет пен құқық туралы алғашқы түсініктер мен категорияларды үйретеді, себебі онсыз басқа заң пәндерін зерттеу мүмкін емес.

5. Мемлекет типологиясы

Мемлекеттің типологиясы (кейіптері) – бұл белгілі, тарихи ерекшеленген топтағы мемлекеттерге тән жалпы белгілерінің жиынтығы. Құқықтық ғылымда басым тұрған, негізінен екі теория – формациялық және өркениеттік.

Мемлекетті және құқықты кейіптеудегі формациялық әдіс – бұл қоғамның дамуын, тарихи типтегі мемлекеттердің ауысу заңдылықтарын, қоғамның экономикалық базисіндегі (негізіндегі) оның өндірістік қатынастары мен таптық құрамдарының сапалы өзгеруі тұрғысынан зерттеу. Өркениет түсінігін ағылшын тарихшысы А.Тоинби (1889-1975) нақтылады және дамытты. Ол өзінің «Постижение истории» деген орнықты еңбегінде өркениетті салыстырмалы тұйық және қоғамның жергілікті жағдайы ретінде түсінді, сондықтан мәдени жалпылығымен, экономикалық, гео-графиялық, діни, психологиялық және басқадай факторларымен айырмашылығы барлығын айтқан.

Мемлекет пен құқықты кейіптеудегі (типологии) өркениеттік (цивилизационный) әдіс – бұл қоғамның дамуындағы мемлекет пен құқықтың тарихи кейіптерінің ауысу заңдылықтарын, қоғамның әлеуметтік-мәдени аядағы, халықтың рухани мәдениетіндегі, оның дініндегі, адамилығындағы өзгерістерді сапалық көзқараспен зерттеу (В.Гумбольд, А.Тойнби, О.Шпенглер, М.Вебер, У.Ростоу, Н.Данилевский, Л.Мечников, П.Сорокин, Л.Гумилев, т.б.).

6. Құқық нысандары

Құқықтың қайнар көзі – бұл мемлекет атынан шыға-рылған, жекелеген нормалардың, институттар мен құқық салаларының мазмұндары бар, арнайы жазба түріндегі құ-жаттар.ҚҰқықтың қайнар көздері: Нормативтік акт, құқықтық әдет, құқықтық прецедент, нормативтік шарт.

Ерте кезде заңдардың мазмұндары тасқа қашалып жазылған, үйдің қабырғаларына, жеке тақтайларға, орамаларға жазылған. Бұны да құқық нысанына жатқызуға болады. Қазіргі кезде құқықтың қайнар көздеріне (нысанына) роман-германдық құқықтағы нормативтік актілер (заңдар, ордо-нанстар, статуттар), ал англо-саксондыққа – келісім және құқықтық прецедент жатады.

Құқықтың қайнар көздерінің қалыптасуы екі жолмен іс жүзіне асырылады: құқықтық шығармашылық және сол не басқа әлеуметтік нормаларға санкция беру. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, арнайы өкілеттік берілген мемлекеттік орган-дар мен лауазымды адамдардың, құқықтық шығармашылық әрекеттері.

3-билет

7. Мемлекет механизмі түсінігі мен құрылымы

Мемлекет механизмі (аппарат) – бұл органдар мен меке-мелердің жүйесі, солар арқылы мемлекеттің функцияларының орындалуы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік аппаратың белгілерін сипаттауға жата-тындар:

•мемлекетке өзінің қоғамдағы билігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шын мәніндегі ұйымдасқан материалдық базаның (негіз) болуы;

•басқару органдарымен қатар күш көрсете алатын мемлекеттердің әскер, полиция, сот, абақтылар болуы;

•мемлекетпен барлық қоғамның жақсылығы үшін бел-гілеген функцияны орындаушы, өз еңбек ақысын тек мемлекет қаржысынан алатын ерекше қызметкер-лердің болуы;

•әрбір мемлекеттік органдардың шешімі мен өкімінің бәріне бірдей міндеттілікте болуы;

Мемлекеттік аппараттың әрбір элементтерінің өзіне тапсырылған тапсырманы орындау процесіндегі әрекеті кепілдікке алынады, мемлекеттік мәжбүрлеу арсеналының барлық құралдарын қолдану мүмкіндігі.

Мемлекеттік органдар қызметі үш нысанға бөлінеді:

•Құқықшығармашылық

•Құқықатқарушылық

•құқыққорғаушылық

8. Құқықтық жүйелер түрлері мен ерекшеліктері.

Құқықтық жүйе – бұл бір-бірімен қарым-қатынастағы келісілген және әрекеттестік құрал, қоғамдық қатынастарды және элементтерді реттейтін жиынтық сол не басқа елдердің құқықтық дамуының деңгейін сипаттаушы.

•роман-германдық құқықтық отбасы (конституциялық құқық);

Романо германдық құқықтық жүйенің белгілерінің қатарына мыналарды атауға болады: жазбаша құқықтың бірыңғай иерархиялық жүйесі. Бұл жүйеде басты орынды нормативтік актілер иеленеді (заңнама). Ең жоғарғы конституцияның болуы. Ежелгі Рим империясынан бастау алады.( АҚШ, Франция, Польша).

•ағылшын-саксондық құқықтық отбасы (жалпы құқық-тың жүйесі);

Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің ұлттық құқықтық жүйелері жатады. Сот преценденті құқықтың басты қайнар көзі болып табылады. Судьялар құқық жасайтын субьект ретінде танылады. Жариялық және жеке құқық арасында үлкен айырмашылықтардың болмауы.

•діни-дәстүрлік құқықтық жүйелер.Бұл құқықтық жүйе негізінде Қытай, Индонезия, Жапония, Оңт.Африка, Мадагаскар және т.б мемлекеттерде қалыптасқан. Құқықтың қайнар көздерінің жүйесінде басты орынды әдет ғұрыптар мен салт дәстүрлер иеленеді, олар әдетте жазылмаған нысанда және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырылады. Сот тәжірбиесі құқықтың басты қайнар көзі болып табылмайды.

9. Азаматтық қоғам түсінігі мен құрылымы

Азаматтық қоғам – бұл ерікті мемлекеттік емес институттардың жиынтығы және экономикалық, саяси, әлеуметтік және қоғамның рухани өмірінің қатынастары, онда әр түрлі топтарға адамдардың плюралистік мүдделері мен олардың құндылықтарын қорғайтындар көрсетіледі; бұл өз әрекеттерінің және азаматтардың өзін-өзі көрсету аясы мақсаты өздері үшін маңызы бар мәселелерді және проблемаларды шешуге, өзінің бөлінбейтін құқығы мен бостандығын қорғауға арналған. Азаматтық қоғамның құрылысы – бұл қоғамның ішкі құрылымын, онда өзін құратындардың көпжақтылығы жеке қарым-қатынасымен қамтамасыз ететін тұтастығы мен даму динамизмі көрсетіледі. Қазіргі қоғамның құрамына әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер жатады:

•әлеуметтік жүйе – әлеуметтік топтар, таптар, этнос-тар, ұлт, халықтар жиынтығы ретінде: адам (индивид, жеке адам); отбасы, әр түрлі әлеуметтік топтар (шығармашылық одақтар, кәсіподақтар, үй қызметкерлері, мүгедектер, студент-тер), т.б. Адам өмір сүру процесінде, бір категориядан азамат-тық қоғамның екіншісіне өте алады. Олардың әрқайсысының мүдделері мемлекетпен есепке алынып тепе-теңдік белгілі компромисс құрылады;

•экономикалық жүйе – тиімді нарықтық негізден: көптүрлі меншік институтынан; өндірістік процестерден, айырбастан және пайдаланудан; әртүрлі шаруашылық субъектілерден тұрады;

•Саяси жүйе – бұл мемлекеттік, партиялық қоғамдық ұйымдардың жиынтығы, құқық тұтасымен саяси қатынастар, шаруашылық субъектілерден тұрады;

•Рухани мәдени жүйе – бұл ақпараттық, мәдени-сақтандыру әрекетіндегі институттар мен қатынастардың жиынтығы (білім, мәдениет, тәрбие, шығармашылық, дін және институттар оларды белгілеушілер);

•Ақпараттық жүйе – адамдардың бір-бірімен арала-суының нәтижесінде қалыптасатын қатынастардың жиынты-ғы: қоғамдық, муниципалдық және жекеленген ұйымдар, ме-кемелер, кәсіпорын және азаматтар және олардың бірлес-тіктері өндірісті іске асырып, көпшілік ақпарат құралдарына шығарған.

4-билет

10. Мемлекеттік органдар түсінігі түрлері

Мемлекеттік орган – заңмен дайындалған, ұйымдастыру-шылық және шаруашылықта, құрамдық ерекшеленген мемле-кеттік аппараттың бөлігі, мемлекеттік билік өкілеттігі бар жә-не қажетті материалдық құралдарымен, өз құзіретінің шегінде мемлекеттік тапсырмалар мен функциясын орындайды.Мемлекеттік органдар үшке бөлінеді: ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ (ПАРЛАМЕНТ),АТҚАРУШЫ (ҮКІМЕТ),сот органдары

Заң шығару органдары (мемлекеттік билік органдары не өкілетті органдар), олар өз өкілеттігінің жиынтығымен, жоғарғы заңдық күші бар нормативтік актілерді шығаруға құқығы бар – заңдарды және атқарушы биліктің әрекетін тексеретін актілерді шығарады.

Мемлекет басшысы – бұл мемлекеттегі ең жоғарғы орган, оның жоғарғы атқарушы билікті алып жүруші және бір мезгілде бүкіл қоғамның сыртқы қарым-қатынасындағы арнайы өкілі (монарх, президент).Үкімет (министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, ми-нистрлер кеңесі) – төрағасымен басқарылады (премьер-ми-нистрмен, канцлермен, министрлер кабинетінің төрағасымен, мемлекет басшысымен) жоғарғы алқалы, жоғарғы құзіреті бар мемлекеттік биліктің елді тікелей басқаруды іс жүзіне асы-ратын атқару-басқару органдары. Халық шаруашылығындағы жекелеген аяларды оперативтік жолмен не қиын проблемаларды шешу мақсатында, үкіметтің құрамында ведомствоаралық комитеттер мен комиссиялар құрылады.Сот органдары – әділ сот жүргізу үшін қажет, яғни сот отырысында белгіленген заң жүзінде азаматтық және қылмыстық істерді, заңдылықты және құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды нығайту мақсатында қарайды.

11. Құқықты жүйелеу

Құқықтық жүйе негізінде құқық нормаларынан құқықтық институттардан және құқықтық салалардан тұрады.

Құқық жүйесі – бұл объективті қамтамасыз етілген қоғамдық қатынастар жүйесі, құқықтың ішкі құрылымы, онда бірлікте және келісілімділікте көрінетін, мемлекетте әрекет ететін құқықтық нормалар және құқықтың бөлінуіндегі салыстырмалы еркіндіктегі бөлігі – нормалар, институттар және құқық салалары.

Жекеше құқық – жекеленген адамдардың мүддесіне қызмет етеді: жекеленген адамдардың мүддесін көрсететін және қарайтын құқық салаларының жиынтығы (азаматтық, кәсіпкерлік, отбасылық, патенттік, қамсыздандыру, еңбек құқықтары, т.б.).

Материалдық құқық салалары тікелей қоғамдық қатынастарды реттейді: мемлекеттік құрылысты, мемлекеттік органдардың ережесі мен құрылымын бекітеді, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Процессуалдық сала – материалдық құқық нормаларын іс жүзіне асыру процедурасын белгілейді және соның өзінен шыққан (азаматтық процессуал, қылмыстық процессуал құқық, әкімшілік-құқықтық процесс, арбритраж және конституциялық процесс).

Негіздік құқық саласы өзінің әрекетін барлық құқықтық шындықтағы субъектілерге таратады (конституциялық, қылмыстық, әкімшілік, т.б.).

Арнайыланған (арнайы) құқық саласы салыстырмалы жіңішке, нормалы қоғам өмірінің нысанына арнайыланған, субъектілерге қатысты (еңбек, отбасылық, жер, қаржылық, кәсіптік, экологиялық, т.б.);

Комплексті құқық салалары қандай болмасын белгілі әрекеттегі аяны реттейді, бірақ мұнда әр түрлі құқық салаларына қатынасы бар (ауылшаруашылық, коммерциялық, экологиялық, т.б.)

12. Құқықтық тәрбие және оны жетілдіру мәселелері

Құқықтық тәрбие дегеніміз мемлекетте барлық құқықтық дәстүрлі этикалық тетіктерді пайдалана отырып субьектілердің құқықты құрметтеуге деген құқықтық саналарын қалыптастыру. Құқықтық тәрбие мынандай шараларды қамтиды:

•Субьектілердің құқықтары мен бостандықтарын жетік білу арқылы өз құқықтарын қорғаулары.

•Заңсыздық пен бассыздыққа адам құқықтарын аяққа таптауға жол бермеу және күресу.

•Құқық бұзушылықтың қандай түрі болмасын бәрімен белсенді күресу, алдын алуға құқықтық шеңбер аясында ат салысу.

5-билет

13.Мемлекет нысаны (формалары)

Мемлекеттің формасы дегеніміз мемлекетте билік жүргізуді ұйымдастырудың арнайы сыңарларының мәндік жиынтығы. Мемлекеттің формасы негізінде үш сыңардан тұрады:

•Мемлекеттің басқару нысаны (республика, монархия)

•Мемлекеттік құрылымы (унитарлық,федерация,конфедерация,достастық, империя)

•Саяси режим (демократиялық демократиялық емес.)

14. Құқық нормасы түсінігі, құрылымы, түрлері.

Құқық нормасы дегеніміз мемлекетпен бекіткен, бәріне бірдей формаларды айқын және орныдалуы, сақталуы қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез құлықтың үлгісі.

Құқық нормасының түрлері:

•РЕТТЕУШІ

•ҚОРҒАУШЫ

Реттеуші нормалар: құқық беруші,тыйым салушы, міндеттемелік.

Құқық нормалары әрекет етуіне қарай: императивтік, диспозитивтік.

Құқық нормасының құрылымы дегеніміз қисынды мағынамен оның ішкі мазмұнының элементтерін айқындап көрсету. Құқық нормаларының құрылымы мынадай элементтерден тұрады:

•Гипотеза ( шарт, жағдай)

•Диспозиция (мінез-құлық)

•Санкция (жаза)

15.Құқықтық мемлекет түсінігі белгілері

Құқықтық мемлекет – бұл сондай саяси биліктің ұйымы, онда адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын толық қамтамасыз етуге жағдайлар жасайды, сонымен қатар, құқықтық заңдардың көмегімен мемлекеттің өзінің жағынан теріс пайдалануға жол бермейді.

•Заң тыйым салмағанның барлығына рұқсат.

•Мемлекеттің барлық саласында заңның үстем болуы

•Адам құқықтары ең жоғары құндылық деп танылуы, мызғымас болуы және жариялық өкімет тарапынан тиімді қорғалуы

•Мемлекетте билікті бөлу теориясының нақтылы дәрежеде қалыптасуы

•Мемлекеттің жеке адам алдында жауаптылығы, адамның мемлекет алдындағы жауаптылығы.

•Плюрализм

•Сот билігінің нағыз мағынада тәуелсіз болуы және адам құқықтарын әділеттілік негізінде қорғауы.

•Кінәсіздік презумциясы

6-билет

16.Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет

Адамдар мен мемлекеттің өзара байланысын саяси билікті ұйымдастырушы, өзара бірігіп әрекет ететін нормалар мен идеялардың соларға негізделген саяси институттардың, мекемелердің және әрекеттердің жиынтығын саяси жүйе деп атаймыз.

Бұл құрылымның негізгі мақсаты – адамдардың саясаттағы әрекеттерінің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету әдебиеттерде саяси жүйенің 4 бағытын диалектикалық бірлігі болып табылады деп көрсетілген.

Институтционалдық – қоғамдық саяси ұйымын құрайтын мемлекеттер, партиялар, әлеуметтік-экономикалық басқа да ұйым жиынтығы.

Реттеуші – құқық, саяси норма, дәстүр, мораль

Функционалдық – саяси режимнің негізін құрайтын саяси әрекеттер тәсілі.

Идеологиялық – саяси сана, ең алдымен берілген қоғамда үстемдің құрушы идеология.

Саяси жүйенің құрамында негізгі компоненттері: саяси және құқықтық норма,саяси құрылым, саяси қызмет, саяси сана, саяси мәдениет.

Саяси және құқықтық нормалар – Конституция, кодекс, жарғы, партия бағдарламасы, саяси дәстүр түрінде бекітілген, саяси қатынастарды реттеуші, ережелермен қалыптасқан және бекітілген, жүріс-тұрыс ережелерімен саяси және құқықтық нормалар деп атаймыз.

Саяси құрылым – саяси мемлекеттік ұйымдардың, институттардың мекемелердің жиынтығы және олардың арасындағы қатынас.

Саяси қызмет – адамдардың қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыру жүйесін қорғау және қайта құру, жұмыс жасауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Саяси сана және саяси мәдениет – саяси биліктің, механизмнің әрекеттерін көрсететін және адамдардың саяси қатынастардағы мінезін бағыттайтын рухани көріністердің әр алуандығы.

Саяси қауым мүшелерінің қабылданған және олардың әрекеттерімен қатынастарын реттеуде пайдаланатын, сенім символдар, саяси идеялар мен қазыналар жүйесін саяси мәдениет деп атаймыз.

Қоғамның саяси жүйесі – белгілі бір функцияларды жүзеге асырушы мемлекеттік және мемлекеттік емес, әлеуметтік институттардың жүйесі. Қоғамдардың саяси жүйесінің негізгі субъектілері ретінде мемлекеттік саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар көрінеді. Мемлекеттің ерекше белгілеріне ие болғандықтан қоғамдық саяси жүйеде шешуші рөл атқарады. Белгілері:

-мүдделер күресін тудырушы әлеуметтік өзгешеліктер болғанда қоғам интеграциясына деген қабілеттілік;

-бекітілген ережелердің орындалунында құқықтық мәжбүрлеуші билік органы;

-қоғамдағы мемлекеттің құқықтық шығрамашылық қызметі;

-мемлекеттің билікті жариялығы;

-саяси кеңестік шегінің анықтылығы.

Саяси партияларда саяси жүйенің негізгі субъектілері болып табылатын партияларды насихаттаушы, қорғаушы, өзіндік бағдарламаларымен мақсаттар жүйесі бар, ұйымдасқан құрылымы болады. Партиялар –5ке бөлінеді.

1.Топтық – өндірістік қатынастардың құрылымындағы орындарына қарай әлеуметтік топтардың мүддесін көздейді. (шаруа мнен жұмысшы).

2.Ұлттық діни – мемлекеттің деңгейдегі этникалық топтардың ерекше мүдделерін көздеу.

3.Мәселелік – қандай да бір әлеуметтік міндетті шешуге арналған. (экономи партия).

4.Мемлекеттік патриоттық – мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуші барлық әлеуметтік топтардың өкілдеріне негізделген.

5.Қандай да бір әйгілі саяси тұлға төңірегінде қалыптасқан оның көтермелеуші тобы ретіндегі партия.

17.Әлеуметтік нормалар түсінігі, түрлері және ерекшеліктері

1. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің әртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз кезегінде, техникалық және әлеуметтік болып бөлінеді.

Техникалық нормалар–бұл адамдардың еңбек құралдарын және табиғат заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолану ережелері, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта емес; ә) «субъектілікң құрамы тек адамдармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы әлеммен, табиғатпен, техникамен де байланысты.

Әлеуметтік нормалар–бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, моральдық, діни, саяси, эстетикалық, әдет, корпоративтік нормалары жатады. Әлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта болады, ол–қоғамдық қатынастар; ә) «субъектілікң құрамы әлеуметтік саланың өкілдері ретіндегі адамдармен ғана байланысты.

Техникалық және әлеуметтік нормалар өзара тығыз байланыстылықта болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техникалық нормаларды мемлекет пен құқық қолдайды, нәтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға міндетті техникалық-заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы, қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.

2. Құқық пен моральдың арақатынасы. Мораль–бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Құқық–бұл мемлекетпен орнықтырылған және қамтамысыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

Құқық пен моральдың ортақ белгілері:

1) әлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді нормалар болып табылады;

2)олардың реттеу объектісі біреу–қоғамдық қатынастар;

3) олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.

Құқық пен моральдың арасындағы айырмашылықтар төмендегідей:

1) пайда болуы бойынша: егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, құқық мемлекетпен бірге пайда болады;

2) көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастардан көрініс тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады;

3) әрекет ету саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттей алады, ал құқық аса маңызды және өзі реттей алатын қоғамдық қатынастарды ғана реттейді;

4) күшіне ену мерзімі бойынша: моральдық нормалар олардың түсіну барысында күшіне енсе, құқықтық нормалар нақты анықталған мерзімде күшіне енеді;

5) қамтамасыз ету тәсілі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілсе, құқықтық нормалар мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

6) бағалау негізі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық қатынастарды жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттесе, құқықтық нормалар оларды заңдылық пен заңсыздық, құқыққа сәйкестік пен құқыққа қайшылық тұрғысынан реттейді.

3. Құқық және діни нормалар. Діни нормалар деп әртүрлі діндермен орнықтырлған және осы дінге сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді атайды. Олар әртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тәуратта, буддистердің діни кітаптарында және т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының және қызмет етунің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дәуірлерде діни нормалар заңды сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азамттық-құқықтық, отбасы-некелік және т.б. қатынастарды реттеген. Қазіргі кездегі бірқатар ислам мемлекеттерінде Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын реттейтін діни, құқықтық және моральдық нормалардың негізі болып табылады.

Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатынастарда қолданыстағы құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция әрбір адамға ар-ождан бостандығын, кез-келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып, діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мәртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орындарына иелік етуге құқылы.

4. Құқық және корпоративтік нормалар. Корпоративтік нормаларға мүшелікке негізделген еркін қауымдастықтардың, кәсіптік одақтардың партиялардың жарғылары мен басқа да құжаттарында бекітлген нормалар, сонымен қатар, кооперативтік және коммерциялық ұйымдардың жарғыларында бекітілген нормалар жатады.

Қорпоративтік нормалар мен құқықтық нормалардың ұқсастығы олардың екеуінің де белгілі бір ресми тәртіппен қабылданған жазбаша құжаттарда бекітілуінен байқалады. Ал корпоративтік нормалардың құқықтық нормалардан айырмашылығы–олар өздеріне сәйкес ұйымдардың мүшелерінің ғана еркі мен мүдделерін білдіреді және солар үшін ғана міндетті болып табылады. Корпоративтік нормаларды бұзушыларға ұйымның жарғысында көзделген әсер ету шаралары қолданылады.

5. Құқық және әдет-ғұрып. Әдет ретінде күнделікті қалыптасқан әрекеттердің нәтижесінде қалыптасқан ережелерді атайды. Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нәтижесінде оларды сақтау әдетке айналған нормалар әдет нормалары деп аталады.

Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормаларға көпшіліктің әдетті түрде бағынуына негізделеді (заңдарды сақтау әдеті). Кейбір жағдайларда санкцияланған әдет құқықтың қайнар көзі болып табылады.

18.Құқықтық нигилизм және онымен күресу жолдары

Адам баласының тарихында құқыққа екі қарама-қарсы түсінушілік қалыптасты, тікелей құқықтық сана аясында көрінеді.

Біріншісі, құқық маңызды әлеуметтік бағалылық, және қоғамның ұйымдасуы мен дамуындағы негізгі факторлардың бірі (бастысы болмаса) ретінде мойындайды. Мұндай құқыққа деген көзқарас заңды дүниетанымдылық деп аталады. Олармен, барлық кәсіптік әрекеттерді юристердің толықтыруы қажет. Дегенмен мөлшерінен асқан құқықтың күші туралы сенім шындықтан айырылу белгілі жағдайда белгілі негативтік нәтижеге әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, оның абсолюттік бағытына (құқықтық феттизм, романтизм, идеализм, волюнтизм), дүниеге құқықтық утопияны енгізу, яғни олардың жоқ бірақ идеялды жасалған қоғам мен құқықтың жүйесімен. Тәжірибеде қоғам құқықтық популизмінің көрінісімен кездесуі мүмкін, яғни билік әрекеттерімен, мақсаты құқықтың белгілілігін жұртқа таралуды қамтамасыз етуге негізделгенмен сендіру және демагогикалық ұрандар арқылы іске асыру.

Екіншісінде құқықтық құқыққа қатынас скептикалық не немқұрайдылық оның әлеуметтік мүмкіндігіне сенімсіздікпен қарап тіпті жоққа шығарылады нигилизм – (пассивті және белсенді). Құқыққа нигилистік көзқарасты конфуцианство мен анархизм қолдайды және негіздейді (В.Годрин, П.Прудон, Ж.М.Штирнер, М.А.Бакунин, П.А.Кропоткин).

Құқықтық нигилизмнің өте көп өзгешелігі бар. Ол адам мен құқықты толық бағаламауынан көрінеді (құқықтық нигилизм), не жауапкершіліксіз, заңның талабына жеңіл ойлылықпен қарау қатынасы (құқықтық инфатилизм), не заңды күші бар құқық нормаларын белсенді түрде қабылдамауы (шынында құқықтық нигилизм). Мұндай жеке адамның құқықтық санасындағы өзгеріс құқықтық әлеуметтендірудің кемістігі – деп аталады. Кей кезде бұл кемістік тіпті шектен шыққандық нысанды көрсетіп, құқықтық бастама саналы түрде және мақсатты бағытта есептелмей, мотивті пайдалану, қатаңдық, пайдакүнемдік және көптеген себептерге байланысты жоққа шығарылады. Бұл процестер көбірек анық қалыптасатын субъектілердің саналы түрдегі құқық бұзушылыққа дайындалумен жалғасады. Сайып келгенде, ондай тенденцияның дамуы солай айтылатын қайта тұрған құқықтық санаға не құқықтың қайта тууына әкеліп соғады. Осыған орай «Современное состояние отечественного правосознания характеризуется наличием в нем никоего правового вакуума, который необходимо чем-то заполнить. С одной стороны, такой вакуум в сознании людей может быть заполнен духовно-нравственными и религиозными ценностями, а с другой, криминальным, уголовным менталитетом с его глубоко нигилистическим отношеним к праву» (Н.И.Матузов) – деген пікірі растайды.

7-билет

19.Мемлекет функциялары түсінігі, түрлері

1.Мемлекет функциясы – нақтылы тарихи кезеңде, өзінің алдында тұрған нақтылы стратегиялық мақсатқа жетуге арналған, көбірек жалпылама мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттары.

Мемлекеттік функцияның белгілері:

•Мемлекеттік қызметтегі маңыздылау бағыттардың ұқсастық аспектілерінің нақтылы аядағы жиынтығы;

•Қоғам өмірінің маңызды аясындағы мемлекеттің қалыптасқан тұрақты пәндік линиясы;

•өзінің функциясын іске асыруда мемлекет биліктік мәжбүрлеу әдісін және қоғамдық қатынастардағы субъектілерге ықпал етудің әр түрлі жолдарын пайдаланады (көтермелеу әдісін, сендіруді және мәжбүр етуді);

•мемлекеттің функциясы жеткілікті түрде заңда белгіленген;

•мемлекеттің негізгі міндеті мен мақсаты, берілген кезеңде орындалады. Олар мемлекеттің әр түрлі көп жоспарлы қызметіндегі бір жағы және мемлекеттің функциясын туғызады.

2. Мемлекет функцияларының түрлері. Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:

а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзегеасырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.

ә) маңыздылығына қарай–негізгі және қосымша функциялар;

б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты–ішкі және сыртқы функциялар.

Мемлекеттің ішкі функциялары–оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, салық салу функциясы, әлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция және мәдени функция.

Мемлекеттің ішкі функциялары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары және оның негізімен, әлеуметтік орнымен, елдің ішкі өмірінің мақсатымен қамтамасыз етілген.

Экономикалық функция – мемлекеттің, қажетті заңмен белгіленген шаруашылықтағы қызметі – ол экономикалық міндеттерді шешеу, оның негізі мен әлеуметтік орнын, экономиканың жөнді дамуының қамтамасыз етілуін көрсетіп, қоғам өміріндегі сырт елдермен экономикалық байланысты белгілейді.



Страницы: Первая | 1 | 2 | 3 | ... | Вперед → | Последняя | Весь текст


Предыдущий:

Следующий: