Айнура социология экзамен


1.Әлеуметтану ғылымының зерттеу объектісі, пәні, қызметі және әдістерін ашып көрсетіңіз. Социологиялық танымның негізгі объектісі қоғам болып табылады. Социологиялық таным объектісі — әлеуметтік деген атуға ие болған бүкіл байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы. Бұл байланыстар мен қарым-қатынастар әрбір әлеуметтік объектіде ерекше түрде жүзеге асатын болғандықтан, әлеуметтанудың таным объектісі — әлеуметтік жүйе деп те айтуымызға болады. Әлеуметтану ғылымының міндеті әлеуметтік жүйелерді топтастыру, әрбір топтастырылған объектідегі байланыстар мен қатынастарды заңдылықтар деңгейінде зерттеу. Әлеуметтану — белгілі бір әлеуметтік жүйелердің тарихи түрде дамуы мен қалыптасуының жалпы және арнайы заңдары мен заңдылықтары туралы және бұл заңдылықтардың жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың іс-әрекеттерінде жүзеге асуының түрлері мен әдістері туралы ғылым. Социология ғылымы үшін әлеуметтік ұғымының маңызы зор. Қоғамға және қоғамдағы процестер мен қатынастарға талдау жасау барысында К.Маркс пен Ф.Энгельс ғылыми еңбектерінде екі терминді қолданды: қоғамдық және әлеуметтік. «Қоғамдық», «қоғамдық қатынастар» деген ұғымды К.Маркс пен Ф.Энгельс бүкіл қоғам туралы және оның барлық жақтарының (экономикалық, саяси, идеологиялық) өзара әрекеттері туралы айтқан кезде қолданды. Ал адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынастын, олардың өмір сүру жағдайларын, қоғамда атқаратын рольдерін зерттеу барысында «әлеуметтік» ұғымын қолданды. Әлеуметтік қатынас жеке адамның әлеуметтік топтар және басқа әлеуметтік ұйымдар мен институттар арқылы қоғаммен байланысын сипаттайды. Социологияның атқаратын қызметі: 1)танымдық; 2) практикалық; 3)идеологиялық; 4)болжау; 5) үлгілеу т.б. Танымдық қызмет әлеуметтік дамудың заңдылықтарын, түрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестердің өзгеру бағытын зерттеп оқытумен тығыз байланысты. Практикалық – басқару ісін жақсарту, түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуде практикалық , нақты шаралар мен ұсыныстар енгізу арқылы социологияның үлес қосуы. Идеологиялық -саяси іс-әрекеттерге қосатын социологияның үлесі.Болжау — әлеуметтік құбылыстардың даму бағытын, перспективасын алдын-ала зерттеу арқылы көре білу. Үлгілеу — әлеуметтік объектінің үлгісін жасау, ұсыну , практикаға ендіру.Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынның бәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап қана зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шарты ретінде қарастырылады.



2. Макро және микроәлеуметтанудың ерекшелігін анықтаңыз. Социологтар қоғамды екі деңгейде қарастырады: микро және макро деңгейде. Әлеуметтану тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық. Макро және микроәлеуметтанудың ерекшелігі: Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады.Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады.Микросоциология – адамдардың күнделікті өмірдегі қарым-қатынасын- интеракция ретінде, олардың өзара іс-әрекет түрлерін зерттейді. Бұл сала жұмыс істейтін зерттеушілердің есептеуінше әлеуметтік құбылыстар адамдардың бір- бірімен өзара қарым-қатынасына мән бергенде ғана мазмұндар негізін талдап түсінуге болады. Олардың басты зерттеу тақырыбы-индивидтер іс-әрекет, олардың әдеті, мотивтері, қоғамның тұрақтылығы немесе ондағы өзгерістерге серін зерттейді.Макросоциология – негізінде кез-келген қоғамның мәнін түсінуге көмектесетін іс-әрекет үлгілеріне мән береді. Бұл құрылымдар өздеріне мынадай қоғамдық институттарды енгізеді, олар отбасы, білім, дін сондай ақ, саяси және экономикалық құрылыс. Адамдар туылғаннан бастап осы әлеуметтік құрылымдарға енеді әрі оның терең әсерін байқайды. Макросоциологтар қоғамның түрлі бөліктерінің қарым-қатынастарын зерттеуге аса мән береді, олар сондай ақ, осы өзара байланыстардың өзгеруін де анақтауға тырысады. Микросоциология (грек. mіkros – кіші) – социология ғылымының кіші әлеуметтік жүйелердегі құбылыстар мен процестерді талдауға бағытталған зерттеу бағыты. 20 ғасырдың 20-жылдары пайда болып, әлеуметтік қатынастардың негізгі үлгісі ретінде кіші топтардағы қатынастарды зерделеуге бағытталған батыс социологиясы бағыттарының біріне айналды. Микросоциология, ең алдымен, әлеуметтік -психологиялық, атап айтқанда, социометриялық әдістерді пайдаланып, кіші топтағы тұлғааралық қатынастарды зерделеуге баса назар аударады. Оның негізгі зерттеу нысаны – индивидтұлға, кіші әлеуметтік топ және олардың өзара қатынастары. Микросоциология адамдар арасындағы байланыстың мән-мағынасын талдау арқылы әлеуметтік құбылыстарды түсінуге мүмкіндік береді. Микросоциологиялық зерттеулерсоциологиялық талдаутоптастыружалпылау арқылы өзінің теориялық негіздерін дамытады;3.Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастырыңыз. Социологиялық теория бүкіл қоғамдық жүйені мынадай екі деңгейде қарастырады. 1) Социеталды (социетальный).2) әлеуметтік (социальный). Социеталды жүйе қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық жүйелік бөліктері. Қоғамның социеталды жүйесі иерархиялық бағыныштылық деңгейде болады. Социеталды жүйеде экономикалық жүйелік бөлік негізгі орынға ие болады . Егер осы жүйелік бөліктерді рет-ретімен себеп-салдарлы байланысуы арқылы қоятын болсақ, онда экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық болып орналасады. Әлеуметтік жүйе өзара байланыстар мен қарым-қатынастарда болып, біртұтастықты құрайтын, сыртқы жағдайлармен өзара әсерде болып, өзінің құрылымын өзгерте алатын, белгілі сапалық ерекшеліктерге ие элементтердің жиынтығынан тұратын құбылыстар мен процестер. Әлеуметтік құрылым деп, әдетте әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты түрде байланысуын айтамыз. Оның негізгі элементтері әлеуметтік қауымдастықтар ( таптар, ұлттар, кәсіби, демографиялық, территориялық, топтар). Негізінен алғанда, қоғамның әлеуметтік құрылымының келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады.

1Әлеуметтік-таптық құрылым (таптар, жіктер).

2.Әлеуметтік-кәсіби құрылым (кәсіби топтар).

3.Әлеуметтік — территориялық құрылым (қала, ауыл тұрғындары, түрлі аймақтар) .

4.Әлеуметтік — демографиялық ( жас, жыныс ерекшелік топтары).

Бұлардың әрқайсысы өз кезегінде ішкі байланыстардан құралатын күрделі құбылыстар. Әрбір жүйенің негізгі ерекшеліктері оның элементтерінің тұтастығы және өзара байланыстылығы. Әлеуметтік жүйелер күрделі иерархияға ие. Ең үлкен жүйе қоғам. Оның негізгі жүйелік бөліктері: экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық. Басқа да жүйелік бөліктерге келер болсақ, олар таптар, этникалық, демографиялық, территориялық, кәсіби, топтар, отбасы, жеке тұлға т.б.Әрбір айтылған жүйелердің өз жүйелік бөліктері бар. Жеке тұлға өзі элементі болып есептелінетін әлеуметтік жүйенің заңына бағынады. Осы жүйенің талаптары мен құндылықтарын қабылдап, әлеуметтенеді. Әлеуметтік жүйелерді топтастырудың негізінде олардың әлеуметтік байланысу түрлері жатады. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік бақылау жүйелері, әлеуметтік институттар, әлеуметтік ұйымдар бөлініп шығады. Әлеуметтік жүйелерді мұндай түрлерге бөлу шартты түрде ғана. Мысалы, отбасы бір уақытта әрі әлеуметтік топ, әрі әлеуметтік институт, әрі әлеуметтік бақылау жүйесі, әрі әлеуметтік ұйым ретінде қарастырылады.

4. Әлеуметтанудың ғылымдар жүйесінде алар орнын, басқа ғылымдармен байланысын анықтаңыз. Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысынң екінші түрі, ол адам туралы, оның іс-әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік ғылымдарда кеңінен қолданылады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономикалық ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыспен процесттерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнауы теориясы жасалды. Құқық ғылыммен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде- құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен бірге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен бірге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтану, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары (барлығы 100-ге тарта) пайда болды.Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысы олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларының (жалпы ғылымдарын) қағидаларын, заңдарын нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз. Екінші жағынан, әлеуметтану өзінің ой-пікірлерін, теорияларының тұжырымдамаларын, т.б. толық дәлелдеу және одан әрі дамыту үшін нақтылы ғылымдардың фактілеріне, деректеріне, тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа қорытындылар жасап, орын алып отырған қайшылықтарды жұмсарту немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның даму тенденцияларын (бет алысын) анықтайды. Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін арттырады.

5. Әлеуметтану ғылымының тарихи дамуының классикалық кезеңінің негізгі ерекшелігін сипаттаңыз.Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезеңінің ерекшеліктері: Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.

Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды. Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды. О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер. Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды – А.И.) білім жеңілірек, тезірек болды. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарына қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенді “позитивтік” әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.

6. Әлеуметтану ғылымының тарихи дамуының классикалық емес кезеңінің негізгі өкілдерінің еңбектеріне тоқталыңыз. Классикалық емес ғылым танымдағы релятивизм принципін бекітіп, объектіні үлгілер жасау арқылы тану мүмкіндігін көрсетті. Осылайша табиғи шындықтың оны танушы адамға және ол қолданылатын құралдарға тәуелді екендігіне назар аударды. Макс Вебер (1864-1920) неміс әлеуметтанушысы, түсіндірмелі әлеуметтану мен әлеуметтік іс әрекет теориясының негізін салушы. Ол өз қызметін экономика саласының зерттеушісі ретінде бастайды. М. Вебердің әдіснамалық құрылымының ішіндегі маңыздысы түсіну концепциясы болып табылады. Классикалық емес ғылым таным процесінде релятивизм принципін бекітіп, үлгі мен үлгіленіп отырған объектінің арасындағы ұқсастықты қалыптастырудың мүмкін екендігін көрсетіп, танымдық нормаларға өзгерістер енгізді. М. Вебердің «идеалды түрлері» тәжірибе жүзінде тексерілмейтін, бақыланбайтын құбылыстарды танып білудегі танымның құралы ретінде қарастырылады. Сондықтан да оның идеалды түрлер концепциясымен толығымен таныса келе, үлгілеу процесінің принциптері мен негізгі ереушеліктері туралы қажетті ақпаратты алуға болады. М. Вебердің «идеалды түр» концепциясы немістің әлеуметтік философиясының негізгі өкілдері Генрих Риккерт пен Вильгельм Дильтейдің әсерінің негізінде қалыптасты. «Идеалды түр» эмпирикалық шындықтан алынбайды. Бұл зерттеушінің өзі жасаған логикалық құрылым, теориялық схема. Және де М. Вебердің көптеген еңбектері бар «шаруашылық және қоғам» (1921ж) еңбегі бар. Бұл еңбекте капиталистік рационалдықтың ең жоғары түрде жүзеге асуы ретінде рационалды бюрократия концепциясы әрі қарай дамыды. Зиммель Георг (1858-1918) – неміс әлеуметтанушысы. Ол әлеуметтанудың әдістерінің түрлі қоғамдық ғылымдарда қолданылу тәжірибесін, осылайша олардың дәстүрлі зерттеу пәні шегінде ерекше заңдылықтардың көрінуін жалпы әлеуметтануға жатқызады. Зиммельдің де көптеген басты еңбектері бар: «Ақша философиясы» еңбегі Маркстің капиталистік қоғам мен буржуазиялық өмір сүру бейнесін сынауын көп жағдайда қайталайтын, алайда, Маркстің бөтенденуді әлеуметтанушылық тұрғыда түсіндіруінен өзгеше мәдениеттанушылық аспектіде түсіндіретін туынды. Ал, «Тарих философиясы мәселелері» деген еңбегінде қоғамның тарихын психикалық құбылыстар тарихы ретінде түсіндіреді.

7. Әлеуметтану ғылымының тарихи дамуының постклассикалық кезеңінің ерекшелігін ашып көрсетіңіз

Әлеуметтану ғылымының дамуындағы постклассикалық кезең кіші топтардағы өзара әлеуметтік байланыстарға ерекше көңіл бөлетін бірқатар теориялық концепцияларды қалыптастырды. Мұның мысалы ретінде Ч.Кулидің «Айналы-Мен» теориясын, Г.Блюмер, Э.Гоффман шығармашлықтарында, А.Шюцтің «феноменологиялық әлеуметтануында», Г.Гарфинкелдің «этнометодологиясында» ары қарай дамытылған Дж.Мидтің «символикалық интеракционизмін» келтіруге болады.

Постклассикалық кезеңнің белгілі өкілі американдық әлеуметтанушы Чарльз Кули (1864-1929) жекешілдікті ұжымдыққа қарсы қоюдың жұрыс емес екендігін ерекше атап көрсетеді. Ол «әдетте, жекешілдікке саналатын құбылыстар барлық уақытта әлеуметтік болып табылады, өйткені олар көпшілік өмірден пайда болатын тенденцияларды бейнелейді. Ал әлеуметтік (ұжымдық) құбылыстардың әрқашанда жекелік аспектісі болады», — дейді. Мысалы, батыс адамының жекешілдігі батыс мәдениетінің, батыстық өмір сүру бейнесінің, нарыққа негізделген қоғамның нәтижесі болып табылады. Ол қоғамның мәдениеті арқылы таралып, жалпының бөлігі, ұлттық ділдің ерекшелігі болып саналады.

Ч.Кулидің әлеуметтанулық концепциясы тұлғаның әлеуметтену процесінде алғашқы топтардың (отбасы, достар т.б.) атқаратын рөлін түсінуге мүмкіндік береді. Алғашқы топтардың ішінде Ч.Кули отбасының атқаратын рөлін ерекше атап көрсетті. Оның ойынша, индивид жеке бөліктерге бөлінбейді және қоғам мен отбасынан бөлек алып қарастырылмайды: тұқымқуалаушылық пен білімнің байланыстырып тұратын дәнекерлері оның бүкіл мәніне әсерін тигізеді. Екінші жағынан, әлеуметтік тұтастық белгілі бір дәрежеге дейін әрбір индивидке тәуелді, өйткені әрбір адам қоғамдық өмірге өзіндік қайталанбас өзгешеліктерді енгізіп отырады.

Ғылыми әлемге кеңінен танымал американдық әлеуметтанушы Джордж Герберт Мидтің (1863-1931) көзқарасы бойынша, қарым-қатынас актісі және символикалық өзара байланыс тұлғаның қалыптасатын ортасы, осы жерде адамның физикалықтан «әлеуметтік Менге» көшуі жүзеге асады. Символикалық интеракционизмнің теориялық идеяларының тартымдылығы олардың адам тұлғасы қалыптасатын ортаға үлкен көңіл бөлуінде. Мұндай орта ретінде адамдардың кіші топтардағы қарым-қатынас актілері мен өзара әрекетке түсуі қарастырылады. Индивидтердің өзара байланысы топтар мен қоғамның құрылуының негізі болып табылады. Ал, қоғамдық өмір әртүрлі өзара байланыстартардың түрлерінен құралады. Кіші топтарда басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу арқылы индивид олардың ымдарын түсініп, осы топта қалыптасқан жалпыға ортақ нормаларға сай өзін ұстауға тырысады. Кіші топтардағы қарым-қатынас тұлғаның өзін объект ретінде қабылдауына мүмкіндік береді. Яғни адам өзін-өзі танудың, өзін-өзі бағалаудың объектісі бола алады. Интеракционистік ыңғай тұлғаның әлеуметтену процесінде тұлғааралық қарым-қатынастардың атқаратын рөлін, адамның түрлі әлеуметтік топ өкілдерімен қарым-қатынас жасау барысында олардың іс-әрекеттерінің мотивтерін, мінез-құлық бағдарламаларын түсінуіне және топқа тиімді түрде интеграция жасауына мүмкіндік береді.

Әлеуметтік өзара әрекетті айырбас қатынастары тұрғысынан зерттеу әлеуметтануда салыстырмалы түрде алғанда жақын арада ғана қолданыла бастады. Айырбас теориясының жекелік және ұжымдық екі бағытын көрсетуге болады. Американдық жекелік бағыт Дж.К.Хоманстың еңбектерінде кездеседі. Оның көзқарасы бойынша, өзара әлеуметтік әрекетке түсу барысында ғана мадақтауға ие болуға болады, сондықтан да адамдар бір-бірімен өзара қарым-қатынасқа түсе отырып, мақтау-мадақтау алуға тырысады.

Леви-Стросстың еңбектерінде кездесетін ұжымдық айырбас идеясы «әлеуметтік айырбас желілері» арқылы интегративтік мәдени байланыстардың дамуын түсіндіруге бағытталады.

Б.Скиннердің әлеуметтік бихевиоризм концепциясынан шығатын «әлеуметтік мінез-құлық» парадигамасы үшін ерекше әлеуметтік шындық адамның мінез-құлқы болып табылады. Ол «психологиялық тұрғыдан тұрақтандырылып», индивидтердің бір-бірімен өзара тиімді, әділетті түрде мадақталынатын қарым-қатынастарымен реттеледі.

8. «Әлеуметтік топ» ұғымының анықтамасы. Оның белгілері. Әлеуметтік топтардың түрлері

Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды элементтері болып табылады.

Әлеуметтік қауымдастық — салыстырмалы тұтастығымен ерекшеленетін және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын өмірде бар, эмпирикалық белгіленетін жеке адамдардың жиынтығы.

Әлеуметтік қауымдастықтардың басқа бір маңызды түрі әлеуметтік топтар болып табылады. Әлеуметтік топ ұғымының социологияда бірнеше мәні бар. Барынша кең мағынасында ол тұтас қоғамды, тіпті барлық адамзатты қамтиды. Неғұрлым тар мағынасында бұл ұғым қоғамның ішінде белгілі бір жеке бастық, ұжымдық және қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлесіп қызмет атқаратын адамдардың азды-көпті жиынтығы болып табылатын ішкі жүйені бөлу қажет болған кезде пайдаланылады.

Социологтар “әлеуметтік топ” ұғымын әр қалай анықтайды.

Р.Мертон әлеуметтік топты белгілі бір жолмен бір-бірімен қарым-қатынаста болатын, өзінің сол топқа жататынын ұғынатын және басқа адамдардың көзқарасы бойынша оның мүшесі болып саналатын адамдардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, оның үш айырмашылық белгісін бөліп көрсетеді — өзара іс-әрекет, мүшелік және сәйкестілік. Ұқсас анықтама бере отырып, Н.Смелзер адамның мінезін көбіне оның қандай да бір топтың адамы екендігімен түсіндіретінімізді айтады. Фролов С.С. әлеуметтік топты оның әрбір мүшесінің басқаларға қатысты белгілі бір жолмен қарым-қатынаста болатын жеке адамдардың жиынтығы деп түсінеді. Бұл анықтамада жиынтықты топ деп санау үшін қажетті екі маңызды шартты көруге болады: 1) оның мүшелері арасындағы өзара іс-әрекеттің болуы; 2) топтың әрбір мүшесінің басқа мүшелерге қатысты әрекетерінің болуы.

Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (екіден он бес адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді. Шағын әлеуметтік топты ажырату белгілері: 1) құрам санының аздығы; 2) мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы; 3) өмір сүру ұзақтығы; 4) топтық құндылықтардың, нормалардың және мінез-құлық үлгілерінің ортақтығы; 5) топқа кірудің еріктілігі; 6) адамның мінез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады.

Шағын топтарды қандай түрлерге және типтерге бөлуге болады? Зерттеу мақсаттарына қарай бір емес, бірнеше типология болуы мүмкін. Егер де бізді топ мүшелерінің тұлғааралық қарым-қатынастарының тереңдік дәрежесі қызықтыратын болса, онда топтарды ресми және бейресми топтарға бөлеміз. Олардың алғашқысы — мынадай негізгі ерекшеліктері болатын ресми ұйымдардың түрлері:

- ол оңтайлы, яғни оның негізінде орынды, белгілі мақсатқа қарай саналы түрде қозғалу

принциптері жатыр;

- ол принципті түрде тұлғасыз, яғни жасалған бағдарлама бойынша араларында жетілген қарым-қатынастар орнайтын абстрактілі жеке адамдарға арналып есептелген. Мұндай топты, әдетте, неғұрлым жоғары деңгейдегі әлеуметтік жүйе құрайды, оның функцияларын да, құрылымдарын да береді. Мұндай топтағы көшбасшының беделі, мәртебесі тек қана оның жеке басының қасиеттерімен емес, “жоғарыдан”, сырттан алатын лауазымымен де анықталады.

Бейресми топқа келер болсақ, оның мүшелерінің бір-біріне тұлғалық, эмоциональдық алдын ала дұрыс көру қатынасының нәтижесі ретінде құрылады; спонтанды (өзінше еркін), оны құрайтын жеке адамдардың бастамасы бойынша жасақталады. Шағын топтардың қызметінде ұйымдардың барлық белгілері айқын көрініс табатын болғандықтан, бейресми топтар да ресмиден тыс (ресми топтардың шеңберінде қалыптасатын) және әлеуметтік-психологиялық (кез келген жерде пайда болатын) болып бөлінуі мүмкін.

Типологияның маңызды түрі шағын топтарды бастауыш және екінші деп бөлу болып табылады. Мұндай бөлудің салыстырмалы екендігін әуел бастан ескерте кеткен жөн. Бастауыш топ -мүшелерінің өзара байланысуларының жоғары (кейде неғұрлым жоғары) жиілігімен және тығыздығымен ерекшеленетін шағын топ. Бастауыш топ көбінесе басқа шағын топтың құрамдас бөлігі болып табылады, бұл жағдайда ол алғашқы топқа қатысты алғанда екінші топ болады. Егер де біз мысал ретінде студенттік (академиялық) топты қарастырар болсақ, онда ол бірнеше топтарды біріктіретін курсқа (лекке) қатысты алғанда бастауыш топ болады. Г.С. Антипинаның көрсеткеніндей бастауыш шағын топтың өзіне тән белгілері мынадай: құрам санының аздығы, кеңістіктегі жақындық, өмір сүру ұзақтығы, мақсат бірлігі, топқа кіруге еріктілік және мүшелерінің мінез-құлқына бейресми бақылау.

Әлеуметтік топтарды жіктеу топтарды шағын және үлкен, бастауыш және екінші деп бөлуді ғана көрсетпейді. Қоғамдық топтардың әлеуметтік жағдайлары бойынша өзгешелігі бейнеленетін қоғамның әлеуметтік құрылымының сипаттамасы тұрғысынан әлеуметтік-таптық қауымдастықтар (таптар, қабаттар); әлеуметтік-демографиялық қауымдастықтар (еркектер, әйелдер, балалар, ата-аналар және т.б.); этникалық әлеуметтік қауымдастықтар (ұлттар, ұлыстар, тайпалар, ұлттық және этнографиялық топтар); әлеуметтік-аумақтық топтар (қала, ауыл, аймақ); әлеуметтік-кәсіптік қауымдастықтар және т.б. сияқты әлеуметтік топтарды бөліп қарау ерекше маңызды.

9. Әлеуметтік стратификация ұғымы, оның тарихи даму ерекшеліктерін сипаттаңыз

Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін социологияда “әлеуметтік стратификация” ұғымы пайдаланылады. “Стратификация” терминінің өзі социологияға геологиядан келген. Ағылшын тілінде “strata” немесе “stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал “stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. Социологтар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әрдайым құрылым болатындықтан, ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған.

Әлеуметтік тап — әлеуметтік стратификация теориясындағы ірі таксонометриялық талдау бірлігі. Тап ұғымы — айтарлықтай ірі “көлемді” талдамалық бірлік, ол қоғамдағы елеулі, шегіне жеткен жалпы өзгерістерді зерделеуге арналған және қазіргі заманғы қоғамдағы “ғаламдық” өзгерістерді зерттеуге арналмаған. Сондықтан сарапшылар талдаудың неғұрлым нақты және икемді бірлігін — “страта” немесе топ ұғымын бөліп қараған. Топтар — еңбек сипатындағы айырмашылық қажеттіліктерге, оларды қанағаттандыру құралдарындағы және өндірістен тыс қызметі құрылымындағы айырмашылықтарға әкеп соғатын кезде, бөлінген және біртекті емес еңбек нәтиижесінде пайда болған әлеуметтік қауымдастық.

Сонымен қатар, стратаны бөліп қарауға негіз болатын кез келген белгі емес, тек мәртебелік белгі, яғни берілген қоғамда объективті түрде “жоғары — төмен”, “жақсы-жаман”, “мерейлі — мерейсіз” сияқты салыстырмалы сипат алатын белгі екені ойда болуы қажет.

Тек жіктелген, бірақ мәртебелілік емес топтарды бөліп қараудың негізін белгілердің тұтас қатары құрауы мүмкін. Мысалы, халық музыкасын ұнататындар немесе футбол командасының жақтастары көбінесе белгілі бір мәдени топтың мәртебелілік қырына қатысы жоқ өкілі ретінде қарастырылады. Алайда орын иелену қоғамда маңызды сипат алатын белгілі бір кіріс деңгейімен немесе әлеуметтік позициямен сәйкес келетін болса, онда бұл топтар мәртебелік болады. Бұл орайда әлеуметтік топ ұғымы — талдаудың әлеуметтік қабатқа қарағанда азырақ анықталған және белгіленген бірлігі. Кей кездері “қабат” ұғымының орнына “топ” деген ұғымды кездестіруге болады. Бірақ қабат ретінде анықтауға болмайтын, тек топ ретінде ғана анықталатын қауымдастықтар бар. Айталық, отбасы — шағын әлеуметтік топтың неғұрлым тұрпатты үлгісі. Алайда кірісі жоғары (немесе кірісі аз) отбасыларының өкілдері зерттеулерде қабат ретінде кездеседі.

“Әлеуметтік стратификация” ұғымының теориялық-әдістемелік негізін жасауға елеулі үлес қосқан М.Вебердің, К.Маркстің, П.Сорокиннің, У.Л. Уорнердің, Д.Дж.Трейманның, Б.Барбердің еңбектері, Т.Парсонстің функционалдық мектебіне жататын социолог ғалымдардың жұмыстары болып табылады. Әлеуметтік теңсіздік проблемасын қақтығыстар теориясының өкілдері де назардан тыс қалдырмаған. П.Сорокиннің стратификациялық теориясы жалпы қоғамды әр түрлі әлеуметтік топтарға бөлу принциптерін сипаттайтын неғұрлым салмақты тұжырымдамалардың бірі болып табылады.

Барлық әлеуметтік құбылыстардың дамуындағы экономиканың негіз қалаушы рөлі туралы өзінің негізгі тезисін ұстана отырып, Карл Маркс таптардың барлық негізгі сипаттамаларына сүйеніп, өзінің әлеуметтік қабаттану үлгісінің негізіне өндірістік қатынастарды алған. К.Маркс экономикалық ұйымның кез келген түрінде өндіріс құрал-жабдықтарына ие үстем тап және үстем тапқа қызмет ететін тап бар деп сендіреді. Ол сол сияқты люмпендердің — қоғамнан толық шығып қалған адамдардың болатынын да ескерген.

Әлеуметтік стратификация проблемасына қазіргі заманғы көзқарастың негізін Макс Вебер қалаған болатын, ол әлеуметтік құрылымды таптармен және оларды тудырушы меншік қатынастарымен қатар әлеуметтік мәртебе мен билік те маңызды орын алатын көп өлшемді жүйе ретінде қараған. М.Вебердің К.Маркстен айырмашылығы, ол экономиканы ұйымдастыруды стратификацияның негізі деп санамай, экономикалық сипаттамалардың бастапқылығы тезисінен бас тартты және “стратификацияның үш автономды өлшемдері” туралы өз ұғымын тұжырымдады.

Ол теңсіздіктің негізгі үш құрамдас бөлігін бөліп қарап, оларды өзара байланысты, бірақ сонымен бірге елеулі қатынастарда тәуелсіз деп есептеді: мүліктік теңсіздік, мәртебелік мерей және билік. Билік деп адамның (немесе адамдар тобының) жоспарларды іске асыру, іс-қимыл жасау немесе белгілі бір саясатты тіпті басқа адамдар мен топтар тарапынан болған келіспеушілікке қарамастан жүргізу қабілетін айтады.

Стратификацияның үш тобы да бір қоғамның ішінде, бір адам материалында болады, әр түрлі конфигурацияларда, бір қоғамнан бір қоғамға және бір тарихи кезеңнен бір тарихи кезеңге көшіп жүре береді.

Бернард Барбер мәселені ежелгі дүниеден біздің заманымызға дейінгі тарихи тұрғыдан қарай отырып, батыс қоғамы әлеуметтік стратификациясының алты өлшемін бөліп қараған:

1. Кәсіп рөлі. Отағасы — барлық қоғамда да өзінің азды-көпті толық жұмыс уақытын арнайтын “өндіруші” рөлде қоғамға қосатын функционалдық үлесі тұрғысынан жіктеліп бағаланып келген. Осы сияқты рөлдер әрқашан олардың функционалдық үлесінің шамасы бойынша әр түрлі болады және тиісінше дифференциалды бағаланады, яғни мерейлері әр түрлі болады.

2. Билік пен күш-қуат деңгейі бойынша дәрежелеу. Билікті әлеуметтік жүйелерде мақсатқа жетудің заңды қабілеті деп, ал күш-қуатты оның заңсыз ұқсастығы деп анықтауға болады. Кез келген қоғамда кейбір рөлдер басқа рөлдерге қарағанда үлкен билік пен күш-қуатты қамтиды, нәтижесінде олардың құрылымдары осы өлшем бойынша стратификацияланады.

3. Кіріс немесе байлық. Қоғамдағы әр түрлі кәсіптік рөлдердің пайда табу мен байлық жинауға қабілеттері әр түрлі болады, отбасылық байланыстарға орай мұраға ие болу жолымен байлыққа ие болу мүмкіншіліктері де дәл осындай әр түрлі. Бұрын да, қазір де ақша бірқатар мобильділік процестерінде үлкен орын алады. Бұл ретте М.Вебердің ізін ала Б.Барбер мерейдің, биліктің және табыстың арасында сәйкессіздік болуы мүмкін екендігін айтады. Кейбір рөлдер (мысалы, Рим Папасы) жоғары мерей мен билікке ие, ал табысы төмен. Немесе, керісінше, әлеуметтік мерейі онша жоғары емес. Бұл орайда табыс әрқашан да одан әрі дамудың және ақшамен жоғары бағаланатын рөлдерге қол жеткізу (мысалы, білімді, атақты сатып алу, неғұрлым жоғары саналатын әлеуметтік топтың өкіліне үйлену және т.б.) құралы болған.

4. Білім беру немесе білім алу. Адамдардың қоғамда оқу-білімге және білім алуға әрқашан қолдары бірдей жете бермейді, мұның олардың өздеріне туғаннан берілген әр түрлі рөлдерін атқаруы үшін ғана емес, бір рөлден екінші рөлге өту мүмкіншілігі үшін де маңызы зор.

5. Діни немесе салттық тазалық. Қандай да бір қоғамдағы функционалдық маңызды діни идеялар категориясына адамдар азды-көпті дәрежеде жоғары бағаланатын діни немесе салттық тазалыққа ие болуы мүмкін.

6. Туыстық және этникалық топтар бойынша дәрежелеу. Туыстық және этникалық топтар барлық қоғам үшін және өздері өмір сүретін жергілікті қауымдастықтардағы өздерінің функцияларын қалай орындайтындықтары тұрғысында әр түрлі, атап айтқанда олардың кәсіптік мерейлерінен, билік пен күш-қуаты дәрежесінен, табысы мен байлығы деңгейінен бөлек туыстық және этникалық топтар ретінде бағаланады.

Қазақстанда әлеуметтік стратификация проблемаларымен Әженов М.С., Аитов Н.А.Тәжин М.М., Елизова Л.М., Майсюк А.В., Аяған Б.Ғ., Садырова М.С.Қожамқұлова, Л.Т.Садовская Е.Ю., Бейсенбаев Д.Э. және т.б. сияқты ғалымдар айналысады.

Әлем қауымдастығы әлеуметтік құрылымның үш түрін біледі:

1. Орта таптың күшті топтары ұстап тұрған демократиялық нарықтық қоғам. Онда әлеуметтік топтардың бөлінісі орталық бөлігі дамыған (орта топтар), жоғары тап (бай элита) пен кедейлер тобы полюстері онша үлкен емес ромбты елестетеді.

2. Нашар дамыған, бірақ нарықтық экономикаға аяқ тіреген әлеуметтік құрылым үлгісі. Эйфель мұнарасын еске түсіретін пирамида түрінде (кедей топтар орналасқан кең ауқымды үлкен табан).

3. Бұрынғы социалистік елдердің қабатталу моделі табаны аса үлкен үшбұрышты еске түсіреді, оның көп ауданын “еңбекшілер” қабаты, ал төбесін — “билік адамдары” алып жатыр. Орта тап іс жүзінде жоқ.

10.Әлеуметтік мобильділік және олардың түрлерін ашып, мысал келтіріңіз. Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. «Мобильділік» түсінігінің этимологиясы келесі түсініктерде бейнеленген: «қозғалыс», «алға жылжу», «орын ауыстыру». Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді. «Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет мен адамдар тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз. Әлеуметтңк мобильдіктің екі типі болады, олар: вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және; горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер. Веритикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады. Мысалы,Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады. Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильдіктің түрі. Горизантальды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Сол сияқты көлденең бағыттағы мобилдіктің мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші бір азаматыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылқан жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрнде де индивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды. Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аудуруды жатқызуға болады. Мобилдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген де түрлері бар. Ұрпақтар арасындағы мобильдікте балалар өздерінің әке-шешелерінің әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін. Мысалы, шахтердің баласы инженер болуы ықтимал. Ұрпақтар ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикальды өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. Жоғары өрлеу-әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид өз өмірінде токарь, инжинер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін. Әлеуметтік мобильдікті басқа да критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар. Жек мобильдік туралы біз жоғарыда түсндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен қарай құлдырауы. Топтық мобильдік тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. Сорокиннің пікірі бойынше, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат соғыстары;әскери төңкерістер мен саяси режимдандің ауысуы; шаруалар көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер; империяны құру жатады.

11.Әлеуметтік институттар және олардың қызметтеріне тоқталыңыз. Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын — біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады. Ағылшын социологі Г.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй. Латын тілінен іnstіtutum — орнату, жайластыру деп тәржімаланады. Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты — жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Әрбір институт: — белгілі бір қызмет аясын; — белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын; — ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен принциптерін; — қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды (қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды. Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институционалдандыру деп аталады. Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады. Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар : — бала туу, өсуі ; — қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп — тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру — білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау — рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты). Осылайша әлеуметтік институттар маңызды қоғамдық құндылықтар мен әлеуметтік байланыстардың орнықты нысандары арқылы әлеуметтік құрылымдар мен қоғамдағы тәртіпті ұстап тұрады. Оларды қоғам мүшелері орындайтын әлеуметтік құндылықтар, нормалар және мінез-құлық үлгілері беретін өздерінің әлеуметтік рөлдері негізінде мақсатқа бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ететін белгілі бір әлеуметтік маңызды функцияларды орындайтын адамдардың ұйымдасқан бірлестіктері ретінде алып қарауға болады .

12.Әлеуметтік ұйымдар және олардың түрлері, қоғамдағы атқаратын қызметтерін анықтаңыз. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ” . Себебі “ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады. Біріншіден, қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Екіншіден, “ұйым” термині функциялар бөлінісін, орнықты байланыстар орнатуды, үйлестіруді және т.б. қамтитын ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір қызметті білдіре алады. Үшіншіден, ұйым дегенде қандай да бір объектінің тәртіптелу дәрежесі ойға келуі мүмкін. Әлеуметтік ұйымның бірқатар өзіне тән белгілері бар : 1. Ол белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылып, мақсатқа қол жеткізуі арқылы бағаланады. 2. Мақсатқа қол жеткізу жолында ұйымның мүшелері рөлдері мен мәртебелері бойынша бөлінуге мәжбүр болады. 3. Ұйым еңбек бөлінісінің және оның функционалдық белгілері бойынша мамандандырылуының негізінде пайда болады 4. Басқарушы ішкі жүйелер ұйымның қызметін реттеудің және бақылаудың өзіндік ерекше құралдарын жасайды 5. Әлеуметтік ұйымдар тұтас бір әлеуметтік жүйені білдіреді. Ал тұтас жүйе, жоғарыда атап өтілгеніндей, өзі бөліктерінен үлкен болады. Ұйымға тән белгілерді бөліп қараумен қатар олардың белгілі бір типологиясы болады. Ұйымдар ресми және бейресми болып бөлінеді. Ресми ұйым. Бұл әлеуметтік ресмилендіру, яғни құқықтық, ұйымдық және әлеуметтік мәдени нысандардағы стандарттық, тұлғасыз мінез-құлық үлгілерін мақсатты түрде қалыптастыру негізінде құрылған ұйым. Ресми ұйымның басты функциясы — адамдар қоғамдық еңбектің құралдарымен және мақсаттарымен бір тұтастыққа біріккен гетерогендік жүйені құру. Бейресми ұйым қандай да бір топтың ішіндегі ұзақтығы азды-көпті тұлғааралық араласудың нәтижесі болып табылатын әлеуметтік байланыстардың, нормалардың, әрекеттердің спонтанды қалыптасқан жүйесін білдіреді. Бейресми ұйым ресми ұйымның принципінде әлеуметтік өзара әрекеттестіктің барлық жақтарын, барлық процестерін қамтуға және оған енетін жеке адамдардың барлық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетсіздігінен туады Бейресми ұйым өзін екі негізгі: ресмиліктен тыс және әлеуметтік-психологиялық нысанда көрсетеді. Ресмиліктен тыс ұйым — бұл ресми ұйымның мүшелері спонтанды дамытатын, ресмиленбеген қызметтік қарым-қатынастардың ұйымдастыру міндеттерін ресми түрде алдын ала белгіленгеннен өзге тәсілдермен шешуге бағытталған жүйесі.Басқа сөзбен айтқанда, адамдар ресми ұйымның алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетінше, ресми ұйымның ықпалынсыз осы ұйымның міндеттерін орындау үшін және бұл ретте берілген, ресми ұйым “алдын ала белгілеген” тәсілдерден өзге тәсілдермен әрекет ету үшін біріге алады. Әлеуметтік-психологиялық ұйым — бұл тұлғааралық қатынастардың спонтанды пайда болған, тікелей таңдаушылық (оңтайлыға қарағанда көбірек эмоционалды) және бір-біріне өзара қызығушылық таныту негізінде құралатын жүйесі. Ол жеке адамдардың өздерінің әлеуметтік қажеттіліктерін — араласуға, танылуына, топқа жатуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруы мақсатында құрылады. Ұйымдар тек бір мақсатта ұйымдастырылған емес, іс жүзінде көп мақсатты, жүйені де білдіреді.

13.Отбасы әлеуметтік институт ретінде негізгі мазмұнын ашыңыз. Отбасы әлеуметтануы— отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады. XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық -функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: «Отбасы — ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді». Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархапды (әйелі басшы), құрамына қарай — отбасы нуклеарды (ата-анасы мен балалары),кеңейтілген (нуклеарды отбасы және бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бөлінеді. Отбасы пайда болуы үшін экономика мен жеке меншіктің болуы, билік қатынасы мен бағыну, яғни отбасында, бүтіндей қоғамдағы сияқты, билікті бөлу төртібі бар, онда кімнің материалдық игілігі көп, сол басқарады. Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Отбасының негізгі қызметтері ретінде төмендегілерді атауға болады: репродуктивті, тәрбиелік, шаруашылық — тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау (әлеуметтену), әлеуметтік-мәртебелік, демалыс және т.б.«Отбасы» ұғымы «неке» үғымымен тығыз байланысты. Социологияда неке дегеніміз — отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.Некенің төмендегідей формалары бар:моногамия (бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ Еуропа елдеріндегі бірден-бір форма) және полигамия (бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке). Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс –салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелрі мен бағалы құндылықтары қалай ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтерінің (түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі, т.б. жатады. Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынандай жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілекткр, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б. Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келе отбасына жалпы сипаттама берейік.Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа негізделген: 1) ерлі-зайыптылық; 2) бала туу немесе бала асырап алу. Отбасының даму циклдері(кезеңдер). Бұл отбасының өзгеру серпінін-оның пайда болуы мен ыдырауының арасындағы уақытты қамтиды. Бірінші кезең – некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт. Екінші кезең – ең соңғы баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең баланың әлеуметтік ер жетуі (бой жетуі), табыс табуы мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ.

14.Білім беру социологиясының мәні мен мазмұнын ашыңыз. Білім беру әлеуметтануы – білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Білім беру әлеуметтануының пәні әлеуметтік институт ретінде білім, әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері , сонымен бірге білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеуметтануы, сондай ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулерін зерттейді. Мысалы, қоғамдық өндіріс элементтері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементтері, рухани өмір элементтері. Білім беру әлеуметтануының өзіндік ерекше міндеттері бар:білім алудағы қажеттілікті зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін , түсініп, бағалау; — олардың әлеуметтік маңыздылық астарындағы білім сапасын және деңгейін бағалау; — қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы , оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу; — әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету; — рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне оның әсер ету деңгейін анықтау. Білім тұлғаның дамуына , өзін-өзі көрсетуіне көмектеседі. Сонымен бірге білім тәжірибелік және нышандық сипаттағы маңызды міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етіп , қоғам үшін маңызды Білім беру өзінің құрылымы бар шағын жүйені көрсетеді. Негізгі элементер ретінде әлеуметтік қауымдастық, әлеуметтік ұйым ретіндегі оқу тәрбиелеу мекемесін және әлеуметтің мәдени іс әрекетінің түрі ретінде оқу процесін көрсетуге болады. Білім жүйесі мына принціптер бойынша құрылады, әрі бірнеше буындардан тұрады: мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі, жалпы білім беру мектебі, кәсіби техникалық білім, т.б. Білім беру әлеуметтануы білім жүйесінің көрсетілген әр деңгейінің әлеуметтік мәселелерін зерттейді.



15. Адам, индивит және тұлға ұғымдары. Тұлғаның әлеуметтену процесін сипаттаңыз. Адам ұғымы барлық адамдарға тән ортақ ерекшеліктерді сипаттау үшін қолданылады. Бұл ұғым адамзат тегінің басқа материалдық жүйелерден ерекше өзіне тән өмір сүру ерекшеліктерін көрсетеді. Яғни, адамзат ерекше материалдық шындық ретінде өмір сүреді. Бірақ адамзат өз бетінше емес жеке, нақты адамдар арқылы көрінеді. Адамзаттың жеке өкілдерінің өмір сүруі индивит ұғымы арқылы айқындалады. Индивит – бұл ақыл, ерік, қажеттілік, мүдде, т.б. сияқты адамзаттың әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктерінің нақты таратушысы, адамзат тегінің жеке өкілі. Индивит ұғымы бұл жағдайда нақты адам деген мағынада қолданылады. Тұлға –нақты адамның дамуының нәтижесі, адамдық сапалардың толығымен көрінуі. Тұлға әлеуметтануының объектісі – әлеуметтік қатынастар мен байланыстар жүйесінің белсенді субъектісі ретіндегі жеке адам. Зерттеу пәні осы жеке адамның қоғаммен, әлеуметтік қауымдастықтармен, әлеуметтік инстутутармен, басқа тұлғалармен байланысының әлеуметтік заңдылықтарын қарастырады. Тұлға интегралдық сапалардың, атап айтқанда табиғилық пен әлеуметтіктің саналылық пен бейсаналылықтың жүйесі. Интегралдық сапаларға басты назар аудару тұлғаны биологиялық, психологиялық және әлеуметтік сапалардың тұтастығы ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Адам дербестігінің қалыптасуына оны қоршаған әлеуметтік орта үлкен әсерін тигізеді. Басқа адамдармен араласу арқылы адам өзін көрсетіп, таныта алады. Адамның құндылық бағыты индивидтің жекелік мүддесі мен қажеттіліктерін есепке алудың негізінде қоғамдық құндылықтардың оның-мінез-құлқы мен іс-әрекет механизмінде көріну түрі болып табылады.

16. Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін, оның негізгі қызметін ашып көрсетіңіз.Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өте маңызды саналатын қоғамның саяси өмірін танып-білуге бағытталған. Саясат әлеуметтануы жалпы мынандай ұғымдардың негізінде ашылып қарастырылады, саяси мүдделер, саяси әрекеттер мен өзара әрекеттер, саяси процестер, саяси институттар және т.б. Осы және өзге де ұғымдар қиын ұғымдардың қатарына жатады, сондықтан олардан логикалық тізбек құру мүмкін емес, өйткені олар өздері бейнелейтін шынайы саяси құбылыстар сияқты өзара көп жақты байланыстардан тұрады. Қоғамның саяси өмірінің әртүрлі жақтарын сипаттау барысында саясат әлеуметтануының маңызды ұғымдарының мазмұнын ашу орынды. Саясат әлеуметтануы- әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі ХХ ғасырдың 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында басталды, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып саналады. Соған қарамастан саясат әлеуметтануының өз алдына ұғымдары, заңдары, т.б ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Осы айтылғандардың танымдық маңызы зор болғандықтан саясат әлеуметтануының негізгі мәселелерін баяндаудың еш артығы жоқ шығар деп ойлаймыз. Ең бастысы оның объектісін анықтаған жөн. Әлеуметтік- саяси қатынастар- саясат әлеуметтануының объектісі. Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер – мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіптік құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды. Саясат әлеуметтануы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға, мәдениетке, қызмет-әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Қоғам өмірінің барлық сласындағы саяси қызмет пен саясатқа талдау жасауға баса назар аударады. Мұнда «саясат әлеуметтануы», «саяси қатынастар әлеуметтануы», «саяси ұғымы» ұғымдары кеңінен қолданылады. Алайда, бұлардың ара жігі бүгінгі дейін түбегейлі анықталған жоқ. Мысалы, АҚШ-та «саясат әлеуметтануы» ұғымы аз пайдаланылады. Онда көбінесе саясат ұғымы, саясаттану туралы сөз болады. Батыс Европада, керісінше, «саясаттану» терминін сирек қолданып, «саясат әлеуметтануы» ұғымына басымырақ маңыз береді.

17.Девианттық мінез-құлық ұғымы. Девианттық мінез-құлықты түсіндірудегі негізгі амалдарға сипаттама беріңіз. Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) — жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.

Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді. —Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды. —Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессиядемонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизмнаркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық,суицид т.б. жатады.

18. Әлеуметтік конфликтілер әлеуметтануының зерттеу объектісін, пәнін, қызметін, шешу жолдарын көрсетіңіз. Әлеуметтік шиелініс” (социология конфликта) деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеліністі қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған. Әлеуметтану шиелінісі әлеуметтану ғылымының құрамында өзалдына жеке бағыт ретінде 20 ғ. 50- жылдарында қалыптасты. Әлеуметтікшиеліністердің жан-жақты зерттеген конфилктологияныі классиктері Р.Дарендорф (Германия), Л.Козер (АҚШ) және К.Боулдинг (АҚШ) деген ғалымдар болды. Олар өздерінің еңбектерінде шиеліністердің барлық қоғамдық жүйелерге тән жалпылама себептерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасап, шиелініс процестерін реттеу және шешудің жолдарын көрсетті. Әлеуметтік шиеліністер мәселесі бүгінгі таңдағы күрделі, өзекті проблема болып табылады. Бұл мәселе — әлемдік масштабта назар аударылып отырған мәселе. Ғылыми әдебиеттерде шиелініс деген ұғымға бірқатар анықтамалар берілген (олардың қазіргі саны 50-ге жуық). Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиелініс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.

19) Девианттық мінез-құлықтың негізгі түрлерін, олардың қоғамға ықпалын сипаттаңыз.Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) — жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді. Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар: -Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді. -Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық. -Наша сату және тарату. -Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады. Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық — әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.Девиацияның екінші түрі — делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.    3. Наша сату және тарату.Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:   —жанұяда берекенің болмауы; —ата-ананың «ерекше» қамқарлығы; үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.       — Соңғы жылдары бұл проблеманы шешу үшін мамандар жасөспірімдердің,бозбалалар мен бойжеткендердің көпшілігін қамтитын және кешенді сипаттағы превентивті,алдын алу шараларын қолдануға аса көп назар аударып отыр.20) Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен негізгі категорияларын ашып көрсетіңіз.Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік инститіттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар (АО) корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.) ; экономикалық процестер, өндңрңс саласындағы қатынастар (үстемдік ету – бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапсының артуына әсері, т.б. жатады.Көптеген зерттеушілер Ю.В. Веселов көрсеткен экономикалық социологияның объектісін түсінудегі жалпы принциппен келіседі: «Экономикалық социология экономиканы аса кең әлеуметтік жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырады”. Жалпы алғанда, пәндік ауқымды анықтауда түрлі әдістемелік мақсаттарға: позитивистік және түсіндірмелі социологияға келіп тірелетін екі негізгі тұрғы қалыптасқан.Бірінші тұрғы экономикалық социология, экономикалық (өндіріс, бөліп беру, айырбас, материалдық қорларды тұтыну) және қоғамдық өмірдің экономикалық емес (саясат, мәдениет, дін, отбасы, білім беру т.б.) салаларының өзара байланысы ретінде қарастырылған уақытта макросоциологиялық талдауға жақындау болады. Экономикалық проблемаларды шешуде технологиялық, техникалық және ұйымдастырушылық аспектілермен қатар экономикалық өмірдің әлеуметтік аспектілері болатыны да кеңінен айтылуда. Бұл жерде социология пәні әлеуметтік жүйенің элементтері ретінде әлеуметтік қатынастар, байланыстар, құрылымдар болып көрінеді.Екінші тұрғы зерттеудің алғашқы тармағы «экономикалық жүріс-тұрыс” категориясы деп санайды. Бұл дәстүр Вебердің іс-әрекет социологиясы мен түсіндірмелі социологиясынан барып тіреледі. Бұл ұстаным В.В. Радаевтың дәрістер курсында жақсы жүйеленіп берілген: «Экономикалық социология экономикалық әрекетті әлеуметтік әрекеттің формасы ретінде зерттеп біледі. Онымен қоса экономикалық әрекет шектелген ресурстарға өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында күш көрсетпейтін әдістермен бақылау орнатуды іске асыруды білдіреді”.21) Еңбек әлеуметтануының пәні мен міндеттері. Еңбек сипаты, мазмұны және шартына тоқталыңыз.Еңбек социологиясы – еңбекті әлуметтік процесс, әлуметтік еңбектің қарқындылығын арттыру факторлары, техника және технологиялық, қызметтің, жағдайлардың,  адамның еңбекке деген көзқарасына әсері түріндегі еңбектің мәселелерді зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы. Еңбек социологиясының үш басты аспектісін бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, еңбек социологиясы – бұл адамдардың еңбек құралдарымен және заттарымен өзара әрекеттестік заңдылықтары және сол заңдылықтардың еңбек ұжымдарында және жеке адам қызметіндегі әрекеті және көріну белгілері. Мұнда адамның ұжымның жаңа технологиялық үрдістерінің даму жағдайындағы және экстремалды еңбек жағдайындағы (шахтерлар, атомдық электростанциялар және тағы да басқа жұмысшылар) қызметімен байланысты мәселелер жиынтығы талданған. Екіншіден, еңбек социологиясы – бұл адамның және ұжымның еңбекке, оның сипатына, мәніне, жағдайына деген көзқарас жиынтығы. Мұнда адамның және ұжымның еңбекке байланысының материалдық мүддесі, еңбектің мәні, еңбектің бүтіндей мағынасының себептері талданады. Үшіншіден, еңбек социологиясы – кәсіпорын, ұжымның әлеуметтік ұйымы, яғни позициялар, рөльдер, құндылық және ұжымдағы жұмысшылар арасындағы байланыс жиынтығын тудырушы ерекше қатынастар жүйесі. Мұнда еңбек социологиясының зерттеу саласына әртүрлі еңбек құрылымына байланысты, оның функцияларына байланысты (ұжымның әлуметтік-психологиялық мәселелеріне, ондағы қақтығыстар, ұжымдағы басқару тәсілдері, басқарушылар мен лидерлер арсындағы қатынас және т. б.) мәселелер кіреді.Еңбек социологиясының басты категориялары мыналар: еңбектің мәні, еңбектің сипаты, еңбек жағдайлары, еңбекті ұйымдастыру, еңбек түрлері, еңбектің қызметтік-себептіптік құрылымы, қызметке қатынас т. б.Еңбектің мазмұны – бұл өндіруші қызметі саласымен жасалған еңбек операциясының түрлері, мүмкіншілік және өндірістік процесс үстіндегі шешім қабылдаудағы жаңалық деңгейіне байланысты бөлуді ескеретін еңбектің сипаты. Еңбек категориясы жұмысшылардың әртүрлі еңбектік қызметтерге (физикалық немесе ой еңбегі, аграрлы немесе индустриалды, ұйымдастырушы не атқарушы, жай немесе күрделі) бекітілуін көрсетеді.  Еңбек қызметтің себептері: Адамның өндірістегі қызметінде басты рөльді еңбектің белсенділігінің стимулдары мен себептері атқарады. Стимулдар – объективті факторлардың әсерінен пайда болатын саналы қозғаушы күш. Ол бір жағынан адамның белсенділігін анықтайтын көптеген факторларды қамтыса, екінші жағынан, әр түрлі адамдарға әрқилы әсер етеді. Қазіргі әлеуметтанушылардың бірі Ф.Херцбергтің ойынша, батыс әлуметтануы жұмысшылардың мінез-құлқын өндірістік реттеуге бағытталған және ол осындай зерттеудің үш ең манызды тәсілін талдады.

22. Экономикалық мінез-құлық, экономикалық сана ұғымдарының мазмұнын ашыңыз. Экономикалық мінез-құлықты шығын мейлінше азайып, таза пайда мейлінше көбейетін ұтымды таңдау жасау мақсатымен экономикалық байланыстарды кеңейтуге байланысты мінез-құлық деп бағалауға болады.Радаев Вебердің экономикалық іс-әрекет әлеуметтануы дәстүрін жалғастыра отырып, оны ішкі дәлелденген және басқа адамдардың әрекеті мен қолда бар нормаларға бағыт алған әлеуметтік әрекет ретінде қарастырады. Ол экономикалық іс-әрекетті “өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында күш көрсетусіз әдістермен шектелген ресурстарға бақылау орнату” деп түсіндіреді . Адамдардың экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру экономикалық-әлеуметтанушылық адам үлгілерінің түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны суреттеудің көптеген нұсқамаларына қарамастан, оларды негізгі төрт алғышарттарға бөлуге болады. Экономикалық сана экономикалық қатынастардың көрінуі мен тану амалы ретінде қызмет атқарады, тиісінше бұл білімдер экономика саласындағы процестерді реттеу үшін қолдануға қажет. Ол әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың, тікелей экономикалық нақтылықты бейнелеуші және нақтылы бір тарихи сәтте қоғамдағы әр түрлі құбылыстарға өз ойын көрсетуші экономикалық білімдер мен идеялар, көзқарастар жиынтығын білдіреді.Экономикалық сана-сезім экономикалық тәжірибе барысында қалыптасады, оның иеленушілері жекелеген жеке адамдар, топтар бола алады. Білімнің санаға ауысуының басты өлшемі, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың экономикалық идеяларға, көзқарастарға және теорияларға қажеттілігі болып табылады. Экономикалық сана-сезімнің дамуы агенттіктердің экономикалық мүдделерін табысты іске асыру үшін маңызды. Мысалы, нарыққа өту халықтан нарықтық білімнің негізін игеруді, жекешелендірудің механизмдерін, жеке істі ұйымдастыруды, сауда ережелерін және маркетингтік қызметтерді түсінуді талап етті.Экономикалық сана теориялық сана-сезім мен эмпирикалық ой болып екіге бөлінеді. Сана-сезімнің теориялық деңгейі экономикалық құбылыстар мен процестердің заңдылықтары мен байланыстарын анықтауға мүмкіндік беретін категория мен тұжырымдама нысанында жүйеленген экономикалық білімді көрсетеді. Экономикалық ой шаруашылық өмірдің іс жүзіндегі тәжірибесінен туындаған көзқарастарды қамтиды. Адамдар күнделікті өмірінде, қандай да бір тұрғыда әрекет етуге шешім қабылдай отырып, осындай үйреншікті сана-сезімді басшылыққа алады.

23. Әлеуметтік конфликтілер типологиясын ашып көрсетіңіз. Адамдар арасындағы өзара қатынас пен әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Конфликтілер қарама-қайшы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары немесе әлеуметтік қауымдастық пен жеке адамдардың қарама-қайшы үрдістері мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар қоғам жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың жоғарғы сатысы. Әлеуметтік конфликтілер адамзат тарихындағы шарасыз құбылыс ретінде ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік дамудың ынталандырушысы ретінде қарастырған. Қоғамда жанжалдар болады. Жанжалдың өзін латын тілінен аударғанда қақтығысдеп аламыз. Жанжалдардың күшеюінің негізгі салалары рухани және эконоимкалық , этносаралық қатынастар болып табылады. Осы жанжалдардың өршуінен конфликт пайда болады. Саяси саладағы конфликт билік пен жауапкершіліктің сәйкессіздігі салдарынан саяси мүдделердің , құндылықтардың және көзқарастардың қарама-қайшылығына негізделген саяси субъектілердің алысуы мен қақтығысуы болған кезде пайда болады. Әлеуметтік жанжал – бұл түрлі әлеуметтік топтардың өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуге талпыну, сәйкес келмейтін және тіпті қарама-қайшы мүдделерді жүзеге асыру жолындағы қақтығыстар. Жанжалдарды шешу жолдары: қақтығысты шешудің сырттай белгісі болып, оның аяқталуы табылады (уақытша тоқтату емес). Бұл дегеніміз қақтығысушы жақтар арасында жанжалдық өзара әрекет аяқталады. Алайда әлеуметтік қақтығыстың түбірлі шешілуі қақтығыстық жағдайдың өзгеруі кезінде ғана жүзеге асады. Атап айтқанда тиімді болып қақтығыс себебін жою табылады – қарсыластардың бір-біріне деген көзқарасын өзгерту. Сондай-ақ, әлеуметтік қақтығысты бір жақтың талаптарын өзгертуі арқылы шешуге болады: қарсыластың бірі өз мінез-құлқының мақсатын өзгертеді.

24. Отбасы институты және оның қоғамдағы орнын анықтаңыз. Отбасы өте ертеректен келе жатқан әлеуметтік институттардың бірі. Бір жағынан отбасы әлеуметтік институт, ал екінші жағынан өзінің қалыптасу және даму заңдылықтары бар кіші топ. Отбасэы институтымен тығыз байланысты институттардың бірі – неке институты. Неке – бұл қоғам арқылы бекітілген, жыныстық қатынастардың әлеуметтік және тұлғалық тұрғыдан мақсатты түрде ұйымдастырылған, тұрақты түрі. Отбасы — қандас туыстыққа негізделеген, ерлі-зайыптылардың, ата-ана мен балалардың, туысқандардың қарым-қатынастарын реттестіруші кіші топ. Отбасының негізін некелік жұп құрайды. Бірақ та бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізгенімен заңдық тұрғыда тіркелмеген отбасылар да бар. Сонымен бірге толық емес отбасылардың бар екендігі баршаға айғақ. Отбасының нуклеарлық (ата-аналар және балалар) және кеңейтілген ( ерлі-зайыптылар, балалар, ерлі-зайыптылардың біреулерінің ата-аналары, басқа да туысқандар бар) түрлері бар. Отбасындағы функциялардың бөлінуіне, лидерлік мәселесіне қатысты отбасының үш түрін бөліп қарастыруға болады:1. Дәстүрлі отбасы (патриархалды). Мұндай отбасыларда бір уақытта минимум үш ұрпақтың бірге тұруы орын алады. Отбасының лидері үлкен (егде) ер кісі. Мұндай отбасылардың ерекшелігі: 1.әйелдердің ер кісіге экономикалық тәуелділігі. 2. отбасы өмірінің функционалдық тұрғыда бөлінуі : ер кісі – асыраушы, әйел- хозяйка. 3.отбасы мәселелерін шешуде ер кісі билігі сөзсіз орын алады. 2. Дәстүрлі емес.Ер кісі лидерлігі орын алады.Әйелдер мен ер кісілердің атқаратын қызметтері сөзсіз бөлініп қойылады. Алайда әйел адам ер кісімен бірге қоғамдық жұмыстарға араласады. Мұндай отбасына социологтар эксплуататорлық (езгідегі) деп те атайды. Өйткені әйел адам қоғамдық жұмыстармен бірге үй жұмысын тек өзі ғана істейді. 3. Эгалитарлық (теңдікке негізделген отбасы). 1.Үш жұмыстарының пропорционалды, тең бөлінуі. 2. негізгі мәселелерді бірігіп талқылап, ортақ шешімдер қабылдау. 3. қарым-қатынастардың эмоционалдық жағымдылығы. Отбасының атқаратын қызметтері: репродуктивті, тәрбиелеу, шаруашылық-экономикалық, рекреациялық.Репродуктивті қызмет– балаларды өмірге келтіру арқылы ата-аналар санын көбейту. Тәрбиелеу қызметі - Отбасындағы моральдық климаттың, қарым-қатынастың бала тұлғасының қалыптасуына әсері.

25. Тұлға әлеуметтенуінің ерекшеліктерін, оның негізгі агенттерін сипаттаңыз. Тұлға әлеуметтенуі деп оның қоғамға енуі арқылы сыртқы орта мен жекелік сапаларының әсерлерінің негізінде өзінің жекелік сапаларының әсерлерінің негізінде өзінің жекелік және әлеуметтік мәнін көрсетуін айтамыз. Әлеуметтену процесінің бір маңызды ерекшелігі – бұл әлеуметтенудің тек балалық шақпен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді және қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі. Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.Әлеуметтендіру агенттері-әлеуметтендіру процесінің барысына бағытталған мақсатпен ықпал жасаушылар.

26. Қоғам дамуының негізгі теорияларын сипаттаңыз. Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды. Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсілдің негізгі мақсаты — қоғам туралы түрлі ілімдерді қоғамның жалпы теориясы болатындай етіп біртұтас жүйеге біріктіру.Қоғамның негізгі ерекшелігі – ұйымдардың сабақтастығын, реттелуін және басқарылуын қамтамасыз ету.Басқару – қоғамды реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған қатысты ерекше іс-әрекет. Басқару келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты өңдеу және талдау, оны жүйелендіру, талдау және оған диагноз қою, мұның нәтижесінде болжамдар жасалады және мақсаттар анықталады. Содан соң, іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және оны бақылау, мамандарды таңдау мен пайдалану арқылы шешімдерді қалыптастыру және оны нақтылау жүзеге асырылады. Осылайша, басқару жүйесі қалыптасады.Қоғамды сипаттаудағы ерекше орынды «әлеуметтік институттар» алады. Әлеуметтік институттар – бұл әлеуметтік шындықтың белгілі бір салаларының ұйымдастырушылық формалары, кәсіби топтардың жалпы рөльдері. Осы арқылы бүкіл жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.Қоғамның ерекше белгісі – оның автономиялылығы және өзін — өзі реттеудің жоғары деңгейінің болуы. Қоғамның автономиялылығы оның көпфункционалдылығы арқасында, яғни индивитдтердің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті жағдай туғыза алуы және олардың өзін-өзі бекітуі мен жүзеге асыруына мүмкіншілік туғызу арқылы жүзеге асырылады.Қоғамның автономиялығы мен өз-өзіне жеткіліктігі сыртқы ұйымдастыру импульстарының болмауына байланысты. Қоғам өзінің ішінде пайда болатын және қалыптасатын институттар және ұйымдармен, нормалар, яғни принциптер негізінде реттеледі және басқарылады. Өзін-өзі реттеу – оның мөлшеріне қарамастан өзінше жекелілігін іске асыра алатын қоғамның маңызды қасиеті.Қоғамды қарастыруда ең маңызды аналитикалық тәсілдердің бірі – детерменизм, яғни қоғамның жалпы бейнесін көрсететін оның негізін анықтау.XX ғасырдың 60 – жылдары танымал болған индустриялы қоғам теориясы 70 – жылдарда «постиндустриялды қоғам» теориясында өз жалғасын табады. Аталған теорияға сәйкес, қоғам өзінің дамуында 3 негізгі кезеңнен өтеді: индустриалдыға дейінгі (аграрлық), индустриалды және постиндустриалды. Бірінші кезеңде экономикалық іс-әрекеттің алғашқы саласы — ауыл шараушылығы, екінші кезеңде — өндіріс, үшінші кезеңде – қызмет көрсету орын алады. Индустриялдыға дейінгі қоғамның көздеген мақсаты – билік, индустриялды кезеңде – ақша, постиндустриялдыда — білім. Аталған кезеңдердің әрбіреуіне әлеуметтік ұйымның ерекше формалары тән: аграрлы қоғамда – шіркеу мен әскер, индустриялдыда — корпорация, постиндустриялдыда — университет.

27. Тұлға дамуының негізгі теорияларының мазмұнын ашыңыз. Тұлға теорияларын талдау ұлы классиктер Гиппократ, Аристотель, Платоннан басталады. Ондаған ойшылдарда оған кіреді Аквинат, Кант, Гоббс, Локк, Ницше. Тұлғаны еңбектік, адамгершілік, құқықтық, экологиялық, саяси, идеологиялық және басқа да әлеуметтік қатынастардан бөлек қарастыру мүмкін емес. Егер де бұл қарым қатынастар жүйесінде адамның іс әрекеті мен мінез құлқы қоғамның маңызды мүдделеріне неғұрлым сәйкес келсе, соғұрлым оның тұлғалық даму деңгейі жоғары болады. Әлеуметтік бағыттың өкілі Т. Парсонс тұлғаны күрделі жүйе ретінде қарастырады. Тұлғаның өзіндік дербес белсенділігіне қарамастан, Т. Парсонстың теориясында әлеуметтік фактор негізгі деп есептелінеді. Тұлға күту позициясында отырып, алдын ала белгілі рөлді қабылдауға дайындалады. Ал бұл күтілімдерге сәйкес келмеу, Парсонстың көзқарасы бойынша тұлғаның қоғамға тиімді интеграция жасауына кедергі келтіретін жанжалдарды қалыптастырады. Тұлғаның қарым қатынас жасай білу қабілетінің қазіргі кезеңдегі өзектілігі неміс ғылымы Ю. Хабермастың коммуникативтік іс әрекет теориясын өзектендіреді. М. Вебер, ол адам тұлғасын қоғамның басты клеткасы, әлеуметтік әрекет субъектісі ретінде қарап, оның мәртебесін көтереді. Т. Парсонс әлеуметтенудің маңызды механизміне тұлғаның өзін үлкендермен теңдестіре қарауын жатқызады. 28. Әлеуметтанулық зерттеудің түрлері мен типтерін ашып көрсетіңіз

Социологиялық және маркетингтік зерттеу әдістемелерінің қазіргі жиынтығы өте кең және әр алуан. Сондықтан, зерттеулерді бірқатар негіздер бойынша жіктеуге болады, атап айтқанда:

- қарқыны мен күрделілігі бойынша;

- шапшандығы мен уақыт шегі бойынша;

- зерттеу объектілері мен қолдану саласы бойынша;

- социологиялық және маркетингтік ақпарат жинаудың қолданылатын негізгі әдістері

бойынша;

Аталған типтердің біріншісі бойынша сипаттау және жіктеу үшін қарқын мен күрделіліктің бір шамасын көз алдымызға елестетейік. Осы шама негізінде пилотаждық зерттеу орналасады, батыс әдебиетінде “pіlot research” терминінен гөрі “pre-test” термині жиі қолданылады. Пилотаж, әдетте екі жағдайда жүргізіледі: көбінесе сыналатын зерттеу ретінде, негізгі зерттеу құралдары жиынтығын тексеру үшін, ал зерттеу проблемасын, пәні мен объектісін, жұмыс болжамдарын айқындау үшін сирек қолданылады.

Пилотаж үшін іріктеу үлкен емес, егер негізгі зерттеу бұқаралық сұрау болса, әдетте — 10-50 адам.

Зерттеудің қорытындысы бойынша пилотаждық есеп жасалынады, оның негізінде бағдарлама мен құралдар жиынтығы жетілдіріледі.

Күрделілігінің деңгейі бойынша зерттеудің келесі түрі экспресс-сұрау болып табылады. Мұнда социологиялық ақпарат теориялық қорытындылау мен іс-тәжірибелік ұсыныстар үшін негіз болмай, өзін-өзі үшін жиналады.

Экспресс-сұрау — бұл қоғамдық пікірдің, қоғамдық көңіл-күйлердің лезде суретке түсірілуі. Мұндай сұрауларға, әдетте, бұқаралық ақпарат құралдары тапсырыс береді және олар не маңызды оқиғалар қарсаңында, не ізін суытпай өткізіледі.

Одан ары қарай “күрделілік шамасында” сипаттамалық немесе дискриптивтік зерттеу орналасады. Ол зерттелетін объектінің ішкі құрылымы мен оның сыртқы байланыстарын, қоршаған ортамен нақтылы және потенциалды өзара әрекеттесуінің сипаты мен бағытын анықтауды міндет етіп қояды. Сипаттамалық зерттеу “не, қайда, қандай, қалай?” деген сұрақтарға жауап береді.

Егер осы сұрақтарға “неге” деген сұрақты қосар болсақ, онда алдымызға біздің “шамамызды” аяқтайтын зерттеудің тым күрделі түрі — талдамалық зерттеу басталады. Оның басты мақсаты — зерттелетін объектіге немесе құбылысқа қатысты себептік-салдарлық байланыстарды айқындау. Талдаудың корреляциялық, регрессивтік, кластерлік және т.б. түрлерінің әдістерін пайдалана отырып, бір өзгермелілердің басқаларға тәуелділігін анықтаймыз, объектінің жүріс-тұрысының қайсы бір факторлары басқа факторларға қалай әсер ете алады, қандай факторлардың әсерінен объектінің әрекеті нақ солай болады деген сұрақтарға жауап аламыз.

Зерттеулер шапшаңдығы мен уақыт шегі бойынша нүктелі, бір жолғы (ad-hok research) және қайталанған болып бөлінеді.

Нүктелі зерттеу зерттелетін объектінің жай-күйі жөнінде оны зерделеу сәтінде ақпарат береді. Қайталанған зерттеулер объектіде, құбылыста, ұжымдық пікірлер мен көңіл-күйлерде өзгерістерді тіркеу үшін жүргізіледі.

Қайталанған зерттеулердің ең көп тараған түрлерінің бірі соңғы кездері социологиялық мониторингтер болды.

Қайталанған зерттеулердің кеңінен таралған және әдістемелік жағынан өңделген типі панельдік зерттеулер болып табылады. Панельдік зерттеулердің өзгешелігі мынада, бірыңғай уақыт аралығы арқылы (іріктеу көлемі өзгермесе де, респонденттер құрамы өзгеруі мүмкін мониторингтерге қарағанда) зерттелуге тура сол тұлғалар (үй шаруашылылықтары, ұйымдар) тартылады.

Бүгінде медиапанельдер кеңінен таралуда, оның мақсаты аудиторияның бұқаралық ақпарат құралдарын жүйелі түрде бақылау болып табылады.

Зерттеу объектісі мен қолдану аясы бойынша мыналарды бөліп көрсетуге болады:

- социологияның және оның жеке теорияларының ғылыми проблемаларын жасау шеңберінде жүргізілетін зерттеулер (шынында, “нақтылы социологиялық зерттеулер” сөздің турасында айтқанда, осы болады);

- қоғамдық пікірді зерттеу;

- маркетингтік зерттеулер;

- медиа зерттеулер. Ғылыми әдебиетте социологиялық зерттеулердің үш бағдары кездеседі. Теориялық бағдардағы зерттеулер қандай да бір ғылыми проблеманы шешуге көмектеседі. Әдістемелік бағдардағы зерттеулер зерттеу әдістерін жетілдіру мақсатында жүргізіледі. Қолданбалы зерттеулердің мақсаты әлеуметтік тіршілік әрекеті аясында тәжірибелік ұсыныстарды немесе болжамдарды алуға бағытталған.

Қазіргі заманғы зерттеу тәжірибесінде зерттеулерді ақпарат жинауда қолданылатын әдістер бойынша жіктеу кеңінен таралған. Зерттеулердің көбісі бірнеше әдістерді қолданумен жүргізілетінін, бірақ жіктелімнің негізіне осы зерттеуде негізгі болып табылатын нәрсе алынатынын бірден атап кетейік.

Қолданылатын әдістемелер бойынша зерттеулер сандық және сапалық болып бөлінеді.

Сандық әдістемелерге формализмге негізделген сұраулардың әр түрлерін, құрылымдық бақылауды және мәтіндерге (деректі материалдарға, газет басылымдарына, жарнамаларға және т.б.) контент-талдауды жатқызамыз.

Сапалық зерттеулерге, әдетте терең сұхбат (іn-depth-іntervіew), фокус-топтар, бақылау, эксперимент, өмірбаяндық әдіс және т.б. жатқызылады.

29. Әлеуметтік конфликтілер фазалары мен әлеуметтік конфликтінің қарапайым түрлерін көрсетіңіз

“Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс жанжал екі жақтан жұмылдырылған күрестің қайнар көзі, әдістері мен құралдары қандай екеніне тәуелсіз әрекет етуші адамдар мен топтардың арасындағы шынайы күрес деп көрсетті. Жанжалдар — адамдар арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Ғалымдардың пікірінше, жанжал “қарама-қайшы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, пікір позицияларының, оппоненттер көзқарастарының немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары” немесе әлеуметтік қауымдастық пен индивидтердің қарама-қайшы тенденциялары мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, қоғам жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың дамуының жоғары сатысы.

Әлеуметтік жанжалдың көптеген түрлері бар. Социологиялық талдаудың ыңғайлылығы үшін, жанжалдың өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін олардың жіктелімі мен жіктелуі қажет.

Қоғамдық ұйымдарға сәйкес жанжалдар келесі деңгейлерде пайда болады:

-индивид;

-әлеуметтік топ;

-топтар;

-социеталды жүйелер;

-жалпы қоғам.

Көптеген ғалымдардың бағалауы бойынша, әсіресе байсалды сипатта — әлеуметтік топтар арасындағы жанжалдар мен институционалды жанжалдар қайта жасауға негіз болатын әлеуметтік институттар жоқтығынан аса ірі жанжалдарға ұласады.

Зерттеу барысында әлеуметтік жанжалдың үш үлгісі бөлініп шығады:

-Либералдық. -Авторитарлық-консервативтік.

-Социалистік.

Либералдық үлгі топтық мүдделердің қақтығысына негізделеді. Авторитарлық-консервативтік — жетекшілік ететін элита мен бұқараны қарама-қарсы қоя отырып, либералдық, парламенттік демократия сынына негізделген. Социалистік үлгі қоғам мен мемлекетті қарсы қоюдан терең таптық жанжалға дейін барады.

Жанжалдардың күшею себебінің сипаты бойынша, олар негізгі үш топқа бөлінеді:

1. Өмірлік құралдардың себептері бойынша жанжалдар немесе қажеттілік жанжалдары.

2. Жанжалдар мүдделердің соқтығысуы ретінде.

3. Құндылықты жанжалдар.

Жанжалдардың күшеюінің негізгі салалары рухани және экономикалық, этносаралық қатынастар болып табылады. Саяси саладағы жанжал билік пен жауапкершіліктің сәйкессіздігі салдарынан саяси мүдделердің, құндылықтардың және көзқарастардың қарама-қайшылығымен негізделген саяси субъектердің алысуы мен соқтығысуы болған кезде пайда болады. Бұл субъектінің басқалармен саяси қатынас жүйесіндегі ықпал үшін, көпшілікке маңызды шешімді қабылдауға қол жеткізу үшін, бір сөзбен айтқанда саяси үстемдік пен билік құрастырғандардың бәрі үшін күрес. Әлеуметтік шиеленістің дамуындағы негізгі кезең ретінде жетеуін бөліп көрсетуге болады. Бұлар:

1) әлеуметтік шиеленістің жағдайлық деңгейі — норма;

2) әлі сирек ұғынылған шиеленістің латентті(жасырын) сатысы;

3) шиеленістің күшеюі және қарама-қарсы жаққа талаптарды өңдеу;

4) шиеленістің сыни сатысы және күрделі жанжалға өтуі (күтпеген оқиға);

5) жарылыс, жағдайдың жылдамдатылған дамуы;

6) кульминация;

7) жағдайлық деңгейге дейін құлау.

Қалай болғанда да, жанжал уақытпен ауысатын жанжалдылықтың деңгейі ретінде түсінілетін әлеуметтік шиеленістен өсіп шығады. Осылайша, әлеуметтік шиеленіс бір-бірімен өзара байланысқан әлеуметтік факторлардың нәтижесі болады. Олар: қанағатсыздық, оның бұқаралығы және пайда болу әдістері.

Әдетте әлеуметтік жанжал төрт сатыға бөлінеді:

1) алдынғы жанжалды;

2) жанжалды;

3) жанжалды шешу сатысы;

4) жанжалдан кейінгі жағдай.

Олардың әрқайсысы кезеңге бөліне алады. Кез келген сатыны немесе кезеңді жанжал динамикасының белгілі бір кезеңі ретінде қарастырған жөн. Мысалы, бірінші алдыңғы жанжал сатысы екі кезеңге бөлінген болуы мүмкін. Бірінші кезең жанжал субъектілерінің күрделі қайшылықтарының пайда болуына байланысты тұлғааралық және топтық қатынастар жүйесіндегі қайшылықтардың ушығуымен және жинақталуымен сипатталады. Бұл кезеңді латентті (жасырын) деп қабылдау керек.

Екінші кезең, әдетте жанжалдасушы жақтарды қозғалысқа, сонымен қатар, олардың қарама-қарсы құндылықтар мен мүдделерін жете түсінуге әкелетін күтпеген оқиғадан немесе себептен басталады. Нәтижесінде бұл кезеңде жанжал жасырыннан ашық түріне айналады және жанжалдық жүріс-тұрыстың әр түрлі формасында көрінеді. Дәл осындай жүріс-тұрыс жанжалдың дамуының екінші, негізгі кезеңін сипаттайды. Бұл кезеңде тек жанжалдасушы жақтардың мақсаттарын жете түсіну ғана қажетті емес, сонымен бірге бірінші сатының өзінде-ақ басталатын күреске психологиялық нұсқауды қалыптастыруды жалғастыру қажет.Сонымен, жағдайға байланысты оппоненттердің тиімді өзара әрекеттесу жолын таңдау сатысы — үшінші саты шабуыл жасайды.

Бұл сатыда жанжалды шешу кезінде екі жақтың келісім жолымен татуласуы болады. Мұндай татуласу егер екі жақ жанжалды жалғастырғаннан гөрі бейбітшілікке жету әлдеқайда тиімдірек деген сенімге келгенде мүмкін.

30. Әлеуметтік конфликтілерді реттеудің жолдары мен құралдарын сипаттаңыз

“Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс жанжал екі жақтан жұмылдырылған күрестің қайнар көзі, әдістері мен құралдары қандай екеніне тәуелсіз әрекет етуші адамдар мен топтардың арасындағы шынайы күрес деп көрсетті. Жанжалдар — адамдар арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Ғалымдардың пікірінше, жанжал “қарама-қайшы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, пікір позицияларының, оппоненттер көзқарастарының немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары” немесе әлеуметтік қауымдастық пен индивидтердің қарама-қайшы тенденциялары мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, қоғам жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың дамуының жоғары сатысы.

Жалпы жанжалды шешуді үш сатыға бөлуге болады.

1. Бірінші саты — дайындық, жанжалға “диагноз” қою керек болғанда, оның типін, күрделілік дейгейін анықтау керек, тереңдігі мен себебін көрсету керек. Сонымен бірге жанжалды басу үшін, ресурстарды зерттеу керек, жанжалға билік, БАҚ сияқты сыртқы факторлардың әсерін бағалау қажет. Әрі қарай жанжалды шешудің бірнеше нұсқаларын жасап, оларды шешу салдарын болжау қажет, жеңістің немесе жеңілістің бағасын анықтап, содан кейін келісімге дайындалу керек. Келісімнің мақсаты істің қиялы емес, берлігі болуы тиіс.

2. Екінші саты — келісімдердің өзі. Ол ұзақ болуы мүмкін.

Міндеттер келесіден тұрады:

1) Келісімге қатысушылардың қысымын жою, сонымен бірге баспасөзді де;

2) Сенім атмосферасын үнемі қолдау;

3) Басым проблемаға назар аудару;

4) Соңғы көзқарастарды бейтарап қалдыру;

5) Қатысушылардың әрқайсысы өзінің пікірін айта алуы үшін және қорытынды құжаттарды дайындауға қатыса алуы үшін өзінің дәлелдері мен ұсыныстарын ынталандыру.

3. Үшінші сатыда делдалға қатысушының жанжалды жағдайдан шығуын іске асыру қажет. Ол үшін:

1) қатысушылар келісіммен қанағаттанғандарын айтып білдіру қажет және ол туралы бір-біріне хабарлау керек;

2) жанжалды шешу үшін болашаққа тиімді жасалынған ережені мойындау керек;

3) қабылданған келісімді іске асыру үшін бақылаудың әдістерін бекіту қажет;

4) қарсыластық ынтымақтастыққа айналу үшін қабылданған шешімдермен бақылауға қатысу керек.

Жанжалды шешу процесін олардың қатысушыларының стратегияларынсыз түсіну мүмкін емес. Сондықтан стратегиялар қатарын қолданады. Бірінші — “страус” стратегиясы — жанжалдың бар болуын мойындамау. “Страус” қабілетті болатын ең үлкен нәрсе ол — “иә, жанжал бар” деп айту. Бірақ өзі оны шешу үшін ештеңе істемейді.

“Көгершіндер” стратегиясында жеңілісті қолдау позициясы көрініс береді және екі жақтың біреуі жеңілген жағдайында пайдаланылады. Мұндай жағдайда жанжалды шешудің жиі жалғасы болмайды.

“Қаршыға” стратегиясы қарсыласын міндетті түрде жеңуге ұйғарады. “Қаршыға” өзінің сызығында мықты тұрады және қарсыласынан көнуді талап етеді.

“Келісім беру” стратегиясы. Оның құндылықтарының бірі — келісім процесінің өзі. Сондықтан көну жеңіліс ретінде емес, проблеманың шешімі ретінде қабылданады.

Жанжалдарды реттеуде үлкен мәнге оның салдары, қорытынды сатысы ие. Бірақ оған әрине қарама-қайшылықтарды тұтастай жою күші және кез келген күресті тоқтату іске кірісуі тиіс.

Жанжалдың салдары әр түрлі объективті және субъективті факторларға, әсіресе жанжалды реттеуде айырмашылықтарды жеңу әдісіне тәуелді. Оқиға жағымды дамыған кезде, шығармашылық еңбек пен демалысқа дәлденуге мүмкіндік беретін, бұрынғы жанжалдасқан жақтарға сыйлы қатынас қалыптасады.

31.Экономикалық әлеуметтанудың өзекті мәселелері мен бағыттарын сипаттаңыз. Экономикалық әлеуметтану – пәнаралық ғылым. Бұл ғылымның зерттеу пәні қоғамның дамуының әлеуметтік заңдылықтары мен экономикалық шешімдердің тиімділігі. Қоғамда адамдардың әлеуметтік-экономикалық өзара әсерлерінің нәтижесінде пайда болған мәселелерді таза әлеуметтік немесе экономикалық мәселелерге жатқызуға болмайды. Әрбір мәселенің экономикалық, психологиялық, адамгершілік, моральдық, тарихи, т,б. жақтары бар. Мысалы. Жұмыссыздық мәселесін қарастырайық. Экономикалық тұрғыдан алғанда, бұл мәселенің болуы, жұмысынан айрылып қалуға деген қорқыныш, еңбекке деген қарым-қатынасты жақсартатын, еңбек тәртібін бекітуге мүмкіндік беретін фактор болып табылады. Бірақ бұл мәселенің басқа да жақтары бар — адамдарды қорқыту арқылы еркін творчестволық еңбекке зорлап көндіруге болмайды, бұл жағдай – коллективте әлеуметтік шиеленістің күшеюіне, әлеуметтік психологиялық климаттың төмендеуіне алып келеді. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды. Экономикалық әлеуметтану экономиканы ондағы әрекет етуші әлеуметтік топтардың белсенділігінен, олардың мүдделҵрінен, мінез-құлқы мен өзара әрекеттесуінен қозғау алатын әлесметтік процесс ретінде сипаттаиды. Көптеген зерттеушілер Ю.В.Веселов көрсеткен экономикалық әлеуметтанудың объектісін түсінудегі жалпы принциппен келіседі: “Экономикалық әлеуметтану экономиканы аса кең әлеуметтік жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырады”. Экономика саласындағы әлеуметтану зерттеуінің негізгі салалары төмендегідей:

- экономикалық институттардың (жеке меншіктің, айырбастың, келісім-шарт қатынастарының, ақшаның, қаржы нарығының) эволюциясы;

- қоғамның экономикалық және кәсіби стратификация мен икемділік, экономикалық теңсіздік, кедейшілік және байлық проблемалары;

- әлеуметтік қатынастар мен адамдардың экономикалық қимыл-әрекеттерінің әр түрлі типтерінің қалыптасуы;

- адамдардың еңбек нарығындағы әрекеті, өндіріс және формальды емес экономика саласындағы еңбек әрекеті;

- экономикалық сана мен ойдың дамуы (құндылықтар, таптаурындар, мінез-құлық үлгілері);

- экономикалық ұйымдардың құрылымы;

- кәсіпкерлік және бизнес нысанының әлеуметтануы;

- өндірістің, бөліп берудің, айырбас пен тұтынудың т.б. әлеуметтік-экономикалық механизмдері.

Экономикалық әлеуметтанудың негізгі міндеті – экономикалық құбылыстар мен процестерді осында әрекет ететін жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың мүдделері, мүмкіндіктері тұрғысынан әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру, сонымен қоса нақтылы бір қоғамның экономикасына әлеуметтік және мәдени факторлардың әсер етуін зерттеу болып табылады.

Экономикалық әлеуметтану бізге экономикалық дамудың әлеуметтік механизмдерін біртұтас жүйе ретінде тереңірек түсінуге жол ашады: нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен қызмет етуі жағдайында адамдардың экономикалық іс-әрекеті; шаруашылық және қаржы институттарының қалыптасуына саяси және әлеуметтік әрекеттердің, қоғамдық пікірдің, дін мен мәдени дәстүрлердің әсерін ашу.

32.Әлеуметтік мобильділікке мысал келтіріңіз: горизонтальды мәжбүрлік, индивидуальды, жоғары көтерілуші. Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. . «Мобильділік» түсінігінің этимологиясы келесі түсініктерде бейнеленген: «қозғалыс», «алға жылжу», «орын ауыстыру». Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді. «Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет мен адамдар тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз. Әлеуметтңк мобильдіктің екі типі болады, олар: вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және; горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер. Веритикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады. Мысалы,Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады. Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильдіктің түрі. Горизантальды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Индивид бір статустық топтан екінші бір топқа өтеді. Айталық, жоғары білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез-құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамыме некеге тұруға тырысады. Әлеуметтік мобильдікті басқа да критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар. Жек мобильдік туралы біз жоғарыда түсндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен қарай құлдырауы. Топтық мобильдік тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. Сорокиннің пікірі бойынше, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат соғыстары;әскери төңкерістер мен саяси режимдандің ауысуы; шаруалар көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер; империяны құру жатады.

33.Әлеуметтік қақтығыстарды шешудің бейбітшіл амалдары бар ма? Атаңыз. “Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс жанжал екі жақтан жұмылдырылған күрестің қайнар көзі, әдістері мен құралдары қандай екеніне тәуелсіз әрекет етуші адамдар мен топтардың арасындағы шынайы күрес деп көрсетті. Жанжалдар - адамдар арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады.

Бәрімізге белгілі болғандай, пайда болған жанжалдың алдында кез келген, керек десеңіз оның жақсы қызмет етуіне қатысатын ұйымда әлеуметтік шиеленіс болады. Әлеуметтік шиеленіс ереже бойынша, тербеледі, бірақ дұрыс ұжымда ол норма деңгейінде болады. Өз кезегінде қайшылықты дамуда шиеленіс шекарадан асып кетеді және ұжымды бұзатын аса шиеленіскен жәйт болады. Әдетте әлеуметтік жанжал төрт сатыға бөлінеді: 1) алдынғы жанжалды; 2) жанжалды; 3) жанжалды шешу сатысы; 4) жанжалдан кейінгі жағдай. Олардың әрқайсысы кезеңге бөліне алады. Кез келген сатыны немесе кезеңді жанжал динамикасының белгілі бір кезеңі ретінде қарастырған жөн. Мысалы, бірінші алдыңғы жанжал сатысы екі кезеңге бөлінген болуы мүмкін. Бірінші кезең жанжал субъектілерінің күрделі қайшылықтарының пайда болуына байланысты тұлғааралық және топтық қатынастар жүйесіндегі қайшылықтардың ушығуымен және жинақталуымен сипатталады. Бұл кезеңді латентті (жасырын) деп қабылдау керек. Екінші кезең, әдетте жанжалдасушы жақтарды қозғалысқа, сонымен қатар, олардың қарама-қарсы құндылықтар мен мүдделерін жете түсінуге әкелетін күтпеген оқиғадан немесе себептен басталады. Нәтижесінде бұл кезеңде жанжал жасырыннан ашық түріне айналады және жанжалдық жүріс-тұрыстың әр түрлі формасында көрінеді. Жалпы жанжалды шешуді үш сатыға бөлуге болады. 1. Бірінші саты — дайындық, жанжалға “диагноз” қою керек болғанда, оның типін, күрделілік дейгейін анықтау керек, тереңдігі мен себебін көрсету керек. 2. Екінші саты — келісімдердің өзі. Міндеттер келесіден тұрады: 1) Келісімге қатысушылардың қысымын жою, сонымен бірге баспасөзді де; 2) Сенім атмосферасын үнемі қолдау; 3) Басым проблемаға назар аудару; 4) Соңғы көзқарастарды бейтарап қалдыру; 5) Қатысушылардың әрқайсысы өзінің пікірін айта алуы үшін және қорытынды құжаттарды дайындауға қатыса алуы үшін өзінің дәлелдері мен ұсыныстарын ынталандыру. 3. Үшінші сатыда делдалға қатысушының жанжалды жағдайдан шығуын іске асыру қажет. Ол үшін: 1) қатысушылар келісіммен қанағаттанғандарын айтып білдіру қажет және ол туралы бір- біріне хабарлау керек; 2) жанжалды шешу үшін болашаққа тиімді жасалынған ережені мойындау керек; 3) қабылданған келісімді іске асыру үшін бақылаудың әдістерін бекіту қажет; 4) қарсыластық ынтымақтастыққа айналу үшін қабылданған шешімдермен бақылауға қатысу керек. Жанжалды шешу процесін олардың қатысушыларының стратегияларынсыз түсіну мүмкін емес. Сондықтан стратегиялар қатарын қолданады. Бірінші — “страус” стратегиясы — жанжалдың бар болуын мойындамау . “Көгершіндер” стратегиясында жеңілісті қолдау позициясы көрініс береді және екі жақтың біреуі жеңілген жағдайында пайдаланылады “Қаршыға” өзінің сызығында мықты тұрады және қарсыласынан көнуді талап етеді. “Келісім беру” стратегиясы. Оның құндылықтарының бірі — келісім процесінің өзі. Жанжалдарды реттеуде үлкен мәнге оның салдары, қорытынды сатысы ие. Бірақ оған әрине қарама-қайшылықтарды тұтастай жою күші және кез келген күресті тоқтату іске кірісуі тиіс. 34. Сіздің ойыңызша, әр түрлі елдердегі ұлтаралық жек көрушілік пен этникааралық қақтығыстардың себептерін көрсетіңіз. Бұл себептерді жоюға болады ма және қандай шаралармен? Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік шиеліністердің орын ағандығын байқауға болады. Біздің тілімізде «шиелініс” деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus-қақтығыс деген ұғымды білдіреді. Шиеліністі, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды,, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады. Шиелініс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды. Қазіргі кезде, әсіресе, біздің қоғамымызда әлеуметтік шиеліністер жиі орын алып отыр. Шиеліністер барлық қоғамдық ғылымдарға қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымында қалыптасты. Әлеуметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы зерттеушілер өз кездерінде шиеліністің қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп,бұл құбылысты жан-жақты зерттеудің қажеттілігін мойындаған еді. 19 ғасырдың соңында жарық көрген Г.Спенсер, М.Вебер және Л.Гумпловичтің еңбектерінде шиеліністер әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады. Л.Гумплович К,Маркстен кейін көп ұзамай шиеліністердің шығу себептерін адамдардың материалдық қажеттерін өтеуге бағытталған күрестен іздеу керектігін айтты. «Әлеуметтік шиелініс” (социология конфликта) деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеліністі қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған. Бұл теория бойынша шиелініс еркін бәсеке, бейімделу, ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған. Әлеуметтану шиелінісі әлеуметтану ғылымының құрамында өзалдына жеке бағыт ретінде 20 ғ. 50- жылдарында қалыптасты. Әлеуметтік шиеліністердің жан-жақты зерттеген конфилктологияның классиктері Р.Дарендорф (Германия), Л.Козер (АҚШ) және К.Боулдинг (АҚШ) деген ғалымдар болды. Олар өздерінің еңбектерінде шиеліністердің барлық қоғамдық жүйелерге тән жалпылама себептерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасап, шиелініс процестерін реттеу және шешудің жолдарын көрсетті. Әлеуметтік шиеліністер мәселесі бүгінгі таңдағы күрделі, өзекті проблема болып табылады. Бұл мәселе — әлемдік масштабта назар аударылып отырған мәселе. Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиелініс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі. Мәселен, әлеуметтік шиелініс – түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың, яғни таптардың, ұлттардың, мемлекеттердің , әлеуметтік топтардың, әлеуметтік институттардың, т.б. арасындағы мүдделерінің,мақсат,даму бағыттарының қарама-қарсылығынан немесе мәнді айырмашылықтарынан шығып асқынған түрі. Әлеуметтік шиелініс шешілуі қажет әлеуметтік проблемаға байланысты нақты әлеуметтік жағдайда қалыптасады. Оның белгілі бір себептері, қозғаушы күштері ( таптар, ұлттар, әлеуметтік топтар, жеке адамдар, т.б.) болады. Сонымен бірге шиелініс ұзаққа созылуымен, қайшылықтың өткірлік дәрежесімен, атқаратын қызметімен сипатталады. Әрине, бұл берілген анықтама әлеуметтік шиелініс ұғымын толық ашып көрсетпегенімен, оның мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Келтірілген анықтамаға сүйене отырып, әлеуметтік шиеліністің қажетті құрылымдық элементтерін қарастырайық. Шиелініс болуы үшін оның барлық алғышарттары пісіп-жетілуі қажет. Бұл қоғамдық құбылысты өзара байланыста болатын мәнді элементтер құрайды. Яғни, әлеуметтік шиеліністерді өзара тығыз байланыста болатын элементтер тұратын күрделі, тұтас процесс ретінде қарастыру қажет. Шиеліністі құрайтын элементтерге келсек. Олар төмендегідей; шиеліністі жағдай қарама-қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екіжақ болуы мүмкін. Бұларды шиеліністің субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар, т.с. жатады. Сол сияқты шиелініске оның негізгі субъектілерінен басқа да адамдар араласуы әбден мүмкін. Бұлар – екі жақтың қолдаушылары, бітімге келтірушілер, арандатушылар, арашашылар, ақыл-кеңес берушілер немесе тіпті кінәсіз құрбандар даболуы мүмкін. Шиеліністің субъектілерін бұл аталғандардан айыра білген жөн. Шиеліністі жағдайда субъектілердің әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары басты рөл атқарады.Әлеуметтік сипаттамасы деп отырғанымыз, олардың әлеуметтік жағдайлары, қызмет жағдайлары, атқаратын кәсіптері, беделдері, т.б. Ал, психологиялық сипаттамасы дегеніміз, жекелеген адамдардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктері. Мәселен, өмірде басқа адамдармен келісімге келебермейтін, бар мәселелерді ұрыс-таласпен шешуді қалайтын «қиын” мінезді адамдардың болатыны белгілі. Мұндай адамдар шиеліністің басталуына, оның барысы мен нәтижесіне елеулі ықпал ететіндері сөзсіз. Шиелініс орын алу үшін қарама-қарсы жақтардың арасындағы қайшылық шегінен шығып, асқынуы қажет. Ал, қайшылық екі жақтың мүдделері мен мақсаттарының айырмашылығынан немесе қарама-қарсылығынан туындайды. Қоғамдағы жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың мүдделері бір-бірімен қабыса бермейді. Шиеліністі жағдайды көбінесе мүдделердің қақтығысуы ретінде түсіну керек. Американдық авторлар Р.Фишер мен У.Юри шиелініс дұрыс шешімін табуы үшін, ең алдымен екі жақты субъектілер мақсат, мүдделерінің қарама-қарсылығын айқын сезінеді. Екі жақтың арасындағы қарама-қайшылық асқынып, субъектілер тікелей іс-әрекетке көшкен кезде шиеліністің қақтығысу кезеңі басталады. Яғни, екі жақ та бірдей іс-әрекетіне тойтарыс беруге тырысып, барынша батыл қимыл жасайды, өз мақсатына жетуге тырысады. Шиеліністің барысына әлеуметтік орта да елеулі ықпал етеді. Қоғамның жалпы даму дәрежесі, нақты сол кездегі орын алып отырған экономикалық жағдай, коғамдағы дәстүр, ұлттық, демографиялық айырмашылықтар шиеліністі жағдайда елеулі рөл атқарады. Бұл жағдайлар шиеліністің нәтижесіне де әсерін тигізбей қоймайды35. Әлеуметтанудың ғылым болып табылатындығын дәлелдеңіз.Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Әлеуметтік фактілер ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның »Республикасы» мен «Заңдарында» және Аристотельдің »Саясатында» сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кейбіреулері экономикалық, енді біреулері — заңгерлік, үшіншілері — шіркеулік, төртіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты өмір тұтастығын түсінуге бас қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жүйелі қолданыла бастады, және де ол қолданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады.

«Әлеуметтану» сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің «Позитивтік философия курсында» позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде зерттеген жоқ, және, Конт: барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.

Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктерге ұтымдылық сәулесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғылымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептері мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды.  Әлеуметтану коғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы мен кызметін эволюция процесінде қосыла қарекет жасайтын тәндік, өмірлік және психикалық себептердің қарекеті деп түсіндіру болып табылады.

Осының бәрі тек әлеуметтік пошымдар мен метамарфозалардың физикалық түсіндірмелері екендігі айдан анық. Спенсердің өзі немесе оның ықпалымен басқа жазушылар тұжырымдаса да бәрібір,тұтас күйінде алғанда спенсерлік әлеуметтану, биологиялық және психологиялық деректер кеңінен пайдаланылғанына қарамастан, белгілі бір дәрежеге дейін қоғамның физикалық философиясы болып табылады.

36. Индустриалдыға дейін, индустриалды немесе постиндустриалды қоғамның қай түрі орта тап қоғамына сәйкес келеді? Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Менің ойымша, постиндустриалды қоғам орта тап қоғамына сәйкес келеді. Сонықтан, постиндустриалды қоғам жайлы жаза кетсем.

Постиндустриалды қоғам — қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.Белл, Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бжезинский, Дж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т.б. 70 — 80-жылдары постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке (социумға) ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық және социологиялық теория ретінде дамыды. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті:

1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы;

2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы;

3) білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы;

4) билік қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа дейінгі қоғамда — аристократия, индустриалдық қоғамда — демократия, постиндустриалды қоғамда — меритократия.

Постиндустриалды қоғам қала тұрғындары 70 — 85%-ға жеткенде басталады. Онда аграрлық және индустриалдық тіршілік екінші кезекке өтеді. Ескі индустриализмнің орнына үстеме, еселі индустриализмнің келуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі — демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ. Бұл қоғамда барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізгі рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер технологиялық революцияның символы әрі материалдық тасымалдаушысы, компьютер қоғамды түбегейлі өзгеріске әкеледі. Сөйтіп, жаңа қоғамда ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін техникалық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізгі рөл атқармақаласы Осыған орай постиндустриалды қоғам ұғымымен үндес “ақпараттық қоғам” термині кеңінен қолданыс тапты.

37. Әлеуметтанудың мәні неде және оның қазіргі жағдайдағы рөлінің өсуін түсіндіріңіз. «Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс — әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады. Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі (мысалы, экономикалық, саяси, т.б.) әр уақытта адамдардың өзара қарым – қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады. Қорыта айтқанда, әлеуметтілік — әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір-бірімен байланыс- қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір – бірінен өзгеше қоғамдық үдірістерге қатынасынан көрінеді.

38. Э. Дюркгеймнің аномия теориясы мен Р. Мертонның девианттық мінез-құлық типологиясының мәнін ашыңыз. Аномия — (гр. an- — жоқтық және гр. nomos — заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым. Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады: 1.қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсiздiк нормативтiк-баптық вакуум; 2.әлеуметтiк үйлесiмдiктiң жоғалуы,қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесiне айналған жеке тұлғалар беделiнiң жоғалуы; 3.адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан айырылуы; 4.мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т.б. Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы — Э. Дюркгейм (1858-1917).Ол «Еңбектiң қоғамдық бөлiнуi» кiтабында аномия еңбек белiнiciнiң бұрмалануы нәтижесiнде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебiн мамандандыру кезiндегi адамдар арасындағы ынтымақтастық пен үйлесiмдiктiң жоғалуынан көредi. «Өзiн-өзi өлтiру» деген еңбегiнде Дюркгейм эгоистiк, альтуристiк және аномиялық суицидтердiң түлерiн атап өтедi. Соңғысы дәстүрлi шектеу нормалары шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды делiнедi. Шектелмеген тiлектер орындалмаған жағдайда адамдарда шешiмi жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады. Аномия ұғымын қазiргi социологияда әpi қарай дамытқан американдық ғалым Р. Мертон (1910). Ол аномия мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланысты қарастырады. Мұндай әрекет ұлғалық мақсаттарға заңды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалыптасады. Нақтылы мәдени жүйеде туындайтын мүдделер үстемдік етіп тұрған басқарушы және реттеуші тетіктерге қайшы келуі мүмкін. Аномия әсіресе, өтпелі қоғамдарда жиі кездеседі. Бұрынғы әдетке айналған бағдарлар жаңа талаптарға сәйкес құндылықтармен жылдам ауыстырыла бермейді. Мұндай қайшылықтар тұлғалар санасында ауытқушылық туғызуы мүмкін. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттықгеофизикалықэкологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:



-қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүрбұқаралық ақпарат құралдары, т.б.); -тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,); -микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. -Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

40) Әлеуметтік модернизация, индустриалдыққа дейінгі қоғам, индустриалдық қоғам, постиндустриалдық қоғам ұғымдарын сипаттаңыз.Модернизация қоғамның барлық саласын бірдей қамтығаны дұрыс. Соның ішінде бірінші кезекте әлеуметтік сала қамтылуы қажет. Өркениет және модернизация (жаһандану аясында) — қазіргі жаһанданушы әлемде әлемдік және жалпы планеталық дамудың басым үрдістері айқындалуда. Бұған қатарласа әрі бір мезгілде өздерінің әлеуметтік- экономикалық және технологиялық дамуында артта қалушылықтан арылуға талпынатын көптеген елдерді және тұтастай аймақтарды қамтитын,модернизация процесі жүруде. Жағдайдың шынайы бағытында бұл екі процесс те — модернизация мен жаһандану — оншалықты астасып, қабысып кетті, бүгінгі күні олар өзара біртұтас, ортақ процесс ретінде танылуда. Модернизацияныц қорытындылары мен мазмұны болашақ ғаламдық әлемнің бағыты мен қалыптасу қисынын анықтайды. Модернизация ретінде әлеуметтік- экономикалық және саяси тұрғыда дамыған, «ілгері кеткен» елдер мен аймақтардың ассимиляциялануы негізінде қоғамның жаңару процесін түсіну қалыптасқан. Модернизацияның классикалық тұжырымдамасы әлеуметтің торапты дамуына дәстүрлі қоғамнан — әмбебап мән мен құндылыққа айналудан дәмелі батыстық жаңалықтар мен жетістіктерге сүйенген қазіргі қоғамға өтуге негізделді. Бүгінгі таңда бұл көзқарас өзгеріп, мәнін жоғалтуда және модернизация аса күрделі, қарама-қайшылықты, көп өлшемді және көп нұсқалы процесс ретінде түсініледі. Ол тек шеттен алып пайдаланумен, таза еліктеуден, мейлі, ол аса жетілген болса да, «қалыптасқан» бейнелерге сүйену емес (С.Хантингтон: «Модернизация деген - вестернизация емес!»), ол дәстүрлік пен қазіргі элементтердің синтезін табу. Бұл жерде мәселе әркімнің өз «ерекше жолын» іздестіруінде емес, мәселе прогресс пен регресстің бұрынғы критерийлерінің бүгінгі күннің талабына сай келмеуінде. Постиндустриалды қоғам — қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.БеллД.РисманА.ТоффлерЗ.БжезинскийДж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т.б. 70 — 80-жылдары постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке (социумға) ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық және социологиялық теория ретінде дамыды. Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі — демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ. Бұл қоғамда барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізгі рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер технологиялық революцияның символы әрі материалдық тасымалдаушысы, компьютер қоғамды түбегейлі өзгеріске әкеледі. Сөйтіп, жаңа қоғамда ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін техникалық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізгі рөл атқармақаласы Осыған орай постиндустриалды қоғам ұғымымен үндес “ақпараттық қоғам” термині кеңінен қолданыс тапты. 41) «Огюст Конт «әлеуметтану» ғылым саласын жасау идеясының авторы» атты тақырыпта эссе жазыңыз.Огюст Конт (August Conte) (1798 — 1857) — француз философы, социологы, ғылым методологы, социологияның ғылым ретінде негізін салушы, философиядағы позитивтік мектебін құрушылардың бірі. Конт Огюсттың философиялық көзқарасының дамуы 3 кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңде (1820 – 26) Конт Огюст еуропалық қоғам дамуының негізгі кезеңдерін суреттеп, әлеуметік реформалардың мүмкіндігі мен оларды іске асырудың тәсілдерін ой елегінен өткізді. Бұл ойлар Конттың “Әлеуметтік философия топтамасы”, “Өткендегі қазіргі заман элементтеріне жалпы баға” (1820), “Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыс жоспары” (1822), т.б. еңбектерінде қарастырылды. Екінші кезеңде (1830 – 42) Конт өз идеяларын дамыта отырып, қоғам туралы ғылым ретіндегі социологияның негізгі ережелерін тұжырымдайды (“Позитивті философия курсы”). Үшінші кезеңде (1851 – 54) адамзат тарихының бірлігі туралы идеясын қалыптастырып, негізгі ойларын дәйекті дәлелдермен дамытады (“Позитивті саясат жүйесі”). Әлеуметтік өзгерістерді талдау арқылы Конт қоғам тарихындағы теологиялық, метафизикалық және позитивті кезеңдерді анықтады. Оның пікірінше, қоғамды бөлудің және үш кезеңді белгілеудің өлшемдері үстемдік етуші идеялар сипаты арқылы анықталады. Теологиялық кезең дін үстемдігімен, метафизикалық кезең метафизикалық тұжырымдама үстемдігімен сипатталады. Соңғы кезеңде діни және философиялық сипаттағы спекулятивті жүйелердің соңына нүкте қоятын позитивті ғылымдар дамуы жүреді. Бұл кезеңде жаратылыстану ғылымдары үстемдік алып, социология қарқынды дамиды. Конт қоғамдық өмірді талдаудың үш әдісін: бақылау, әлеуметтік тәжірибе, салыстырмалы зерттеумен бірге индустриалды қоғам тұжырымдамасын жасады. Конт адамзат тарихының негізгі үрдістеріне сәйкес капитал мен биліктің капиталистерде шоғырлану процесін оң бағалады. Социумның даму шамасы бойынша қауымдық тәртіппен бірге рухани тәртіп, моральдік ізгіліктер тәртібі орнығады. Қауымдық және рухани тәртіптің ұлғаюымен соғыстар анахронизмге (ескіліктің қалдығы) айналады және Батыс елдері индустриалды қоғам дамуы бойынша басқа елдерді жаулап алу саясатынан бас тартуы керек, оларға өз өркениетін күштеп таңбауы тиіс. Конттың пайымдауынша, индустриалды қоғамда соғыс маңызды рөл ойнамайды. Соғыс ретке келтірілген еңбекке адамдарды зорлықпен көндіру, ірі мемлекеттер құру құралы ретінде қажет. Соғыс еңбекке үйрету және мемлекетті қалыптастыру тәрізді екі жақты тарихи миссияны орындады. Индустриалды қоғамда еңбекті ғылыми ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Әрбір адам өзінің қабілеттеріне сәйкес лайықты орнын алып, қоғамдық әділеттілік орнайды (қараңыз Индустриалды қоғам). Батыс әлеміндегі ықпалды философиялық ағымдардың бірі позитивизмнің негізін қалаушы Конт философияны ғылымға тән сипаттардан азат ету туралы идеяны көтерді және дәлелді білімге арқа сүйеді. Конттың пікірінше, білімді мынандай жағдайда позитивті деп санауға болады: 1) нақты, дәл және анық болғанда; 2) эмпирикалық бақылау процесінде алынғанда. Философия “ғылым падишасы” – астамшыл ғылым болуға ұмтылмай, нақтылы ғылым болуы тиіс. Бұл идеяларға Конт қоғам тарихын, әлеуметтік өзгерістер динамикасын талдау нәтижесінде келеді. Ол өз зерттеулерін қорытындылай келе, интеллектуалдық және техникалық қос эволюция заңын тұжырымдады. Тұтас алғанда бірі-біріне сәйкес келетін интеллектуалдық дамудың 3 деңгейін және техникалық дамудың 3 кезеңін анықтады. Теологиялық – дәстүрлілікке, метафизикалық – индустриалдыққа дейінгіге, позитивті – индустриалдыққа сәйкес келеді. Конттың ойынша, индустриалды қоғамға өту позитивті білімнің қарқынды дамуымен, нақты ғылымдардың басымдылығы арқылы жүреді. Конт позитивизмі философияның мәні мен міндетін және оның ғылымға қатынасын айқындау төңірегінде дәйекті пайымдау (дискурс) бастаған философияның дамуындағы жаңа ағым, позитивизм философиясының қалыптасуындағы бастама болып табылады.42) Стратификациялаудың негізгі тарихи типтеріне салыстырмалы сипаттама жасаңыз.Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін социологияда “әлеуметтік стратификация” ұғымы пайдаланылады. “Стратификация” терминінің өзі социологияға геологиядан келген. Ағылшын тілінде “strata” немесе “stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал “stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. Социологтар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әрдайым құрылым болатындықтан, ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған. Энтони Гидденс “стратификация әр түрлі топтардың, адамдардың арасындағы құрылымдалған теңсіздік ретінде анықталуы мүмкін” деп есептейді. Американ социологиялық сөздігінде мынадай анықтама берілген: “Адамдар теңсіздіктің қандай да бір өлшемімен иерархиялық ұйымдастырылған қатарға тізілгенде әлеуметтік жіктелу әлеуметтік стратификацияға айналады” . Болгар социологі Чавдар Кюранов “Әлеуметтік стратификация тұтас қоғамдық құрылымдағы көлденең топтар жүйесін білдіреді” деп санайды. Нейл Смелзер “стратификация теңсіздіктің бір ұрпақтан бір ұрпаққа берілуіне көмектесетін тәсілдермен байланысты; бұл ретте қоғамның әр түрлі топтары пайда болады” деген ұйғарым жасайды. Бернард Барбер мәселені ежелгі дүниеден біздің заманымызға дейінгі тарихи тұрғыдан қарай отырып, батыс қоғамы әлеуметтік стратификациясының алты өлшемін бөліп қараған [31]: 1. Кәсіп рөлі. Қоғамдағы әр түрлі кәсіптік рөлдердің пайда табу мен байлық жинауға қабілеттері әр түрлі болады, отбасылық байланыстарға орай мұраға ие болу жолымен байлыққа ие болу мүмкіншіліктері де дәл осындай әр түрлі. Бұрын да, қазір де ақша бірқатар мобильділік процестерінде үлкен орын алады. Бұл ретте М.Вебердің ізін ала Б.Барбер мерейдің, биліктің және табыстың арасында сәйкессіздік болуы мүмкін екендігін айтады. Кейбір рөлдер (мысалы, Рим Папасы) жоғары мерей мен билікке ие, ал табысы — төмен. Немесе, керісінше, әлеуметтік мерейі онша жоғары емес. Бұл орайда табыс әрқашан да одан әрі дамудың және ақшамен жоғары бағаланатын рөлдерге қол жеткізу (мысалы, білімді, атақты сатып алу, неғұрлым жоғары саналатын әлеуметтік топтың өкіліне үйлену және т.б.) құралы болған. 4. Білім беру немесе білім алу. Адамдардың қоғамда оқу-білімге және білім алуға әрқашан қолдары бірдей жете бермейді, мұның олардың өздеріне туғаннан берілген әр түрлі рөлдерін атқаруы үшін ғана емес, бір рөлден екінші рөлге өту мүмкіншілігі үшін де маңызы зор. 5. Діни немесе салттық тазалық. Қандай да бір қоғамдағы функционалдық маңызды діни идеялар категориясына адамдар азды-көпті дәрежеде жоғары бағаланатын діни немесе салттық тазалыққа ие болуы мүмкін. 6. Туыстық және этникалық топтар бойынша дәрежелеу. Туыстық және этникалық топтар барлық қоғам үшін және өздері өмір сүретін жергілікті қауымдастықтардағы өздерінің функцияларын қалай орындайтындықтары тұрғысында әр түрлі, атап айтқанда олардың кәсіптік мерейлерінен, билік пен күш-қуаты дәрежесінен, табысы мен байлығы деңгейінен бөлек туыстық және этникалық топтар ретінде бағаланады.

43. «Орта тап – қоғам тұрақтылығының негізгі кепілі» тақырыбына эссе жазыңыз. Қазіргі кезде қоғамда орта тап өкілдері көптеп кездеседі. Себебі орта тап дегеніміз-қоғамда белгілі бір жұмысы, елдегі саяси тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға елеулі үлес қосатын тап осы орта тап деп есептеледі. Орта тап өкілдері неғұрлым көп болса, қоғамдағы тұрақтылық та соғұрлым берік болмақ. Өйткені, кедейлер әрдайым қоғамның тыныштығын, алып, саяси тұрақтылыққа үнемі қатер төндірмек.Қазақстанда орта тап өкілдері деп кімдер саналады және олар жалпы халықтың қанша пайызын деп қарастыратын болсақ, орта тап болып басында баспанасы және шет елдік автокөлігі бар, отбасының әрбір мүшесіне 50 мың теңгеден артық табыс келетін отбасылары саналады. Дегенмен, бұл салыстырмалы ұғым, нақты өлшем емес.Орта тап өкілдерін анықтауда оның айлық табысы мен тұрғын үй алаңы ғана есепке алынбайды, оған қоса бірқатар сапалық өлшемдерге де назар аударылады. Атап айтқанда, жоғары немесе арнайы кәсіптік орта білімі, жыл сайын қымбат шипажайлар мен демалыс орындарында демалу мүмкіндігі, балаларын шет елдік жоғары оқу орындарында оқытуы, есеп-шоттарында белгілі сомада ақшаларының болуы ескеріледі.Кеңестер Одағының шинелінен шыққан біздер үшін ресейлік әлеуметтік сарапшылардың орта тап өкілдеріне берген бағасы мен айқындамасы жақын боларын анық. Қазақстандағы әлеуметтік жайды зерделеген ресейлік сарапшылар елде байлар барлық халықтың 1,5 пайызын құрайды деп есептейді. Олардың  әрбір отбасына шаққандағы айлық табысы 50 мың АҚШ долларынан жоғары. Орта тап өкілдері жалпы халықтың 25 пайызын құрайды және оларды ресейлік сарапшылар бірнеше топқа бөледі. Орта таптың жоғарғы тобының айлық табыстары әр отбасы мүшесіне 10-25 мың доллардан тисе, орта топтың өкілдерінде ол 5-10 мың доллардан келеді, ал орта таптың төменгі тобының табысы 2-2,5 мыңнан 5-6 мың долларға дейін. Кедей тап ресейлік мамандарың пікірінше жалпы халықтың 70 пайызы деңгейінде. Сарапшылар кедейлерді де бірнеше деңгейге жіктейді. Кедейлердің жоғары тобының айлық табыстары әр отбасы мүшесіне 450-500 доллардан келсе, орта топта 150-ден 450 долларға дейін, төменгі топта 150 доллардан кем болып келеді.Нарыққа көшкеніне жиырма жылдай ғана уақыт өткен Қазақстанда әлі орта тап өкілдері толық қалыптасты деп айту қиын. Қоғамдық тұрақтылықтың басты кепілдігі болып саналатын орта тап өкілдерін қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екендігі жасырын емес. Бұған  адамдардың тұрмыс жағдайларын көтеру бағытында атқарылып жатқан мақсатты жұмыстар мен осы бағытта қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар анық дәлел. Яғни, орта тап әлі қалыптасу үстінде.

44. «Экономикалық сала қоғам жүйесінің басты элементі ретінде» тақырыбына эссе жазыңыз.Қоғамдық қатынастардың кез келген жүйесі адамдардың бір-біріне және қоғамға деген көзқарасын білдіреді. Экономикалық сала өзінің әлеуметтік негізіне байланысты болды. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік көбіне адамдардың экономикалық ұстанымдарымен анықталады. Экономика жеке адамдарды топтық және жекелік байланыстар жасауға итермелейді, олардың арасында өзара әрекеттесудің өзіндік ерекшелігі бар түрлерін жасап шығады. Экономикалық сала қоғамның жеке адам қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін шектелген қорларды пайдалану жайлы шешім қабылдайтын және оны іске асыратын экономика саласы болып табылады. Экономика сала қоғам жүйесінің басты элементі ретінде нарық талдаудың негізгі категориясы болып табылады және экономиканың шегінен сыртқа шығатын басқа да қоғамдық қатынастарды анықтаушы экономиканың базалық құрылымы ретінде қарастырылады. Экономикалық сала — бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді. Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.

45. Жұмыссыздықтың әлеуметтік салдарларына мысал келтіріңіз.

Жұмыссыздық — еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Экономикада жұмыссыздық өте күрделі құбылыс. Халықты бірнеше категорияға бөлуге болады: Институциялық халық — бұлардың қабілеті экономиканың нарықтық емес құрылымына бағытталған (мемлекеттік институттар, яғни армия полиция, мемлекеттік аппарат т.б.) 2. Институцияалық емес халық — яғни нарықтық құрылымға бағытталған жұмыс күші. Жұмыссыздық — бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші. Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады.Жұмыссыздықтың негізгі формалары: — Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады. — Құрылымдық жұмыссыздық — өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады. — Циклдық жұмыссыздық — өндірістің құлдырауынан туындайды. Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады. Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады. Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелік қабілетін жоғалтады. Жұмыссыздықтың зардаптары: 1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында- өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда: — халықтың сатып алу қабілеті төмендейді, — қазына – қор қысқарады. — инвестицияға сұраныс қысқарады. — өндіріс құлдырайды. 2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады. 3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

46. Әлеуметтанулық зерттеудің этаптары мен бағдарламасын сипаттаңыздар. Социологиялық зерттеу — методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен  байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде  мәлімет алу және  оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.

Социологиялық зерттеу төрт  өзара байланысқан  кезеңнен тұрады:

-    зерттеуге дайындық;

-    бастапқы ақпаратты жинақтау;

- жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге  дайындау;

- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша,  есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.



Страницы: 1 | 2 | Весь текст


Предыдущий:

Следующий: