Әлемдік экономика шпор!!!!!!!!!


Әлемдік экномика, халықаралық экономика, халықаралық экономикалық қатынастар деген түсініктердің бірлігі мен айырмашылығына анықтама беріңіз. «әлемдік экономика», «әлемдік шаруашылық» және «дүниежүзілік шаруашылық» терминдері Болатов кітабында синоним ретінде қарастырылады. Бұлардан тек «халықаралық экономика» өзгеше болып келеді. Әлемдік экономикаға (әлемдік шаруашылық) тар және кең мағынада анықтама беруге болады. Кең анықтамасында, әлемдік экономика-бұл барлық ілемнің ұлттық экономикаларының жиынтығы, ал тар мағынада сыртқы әлеммен қарым – қатынас орнататын (яғни елдер арасында жүретін саталатын тауарлар мен қызметтер) ұлттық экономиканың белгілі бір бөліктерінің жиынтығы. Тағы бір анықтамасы — халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған және өзара тығыз байланысқан әлемнің барлық елдерінің ұлттық экономикаларының жиынтығы. Бұл ерекше, ғаламдық экономикалық жұйе, оның құрама бӛлiктерi ретiнде әлемдегi барлық елдердiң (қазiргi кезде дүние жүзінде шамамен 260 астам елдер бар) ұлттық шаруашылықтары кiредi.

Әлемдік экономиканың ерекшеліктері:

Әр түрлі деңгейде дамыған әлемнің барлық ұлттық экономикалыран қосады. Қазіргі кезде әлемнің елдері мен аймақтар арасында өте үлкен айырмашылықтар бар.

ӘЭ жеке мемлекеттердің және сол сияқты халықаралық ұйымдардың заңдары мен ережелері іске асады.

ӘЭ шаруашылық байланыстар мемлекеттік шекарасы арқылы іске асырылады. Әр елдің өзінің экономикалық, ұлттық мүдделері болады.

ӘЭ-да саяси фактор әсері жоғары болады.

Ал халықаралық экономика ұлттық шаруашылықтардың байланысын қарастырады.

Әлемдік экономика біртұтас жүйе ретінде тауарлар, қызметтер қозғалысы сонымен қатар экономикалық ресурстармен тығыз байланысады. Осының негізінде елдер арасында халықаралық экономикалық қатынастар, яғни сыртқы экономикалық, әлемдік шаруашылық байланыстар туындайды. Халықаралық экономикалық қатынастар бұл – резиденттер мен резидент еместер арасындағы арасындағы шаруашылық қатынастар. Оларды формалары бойынша жіктеуге болады. Дәстүрлі түрде жеке формаға тауарлар мен қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы деп бөледі. Экономкалық ресурстардың ауысымы халықаралық экономикалық қатынастардың капиталдардың халықаралық қозғалысы, жұмыс күшінің халықаралық миграциясы, халықаралық біліммен алмасу сияқты формалары негізінде жатыр.

Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден — ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар.

Әлемдік экономиканың қалыптасу алғышарттары мен даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз. Әлемдік шаруашылық — халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды. Әлемдік шаруашылық экономикалық байланыс пен дүние жүзі экономикалық және территория бөлу ретінде XX ғасырда қалыптасты.

Әлемдік экономиканың эволюциялық процесінде бірнеше кезеңдер анықталады:

1-ші кезең: ХХ ғ. 10-50 жылдарды қамтиды,яғни бұл кезең Бірінші дүниежүзілік соғыстың басынан 1950жылдарды қамтиды. Әлемдік шаруашылықтың дамуындағы дағдарыс құбылыстар кезеңі болып табылады. Тек 1920 жылдар мен Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі аралықта әлемдік экономика жағдайы қалпына келе бастады, яғни осы аралықта әлемдік сауда көлемі 40 жыл өткеннен кейін ғана 1913 жылғы деңгейіне жетті, ал өндіріс факторлары — одан да кеш. 1913 жылы Ресей империясының тауар экспортының көлемі 1млрд долл, ал АҚШ-тың- 2,6 млрд долларды құраса, 1928 жылғы көреткіш Ресейде тауар экспорты көлемі- 0,7млн долл болса, АҚШ-та- 5,8 млн долларды құрады, яғни бұл көрсеткіштер әлемнің сол кездегі 2 державасындағы дағдарысты көрсетеді. Тек 50-жылдары ғана 1913 жылғы көрсеткіштер деңгейіне әлем экономикасы деңгейі көтеріледі.

 2-ші кезең. ХХ ғ. 50-70 жж. ӘЭ-ның жылдам өсу мен даму кезеңі. Бұл кезде әлемде интеграциялық топтасулар пайда бола бастады (ЕО,ЭКК(СЭВ)) және трансұлттану процессі қарқынды дамыды,осы процестің салдарынан мемлекеттер арасында білім , кәсіпкерлік қабілеттілік және кәсіпкерлік капиталдың қарқынды араласуы көрініс тапты, әлемдік несие капиталының қалпына келуі және сол кезде әлемдік шаруашылықта социалисттік және дамушы мемлекеттердің ерекше орнына үміттенді.

 3-ші кезең. ХХ ғ. 80-ші жылдарынан осы күнге дейін. Әлемдегі елдердің өзара әрекеттесу мен тәуелділігінің күшеюі, экономиканың жаһандануы.Бұл кезең дамыған мемлекеттер үшін постиндустриализацияға өту кезең есебінде және көптеген артта қалушы мемлекеттер үшін- экономикасының қалуын белсенді түрде көтеру есебінде, ал бұрынғы социалистік елдер үшін- нарықтық экономика аясына қайтып келу есебінде, ал барлық мемлекеттер үшін- шаруашылық өмірдің жаһандануы, аймақтануы және интеграциялануы, трансұлтану мен ырықсызданудың өсуі және қаржы секторы мәнінің қажеттілігінің артуымен сипатталады.

Әлемдік экономиканың теорияларына қысқаша шолу жасап, негізгі теориялардың мазмұнын ашып көрсетіңіз.

Әлемдік экономиканың сұрақтарын қамтитын ортақ теория жоқ. Алайда дүниежүзілік шаруашылықтың жеке аспектілерін талдайтын экономикалық және әлеуметтік теориялар мен концепциялар қолданылады.

Экономикалық теория мемлекеттердің бір факторлардың артықшылығы мен басқа факторлардың тапшылығын тауарлар мен қызметтердің эксорты мен импортын реттеу және сыртқы саудасын дамыту үшін мақсатты пайдалану керектігіне негізделеді. Сыртқы сауданың негізгі теориялары мен концепцияларына меркантилистік теория, абсолютті артықшылық теориясы, салыстырмалы артықшылық теориясы, өндіріс факторларының арақатынасы теориясы, нақты артықшылықтар теориясы, сыртқы сауданың стандартты моделі жатады. Сыртқы сауданы түсіндіретін альтернативті теорияларға: технологиялық құлдырау теориясы, өнімнің өмірлік циклі теориясы, масштаб эффектісі негіздегі халықаралық сауда теориясы.

Мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтермен ғана емес, сонымен бірге өндіріс факторларымен айырбас жасайды. Әсіресе, капиталдың халықаралық қозғалысын түсіндіретін көптеген теориялар бар. Оларға халықаралық капитал қозғалысының дәстүрлі теориялары(неоклассикалық, неокенсиандық, марксистік), қарыз ақша капитал қозғалысының артықшылығын, тікелеә инвестициялардың әртүрлі моделдерін түсіндіретін

теориялар(монопистік артықшылықтар теориясы, өнімнің өмірлік циклі теориясы, интернациоландыру моделі, марксиситік модель) бар. Алайда басқа өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы теориялары – жұмыс күші, кәсіпкерлік қабілет, білім жақсы дамымаған.

Әлеуметтік теориялардың ішінде экономикалық теорияға салыстырмалы түрде келетіндері мемлекеттің экономикалық дамуының белгілі кезеңбері бар екенін көрсететін экономикалық өсу сатылары теориясы. Біркелкі өркениет әлеуметтік теориясы негізінде барлық әлем елдері біркелкі саяси, әлеуметтік, экономикалық құрылымға – батыс қол жеткізген либералды демократияға ұмтылуы жатыр. Өркениеттер қақтығысы теориясы әлем көпполярлы деп түсніндіріледі және ол сегіз негізгі өркениеттен: батыс, ислам, индуистік, қытай, жапондық, православиелік, африкалық, латынамерикалық өркениеттен тұрады.

Әлемдік шаруашылық әлемдік жүйе ретінде тарихи, динамикалық, дамушы категория болып табылады. Оның бір даму фазасынан екіншісіне өтуі осы өзгерістерді түсіндіретін концепцияларды алға шығарады. Ол концепцияларға Ламакиннің кітабында сегіз концепция мен теориялар: империализм мен неоимпериализм, модернизация, тәуелділік, әлемдік жүйе концепциясы, Ростоу теориясы, дара тәуелділік теориясы, өзара тең партнерлік, жаһандық концепция жатқызылған.

4. Әлемдік экономиканың негізгі субъектілерін көрсетіп, олардың атқаратын фунцияларын бейнелеңіз. Әлемдік экономиканың негізгі субъектілері ретінде келесілерді көрсетуге болады: мемлекет, интеграциялық топтар, хқ ұйымдар, ТҰК, аймақтық интеграциялық бірлестіктер. Бұлардың атқаратын функцияларына келсек:

Мемлекет — әлемдік экономиканың негізгі субъектісі болып табылады. Мемлекеттің дамуы ұлттық шаруашылықпен тығыз байланысты болып келеді. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі: Мемлекет тікелей немесе жанама түрде капиталсалымының структурасы мен көлеміне әсер етеді; Мемлекет ақша-кредиттік саясат құралдары арқылы инвестициялық іс-әрекетке және жеке секторды тұтынуға әсер етеді. Көптеген салалардың дамуы мемлекеттік инвестицияларға байланысты(ауыл шаруашылығы, ғылыми-зерттеу проектылері); мемлекет жұмыскер бола отырып, жұмысбастылықты қамтамасыз етеді.

Қазіргі трансұлттық корпорациялар (ары қарай ТҰК) әлемдік экономикада үстем рөл атқарады. Оның дәлелі кейіннен БҰҰ-ның сауда және даму конференциясына кірген, зерттеу материалдары мен статистикасы ТҰК дамуының негізгі ресми қайнар көзі болып табылған арнайы комиссияның құрылуы болды. Ол комиссия 1974 жылы БҰҰ-ның ТҰК феноменін зерттеу үшін арнайы құрылған еді. Трансұлттық корпорациялар экономикалық қуаттылығын ұлғайта отырып, халықаралық экономикалық қатынастарға және жалпы осы даму кезеңінде шаруашылықтың әлемдік жүйесінің маңызды экономикалық субъектілеріне айналып келе жатқандығын сеніммен айта аламыз. Бұған ЮНКТАД-тың кейбір статистикалық мәліметтерімен таныса отырып көз жеткізуге болады.ТҰК дүниежүзілік өнеркәсіптік өндірістің 70%-нан астамын, әлемдік сыртқы сауданың 80%-нан астамын, сонымен қатар жаңа техникаға, технология мен ноу-хауға лицензиялар мен патенттердің әлемдік базасының 80%-на жуық бөлігін бақылайды. ТҰК үлесіне дүниежүзіндегі тікелей инвестицияның көп бөлігі тиеді, оның ішіндегі ең алғашқы жүз ТҰК олардың жалпыәлемдік көлемінің 65%-ға жуығын өз қолына шоғырландырады. ТҰК бақылауына бидай, кофе, жүгері, орман материалдары, темекі, кендір мен темір кенінің әлемдік нарығының 90%-ы; мыс пен боксит нарығының 85%-ы; шәй мен қалайы нарығының 80%-ы; бана, табиғи каучук және өңделмеген мұнайдың 75%-ы тиесілі. ТҰК-ның халықаралық өндіріс, сауда, қаржы мен басқа да салалардағы мәні дүниежүзілік трансұлттық өндіріс көлемінің өсу қарқынына үздіксіз пропорционал ұлғаюда, оның динамика фрагменті байқалады .

5. Әлемдік экономиканың жаһандануының себептері мен басты бағыттарына сипаттама берңіз. Экономиканың жаһандануы – бұл ғылыми-техникалық прогресстің жылдам дамуы мен ақпараттық қоғамды қалыптастыруы, сонымен қатар, халықаралық сауданың және капитал қозғалысының либеризациясы негізінде экономикалық интеграцияның өсу процесі. Экономиканың жаһандану әрекеті келесі негізгі бағыттармен дамиды: 1. Халықаралық сауда:тауарлармен; қызметтермен; технологиялармен; интеллектуалды жеке меншік объектілерімен.

2. Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы: капитал (тікелей инвестициялар түрінде); жұмыс күші (төмен мамандырылған және жоғары мамандандырылған жұмысшылардың миграциясы түрінде).

3. Халықаралық қаржылық операциялар: несиелер (жеке, мемлекеттік, халықаралық ұйымдардың); негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және басқалар); туынды қаржылық инструменттер (фьючерс, опцион т.б.), валюталық операциялар.

Жаһандану дәуіріндегі экономиканың дамуының қозғалтқыш күші ретінде келесі өзгерістер болып табылады:

• нарықтар арасындағы қашықтықты қысқартатын технологиялық өзгерістер, әсіресе, көлік, коммуникация және ақпараттар саласында;

• халықаралық саудада және инвестицияларда мемлекеттер бекіткен кедергілердің қысқаруы, дүниежүзі бойынша ашық экономиканы қалыптастыру;

• жаһандық операцияларды жүргізуге қажетті, шетелдерде сауда мен инвестиция тәуекелділігін азайтатын, кең мағынада институционалды және құқықтық сенімділікті қамтамасыз ететін институттарды дамыту, мысалы: ДСҰ, ХВҚ, Дүниежүзілік банк.

Жаһандану үдерісі халықаралық экономикалық интеграцияның өсуіне, яғни бүкіл әлемнің бірегейлігіне алып келеді, сонымен бірге, мемлекет арасындағы тауар және қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің ағымына теріс әсер ететін кедергілердің жоюлуына септігін тигізеді.

Қазіргі кезде жаһанданудың негізгі көріністерінің бірі — аймақтық экономикалардың интеграциясы. Дүниежүзінде бойынша ең ірі интеграциялар қатарына Солтүстік америкалық НАФТА (3 мемлекет), Еуропа одағы (27 мемлекет), сонымен қатар АСЕАН, МЕРКОСУР Анд пактісі, ОПЕК, 2010 жылы құрылған Кеден одағы (Ресей, Қазақстан, Белорусь) жатады.

Жаһандануының көрініс беру формалары:

ақпараттың таратылуы мен айырбастың жаһанды жүйесінің пайда болуы;

тауар қозғалысының жаһанды жүйесінің қалыптасуы;

жаһанды қаржы жүйесінің қалыптасуы;

ұлттық экономиканың даму жолдары мен перспективаларың анықтау үшін ӘЭ-ның даму бағыттарын ескерудін жоғары маңыздылығы және т.б.

Жаһандану үдерісінің дамуының тағы бір маңызды критерийлерінің бірі – экономиканың ашықтығы, яғни мемлекеттің басқа елдермен ашық саяси-экономикалық жағдайда болу. Ашық экономика келесі принциптерді көздейді:

- айқындылық, ұлттық макроэкономикалық деректерге еркін қолжетімділік;

- ел ішінде экономикалық еркіндік;

- дүниежүзілік интеграциондық процестерге мемлекеттің және оның субъектілерінің араласуы.

Ашық экономика құруда экономикасы дамыған және «жаңа» өндірісі дамыған мемлекеттер алда келеді. Олардың қатарына АҚШ, Ирландия, Гонконг, Сингапур секілді елдер кіреді.

Жаһанданудың екі негізгі салдары бар. Біріншісі, жаһандануға белсенді қатысушылардың экономикалық өсуінің үдеуі. Екіншісі, әлемдік шаруашылықтың барлық қатысушыларының өзара тәуелділігінің күшеюі. Жаһандануға белсенді қатысушы елдердің экономикалық өсуінің үдеуінің себебі, елдердің тауар, қызмет көрсету, капитал, білім және жұмыс күшінің әлемдік нарықтарыда өз артықшылықтарын белсенді қолданатындықтан. Бұл салыстырмалы артықшылық теориясы (елдерге тауарлар мен қызмет көрсетудің тек ең тиімдісін өндіруге ұсынады) мен өндіріс факторының арасалмағы теорияларына (елдерге өзінде жеткілікті көп экономикалық ресурстарды экспорттауға, ал жетіспейтін ресурстарды импорттауын айтады) сәйкес. Екі теорияның қорытындыларына сәйкес жаһанданудан экономикасы неғұрлым ашық ел жеңеді.

Экономиканың жаһандануының оң, сонымен қатар, теріс әсері де бар. Оң әсеріне халықаралық мамандандырылған өндірістің және технологиялардың жылдам таралу салдарынан еңбек өнімділігінің артуы, өндіріс көлемінің және жан басына шаққандағы табыстың ұлғаюы жатады. Ал теріс әсеріне мемлекеттер мен қоғамдық топтар арасындағы теңсіздіктің ұлғаюы, экономикалық өсімнің тұрақсыздығы, ұлттық мемлекеттік бақылаудың азаюы жатады.

6. Әлемдік экономикадағы аймақтанудың себептер мен бағыттарын ашып көрсетіңіз. Жаһандану бүкіл әлемді бір нарыққа біріктіреді. Алайда статистика бойынша, ұлттық экономиканың сыртқы экономикалық байланыстары алдымен көрші мемлекеттермен байланысты болады. Мемлекеттің осындай бағыты аймақтану деп аталады. Аймақтану үдерісі ХХғ 50 жылдарында Еуропа құрлғынан бастау алып ,одан біртіндеп Азия,Африка елдеріне,Латын Америка елдерінен,АҚШқа дейін таралды.Аймақтану ол халықаралық экономикалық интеграцияның негізгі базасы болып табылады.Бұл термин көрші елдердің экономикасының бір әлемдік кешен болып қалыптасуы,негізгі мақсаты сол елдердің компанияларының бір орталыққа бірігуі.Оған мысал ретінде ХХ ғ АҚШтың ірі ТҰКның Канада мен Мексиканың немесе Батыс Европаның корпорацияларымен қарым қатынасты кушейтуі.

Көптеген дамушы және өтпелі экономикалық мемлекеттер өздерінің сыртқы экономикалық байланыстарын аймақ бойынша көрші елдерге емес, дамыған мемлекеттерге бағыттайды.

Жалпы алғанда, кейбір экономистер ойлағандай аймақтану шаруашылық өмірде айтарлықтай білініп келеді. Дәлел ретінде олар келесі фактты келтіреді: соңғы он жылдықта халықаралық экономикалық қатынастар айтарлықтай динамикалық түрде дамығанымен, олар динамикалық түрде аймақтардың немесе көрші аймақтардың арасында дамуда. Сонымен қатар, бұл жаһандануға қарсылық деген де пікір бар.

Алайда алыс бір болашақта әлемдік шаруашылық біріңғай тауар, қызмет, капитал, жұмыс күші мен білімнің ортақ нарығына айналады деп қарастыратын болсақ, онда аймақтануды сол мақсатқа жетудегі өозғалыс деп қарастыруға болады. Осы тұрғыдан алғанда аймақтану жаһандануға қарсылық емес, оған апарар жол.

Жалпы аймақтану мен интеграция үдерістері жаһандану процесінің әсерінен пайда болды.Яғни әлемде қанша мемлекет бар болса сол мемлекеттердің арасындағы нақты шекарасының бұзылуы.Аймақтану қазіргі таңда аймақтар арасындағы жаһанданубелгісі.

7.Әлемдік экономикадағы интеграциялық үдерістерді түсіндіріп, оның даму сатыларына шолу жасаңыз. Халықаралық экономикалық үрдістер ХХ ғ. екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр. Бұл өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы нәтижесінде пайда болды. Қазіргі заманда елдердің интеграциялық одақтары әлемдік экономиканың негізгі субъектілеріне айналды.

Интеграция – экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байлансытарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық әрекеттерге өзара кедергілерді жою бағыттарында айқын көрінеді.

Интеграция – бұл жаһанданудың бірден-бір сатысы болып саналады. Ал әлемдік деңгейде өзара тығыз байланыста болуды интеграциялық бірлестіктер жеңілдетеді. Қазіргі таңда әлемде 470-ке жуық интеграциялық бірлестіктер бар. Ал іс жүзінде жұмыс істейтіндерінің саны – 120.

Халықаралық экономикалық интеграцияның алғышарттары:

- интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен нарықтық дәрежесінің бірегейлігі;

- елдердің географиялық жақындығы, көп жағдайда, ортақ шекараларының және тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстарының болуы;

- экономикалық интегрция экономикалық және басқа да жалпыға ортақ сипаттағы, саяси қолдау, экономикалық даму және қаржыландыру, ұйымдастыру, реттеу сияқты нақтылай мәселелердің бірлігі;

- демонстрациялық эффект ( бір елдер бірігіп экономикалық бірлескендіктен экономикасы дамиды);

- «домино эффектісі». Яғни, белгілі бір аймақтың көптеген интеграциялық бірлестіктердің мүшелері болғаннан кейін бұл бірлестіктердің басқа да шекаралас мемлекеттерге әсер етуі. Аталған әсер оңтайлы және теріс ықпалды болуы мүмкін: бірлетікке мүше болғанда оңтайлы, интеграциядан тыс қалғанда сауданың қысқаруы.

Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады. Олардың әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып табылады.

Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде қалыптасқан интеграциялық топ пен жеке мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін. Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қатысты қолайлырақ режим ұсынады. Әр елдің ұлттық кедендік тарифтерінің сақталуына негізделген преференциалдық келісімдер интеграциялық процестің дайындық кезеңі болып табылады. Преференциалдық келісімдерді басқару үшін мемлекетаралық органдар құрылмайды.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты сауда кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Бұндай келісімде әр ел сыртқы экономикалық қызметін өзі жүргізеді, оны жоғалтпайды. Еркін сауа аймағына мүше елдердің бірінде орналасқан кішігірім мемлекетаралық секретариатпен басқарылуы мүмкін.

Интеграцияның үшінші деңгейі Кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады. Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді. Бұл мемлекеттер сыртқы сауда саясатын үйлестіруі қажет.

Интеграциялық процестің төртінші деңгейі ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Біріңғай сыртқы тариф негізінде өндіріс факторларының мемлекетаралық қозғалысының еркіндігі ұйымдық тұрғыдан сыртқы саясат мемлекетаралық үйлестердің анағұрым жоғарғы деңгейін талап етеді. Бұл мемлекеттер өздерінің сыртқы экономикалық саясатын үйлестіруі керек. Бұндай үйлестіру тұрақты қызмет ететін секретариатқа негізделген қатысушы мемлекеттердің ел басшылары мен үкіметтерінің мезгілді кеңесулерінде жүзеге асырылады.

Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты валюта, бюджет, ақша саясаты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Мұнда бүкіл топтың атынан оперативті шешім қабылдай алатын орган құрылады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің бір бөлігінен бас тартады, яғни мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Мысалы, ЕО шеңберінде ЕО Комиссиясы. [

8. Әлемдік экономикадағы либерализациялау үдерістерінің мәні мен басты бағыттарына сипаттама беріңіз.

Либерализация – экономикалық іс-әрекеттердің еркіндігін кеңейту, экономикалық шектеулерді алып тастау немесе қысқарту. ХХ ғасырда экономиканы мемлекеттік реттеу басым болды, бірақ соңғы он жылдықта экономиканың байқалады. Ырықсызданудың екі түрі бар: ішкі және сыртқы экономикалық ырықсыздану. Ішкіэкономикалық ырықсыздану 1980 жылдардан бастап әсіресе өтпелі экономикалы елдерде жедел дамып келеді.Трансформацияның мәні мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өтуінде және нарықтық реттеудің дамуы. Бұл елдердің тобында мемлекеттік реттеу азаяды. XX ғасырдың 50—60 жж сыртқы экономикалық ырықсыздану дамыған мемлекеттерде протекционизмді ауыстыра бастады. Ол халықаралық экономикалық қатынастардың барлық нысанын қамтыды: халықаралық сауда, капитал миграциясы, валюта-қаржы аясы.

Шамалы шектеу тек халықаралық жұмыс күшінің миграциясы аясында сезіледі. Дамушы мемлекеттерде және өтпелі экономикалы елдерде сыртқыэкономикалық ырықсыздану кейінірек басталды, себебі олар өзінің бәсекеге қабілетсіз салаларын қорғау мақсатында протекционисттік шараларды қолданды.

Бұл екі топта капиталды келтіру мен алып кетуге шектеу,сонымен қатар валюта-қаржы қатынастарын және жұмыс күшінің халықаралық миграциясын мемлекеттік реттеу сақталып отыр. Сыртқыэкономикалық ырықсызданумен қатар сыртқы саудада тарифтік емес шектеулер сақталуда (импортқа квота салу, антидемпингтік заңнама, рәсімдеу ережесі мен импорттық тауарларды бағалау.)

Ұлттық экономикаларда шетел капиталына жабық салалар сақталуда. Осыдан қорытынды жасасақ, тіпті дамыған елдердің сыртқы экономикалық саясатында ырықсыздану протекционизммен қатар жүреді.

Либерализацияның басты құралы – жекешендіру. Либерализацияның екі жағы бар: ішкі либерализация және сыртқы kиберализация.

Мемлекет экономиканы тікелей реттеуден бас тартсада, экономиканы тұрақтандыру және нығайту мақсатымен жанама құралдар арқылы экономиканы реттеп отыруы тиіс. Атқару тиіс қызметтері: салық жинау, мемлtкеттік бюджетін дефициті және инфляциямен күресу, ұлттық валютаны қадағалау, экономикалық заң бұзушылықпен күресу және т.б

.

9. Әлем елдерін экономикалық тұрғыдан топтастыру тәсілдеріне шолу жасап, олардың негізгі көрсеткіштерін атап өтіңіз.

Қазіргі таңда 240-қа жуық елдер бар, яғни, мемлекеттік рәсімделген тәуелсіз немесе белгілі бір территориясы бар және құқықтық қатынастарда мойындалған өзін-өзі басқаратын адамдар тобы. Олар ауданы, тұрғын халқы, этникалық және ұлттық құрамы, экономикалық және мәдени даму деңгейі мен ерекшеліктері, халықаралық еңбек бөлінісінде және жалпы халықаралық қатынастарда алатын орыны бойынша өте әр түрлі.

Әлемдегі елдердің қандай да бір жалғыз-ақ және жеткілікті топтастыру жоқ. Топтастырудың әр түрлі нұсқасы әр түрлі белгілерге (критерийлерге) негізделеді. Елдердің топ-топқа бөлінуі олардың тарихи, экономикалық, саяси және мәдени өркендеуінің ерекшелігіне байланысты. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, қазіргі кезде әлемнің барлық елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша тек қана екі топқа бөлуге болады: орталық және периферия.

Орталық әлемдік экономиканың ядросын құрады және постиндустриялды, тиімді нарықты экономикасы бар ӛнеркәсібі дамыған елдерден (шартты түрде Батыс елдері деп аталатын) тұрады.

Периферия – бұл дамушы елдер, олардың дамыған елдермен салыстырғанда еңбек өнімділігі және тұрғын халықтың жан басына шаққандағы табыстары төмен.

Әлем елдерін топтастырудың критериилері:

Жан басына шаққандағы ЖІӨ;

Экономиканың салалық құрылымы;

ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі;

Өмір сүру деңгейі мен сапасы (білімділік деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, т.б.).

Ұлттық есеп шот жүйесі бойынша елдің іс — әрекетінің көрсеткіші ЖІӨ.

ЖІӨ — елде белгілі бір уақытта өндірілген тауарлар мен қызметтер жиынтығы.

ЖҰӨ — ЖІӨ және сыртқы экономикалық байланыстарды есепке алғандағы жиынтық.



Егер ЖІӨ жан басына шақсақ елдегі экономикалық даму деңгейін, табыстың деңгеійн көрсетеді. Бұл көрсеткіштер екі тәсілмен есептеледі.

Валюталық ағымдағы курс тәсілі;

Валюталық сатып алу қабілетімен көрсетіледі.

Әлем елдерін табыс деңгейі бойынша үлкен үш топқа топтастырады:

Жоғары табысты;

Орта табысты: а) орта табысы жоғары, б) орта табысы төмен;

Табысы төмен.

2012 ж. бойынша жоғары табысты елдер — 61, орта табысты елдер — 99, төмен табысты елдер — 33.

2012ж. бойынша жоғары табысты елдер: 1. Монако, 2. Лихтенштейн, 3. Бермуды, 4. Норвегия, 5. Швейцария, 6. Катар, 7. Люксембург, 9. Австралия, 10. Швеция, 73. Казахстан.

Бүкіләлемдік банктің әдістемесі бойынша елдердің классификациясы. Бүкіләлемдік банк өз методологиясы бойынша жылсайын әлемнің елдеріндегі жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ) жан басына шаққандағы көрсеткішті есептеп отыра барлық мемлекеттер мен территорияларды келесі топтарға бөледі:

Жан басына шаққандағы табыстары жоғары елдер (12276 долл. жоғары)

Жан басына шаққандағы табыстары орташа елдер (3976 долл. -12275 долл. дейін)

Жан басына шаққандағы табыстары төмен елдер (1005 долл. аз)

БҰҰ-ның классификациясы. Қазiргi кезде ХХ ғ. 90-ші жылдарынан бастап БҰҰ классификациясы бойынша барлық елдерi үш топқа бөлінеді:

өнеркәсiбi дамыған

дамушы

өтпелi экономикалы елдер

Бұл топтастырудің негізінде ұлттық экономикаларды даму деңгейі және нарықтық қатынастардың даму дәрежесі критерийі жатыр.

1990ж. БҰҰ — ы адамзаттың даму индексі деген көрсеткіш енгізген. Тек ғана елдегі тұрмыс дәрежесін ғана көрсетеді. 3 көрсеткіш бойынша құралады:

Жан басына шаққандағы табыс;

Денсаулық (өмір жас ұзақтығын алады);

Білім жүйесі (адамдар сауаттылығы).

Адамзат дамуының индексі үш топқа немесе төрт топқа бөлінеді:

Өте жоғары; (42 ел)

Жоғары; (43 ел)

Орта;(42 ел)

Төмен.(42 ел)

10.Әлем елдерін экономикалық даму деңгейі мен экономикалық қуаты жағынан топтастырудың негізгі көрсеткіштерн түсіндіріңіз.

Қазіргі таңда 240-қа жуық елдер бар.Әлемдегі елдердің қандай да бір жалғыз-ақ және жеткілікті классификациясы (типологиясы) жоқ. Классификацияның әр түрлі нұсқасы әр түрлі белгілерге (критерийлерге) негізделеді. Елдердің топ-топқа бөлінуі олардың тарихи, экономикалық, саяси және мәдени өркендеуінің ерекшелігіне байланысты.

Әлем елдері типологиясының критериилері:

Жан басына шаққандағы ЖІӨ;

Экономиканың салалық құрылымы;

ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі;

Өмір сүру деңгейі мен сапасы (білімділік деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, т.б.).

Бүкіләлемдік банктің әдістемесі бойынша елдердің классификациясы. Бүкіләлемдік банк өз методологиясы бойынша жылсайын әлемнің елдеріндегі жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ) жан басына шаққандағы көрсеткішті есептеп отыра барлық мемлекеттер мен территорияларды келесі топтарға бөледі:

Жан басына шаққандағы табыстары жоғары елдер (12616 долл. жоғары — 2012 ж.)

Жан басынашаққандағытабыстарыорташаелдер(1036 долл. -12616 долл. дейін — 2012 ж.)

а) орта табысы жоғары: 4085-12615 АҚШ доллары

ә) орта табысы төмен: 1036-4085 АҚШ доллары

Жан басына шаққандағы табыстары төмен елдер (1035 долл. аз — 2012 ж.)

Әлемде жоғары табысты -61 ел, орта табысты-99 ел, төмен табысты 33 ел бар

Ең жоғары табысты ел-Монако (186950 доллар жан басына шаққанда); Лихтенштейн, Норвегия, Швейцария, Катар, Люксембург, Дания, Австралия,Швеция.

Қазақстан жан басына 9730 доллар есебімен, әлемде 73 орында.

Елдің ЖІӨ-нің абсолютті өлшемі елдің экономикалық қуатын көрсетеді. Осы көрсеткіш бойынша:1 )АҚШ -16 трлн.долл 2) Қытай -12 трлн.долл 3)Индия 4) Жапония 5) Германия 6) Ресей

11.Әлем елдерін адами даму индексі бойынша топтастыру мен талдаудың мәнін ашып, оның көрсеткіштеріне шолу жасаңыз.

1990 жылдан бастап, БҰҰ адамзат даму индексі көрсеткішін енгізді ( адами даму әлеуетінің индексі). Адами даму әлеуетінің индексі әлемдегі барлық елдер үшін өмірдің күтілетін ұзақтығы, сауаттылық, білім алу және өмір сүру сапасының кешенді салыстырмалы көрсеткіші болып табылады. Бұл индекс дамыған, дамушы, дамуы артта қалған елдердің айырмашылықтарын айқындау үшін және экономикалық саясаттың өмір сүру сапасына әсерін анықтау үшін қолданылады. Индексті 1990 ж пакистандық экономист Махбуб уль-Хак пен үнді экономисті Амартья Сен енгізді. Адами даму индексін есептегенде негізгі үш көрсеткіш қолданылады :

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші

Халықтың сауаттылық деңгейі(білім алуға кеткен орташа уақыт ) және күтілетін білім алу ұзақтығы

Өмір сүру сапасы

Сонымен қатар, әлеуметтік дамудың әлеуметтік-экономикалық дифференциациясының сапалық және сандық жақтарын сипаттайтын ғылыми негізделген, жалпыланған көрсеткіштер жүйесі жасалды. Ол жүйеге мынындай коэффициенттер кіреді:

Адами даму индексінің дифференциациясы коэффициенті. Ол талданатын елдердің, елдің ішкі аймақтарының, әлеуметтік топтарының айырмашылық деңгейін сипаттайды.

Денсаулық индексінің дифференциациясының коэффициенті. Ол бір елдегі денсаулық жағдайының, екінші елге қарағанда қаншылықты жақсы/нашар екенін көрсетеді.

Білім беру индексінің дифференциациясы коэффициенті.

Табыс индексінің дифференциациясының коэффициенті.

Өлім индексінің дифференциация коэффициенті

Адами даму индексінің мәні бойынша елдерді даму жағынан негізгі 4 топқа бөледі : өте жоғары (42 ел), жоғары (43 ел), орташа ( 42 ел), төмен ( 42 ел)

Адами даму индексі бойынша 2010 ж:

1) Норвегия

2) Австралия

3) АҚШ

4) Нидерланды

5) Германия

10) Жапония

55) Ресей

69) Қазақстан

101) Қытай

Білім жүйесінің индексі бойынша:

1) Жаңа Зеландия-1

2) Норвегия-0,99

3) Австрия

4) Ирландия

35) Қазақстан

49) Ресей

Жас ұзақтығы: 1)Макао-84,36 жас

2) Андорра-82,51 жас

3) Жапония-82,12 жас

4) Сингапур-81,98 жас

5) Гонконг-81,36

152) Қазақстан-67,87

Соңғы орындарда: Замбия- 38,63 жас; Ангола-38,20 жас

12.Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық модельдеріне шолу жасап, олардың ерекшеліктерін қысқаша сипаттаңыз.

Либералдық модель. Бұл әлеуметтік –экономикалық модель мысалына АҚШ, Канада, Ұлыбритания экономикалалық жүйелері жатады. Оған жеке сектордың мемлекеттік сектордан артық болуы, өндіріс, инвестициялау, тауар өткізу, жұмыс күшін пайдалану салаларында жеке шешімдердің басым болуы тән. Мемлекеттің экономикаға араласуы шектеулі, тек стратегиялық маңызы бар салаларда ( қорғаныс, мемлекеттік білім беру ж»не денсаулық сақтау т.б) ғана мемлекет өз талаптарын қоя алады. Бәсекелестік пен акционерлік капитал басшылықты неғұрлым көп табыс алуға итермелейді. Мемлекет кейбір жағдайларда макро және микроэкономикалық процесстерге белсенді қатысады. Ұлттық және жергілікті билік органдары бәсекелестікті қолдау, нарықтың құлдырауын жұмсарту, және белгілі бір топтарды қорғау үшін жеке секторды заңнама және әкімшілік шаралар арқылы реттейді. Шаруашылық механизмінің мұндай моделі ,сонымен қатар, дарвинистік немес ағылшын-саксондық деп те аталады.

Либералды-реформистік модель.Ол либералдық модельге жақын. Бұл модельге реттелетін нарықтық шаруашылық пен жеткілікті дамыған әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесі тән. Үкімет, кәсіпкерлер ұйымдары, кәсіподақтар мүдделердің үйлесімдігі үшін келіссөздер жүргізеді. Бұл модельді солтүстік-батыс Еуропа елдері ұстанады оны рейндік модель деп атайды. Бұл елдерде жалақының тұрақты деңгейі байқалады.

Корпоративтік модель. Бұл модель реттелетін нарық жүйесін сипаттайды және мұнда мемлекеттік араласудың интенсивті формалары байқалады. Оның екі түрі бар: демократиялық және иерархиялық. Демократиялық корпоративизм билік басында көп уақыт социал-демократтар болған елдерде басым, мемлекеттік кәсіпкерлік деңгейі өте жоғары( Швеция, Солтүстік Еуропа елдері, Австрия). Бұл жүйеде қоғамдық және жеке мүдделердің үйлесімділігі арқылы экономикалық өсу мен жалпы әлеуметтік әл-ауқатының жоғарылауына ықпалдастық жүзеге асырылады; тараптар арасында капитал, материалдық ресурстар, жұмыс күшіне қатысты мәселелер келісім арқылы шешіледі.

Иерархиялық корпоративизм Жапония, Оңтүстік Корея елдеріне тән. Мемлекет іскерлік белсенділікті қамтамасыз етуге белсенді ат салысады, алайда оның кәсіпкерлік сектордағы үлесі аз. Үкімет, банктер мен ірі корпорациялар арасында тығыз байланыс бар.

Әлеуметтік-нарықтық модель. Бұл модель ГФР-ге тән. Ол әлеуметтік осал топтарға, нарықтық экономикаға төтеп бере алмайтын құрылымдарды( фермерлер, ұсақ шаруашылықтар т.б) қолдауға бағытталған модель болып табылады. Әлеуметтік бағытталған шаруашылықта мемлекеттің әл-ауқатты қамсыздандырудағы экономикалық белсенділігі байқалады. Банктер, компаниялар, үкіметтің байланысы өте тығыз.

13. Әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі мен өсу қарқынының әр түрлі болуына тарихи шолу жасап, себептерін түсіндіріңіздер. Әлем әлеуметтік-экономикалық табиғаты жағынан біржақты емес. Әр түрлі елдердегі эконмикалық даму көрсеткіштерінің алуан түрлі болғандықтан экономикалық даму деңгейін бір көзқараста қарауға болмайды. Ұлттық экономика мен әлемдік шаруашылықтың даму кезеңі негізгі көрсеткіштерге өзгерістер енгізеді. Ең қарапайым түрі –ол жан басына шаққандағы табыс деңгейіне байланысты бөлу. Әлем елдерінің ЖІӨ жиынтық көлемі 2012 ж бойынша сатып алу қабілеті паритеті бойынша алғашқы ондық: Катар, Лихтенштен, Люксембург, Сингапур, Норвегия, Бруней, АҚШ, ОАЭ, Швейцария, Канада, Австралия. Сатып алу паритететі қабілеті бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштері бойынша қамтамасыз етілген елдер мен территорияларға: Люксембург, Катар, Норвегия, Бруней, Кувейт, США, Сингапур.әлемнің ең кедей елдері Африкада орналасқан, оларға Бурунди, Центрально-Африканская Республика, Демократическая республика Конго, Эфиопия, Гамбия, Гвинея-Биссау, Либерия, Малави, Нигер, Зимбабве, Мозамбик. Аталған елдердегі жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 250-ден 750 долл./адам. құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей 48 орында, Қазақстан 60 орында. ТМД ең кедей елі Тәджікістан болып табылады -155 орында. Әлемнің дамушы елдері арасында соңғы онжылдықтарда Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия (ОША) елдерінің жетекшілігі айқындалды. Соңғы екі онжылдықта ОША елдері арасында экономикалық өсімнің жоғарғы қарқынын Қытай көрсете алды. Болашақта әлемнің экономикалық орталығы Шығыс Азия және ОША (Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, тұтастай ОША-ның ЖИЕ-рі) болуы мүмкін, олар қазір әлемдік ЖІӨ 30%-ды құрайды. Осы аймақтың позициясының күшеюі сондай-ақ оның потенциалды жоғарғы қарқынмен даму үстіндегі көрші елдерді – Оңтүстік Азия, Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Австралия мен Океанияны өзіне тарту орталығы болып құрылуынан көрінеді. Бұл әлемнің макроаймағы – Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ (АТА) деп аталады. Экономиканың даму деңгейінің басқа да көрсеткіштеріне еңбектің өнімділігі, жан басына шаққандағы электроэнергияның жылдық шығарылымы, өнеркәсіптік өндірістегі және экспорттағы ғылымды қажет ететін өнімдер, әлемдік нарықтағы тауарлар мен қызметтердің бәсекегеқабілеттілігі, экономика жағдайы (ЖІӨ өсім қарқыны), ЖІӨ және жұмысбастылық құрылымы. Аталған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша елдерді 3 топқа бөлуге болады: нарықтық экономикадағы өнеркәсібі дамыған елдер, олар әлемдік шаруашылықтың тірегі десе де болады; Азия, Африка, Латын Америка мен Океанияның дамушы елдері немесе үшінші әлем елдері десе де болады; өтпелі экономикалы елдер, шаруашылықты дамытудың жаңа формалары жолында тұрған Шығыс Еуропа мен Ресей елдері болып табылады.

14. Әлем елдерінің экономикалық даму деңгейінің біркелкі болмауының әлемдік экономикадағы салдарларын түсіндіріңіз.

Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша елдерді 3 топқа бөлуге болады: нарықтық экономикадағы өнеркәсібі дамыған елдер, олар әлемдік шаруашылықтың тірегі десе де болады; Азия, Африка, Латын Америка мен Океанияның дамушы елдері немесе үшінші әлем елдері десе де болады; өтпелі экономикалы елдер, шаруашылықты дамытудың жаңа формалары жолында тұрған Шығыс Еуропа мен Ресей елдері болып табылады. Қазіргі таңда байллар мен кедейлер расындағы табыс алшақтығы ұлғаюда. Ғылым мен технологияның дамуы, экономиканың алға шығуы тек бірқатар елдерде ғана орын алды, ол «алтын миллиард» деп аталатын жерде орын алды. Яғни, алтын миллиард ол дамыған және дамушы елдердің өмір сүру деңгейіндегі теңсіздік болып табылады. Жаһанданудың дами түсуі – теңсіздіктің артуына алып келді, ол әлеуметтік қысымды көтерді. Нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі жаһандану шарттарында мықты державалар үлкен күшке ие болуда. Соңғы жылдары «батыс» пен «үшінші әлем» елдері арасындағы экономикалық даму деңгейі теңесуде. Бұл жаһандану салдары деп, және үшінші әлем елдерінің тұрғындарының білім деңгейінің артуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар демографиялық және әлеуметтік-мәдени үдерсітерге байланысты, XX ғ. 90ж үшінші әлем елдерінің көбі білімділік деңгейі артты, бір жағынан экономикалық өсуді ынталандырды, екіншіден туудың қысқаруымен тұрғындар санының өсу қарқынын азайтты. Оыс үдерістер нәтижесінде үшінші әлем елдерінде жан басын ашаққандағы ЖІӨ көлемінің артуы орын алды және біріні әлем мен екінші әлем елдері арасындағы өмір сұру деңгейіндегі алшақтық қысқарды.

15. Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық алшақтықтарды азайтудың басты бағыттарына сипаттама берініз.

Дамуды қуып жету. Бұл үлгінің негізгі ерекшелігі мынада, бұл көшбасшы мемлекеттердегі бар экономикалық механизм мен технологияны игеруге негізделеді. «Дамуды қуып жету» үлгісінің негізі Жапонияда қалыптасқан және шектеулі ресурстар жағдайындағы экономикалық дамуда жағары нәтижелерге қол жеткізді. Ол имитациялық саясат технологияларды ойлап табуға емес, шет елдерден шыққан технологияларды жинақтау болып табылады. Дамуды қуып жету – бұл дамушы және дамыған мемлекеттер арасындағы әлеуметтік-экономикалық деңгейлеріндегі алшақттықты жою үшін құралған стратегия. Бұл концепцияны ұсынған Фридрих Лист болып табылады. Даму деңгейлеріндегі алшақтық бұл бірінші кезекте дамыған және қалған мемлекеттер арасындағы алшақтық. Даму деңгейіндегі алшақтық ППС бойынша ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы айырмашылықпен өлшенеді. Дамуы деңгейі орташа мемлекеттер арасында әртүрлі жерлерде орналасқанына қарамастан бірдей жағдайда жеделтетілген индустрияландыру саясатын жүргізілді. 1950-1960 жылдары «дамуды қуып жету» үлгісін қолданған мемлеттер экономиасы қарқынды өскенін көреміз. 1970-1980 жылдары «азиялық айдаһарлар» деп аталатын Оңтүстік-Батыс Азия мемлекеттерінің экономикасы жоғары қарқынмен дамыды.

Бірақ 1970-жылдары «жаңа индустриалды» мемлекеттер қиыншылықтарға тап болды. XX ғасырдың соңғы жиырма жылдығында мемлекеттердің экономикалық дамуы төмендейді, сонымен қатар дағдарыстарға ұшырады.

«Даму жету» үлгісінің барынша тиімді әсер етен мысалы ретінде Жапонияны алсақ болады. Ал басқа кейбір мемлекеттер керісңше дағдарысқа ұшырады. олардың ішінде «үлкен үштік» – Аргентина, Бразилия, Мексика және оларға көршілес мемлекеттер – Боливия, Венесуэла, Перу, Чили және т.б. Дамуды қуып жетудің негізгі үлгілері

Импорт алмастыру үлгісі – бұл меркантилистік теория негізінде құрылған,және ұлттық экономиканың көп салаларына протекционистік жағдайлар орнайды, сыртқы саудаға мемлекеттік монополия орнайды және экономикаға мемлекеттің араласуымен сипатталады. Бұл үлгі 1930-жылдары Латын Американың кейбір мемлекеттерінің соғыс алды жағдайына табысты әсер етті және олардың өсім деңгейі кейбір дамыған мемлекеттердің өсімінен жоғары болды. Мысалы Чили де 1931-1940 жылдары орташа жылдық өсім 4.8%-ды құрады. Дәл осылай Бразилия, Аргентина, Мексика, Үндістан мен Пәкістан экономикасы дами түсті. Импортты алмастыру саясатында келесі кезеңдер орын алады. Біріншісі – бірінші қажеттіліктегі тауарлар өндірісін дамыту, екіншісі – ұзақ мерзімде қолданатын тауарлар шығару. Кезінде артта қалған мемлекеттердің экономикасы дами түсті. Аграрлы мемлекеттерден индустриялды мемлекеттерге айнала бастады. Импортты алмастырудың екінші кезеңінінде қолдану құралдарына (электроэнергетика, металлургия, машина жасау) өндіру жатады. Бұл процесттер 70-жылдары Корея мен Тайваньде орын алды.

Үлгінің екіншісі, яғни экспортқа негізделген үлгісіОңтүстік-Батыс Азияда қолданылды. Олардың әрқайсысы шаруашылықтарын индустриландыруға әртүрлі уақыттарда көшті. Малайзияда, Сингапурда және Тайваньда бұл үдеріс екінші дүниежүзілік соғыс біткен соң басталды, ал Индонезия мен Оңтүстік Кореяда 1960-жылдардың басында; Тайландта 1960-жылдардың соңында; Қытайда 1970-жылдары; Вьетнам мен Лаоста 1990-жылдардың ортасында қолданылды.

16.Әлем елдерінің даму қарқыны әр түрлі болуының әлемдік экономикаға тигізетін әсерлерін сипаттаңыз.

Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Әлем елдерінің экономикасы әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда:

1) ел экономикасының типі;

2) жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі;

3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы;

4) жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) көлемі мен құрылымы;

5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы;

6) елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады.

Әлем барша халықтың көз алдында жедел өзгеруде. Бұдан жарты ғасыр бұрын әлемдік ЖІӨ-нің 60-70 пайызы “үлкен сегіздіктің” үлесіне тиген болса, қазіргі кезде әлемдік ЖІӨ-нің 60 пайызын өзге елдер өндіреді екен.

90-шы жылдарға дейін экономиканың өсу қарқыны көрсеткіші бойынша әлем және дамушы елдерге қарағанда дамыған елдері басымдылықты дамып келді.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап 2000-ші жылдары аралығында экономиканың өсу қарқыны көрсеткіші бойынша аз шама болсада басымдылықты даму реті бірінші дамушы елдер, кейінгі орында әлем экономикасы үлесіне иелі болса, ал дамыған елдері үшін тұрақты қарқын дамуы орын алды. Ал 2000-ші жылдарынан бастап әлемдік қаржылық дағдарысы орын алып отырған бүгінгі күнге дейінгі жағдай аралығында экономиканың өсу қарқыны көрсеткіші бойынша қазіргі заман тарихында болмаған күрт өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Яғни, экономиканың өсу қарқыны көрсеткіші бойынша реттемеде дамыған ЭДДҰ елдері ақырын дамуы орын алса, әлем экономикасы үшін жылдам өсу, ал дамушы елдері үдемелі өсу қарқынымен дамыды. Тіптен бұл жаңа қарқыны даму құбылысы ұзақ мерзімді және бұрынғы жағдайлар қайтып келместей өзгергендігін негіздейді. Дамушы елдер бүгінде тек экономикасын дамытып қана қоймай, әлемдік қызмет көрсетуде де белсенділік таныта бастады. Бәсекелестік жоғары технологиялық салаларда да арта түсті. Бұл экономикалық дамуда теңсіздікке соқтырып, бай және кедей елдер арасындағы алшақтықты өршітуде. Әлем елдерінің даму қарқынының әр түрлі болуы экономикалық құлдыраудың себебі болуы мүмкін, сонымен қатар әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістердің де себепшісі болуы ықтимал. Соңғы үш оңжылдықта дамыған және дамушы елдер арасындағы экономикалық алшақтық азайды, бірақ та соған қарамастан жүздеген миллион адам кедейшілікте өмір сүріп келеді. Әлемдік экономиканың даму қарқынының мардымсыз азаюы бүкіл әлем елдері үшін қатты әсер етуі мүмкін.

17.Әлемдік экономиканың табиғи ресурстарының маңызы мен құрылымына қысқаша сипаттама жасаңыз. Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Табиғи шикізат қорлары – қажеттті ресурстар.

Маңызы: Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары экономикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Табиғи шикізат қорларының экономикаға әчері қазіргі таңда зерттелуде.

Құрылымы:

1. Минералды шикізат ресурстары(қазба байлықтар)



Страницы: Первая | 1 | 2 | 3 | ... | Вперед → | Последняя | Весь текст


Предыдущий:

Следующий: