Бизнес жоспарлау


Нарықтық экономика жағдайында экономикалық дамудың экономикалық моделінің — экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын жене орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар болуында. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділік ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезінде экономикалық, дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың манызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылады.

Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субьектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан атаулар мен ұжымдар да дүниеге кeлдi. Ауылдық елді мекендерде кооперативтер, шаруашылық cepiктестері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты — шағын, орта және ipi бизнест: дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезінде оң нәтижесін беруде.

Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік — экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің ipгeciн нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.

Кәсіпкерліктің жұмысының жемісті болуы оның басшылырында, басқару стратегиясында және бизнес — жоспардың дұрыс құрылуында.

Бизнес — жоспар кәсіпкерлік саласындағы өте құнды құжат. Ол кәсіпорынның болашақтағы жемicтepi. Бизнес — жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері қамтылған, яғни кәсіпкердің өзекті мәселелері таңданып, оны шешу жолдары қарастырылған маңызды құжат.

Әсіресе бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологиялардан пайдаланып бизнес-жоспар жасау өзекті мәселеге айналып отыр.

Белгісіздіктің жоғары көлемі кезінде компанияда пайда болатын типтік қателерді басқарушылық қызметтің бес құраушыларына топтастырылған: ұйымдастырушылық, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және құқықтық. Қызметтің ұйымдастырушылық құраушысында қателер: - білімдер базасын құру немесе таңдау кезінде; - мәліметтер базасын таңдау, құру мен толтыру кезіңде; - басқару процесін ұйымдастыру сызбасын таңдау кезіңде; - компанияға және оның бөлімшелері үшін басқарудың ұйымдық құрылымын таңдау және (немесе) дайындау кезіңде; - серіктес қатынастардың сыртқы құрылымдарын қалыптастыру немесе таңдау кезіңде (дүкендер, дилер жүйесі және т.б.); - жиналыстар мен мәжілістерді өткізу сценарийлерін таңдау немесе құру кезіңде; - серіктестер мен клиенттер туралы мәліметтерді құру кезіңде; - қажетті мәліметтерді ақпараттық (технологиялық және қоғамдық) іздеуді ұйымдастыру кезіңде; - персонал мен бөлімшелер үшін қызметтік нұсқаулардың жиынтығын таңдау немесе дайындау кезіңде; - фирма жұмысы туралы статистикалық мәліметтерді жинау кезіңде; - серіктестермен сенімді жеке, ұжымдық және өндірістік байланыстарды құру кезіңде; - компанияның іскерлік беделін қалыптастыру кезіңде болады. Қызметтің экономикалық құраушысында қателер: - компанияның немесе оның бөлімшелірінің бизнес-жоспарын дайындау мен жүзеге асыру кезіңде; - өнімге бағаның құрылымын таңдау немесе дайындау кезіңде; - персоналды моральдық және материалдық ынталандырудың құралдары мен әдістерін таңдау немесе дайындау кезіңде; - компанияның салық салынатын базасын минимизациялау әдісін таңдау немесе дайындау кезіңде болады. Қызметтің технологиялық құраушысында қателер: - ұйымды және оның бөлімшелірін басқару технологияларын дайындау немесе таңдау кезіңде; - ұйымдастырушылық, ақпараттық және басқа техниканы, сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау, сатып алу мен орнату кезіңде; - сату мен өткізу нарықтарын зерттеу әдістерін таңдау кезінде; - басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру кезінде әдістерді таңдау немесе дайындау кезіңде; - ақпараттар, құжат айналымы, персонал мен ұйым үшін қауіпсіздік жүйесін дайындау немесе сатып алу кезіңде; - кадрларды іріктеу мен орналастыру кезіңде; - басқару мен өндіру жүйесіне өзіндік стандарттарын таңдау немесе дайындау кезіңде;- басқару қызметтерінің тізімін құру мен оларды тарату әдістерін таңдау кезіңде; - мақсаттар мен міндеттер, сонымен қатар оларды жүзеге асыру үшін құралдар мен әдістер тізімін құру кезіңде; - өндірістің дамуына бағытталған технологиялық артық дайындаулардың өзіндік әзірлемелері үшін жүйені таңдау кезіңде болады. Қызметтің әлеуметтік құраушысында қателер: - әлеуметтік топтарды қалыптастыру әдістемесін таңдау немесе дайындау кезіңде; - персоналды бағалау әдістемесін таңдау немесе дайындау кезіңде; - адам потенциалын қалыптастыру әдістемесін таңдау немесе дайындау кезіңде; - кәсіби ішкі оқытудың (ептіліктер, дағдылар мен тәжірибе) әдістемесін дайындау кезіңде; - қарама-қайшылықтарды басқарудың әдістемесін таңдау немесе дайындау кезіңде болады. Қызметтің құқықтық құраушысында қателер. - келісімдер мен шарттардың жағдайларын дайындау мен жүзеге асыру кезіңде; - клиенттермен және серіктестермен қатынастардың құқықтық саясатын дайындау мен жүзеге асыру кезіңде; - компанияның жарғылық және тіркеу құжаттарын дайындау мен түзету кезіңде; - компанияның есеп саясатын дайындау мен жүзеге асыру кезіңде болады. Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру кезінде белгісіздікті дәл есептеу өте қиын, сондықтан оны бағалау мен төмендетудің әртүрлі әдістеріне жүгінеді. Белгісіздіктердің өсуіне үлкен ықпал тапсырманы орындаудың кәсіпқойлығы мен тапсырманы орындау шарттары жасайды, соның ішінде: - шешімді орындау үшін қажетті ресурстарға (материалдық, интеллектуалдық және т.б.) шектеулер; - қарсы тұруға болмайтын күштердің жағдайларына (форс-мажорлық) ықпал ету; - шешімді немесе оның бөлігін орындаушылардың үлкен санына делегирлеу кезіңде субъективті фактордың болуы; - басқару аппаратының мамандарының немесе басшыларының жеткіліксіз кәсіби дайындағы; - шешімнің басқару объектісінің объективті күтулеріне сәйкес болмауы.

1. Бизнес – жоспар құрылымы, қызметтері, бөлімдерінің мазмұны

1.1. Бизнес — жоспар мен, қызметтері және оны әзірлеудің мақсаты

Нарықтың экономикада бизнес-жоспар кәсіпкерліктің барлық сферасында қолданылатын негізгі жұмыс құралы болып табылады. Бизнес-жоспар фирманың қызмет процесін сипаттайды, кәсіпкердің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарын анықтап, оларға жетудің тактикасы мен стратегиясын көрсетеді. Жақсы әзірленген бизнес-жоспар фирманың өсуіне, нарықта жаңа позицияларды басуға, инвестициялық және несиелік ресурстарды алуға, өзіндік дамудың перспективалы жоспарын құруға, жаңа тауарлар мен қызмет өндірісінің және оларды тартудың рационалды әдicтepiн тандау концепцияларын құруға көмектеседі.

Бизнес-жоспар фирмаішілік өзгерістерге немесе нарықтағы өзгерістерге байланысты жаңаланып отырады, оған өзгерістер енгізілді. Бизнес-жоспарды әpбіp фирма көлемінде байланыссыз құрады. Кіші фирмалар бизнес-жоспарды әзірлеуге консалтинг ұйымдардың мамандарын шақыра алады.

Бизнес-жоспар төмендегілерге cүйенеді:

- белгілі бip тауар (қызмет) өндірісінің нақты жобасына-бұйымның жаңа типінің құрылуы немесе жаңа қызметтердің көрсетілуі;

- өндірістік шаруашылық және коммерциялық қызметтердің жан -жақты талдауына, оның мақсаты әлсіз және күшті жақтарын көрсету, басқа ұқсас фирмалардан өзгешеліктері мен спецификаларын көрсету болып табылады;

- нақты қаржылық, техника-экономикалық және ұйымдастырушылық механизмдердің зерттелуі, ол экономикада нақты мақсаттардың жүзеге асырылуы үшін қолданылады.

Бизнес-жоспардың атқаратын қызметтері ішкі және сыртқы болып бөлінеді:

Ішкі қызметтеріне келесілер жатады:

- фирманың даму стратегиясын құру:

- жаңа өнім немесе қызмет көрсету үшін жоба жасау және оны жүзеге асыру;

- фирманың ғылыми — теникалық, өндірістік және коммерциялық потенциалына баға беру және резервті анықтау;

- жаңа технологияларды ендіру және құралдарды сатып-алу шараларын әзірлеу және орындау;

- жаңа жұмысшылар мен мамандарды таңждау және бұрынғы жұмысшыларды қайта оқыту;

- фирма қызметінің қаржылық нәтижелерін бақылау;

- фирма қызметіндегі тәуекелділік деңгейін төмендету шараларын жасау;

- фирма имиджінің жақсартылуы;

- фирманың дағдарыс жағдайларынан шығу жғне банкроттықтың алдын-алу шараларының жоспарын жасау;

Сыртқы қызметтерне келесілер жатады:

- жобаны жүзеге асыру үшін қажетті инвестицияны тарту;

- банктік несие алу;

- фирма акцияларының қаржы нарығындағы өтімділігін қамтамасыз ету;

- шетел капиталын қолдана отырып, бірлескен кәсіпорындар құру үшін ұйымдастыру — қаржылық негіздемесін жасау;

Бизнес- жоспарды әзірлеудің мақсаты келесілер:

1. кәсіпорынның өміршеңдік деңгейін және болашақтағы тұрақтылырын анықтау, кәсіпкерлік қызмиетінің тәуекелділігін төмендету;

2. фирманың қаржылық қызметі бойынша нәтижесін есептеу (өнімді сату көлемі, пайда мөлшері);

3. инвестиция тарту және инвесторлар жағынан қолдауды қамтамасыз ету;

4. жасалған жоспарды жүзеге асыруға қабілетті жұмысшылар командасын іріктеп алу;

Бизнес — жоспарды құру тәртібі мен әзірлеудің ерекшеліктері

Бизнес — жоспар потенциалды инвесторлар оны тез тусіну үшін жақсы әзірленуі қажет және нақты баяндалуы қажет. Ол түсінікті жазылған негізгі даулы сурақтардың сипаттамасынан тұру керек. Жоспар бөлімінің көлемі мен деңгейінің нақтылануы фирма ерекшеліктері мен қызмет ету сферасы байланысты. Бизнес — жоспар көлемі 50 беттен аспауы жөн.

Бизнес жоспарды жасау туралы шешім қыбылдау

Бизнес-жоспарды

Жасауды қаржылық қамтамасыз ету жүйесін жасау

Бизнес-жоспарды жасайтын топ құру

Бизнес-жоспардың мақсатын анықтау

Мамандандырылған фирмалардан ақпараттар алу

Бизнес-жоспар жасауға қажетті техника-экономикалық есептеулер жүргізу

Есеп методикасын таңдау

Сыртқы экспериметтерді қолдана отырып бизнес-жоспарға экспертиза жасау

Бизнес-жоспардың алғашқы вариантын бекіту

Бизнес-жоспардың презентациясын ұйымдастыру және өткізу

Бизнес-жоспарды жүзеге асыру мүмкін болатын серіктестермен әңгіме өткізу

Серіктестердің айтқан ұсыныстарын ескере отырып бизнес-жоспарға түзетулер енгізу

Бизнес-жоспарды жүзеге асыруда серіктестердің қатысу деңгейін анықтау

Жобаны жасау туралы шешім қабылдау

Серіктестермен келісім-шарт қатынастарын бақылап бекіту

Бизнес- жоспарды бекіту

Бизнес-жоспарда орындауы қажет деп көрсетілген жұмыстардың бағдарламасын жүзеге асыру

Мәліметтерді жинау

1.3.Бизнес-жоспар құрылымы мен бөлімдерінің мазмұны

Бизнес-жоспар құрылымы мен мазмұны қатал түрде рекламенттелмеген. Бизнес-жоспар жасауда кеңінен қолданылатын әртүрлі бөлімдер сызбасын

келтірейік:

Есептеулерді т компьютерлік программалармен орындау мүмкіндігі (EXCEL, PROJECT EXPERT)

Резюме

1 бөлім. Жалпы деректер мен талаптар

Маркетингтік старатегияның өңдеуі

2 бөлім. Тауарлар мен қызметтер сипаттамасы

3 бөлім. Нарықты талдау.

Маркетинг стратегиясы

4 бөлім. Өндірістік жоспар

-пайда мен шығындар есебі

- ақша қаражаттары ағымы туралы есебі

- болжамды баланыс

- қаржылық көрсеткіштер

5 бөлім. Ұймдастырушылық жоспар

6 бөлім. Қаржыны жоспар

7 бөлім. Тәуекелдікке баға беру

Жобаның залалсыздығын талдау

8 бөлім. Қорытынды

Қосымша миен құжаттамалар

Сызба 2. Бизнес-жоспар құрылымы

Резюме.

Резюме бизнес-жоспардың барлық бөлімдері құрылғаннан соң жазылады. Бұл бөлім бизнес-жоспарда ұсынылып жатқан қысқа және нақты мәтіндердің жиынтық баяндамасы. Ол бизнестің мақсаттары мен стратегиясын мазмұндайды, өнімнің немесе қызмет түрінің бірегейлілігін көpceтеді және кредиторлар мен инвесторларды ұсынылып отырған бизнес-жоспардағы барлық мәтіндерді оқып шығуңа сендіреді.

Резюме бизнес-жоспардың шешуші позицияларын, қаржылық қажеттіліктерін, нарық потенциалын және келтірілген барлық жағдайлар негіздемесін қысыңқы және сенімді формада көpceтyi қажет.

1. Жалпы деректер мен талаптар.

Кәсіпорынның орналасқан жері, қызмет түpi жене сипаттамасы, сату орындары көрсетеді. Сондай-ақ кәсіпорынның қашан құрылғаны немесе кеңейтілген туралы мәліметтер беріледі. Ұйымдастыру — құқықтық формасының қай түрi тән; фирма салымдарының құрылымы; негізгі шот ашылған банк реквезиттері; фирма басшылығы туралы мәліметтер де қарастырылады.

2. Тауарлар мен қызметтер сипаттамасы.

Бұл бөлімде кәсіпкер жоспарлап отырған тауар немесе қызмет түрін толық суреттеп бepyi қажет. Кәсіпкердің идеясы қаншалықты дұрыс екендігі осы бөлімде анықталады. Тауардың жақсы қасиеттерін атап көрсетіп, оны тасымалдау және өткізу ic-шараларына анықтама береді және тауардың авторлық құқыққа ие екендігін дәлеледейді. Сонымен қатар бәсекелетік артықшылыққа ие екендігін көрсетуі қажет.

3. Өткізу нарығын талдау. Маркетинг стратегиясы

Бұл бөлімның мақсаты — инвесторге жеткілікті фактілерді ұсыну. Жоспардың бұл бөлімі қиын және маңыздысы болып табылады. Ceбeбi қалған бизнес-жоспар бөлімдері нарық бағасына байланысты құрылады. Маркетингтік зертеулер мен талдауларға негізделген жобаның нарықтық бағалануы өндіріс көлемне, маркетингтік жоспарға тікелей әсер етеді және қажет инвестиция мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Өткізу және нарық механизмі талдауының маңыздылығына байланысты бұл бизнес-жоспардың бөлімін басқа бөлiмдepдeн алдын дайындалғаны жөн.

Мұнда өткізу көлемі және нарық курсының ecyi сияқты жалпы көрсеткіштерді анықтайтын әртүрлі ақпарат көздерін анықтау қажет.

Маркетингтік зертеулерді әpбip фирма оның көлеміне байланыссыз жүргізу керек. Kіші фирмалар әдетте мұндай талдауды жүргізуге шеттен

мамандарды шақырады. Осы нәтижелерге сүйене мұндай фирмалар өздері қажет маркетинг позицияларын (стратегияны) таңдайды.

Нарықты талдау үшін немесе маркетингтік стратегия үшін келесі түсініктер қажет:

Маркетинг:

- нарықты құру процесі, өзіндік өнімге (қызметке) деген тұтынушыларды тарту мен ұстап тұру процесі;

- клиенттердің қажеттіліктерін анықтау мен өз қызметше сәйкес пайданы қамтамасыз ету жағдайында оларды қанағаттандыру.

Нарықты талдау мен маркетингтік стратегия бөлімі келесі негізгі бөлімдерге негізделеді:

1. Сатып-алушылар сипаттамасы;

2. Бесекелестер және өткізу көлемі;

3. Сату мен тарату сфералары;

4. Маркетинг стратегиясы.

Бәсекелестік. Бәсекелесетік тауар немесе қызметтің күшті және әлсіз жақтарына реалды баға беріп, оларды шығаратын фирмаларды атап, бәсекелесетің тауар немесе қызметтерді базистік бағасы бойынша, мінездемелері, гарантиялық міндеттер және басқа көрсеткіштері бойынша салыстыру қажет. Бұл ақпаратты кесте түрінде ұсыну қажет. Бәсекелесетің әpбіp тауарлардың артықшылықтары мен кемшіліктерін қысқаша мазмұндап, олар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмау себептерін көрсету қажет. Мүмкіндігінше фирмаға жаңа және жақсартылған тауарларды құруға бәсекелестердің қызметтері туралы қандай ақпараттар есер ете алатынын көрсету. Бәсеке талдауы келесі сұрақтарға жауап бере алады:

- ұқсас өнімдерді ұсынатын фирмалар саны көп пе, немесе бәсекелес қатысушылар саны шектеулі ме (бұл бәсеке күресін жургізу формасын анықтайды);

- нарықтың қай бөлігін жетекші бәсеке фирмалармен бақыланады; — бәсеке фирмаға ұйымдастырушылық құрылымның қайсысы тән және олар өз фирмаңыздың ұйымдастырушылық құрылымынан немен ерекшеленеді;

- фирманың қызмет ету ортасының ауысу жиілігі, бәсекелестердің тұрақтылығы;

- бәсеке негізі не болып табылады.

Әрбір нарық үшін нысаналы түрде фирма мен бәсекелестердің көлік шығындарын, өнім сапасы мен оралымын салыстырып, баганың төмендеу мүмкіншілігін қарастырып, сондай-ақ жарнама компаниялары мен фирма имиджі туралы түсінік болуы керек.

Сату мен тарату сфералары. Мұнда қысқаша қазіргі жағдайда және келешекте бәсекелесе алатын өнім (қызмет) игіліктері баяндалады, негізгі форма клиенттері анықталады. Өндірілетін өнім (қызмет) игіліктерінің бағасын, тұрамыс көлемі мен динамикасын және олардың соңғы жылдағы нарық тенденцияларын негізге ала отырып, фирманың өткізу сферасы және келесі үш жылдағы сату көлемі (натуралды құны) анықталады. Өткізу есімі мен фирма қызметінің бағалануы саладағы орнының өзгеруіне және бәсекенің күшеюіне немесе әлсіреуіне негізделуі мүмкін.



Өткізу мен сату көлемін бағалаудағы болжамдар мұқият тексерілген болу керек. Егер өнімді шығару үстінде болса, өнім көлемін, өткізу сферасын және соңғы екі жылдағы сату көлемін көрсету қажет. Болжамды сату көлемін бағалау кезінде негізінен олар қалай қамтамасыз етілетінін көрсетеді:

жаңа өнімнің дәстүрлі сатып-алушыларға сатылуы;

жаңа саналардың есебінен сұраныстың кенеюі күтілетін жаңанарықтарға өнімнің, қызметтің таратылуы;

өнімнің жаңа сапасына байланысты айқын нарықтарданбәсекелестерді ығыстыру.

Маркетинг стратегиясы. Оның мақсаты — болжамды бизнестің тауардың өнімділігін қамтамасыз ету үшін нарыққа қалай ықпал ететінін түсіндіру. Сәйкес таңдап алынған нарықтың мүмкіндіктерін анықтағаннан соң, қалай қызмет ететініне тоқтау керек.

Маркетингтік стратегияны сипаттаудан алдын, кәсіпорынның қызмет етуінің негізгі бағдарламасын (мақсатқа жету стратегиясы) анықтау қажет. Өнім мен нарық — стратегияны анықтаудың маңызды факторлары. Кәсіпорынның мақсаты мен қызметін сипаттайтын төрт түрлі стратегия болуы мүмкін.

1. Нарыққа ену (нарық өрлеуі). Бұл стратегияның негізгі принципі — ескі нарық — ескірген тауар. Белгілі бір нарықта әрекет ететін кәсіпорын өзінің нарықтық жағдайының активтелуіне ұмтылады. Белгілі нарықтағы бар тауарларды маркетингтік шараларын ұлғайту мақсаты

- нарық үлесін көбейту немесе нарық көлемінің ұлғаюы. Жетістіктің мүмкін жолдары: тұтынудың ұлғаюы (бағаның төмендетілуі және т.б.), бәсекелесетін тауарларға тұтынушыларды тарту (жарнама, бағаның төмендетілуі).

Нарықты ұлғайту. Нарықта бар өнім негізінде әрекет ететін кәсіпорын жаңа клиенттерге, жаңа нарықтарға жақындау жолдарын табуға тырысады, өнімді өткізудің жаңа каналдарын дамытады. Ескірген тауарлармен жаңа нарықтарға шығу.

Өнімді жақсарту процесі (инновация). Кәсіпорын өзіндік өнімдерді жақсартылуына негізделеді және ескі нарықтарда жаңа тауарларды іздестіру.

Диверсификация. Кәсіпорын қызмет етуінің ескі сфераларынан алшақтатылып, жаңа нарықтарға өтеді. Өндірістік бағдарлама фирманың бұрынғы тауарларымен болсын үзіп тек жаңа тауарларды қабылдайды.

4. Әндірістік жоспар.

Мұнда кәсіпкер белгіленген мерзімде қажетті сападағы тауарларды өндіруі мүмкіншілігі бар екендігін көрсетуі қажетті. Бұл бөлімде келесі сұрақтарға жауап береді:

тауар өндірісін ұйымдастыру: жаңа өндірісте немесе қызмет етуші өндірісте жұмыс жүргізу;

қандай өндірістік ресурстарды тандау?

өндірістік ғимараттардың жағдайы;

қандай өндірістік құралдарды пайдалану?

қажетті өндірістік ресурстарды кімнен және қандай жағдайда сатып алу?

экологиялық және техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау;

өндірілетін өнім сапасын бақылау қалай жүргізіледі?

өндірілетін өнім көлемі кандай?

Өндірістік жоспарда өнімнің немесе қызметтің сапалы және тиімді өндірісі үшін қажет қызметкерлер саны көрсетіледі. Олардың қызметтеріне сипаттама жасалады. Егерде квалификациясын жоғарылату қажет болса, онда персоналды оқыту программалары мең оған жұмсалатын шығын сомасы көрсетіледі.

5. Ұйымдастырушылық жоспар.

Бұл бөлімде келесі жағдайлар қарастырылады: басқарушы мен қызметкерлер сипаттамасы; ұйымдастыру құрылымы; кадр саясаты және стратегиясы. Қызметкерлер тізімі қарастырылады және әрқайсысының біліктілігі, тәжірибесі, міндеттері қарастырылады. Кәсіпорын құрылымы арқылы басқарушы және қызметкерлер міндеттері бөлінеді. Және еңбекті ынталандыру, жалақы көлемі, жеңілдіктер түрі және пайдаға қатысу туралы ақпараттар беріледі.

Бұл бөлімде ұйымдастыру — өндірістік құрылымға және өндірістік технологиялық сызбасына негіздеме беріледі.

6. Қаржылық жоспар.

Қаржылық жоспардың мақсаты — компания қызметінен күтілетін қаржылық нәтижелерді көрсететін сенімді жобалау жүйесін жасау және ұсыну. Қаржылық жоспар ең негізгі сұрақтарға жауап береді: инвестор қандай пайда көретінін, ал кредитор-потенциалды қарыз алушының қарыз қайтару мүмкіндігі туралы біле алады.

Қаржылық жоспар бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

I. Базалық болжамдар.

1.1. Өндірістік бағдарлама

1.2. Тұрақты және өзгермелі шығындар

1.3. Өзіндік құн калькуляциясы

II. Классикалық қаржылық формалар

2.1. Пайда меп шығындар есебі

2.2. Болжамды баланс

2.3. Ақша қаражатының қозғалу ағымы

III. Жоба тиімділігінің көрсеткіштері

IV. Залалсыздықты және сезімталдылықты талдау.

І.Базалық болжамдар.

Базалық болжамда есеп өнім бірлігіне немесе берілгендерге байланысты белгілі бір мерзімге жүргізіледі.

Базалық болжам негізіне қаржылық есептеулер мен талдауды жүргізу үшін барлық бастапқы мәліметтер енгізу қажет:

1.1. Өндірістік бағдарлама

1.2. Тұрақты және өзгермелі шығындар

1.3. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы

1.1. Өндірістік бағдарламада жоспарлы өнім келемі (жоба бойынша) қарастырылады, сондай-ақ өндірістік бағдарлама құрылымында міндетті түрде толық қуаттылықта өндірістің жоспарын көрсету қажет.

1.2. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын есептеу әдістерін қарастырар алдын тұрақты және өзгермелі шығындар анықтамасын берген жөн:

Өзгермелі шығындарға көлемі өнім өндірісінің ұлғаюына немесе кемеюіне байланысты өзгеретін шығындарды жатқызамыз. Оларға шикізат, материалдарға, отын, энергияға, транспорттық қызметке кеткен шығындарды жатқызамыз.

Тұрақты шығындар өнім көлеміне байланысты өзгермейтін шығындар. Олар пайда болу орнына байланысты еептелінеді. Шығындарды статья бойынша келесідей топтап көрсетуге болады:

А) Материалдық шығындар — негізгі және көмекші материалдар шығындары, сондай-ақ сатып алынған жартылай фабрикаттар мен қосалқы бұйымдар.

Б) Персонал шығындары негізгі, қосымша және басқалар болып ажыратылады.

В) Калькуляциялық шығындар келесілерден тұрады:

- амортизациялық аударымдар;

- калькуляциялық пайыздар;

- калькуляциялық тәуекелділік;

Амортизация бұл -өзінің құнын дайын өнім құнына бірте — бірте тозу барысында қызмет ету мерзіміне пропорционалды түрде ауыстыратын негізгі өндірістік қордың бір бөлігін айтады.

Амортизация нормасын есептеудің сызықтық әдісі кең қолданылады.

Оны төмендегі формуламен анықтаймыз:

Бастапқы құны-Қалдық кұны

Амортизация =

Қолдану мерзімі

Калькуляциялық пайыз — кәсіпорын пайданы есептеуде шығындар құрамында қарыз бен несие пайыздарын төлеу шығындары есептеледі.

Калькуляциялық тәуекел — сақтандыру компанияларының шарттары бойынша төлемдер.

1.4. Өзіндік құн калькуляциясы. Бұл есеп өнімнің немесе қызметтің бірлігінің бағасын орнату үшін және өнім бірлігіне кететін өзгермелі шығындарды анықтау үшін қолданылады. Сатылатын тауардың немесе қызметтін өзіндік құны мен бағасын білу өте қажет. Өзіндік құнды есептеуде келесі 2 негізгі принцип қолданылады:

• шығындарды толық қарастыратын өзіндік құн калькуляциясы;

• өзгермелі шығындар бойынша калькуляциялау.

Өнімнің әр бірлігінің есебі өнім өндірісінде қолданылатын қосалқы бөлшектердің көлемі мен материалдардың құнын табу арқылы жүргізіледі.

Өнімнің өзіндік құны = әр шикізатқа кеткен шығындар сомасына (шикізат бірлігінің бағасы шығыстар нормасының көбейтіндісіне).

Шығындардың жалпы сомасын анықтағанда өнім өндірісінің көлеміне байланысты және оған әсер ететін тағы да басқа шығындардың құнын есептеу қажет. Оларға: электр энергиясы, кеден бажы, жөндеу шығындары, еңбек ақы, әлеуметтік шығындар, су төлемдері, амортизациялық аударымдар, жылдық төлем, салықтар, пайдаға салынатын салық, сақтандыру, жарнама, өзге де шығындар жатады.

Калькуляциялық статьялар басқа кесте мәліметтері және қосымша есептеулер негізінде толтырылады.

ІІ. Классикалық қаржылық формалар.

Қаржылық бөлімнің құрылымды бөлімі болып қаржалық есеп берудің 3 классикалық формасы табылады:

2.1. Пайда мен шығындар есебі;

1.2. Болжамды баланс;

1.3. Ақша каражаттарының ағымы.

2.1. Пайда мен шығындар есебінің формасын құрудың мақсаты кәсіпорынның пайдалылығы мен шығындалу дәрежесін кәсіпорынның операциялық және өндірістік қызметін жалпы формада көрсету.

Есеп беруді құру кезінде кредиторлар мен венчурлық капитал ұстаушылардың қызығушылықтар спецификасын ескеру қажет. Формадағы болжамдардың негізгісі өткізу көлемінің болжамы. Сонымен қатар өндіріс шығындарын жабатын қаржылық бөлінулерді қарастыру қажет.

Материалдық, еңбектік, өндірістік қажеттіліктер анықталып, құндық формаға айналдыру керек. Пайда мен шығындар есебінің формасында қолданылатын ақпараттар шынайы болу керек. Пайда мен шығындар есебінің формасында қолданылатын ақпаратттар шынайы болу керек.

2.2.Баланстық есеп беру фирманың белгілі бір уакытқа анықталған қаржылық жағдайын және өзінің міндеттемелерін орындай алу мүмкіндіктерін көрсетеді.

Баланс 2 бөлімнен актив пен пассивтен тұрады. Инвесторлар жоспарланған бухгалтерлік баланстарды қарап шығып, фирманың қарыз көлемі, жұмыс капиталы, ағымдық шығьшдары, тауар айналымы және т.б. қандай көлемде екендігін анықтап, осының негізінде болашақ қаржылық жобалауды анықтайды. Бухгалтерлік баланс жоба басында немесе жыл аяғында жасалуы мүмкін.

2.3. Ақша қаражаттарының қозғалу ағымы. Бұның мәні қолдағы бар ақша ағымы туралы есеп беру. Бұл есеп беру айқындалған уақытта жүргізілетін операциялар процессінде ақша қаражаттарының жетіспеуін немесе артықшылықтарын көрсетеді.

Ақша ағымының болжамы өте қарапайым. Ол период бойынша қолдағы қаражаттардың келіп түскені мен шығып жатқанын атап көрсетеді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы кәсіпорынның үш негізгі қызметінің байланысын көрсетеді:

операциялық қызмет;

инвестициялық қызмет;

қаржылық қызмет;

Ақша қаражаттарының қозғалысы ағымын екі әдіспен есептеуге болады:

- тікелей

— жанама

Тікелей әдістің мәні — ақша ағымын сату көлемінен бастап тізбектеп көрсетуде. Ал жанама әдістің мәні — айналым капиталының көлеміне сәйкес алынатын пайданың корректировкасында.

Инвестор қанағат болуы үшін бизнес қажетті қаржылық төзімділік қоры болуы қажет. Бұл өз уақытында қарызды өтеу мен міндеттемелерді жабуды білдіреді.

ІІІ. Жоба тиімділігінің көрсеткіштері.



Страницы: 1 | 2 | Весь текст


Предыдущий:

Следующий: