Бизнес-жоспардың құрылымы

Бизнес-жоспар құрылымы:

1.Мақсаты (бизнес-идеяны сипаттау)

2.Өзектілігі (Сіз ұсынып отырған өнім немесе қызмет түрінің әлемдік нарықта және Қазақстандағы сұраныс деңгейін бағалау, перспективаларын болжау. Перспективаларына саяси, экономикалық, географиялық, мәдени, ғылыми- техникалық және тағы басқа факторлар әсер ету мүмкін.)

3. Нарықты зерттеу (маркетингтік зерттеу )- Орал қаласы нарығындағы тұтынушылар базасын және бәсекелестік деңгейін анықтау ( сауалнама жүргізуге, статистиканы пайдалануға , БАҚ құралдарында берілген жарнаманы сараптауға болады) Тиімді және тиімсіз жақтары (SWOT кестесін пайдалануға болады)

4.Идеяны іске асыру (негізгі әрекеттер, қаржыландыру тетіктері, жоспардың құны)

Қаржыландыру шарттарын Damu.kz сайтынан және әртүрлі екінші деңгейлі банктердің сайттарынан білуге болады, берілетін несие бойынша төлемдерді сайттағы банк калькуляторымен есептеуге болады. Жоспардың құнына өнім шығаруға немесе қызмет көрсетуге жұмсалатын шығынды кіргізу керек (коммуналдық қызмет, транспорттық шығын, жұмысшы жалақысы тағы басқалары)

5.Күтілетін нәтиже (график, диаграмма түрінде болуы мүмкін)




Предыдущий:

Следующий: