80-90 Эконом.теория

80. Ақша жүйесі түсінігі мен типтері

Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.

Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.

Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.

Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.

Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.

Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:

металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.

несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.

Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді. Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:

M · V = P · Q

мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны;

V – ақшаның айналыс жылдамжығы;

Р – бағаның орташа деңгейі;

Q – барлық тауарлар мен қызметтердің саны.

Ақша жалпы сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.

Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады.

81.Несиенің мәні мен формалары

Ақша нарығындағы маңызды элементтерінің бірі несие. Несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие төмендегі принциптер бойынша беріледі:

Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады.

Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару.

Төлем приципі – несиені пайланғаны үшін ақы төлеу.

Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда кредитордың мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі.

Несиенің дифферециалды сипаттамасы — әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу.

Несие функциялары:

Ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату.

Орын басу функциясы – қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді.

Жинақ функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту.

Қайта бөлу функциясы –несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады.

Реттеу функциясы – нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу құралы ретінде қолданылады.

Коммерциялық несие тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.

Банктік несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.

Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.

82. ҚР банктік жүйесі

Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:

І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.

Несие саясатының негізгі субъектісі Ұлттық банк. Ұлттық банктің міндеттерін екі бағытта арқарылады:

Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.

83. Мемлекеттің ақша жүйесі

Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:

Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.

Резервтік норманы өзгерту — ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.

Есептік ставкасын өзгерту — коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.

Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.

Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

84. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:

мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға;

Қазақстан Республикасының ақша несие жүйесін басқару;

Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;

Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;

Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;

ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;

Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету.

Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:

Салымдар жинап, несие беру;

Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу;

Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;

Несие беруде делдалдық қызмет атқару;

Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.

85. Мемлекеттің қаржы жүйесі. Бюджет-салық саясаты

Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.

Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады.

86. Қаржы жүйесінің мәні

Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.

Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

87. Мемлекеттік бюджет

Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы.

Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:

ассигнованиялар — кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары;

субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі;

субвенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты;

дотоция – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.

88. Салық жүйесі, қызметтері мен принциптері

Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады.

Салық қызметтері:

Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады.

Бөлу қызметі. Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді. Салықтар дағдарыстық құбылыстарды жоюға, нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланады.

Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.

Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

Салық жүйесінің принциптері:

Салық барлық игіліктерге пропорциональды түрде қоғам мүддесіне сай болуы.

Салық табыс мөлшері мен әл — ауқаттылық деңгейіне тәуелді болуы.

Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы — барлығы анық, ашық болуы.

Белгілі бір мерзімде салықтың түрлері мен мөлшермесі тұрақты болуы.

Табысты жасырғаны үшін салық төлеуші әкімшілік және қаржылық жауапкершілік міндеттемесін білуі қажет.

89. Салық түрлері. Лаффер қисығы

Салық сипаты тұрғысынан:

Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар жатады.

Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:

Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі саналады. Жалпы — мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандар салығы.

Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.

Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:

Тұрақты салық табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді. Регрессивтік салық үлкен табыстары барларға пайдалы.

Пропорционалды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады (қосымша құн салығы — 16%).

Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Мысалы, Қазақстандағы жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы. Прогрессивтік салық үлкен табыстары барларға тиімсіз.

Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.

Лаффер қисығы.

бюджетке салық түсімі

400 М

300

200

100

L N

0 15 30 45 60 75 салық өсімі (%)

Егерде салық өсімі О –ден 100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.

90. Әлеуметтік саясаттың мақсаттары мен міндттері

Нарықтық экономикаға көшу кезінде әлеуметтік қорғау жүйесіндегі басты мәселе — әлеуметтік кепілдікті бекіту. Қазақстан Республикасында әлеуметтік кепілдікке мыналар жатады: минимальды жалақы, зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер, тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқылығы, меншік құқығы мен одан табыс табу.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:

Олардың ақшалай табыстарын индексациялау. Оның мәні: инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді, индексацияның түрлері ақшалай табыс индексациясы, сақтық (сақталған) қаржыны индексациялау мен өмір сүру минимумын индексациялау. Индексациялау механизмін мемлекеттік статистикалық органдар тауар мен қызмет көтеруге бағаның өзгеруін бақылап отырады. Осы бақылау тұтыну бағасы индексін есептеуге мүмкіндік береді.

Кедейленген топтарды сүйемелдеу. Кедейлік деңгей әлеуметтік тәжірибеде өмір сүру минимумы арқылы өлшенеді. Өмір сүру минимумы деп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін калпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтады. Мұны есептеу тәсілі ең төменгі тұтыну бюджетіне негізделеді.

Предыдущий:

Следующий: