МЕМЛЕКЕТ және бизнес

Мемлекеттің экономикаға араласу формалары мен әдістері.

Жоспар:

Тікелей араласу.

Жанама араласу.

Фискалды саясат.

Орталық өзіне жүктелген міндетті сенімді түрде атқаруы үшін, мемлекеттің экономикаға араласу формалары мен әдістерін анықтау қажет. Ең алдымен маңызды екі форманы ажырата білу керек. Олар: мемлекеттің өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуды заңдастыруы мен өндірістік кәсіпорындарды басқаруға тікелей араласуы және экономикалық саясаттың әр қилы шаралары арқылы жанама араласуы.

Тікелей араласу. өнеркәсібі дамыған барлық елдерде белгілі дәрежеде экономиканың мемлекеттік секторы бар. Абсолютті болмаса да, оның көлемі мемлекеттің экономикалық рөлінің критерийі қызметін атқара алады. Мемлекеттің қолында әр түрлі формада капиталы болады, несиелер бере алады, үлестік қызметке қатысады, т. с. с. Мұның өзі мемлекет қоғамдық капиталдың бір бөлігіне иелік етеді деген сөз. Батыс елдерінің мемлекеттік секторында адамдардың үлкен тобы еңбек етеді, олар барлық жалдамалы еңбек етушілердің Франция мен Италияда – 11% -тін, ФРГ, Белгия мен Голландияда – 8-9% -тін құрайды.

Өнеркәсібі дамыған елдердің барлығында дерлік мемлекеттік сектордың қалыптасуы мен дамуы салалардың бәрінде бірдей орын алды. Әңгіме, өндіріс үшін маңызды, құны жоғары жабдықтар мен машиналар жиынтығы, яғни негізгі капитал топталған салалар жөнінде болып отыр. Алайда негізгі капиталдың осындай маңыздылығы саланың бәсеке мен дағдарысқа өте сезімталдығын да байқатады.

Шын мәнінде белгілі бір қиындықтарсыз негізгі капиталды бір саладан екінші бір салаға ауыстыру оңайға түспейді. Жұмыссызхдық жағдайында оны оп-оңай азайтуға, іскерлік белсендігін төмендетуге болмайды. Рынок монополиясымен байланысты ұлттық экономиканың кейбір салаларының өнімдерін өткізуге өндіріс орындары тарапынан бақылаудың күшеюі, осы салаларда бағаның күрт төмендеуі, негізгі капитал маңыздылығының төмендеуімен салыстырғанда анағұрлым қауіпті. Әңгіме өте тұрақсыз салалар жөнінде болып отыр, олардың қыметі негізгі капитал үлесінің көптігі жалпы пайда нормасына теріс ықпал етеді. 21 ғасырдың соныңда орын алған қатаң бәсекелік күрес монополистікодақтардың құрылуына әкелді, соңғысы болса 1929-1933 жылдардағы дағдарыс кезінде өз капиталының құнсыздануына еш кедергі жасай алмады. Сондықтан қоғамдық капиталдың құнсыздануымен байланысты қиыншылықтарды жою үшін мемлекеттің тікелей араласуы қажет болды, осы салаға жұмсаған капиталы үшін жеке корпорациялар да өз пайдасын сақтап қалуға ұмтылды. Бұрынғы социалистік елдерде салыстырмалы аз уақыт ішінде бүкіл экономикада мемлекет иелігінен алып жекешелендіру процестері орын алды.

Бұрынғы социалистік елдерде жоғары монополистік құрылымнан бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік құрылымға көшу үшін үлкен жұмыстар атқару қажет.мемлекет иелігінен алу немесе мемлекеттен сатып алу деген атқа ие болған бүл құбылыс шешімі оңай мәселе емес. Осы процеске қарқын беру мақсатымен «ККСРО-да монополистік қызметті шектеу туралы» (шілде, 1991 жыл) КСРО Заңы қабылданған болатын. Мұндай заң Қазақстанда да өз күшіне енді. Заңда бәсеке кажеттігі, оны қоғау мен мүдделендіру идеясы нақты көрсетілген. Құжатта: «Рынокта үстемдік етуші шаруашылық субьектілері өз жұмыстары барысында бәсекеге тыйым салып немесе басқалай шаруашылық субьектілерінің заңды мүдделерін дамытуға кедергі жасайтын болса, олардың іс-әрекетіне тыйым салынады».



Әлемдік практикада монополистікқызметті шектеу жөніндегі мысалдар көп. АҚШ-та трестерге қарсы қабылданған заңдарға сәйкес, 1984 жылы АТТ-дан – 22 аймақтық телефон компаниялары бөлініп шықты. Мұндай бөлінудің мақсаты – АТТ компаниясының бүкіл континенталды жүйеде қызмететуімен байланысты оның монополиялық рөлін жою. Жүз жылдық тарихы бар, құны 150 млрд. Доллар деп бағаланған фирманың бөлінуі нәтижесінде АТТ-ның құны 4есеге төмендеді. Мемлекеттің тікелей араласуы рынок жүйесінің барлық элементтерінің өзара қатынасын дамытып, реттеуге ықпал ететін заң актілерімен қосымша толықтырылды. Экономиканы мемлекеттік реттеу мен байланысты заңактілері орасан көп және әр түрлі. Оған ілгеріде АҚШ-та трестерге қарсы қабылданған заңдардан басқа Франциядағы кооперация туралы ережелер т.б. жатады.

Жанама араласу. Араласудың мақсат-мүддесіне сай экономикалық саясат шаралары мынадай бағыттарда қолданыладв:

күрделі қаржыны мүдделендіру және жинақтау мен инвестицияның тепе-теңдігін қалпына келтіру;

жұмыспен қамту деңгейін барынша жоғарылату;

кәсіпорынның тиімділігін қамтамасыз ету үшін икемді баға саясатын жүргізу;

кәсіпкерлер шығындарын негізгі және жанама баптар бойынша қысқарту;

тауарлардың, капитал мен жұмыс күшінің экспорты мен импортын иүдделендіру;

жалпы бағалар деңгейі мен ерекше тауарлар бағасына ықпал жасау;

кәсіпорындарды сатып алу және оларды басқару.

Мемлекет осы әр қилы шараларды іске асыру үшін фисқалды ақша саясатын жүргізеді

Фискалды саясат. Мұны мемлекеттің кірісті мен шығысының өзгерістерін жоспарлау арқылы жиынтық сұранысты реттеуге бағытталған саясат деп ұғынуға болады. Ақша саясаты – эмиссиялық қызметті өзгерту арқылы, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталған саясат. Мемлекеттік саясатының осы екі бағыты, бір-бірімен өте тығыз байланысты.

Экономиканы мемлекеттік реттеудіңбасты міндеті – мемлекет мүддесін сақтау, тұтас алғанда қоғамды нығайту, халықтың кедей топтарын әлеуметтік жағынан қорғау. Мемлекеттік реттеу болашақ ұрпақты тәрбиелеу, табиғатты, қоршаған ортаның ластанып құрып кетуінен сақтау үшін де қажет.




Предыдущий:

Следующий: