Әлемдік экономика шпор


1.Әлемдік экономика (әлемдік шаруашылық) ұғымы және экономикалық жүйе ретіндегі ерекшеліктері. Әлемдік экономиканың негізгі субъектілері.

«әлемдік экономика», «әлемдік шаруашылық» және «дүниежүзілік шаруашылық» терминдері Болатов кітабында синоним ретінде қарастырылады. Бұлардан тек «халықаралық экономика» өзгеше болып келеді. Әлемдік экономикаға (әлемдік шаруашылық) тар және кең мағынада анықтама беруге болады. Кең анықтамасында, әлемдік экономика-бұл барлық ілемнің ұлттық экономикаларының жиынтығы, ал тар мағынада сыртқы әлеммен қарым – қатынас орнататын (яғни елдер арасында жүретін саталатын тауарлар мен қызметтер) ұлттық экономиканың белгілі бір бөліктерінің жиынтығы. Тағы бір анықтамасы — халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған және өзара тығыз байланысқан әлемнің барлық елдерінің ұлттық экономикаларының жиынтығы. Бұл ерекше, ғаламдық экономикалық жұйе, оның құрама бӛлiктерi ретiнде әлемдегi барлық елдердiң (қазiргi кезде дүние жүзінде шамамен 260 астам елдер бар) ұлттық шаруашылықтары кiредi.

Әлемдік экономикадағы мақсатталған шаруашылықтың қызметі субъектілермен іске асырылады. Олар өндіріс факторларының дамуы мен жағдайын және олардың бірігу тәсілдерін анықтайды. Әлемдік экономиканың субъектілеріне мемлекеттер, ТҰК, аймақтық интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық экономикалық ұйымдар.

Өткен жылдары белгілі бір елдердің сыртқы экономикалық қызметімен (СЭҚ) өз елінің нарығы басты болып қалатын ұлттық фирмалар айналысты. Соңғы онжылдықта олардың көбі қызмет аясы (қаржы, сауда, өндіріс) бүкіл әлем болатын трансұлттық корпорацияларға айналды. Нәтижесінде ТҰК әлемдік шаруашылықтың маңызды бір бөлігіне айналды. Кейде ТҰК-дың мүдделері ұлттық экономикалардың мүдделерімен сәйкес келмейді.

Көптеген бір-бірімен көрші елдер экономикасы аймақтық интеграциялық бірлестіктерді құрады. Мұндай бірлестіктер әлемдік экономика механизмінің негізгі бөлігіне айналды, ал кейбір интеграциялық бірлестіктер құрамына кіретін елдер атынан сыртқы әлемге шығады.

Соғыстан кейінгі жылдарда халықаралық экономикалық ұйымдардың саны көбейді. Әлемдік шаруашылық механизмінің өзіндік бөлігіне айналып, халықаралық экономикалық қатынастарды реттеуге белсенді қатысып отырды. Олардың негізгі қызметіне жалғыз ел шеше алмайтын мәселелер, соның ішінде әлем елдерінің дамуының проблемалары сияқты жаһанда мәселелерді шешу жатады.

Әлемдік экономиканың ерекшеліктері:

Әр түрлі деңгейде дамыған әлемнің барлық ұлттық экономикалыран қосады. Қазіргі кезде әлемнің елдері мен аймақтар арасында өте үлкен айырмашылықтар бар.

ӘЭ жеке мемлекеттердің және сол сияқты халықаралық ұйымдардың заңдары мен ережелері іске асады.

ӘЭ шаруашылық байланыстар мемлекеттік шекарасы арқылы іске асырылады. Әр елдің өзінің экономикалық, ұлттық мүдделері болады.

ӘЭ-да саяси фактор әсері жоғары болады.

2. Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуының тарихи кезеңдері

Әлемдік шаруашылық — халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды. Әлемдік шаруашылық экономикалық байланыс пен дүние жүзі экономикалық және территория бөлу ретінде XX ғасырда қалыптасты.

Әлемдік экономиканың қалыптасу прцессінде тарихи кезеңдерін бөліп қарастырады.

1-ші кезең (XVI – XVII ғғ.) өндірістің мануфактуралық стадиясына сәйкес келеді.

Сипаттамасы: Ұлы географиялық ашылулар; колониялардың пайда болуы; баға революциясы; мануфактуралық период. Бұл болашақ әлемдік экономиканың жеке элементтерінің қалыптасу уақыты. Барлығы халықаралық саудадан басталды, яғни, тауарлар мен қызметтердің елдер арасындағы қозғалысы. Ұлы географиялық ашылулардың арқасында ол әлемнің көптеген елдеріне жайылды. Осы периодта өндірістік байланыстардың қалыптасуы басталды: колониалды елдерден шикізаттарды жеткізу, құл саудасы түріндегі жұмыс күшінің халықаралық миграциясы, жаңа жерлерге қоныс аудару.

2-ші кезең (XVIII — XIX ғғ.) өнеркәсіп революциясымен және өндірістің механикалануымен байланысты.

Сипаттамасы: өнеркәсіптік төңкеріс; буржуазиялық революция; мануфактуралықтан фабрикалық жүйеге өту. Басты рөл сауда байланыстарынан өндірістік әлемдік байланыстарға өтеді. Сонымен қатар, бұл кезеңде капиталистік қатынастар дами бастады және капитализмнің империализм стадиясына ауысуы байқалады. Бұл кезең өндірістің монополиялануымен, капиталды сыртқа шығарудың күрт өсуімен байланысты. Осылай халықаралық экономикалық қатынастардың формалары кеңейді, халықаралық тауар алмасу белсенді түрде елдер арасындағы өзара қызметтердің басқа да түрлерімен, яғни, өндіріс факторларының халықаралық миграциясымен толықтырыла бастады. Әлемдік экономика біртұтас бола бастады.

3. Әлемдік экономиканың ХХ ғ. даму кезеңдері

Тарихи тұрғыдан әлемдік шаруашылық ХІХ ғ. аяғында – ХХ ғ. басында дүние жүзі халықтарының басым кӛпшілігінің әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы нәтижесінде қалыптасты.

Оның қалыптасуы халықарылық сауданың жедел дамуымен, елдердің арасында капиталдар мен жұмыс күшінің халықарылық қозғалысының пайда болуымен байланысты.

Сондықтан, әлемдік шаруашылық тауарлардың халықаралық саудасың ғана емес, сонымен қатар өндіріс факторлардың қозғалысын да қамтыды.

Әлемдік экономиканың эволюциялық процесінде бірнеше кезеңдер анықталады:

1-ші кезең: ХХ ғ. 10-50 жылдарды қамтиды,яғни бұл кезең Бірінші дүниежүзілік соғыстың басынан 1950жылдарды қамтиды. Әлемдік шаруашылықтың дамуындағы дағдарыс құбылыстар кезеңі болып табылады. Тек 1920 жылдар мен Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі аралықта әлемдік экономика жағдайы қалпына келе бастады, яғни осы аралықта әлемдік сауда көлемі 40 жыл өткеннен кейін ғана 1913 жылғы деңгейіне жетті, ал өндіріс факторлары — одан да кеш. 1913 жылы Ресей империясының тауар экспортының көлемі 1млрд долл, ал АҚШ-тың- 2,6 млрд долларды құраса, 1928 жылғы көреткіш Ресейде тауар экспорты көлемі- 0,7млн долл болса, АҚШ-та- 5,8 млн долларды құрады, яғни бұл көрсеткіштер әлемнің сол кездегі 2 державасындағы дағдарысты көрсетеді. Тек 50-жылдары ғана 1913 жылғы көрсеткіштер деңгейіне әлем экономикасы деңгейі көтеріледі.

 2-ші кезең. ХХ ғ. 50-70 жж. ӘЭ-ның жылдам өсу мен даму кезеңі. Бұл кезде әлемде интеграциялық топтасулар пайда бола бастады (ЕО,ЭКК(СЭВ)) және трансұлттану процессі қарқынды дамыды,осы процестің салдарынан мемлекеттер арасында білім , кәсіпкерлік қабілеттілік және кәсіпкерлік капиталдың қарқынды араласуы көрініс тапты, әлемдік несие капиталының қалпына келуі және сол кезде әлемдік шаруашылықта социалисттік және дамушы мемлекеттердің ерекше орнына үміттенді.

 3-ші кезең. ХХ ғ. 80-ші жылдарынан осы күнге дейін. Әлемдегі елдердің өзара әрекеттесу мен тәуелділігінің күшеюі, экономиканың жаһандануы.Бұл кезең дамыған мемлекеттер үшін постиндустриализацияға өту кезең есебінде және көптеген артта қалушы мемлекеттер үшін- экономикасының қалуын белсенді түрде көтеру есебінде, ал бұрынғы социалистік елдер үшін- нарықтық экономика аясына қайтып келу есебінде, ал барлық мемлекеттер үшін- шаруашылық өмірдің жаһандануы, аймақтануы және интеграциялануы, трансұлтану мен ырықсызданудың өсуі және қаржы секторы мәнінің қажеттілігінің артуымен сипатталады.

4. Өндірістің интерұлттануының мәні, пайда болу мен даму факторлары. Өндірістің интерұлттануы— бұл өндірістің халықаралық қоғамдастырылуы, яғни өндірістің халықаралық деңгейде интерұлттануы. Әр түрлі елдердегі өндірістік байланыстарды орнату үдерісі, онда бір елдің өндірісі әлемдік өндіріс үдерісінің бөлігіне айналады. Сонымен қатар өндірістік күштердің ұлттық шекарадан шығуы, әлемдік экономика субъектілері арасында тұрақты экономикалық байланыс орнату болып табылады. Өндірістің интерұлттануының факторларына: ғылыми-техникалық үдеріс, ұлттық табиғи ресурстардың тапшылығы, ұлттық нарықта бәсекелестіктің күшейе түсуі, транспорттық тасымал, кедендік салықтар мен баждарды қысқарту, шетелдің өндірістік, ақпараттық және басқа да инфрақұрылымдарын қолдану болып табылады. Өндірістің интерұлттануының этаптары: әлемдік сауда (15 ғ.- 19 ғ. басы), шетел инвестициялары (19 ғ. соңы –20 ғ. басы), өндірістік интеграция (20 ғ. ортасынан) – бұл әр түрлі елдердің өндірістік үдерістерінің өзара араласы үдерісі. Өндірістің интерұлттану формаларына: халықаралық еңбек бөлінісі, (халықаралық мамандандыру мен кооперациялау); өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы; халықаралық инфрақұрылымның құрылуы, өндірістің трансұлттнауы (халықаралық өндірістің дамуы). Әлем елдері ұзақ жылдар бойы өндірісті қоғамдастыру негізінде экономикалық ынтымақтастықты дамытты. Тек XX ғ. ортасында ғана өндірістің интерұлттануы сферасында жаңа үрдістер пайда бола бастады. Бұл кезеңде көптеген елдер жаңа өндірісті халықаралық қоғамдастыру кезеңіне өтті, ол интеграциялық этап деген атқа ие болды. Ұлттық өндірістің тиімділігін арттыру долын іздеуде, бірқатар Батыс Еуропа елдері Еуропалық экономикалық қауымдастық құрды. 1957 ж қаңтарында ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург Рим келісіміне қол қойды, бұл келісімге сәйкес аталған елдер арсында кедендік салықтар төмендей бастады, капитал мен жұмыс күшін тасымалының шарттары қарастырылды. Өндірістің интерұлттануы дамыған өндірістік капитализм дәуірінде пайда болды және империализм дәуірінде дами түсті. Әсіресе интенсивті сипатқа ғылыми-техникалық революция әсерінен ие болды. Бірінші этапта өндірістің интерұлттануы салааралық халықаралық мамандандыру сияқты дамыды. Ал өндірістің интерұлттануының ары қарай тереңдей түсуі салаішілік мамандандырудың түрлі формаларының пайда болуымен байланысты: мысалы АҚШ, Великобритании, ФРГ, Японии елдерінің өндірістерінің мамандануы, әр түрлі елдердің кәсіпорындарының технологиялық мамандануы, әр түрлі елдер заводтарының бөлшектері бойынша мамандануы. Өндірістің инетрұлттануы капитализм шарттарына сәйкес капитал интерұлттануының негізі болып табылады. Өндірістің интерұлттануы өндіріс, транспорт, байланыс, халықаралық сауда және қаржы салалары бойынша халықаралық экономикалық ұйымдарда да көрініс табады. Социализм кезінде өндірістің интерұлттануының дамуы халықаралық әлеуметтік еңбек бөлінісін құру үдерісі кезінде жүзеге асырылды. Социализм кезінде өндірістің интерұлттануы елдер арасындағы ынтымақтастықтың әр түрлі формасында болды: түрлі өндіірс объектілерін бірлесіп жасау, халықаралық транспорт магистралдары құрылысы. Социалисттік елдерде халықаралық өндірістік ұйымдардың пайда болуы социалисттік елдердің шаруашылығының интерұлттануына ықпал етті. М: Интерметалл, Интрансмаш. Өндірістің интерұлттануының дамуы қазіргі таңда қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторына айналды.

5. Халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік экономикадағы орны мен дамуындағы рөлі

Әлемдік экономика біртұтас жүйе ретінде тауарлар, қызметтер қозғалысы сонымен қатар экономикалық ресурстармен тығыз байланысады. Осының негізінде елдер арасында халықаралық экономикалық қатынастар, яғни сыртқы экономикалық, әлемдік шаруашылық байланыстар туындайды. Халықаралық экономикалық қатынастар бұл – резиденттер мен резидент еместер арасындағы арасындағы шаруашылық қатынастар. Оларды формалары бойынша жіктеуге болады. Дәстүрлі түрде жеке формаға тауарлар мен қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы деп бөледі. Экономкалық ресурстардың ауысымы халықаралық экономикалық қатынастардың капиталдардың халықаралық қозғалысы, жұмыс күшінің халықаралық миграциясы, халықаралық біліммен алмасу сияқты формалары негізінде жатыр.

Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден — ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы , егер бұл категорияға техникалық – экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ , дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы , ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын , оның материалдық – техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай – ақ , қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы , әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты — оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылық дегенде , тек бір ғана қарапайым байланысты ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық жиынтығынан тұратын: халықаралық еңбек бөлінісі мен еңбекті кооперациялау нәтижесінде туындайды мемлекетаралық экономикалық қатынастарды да сөз етеміз.Қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан – жақты дами алады. Әлемдік шаруашылық және оның бір бөлігі болып саналатын ХЭК –тың дамуы 80-жылдармен салыстырғанда , 90-жылдары жаңа жағдайда дами бастады. Біріншіден, әлемнің біртутастығы айқындала бастады.Қазіргі әлемдік шаруашылық, бір жағынан, әлемнің бір бөлігі болып саналатындықтан, бүкіл әлемнің біртутас зандылықтары мен қағидаларына бағынады.Сондықтан экономикалық тұрғыдан толық шеттеу мүмкін емес.Екінші жағынан, дүниежүзілік шаруашылықтың негізіне нарық қатынасы жатады. Сонымен Халықаралық экономикалық қатынастар – бұл мемлекеттер арасындағы, аймақтық топтар арасындағы, трансұлттық корпорациялар мен әлемдік шаруашылықтың басқа да субъектілері арсындағы экономкалық қатынастар.

6. Әлемдік экономиканың қазіргі замаңғы даму тенденциялары

Әлемдік экономиканың дамуындағы қазіргі кезең үшін бірнеше тенденциялар сипатты:

1) Экономиканың постиндустриялануы;

2) Экономиканың трансұлттануы;

3) шаруашылық өмірдіің либерализациялануы;

4) Аймақтану және интеграция;

5) шаруашылық өмірдің жаһандануы;

6) Елдердің әлеуметтік экономикалық дамуындағы теңсіздіің.

Экономиканың постиндустрияландырылуы бұл автоматтандыру мен компьютірленуді ғылымды көп қажет ететін немесе жоғарғы техникалық салалардың өсуі , өндірісте және тұтынуда қызмет көрсетудің басымдылығы, білімніің басты экономикалық ресурсқа айналуы. Өрлеудің негізін ақпараттық технологиялар және инновациялар құрайды.

Экономиканың Трансұлттануы – ТҰК-р санының көптеп көбеюі және экономикалық қуаттылығының артуы. Олардың саны әсіресе ХХ ғ II жартысында көбейді. Шаруашылық өмірдің либералдануы – шаруашылық іс әрекеттің кеңеюі , яғни экономикадағы мемлекеттің рөлінің азаюы.

Либералданудың екі аспектісі бар:

Ішкі экономиканың либералдануы;

Сыртқы экономиканың либералдануы.

Сыртқы экономиканың либералдануы дегеніміз яғни Ұлттық экономиканың ашық болуы. Аймақтану және интеграция- елдің СЭБ-ң өзі және көршілес аймақтарына бағыт бағдары және елдер арасындағы интеграциялық одақтардың құрылуы. Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен сипатталады. 19 ғасырдың аяғында басталған интернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай жаҺандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 – 90 жылдары өндіріс аялары мен салалары бойынша дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен қатар компоненттерді, тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге де маманданған мүлде жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты. Шаруашылық жүргізуші субъектілер технологилық үдерістердің жекелеген салаларына мамандана бастады. Мұның өзі интернационалданудың одан әрі дамуына негіз болды. Осы жылдары байланыс құралдары мен ақпараттық желілер жетілдіріліп, солардың негізінде қаржы аясы Әлемдік экономиканың жаһандануының жаңа деңгейіне өтуіне мүмкіндік алды. экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі кезде ғаламдық әділетсіздіктің бүл екі қыры ұқсас бағытта дамуда, ұлттар арасындағы алшақтық жеке адамдар арасындағы алшақтыққа да таралуда. Сонымен қатар жаһандық теңсіздік ғаламдық тепетеңдіктің де бұзылуы болып табылады. Бүл өз кезегінде ғаламдық әділеттілік мәселесін көтереді, өйткені ғаламдық теңсіздік біреулерге пайда монополиясын, ал екінші біреулерге ауыртпалық әкеліп отыр. Соңғы жағдайда, келісуге болмайтын көптеген кедей адамдардың шектен шыққан күйзелісі, кедейлік, тапшылық және бай азшылықтың асып-шалқып өмір сүруі. Осылайша, байлар баю үстінде, ал кедей халықтың саны күн санап артуда. Бүл Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы алшақтықты айдан анық етеді; немесе әлемдік жүйе үшбөлікті ғаламдық болып жіктелуде: жүрегі, жартылай-шет және шет аймақ; немесе бай және кедей елдер деп бөлу.

7. Әлемдік экономиканың постиндустриаланудың мәні, себептері мен негізгі белгілері

ӘЭ-ның қазіргі кезеңдегі дамыунда келесі бағыттарды (тенденцияларды) анықтауға болады:

экономиканың постиндустриализациясы;

экономиканың трансұлттануы;

шаруашылық өмірдің ырықсыздануы (либерализациясы);

аймақтандырылу және интеграция;

экономиканың жаһандануы;

әлеуметтік-экономикалық дамудың теңсіздігі.

Осы тенденциялардың барлығы өзара тығыз байланысты, бір-біріне себепші болады және ӘЭ-ның қазіргі кездегі сипатын айқындайды.

Экономиканың постиндустрализациясы – өндірстің автоматтандыруы мен компьютерлеуі, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялы салалардың өсуі, өндіріс және тұтыну құрылымында қызмет көрсетудің басым болуы, білімдердің негізгі экономикалық ресурсқа айналуы. Өрлеудің негізі – ақпараттық технологиялар мен инновациялар.

Индустриалды қоғам – ең алдымен экономикасы өңдеуші, ірі машиналық өндіріске негізделген, яғни, экономиканың «екінші деңгейлі секторы» дами бастайды. Экономикалық ресурстың негізгі түрі капитал болды.

Постиндустриалды қоғам – бұл ақпараттар мен білім өндірісі мен айырбасында телекоммуникация және компьютерлер негізгі рөлді орындайтын организм.

Американдық социолог Д. Белл адамзат тарихын үш кезеңге бөледі:

Индустрияға дейінгі;

Бұл кезеңде ауылшаруашылықтың басым кезі, қолөнер, балық аулау және тағы басқалар. Негізгі ресурс табиғи ресурстар болды.

Индустриялды;

Мұнда өнеркәсіп пайда болды. Алдымен мануфактуралық, кейіннен ірі машиналық өндірістің болуы. Екінші сектор. Негізгі ресурс капитал.

Постиндустриялды

8. Әлемдік экономиканың трансұлттанудың мәні, себептері және белгілері

Экономиканың транснасұлттануы – трансұлттық корпорациялардың (ТҰК-дың) санының, экономикалық қуатының және іс-әрекеті масштабының өсуі, олардың ӘЭ-ның маңызды бір субьектілеріне айналуы. Олардың саны әсіресе ХХ ғ II жартысында көбейді. Информациялық қоғамның қалыптасуы және постиндустриальды модернизация халықаралық қатынастарда көптеген өзгерістер мем шешімі көп сұрақтарды туындатты. Яғни бұл әлемдік экономиканың трансұлттануының бастауы болды.

Әлемдік экономиканың трансұлттанудың мәні. Өндірістің үлкен көлеміне қолжеткізу және капиталдардың келуі үшін көптеген корпорациялар өз ұлттық шегінен шығып басқа өндірушілермен бірігуге тура келді. 80-ші жылдары, трансұлттық компаниялар әлемдік шаруашылықтың 45%-н бақылап отырды. Трансұлттық компаниялардың қызметінің негізгі эффективти факторы мемлекеттердегі саяси тұрақтылық болып табылады.

Әлемдік экономиканың трансұлттануы процесстері пошлиндық емес сауда зоносын, мемлекеттер арасындағы серіптестік қатынастарды, интеграцияны қалыптастырады. Əлемдiк экономикада шын мəнiсiнде дамыған елдердiң ұлттық компаниялары болып табылатын трансұлттық компаниялардың (ТҰК) мүдделерi үстемдiк етiп отыр. Қазiргi кезде ТҰК əлемдiк өнеркəсiп өндiрiсiнiң жартысына дерлiгiн бақылайды.

Әсіресе әлемдік нарықты жаулап алудың белсенді әрекетерін трансұлттық компаниялар 1950-жылдардың басынан жүзеге асыра бастады, бұған халықаралық экономикалық байланыстарды либерализациялау саясаты, отаршылдықтан босаған жаңа мемлекеттердің пайда болуы, тұтынушы сұраныстың өсуі және өзге де факторлар оңтайлы әсер етті. Трансұлттық компаниялардың саны, масштабы және көлемі жөнінен қарқынды дамуы олардың халықаралық экономикада маңызды рөл ойнауына жол ашты.

Әлемдік экономиканың интернационализация және ғаламдану үрдістері, қаржылық саладағы ұшқыр бәсекелестік трансұлттық банктердің қалыптасуы мен өрістеуіне жағдай жасады. Халықаралық деңгейде компаниялардың бірігуі, лизинг, несиелеу және инвестиция құю операцияларын жүргізетін күшті қаржылық институттардың ТҰК-дың негізгі элементіне айналуы қалыпты жағдай санала бастады.

Соңғы онжылдықта бірігу есебінен ТҰК іріленуі күшейді. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, осы жолмен ТҰК оларды қызықтырушы нарық көздеріне оперативті және эффективті қол жеткізуге мүмкіндік алады. Екіншіден, бірнеше нарықта бір мезгілде болу олардың бір немесе бірнешеуінде конъюктураның нашарлануы жағдайында үлкен тұрақтылықтықамтамасыз етеді. Үшіншіден, өндірістің қазіргі технологиялық деңгейін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын қаржыны қамтамасыз ету мақсатында ірі трансұлттық компаниялар үшін олар тартатын қаржылық ресурстар қол жетімді болып табылады.

Әлемдік экономиканың трансұлттанудың ерекше белгiлерi: нарықтарға ғаламдық тұрғыдан көз жiберу жəне бəсекенi əлемдiк ауқымда жүзеге асыру; əлемдiк нарықтарды бөлiсу; өз елдерiнiң мемлекеттiк аппаратын компаниялардың мүдделерiн iлгерiлету үшiн пайдалану; ТҰК жұмыс жүргiзiп отырған мемлекеттерге экономикалық жəне саяси ықпалды жүзеге асыру болып табылады

9. Әлемдік экономикада аймақтану мен интеграция үдерістері: мәні мен себептері

Әлемдік экономикадағы интеграция (экономикалық бірігу) -

түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық (немесе ішінара) бірегейлендірілуі;

осы елдер арасындағы саудада кедергілерді жою;

бір үлкен (ортақ) нарық құру мақсатымен жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге Дейін).

Экономикалық бірігу үдерісі түрлі деңгейлерде жүргізіледі. Деңгейлес (компания бәсекелестің компаниясын өзінің бақылауына алады немесе өндірістік үдерістің бірдей сатысындағы бірдей салада істейтін компанияларды қосып алады) және сатылaс экономикалық бірігу (компанияның қызметі ақырғы өнімді өндірудің технологиялық тізбегіндегі екі не одан көп буынды қамтиды; ол өнімді өндіру мен еткізудің барлық сатысын: шикізатты өндіруден көтерме немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы мүмкін) түрлеріне бөлінеді. Экономикалық бірігу халықаралық сипатта болады және ұлттық шаруашылықтарды бірыңғай халық шаруашылығына бірігуге дейін жақындастыруды көздейді. Экономикалық бірігу — шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар Мең банкілер деңгейінде) болады, сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда экономикалық бірігу халықаралық келісімдермен және шарттармен ресімделеді. Экономикалық бірігу өзінің жогары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты эрекет ететін халықаралық органдар нысанында болады. Халықаралық интеграциялық бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы ортақ нарық, экономикалық және валюталық одақтар — экономикалық бірігудің жоғары нысаны. Қазіргі кезде әлемде экономикалық бірігудің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА (Солтүстік-американ еркін сауда қауымдастығы),Оңтүстік Америкадағы мемлекеттердібіріктііруші ортақ нарық МЕРРКОСУР үлгі бола алады. Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан арасындағы Кеден одағы туралы келісім жасасылды.

Аймақтану үдерісі ХХғ 50 жылдарында Еуропа құрлғынан бастау алып ,одан біртіндеп Азия,Африка елдеріне,Латын Америка елдерінен,АҚШқа дейін таралды.Аймақтану ол халықаралық экономикалық интеграцияның негізгі базасы болып табылады.Бұл термин көрші елдердің экономикасының бір әлемдік кешен болып қалыптасуы,негізгі мақсаты сол елдердің компанияларының бір орталыққа бірігуі.Оған мысал ретінде ХХ ғ АҚШтың ірі ТҰКның Канада мен Мексиканың немесе Батыс Европаның корпорацияларымен қарым қатынасты кушейтуі.

Аймақтану мен интеграция үдерістері жаһандану процесінің әсерінен пайда болды.Яғни әлемде қанша мемлекет бар болса сол мемлекеттердің арасындағы нақты шекарасының бұзылуы.Аймақтану қазіргі таңда аймақтар арасындағы жаһандану белгісі.

10) Әлемдегі шаруашылық өмірдің ырықсыздануы (либерализациясы) мәні, себептері және бағыттары

Әлемдік шаруашылық — халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды. Әлемдік шаруашылық экономикалық байланыс пен дүние жүзі экономикалық және территория бөлу ретінде XX ғасырда қалыптасты. Сайып келгенде әлемдік шаруашылық өндірістің дамуы, халықаралық еңбек бөлінісінің артуы, осындай процестерге көптеген жаңа мемлекеттердің кіруі, дүние жүзі сауданың экономика өрлеудің басты нысанына айналуы, халықтың және ұлттық шаруашылықтардың әр түрлі тауарларға сұранысын қамтамасыз ету заңдылықтарынан туындады. Мұнда өндіріс және банк құрылымдары үлкен рөл атқарды, солардың негізінде экономика мен саясаттың үстемдігін орнатушы қаржы капиталы пайда болды.

Ырықсыздану – экономикалық іс-әрекеттердің еркіндігін кеңейту, экономикалық шектеулерді алып тастау немесе қысқарту. ХХ ғасырда экономиканы мемлекеттік реттеу басым болды, бірақ соңғы он жылдықта экономиканың ырықсыздануы байқалады. Ырықсызданудың екі түрі бар: ішкі және сыртқы экономикалық ырықсыздану. Ішкіэкономикалық ырықсыздану 1980 жылдардан бастап әсіресе өтпелі экономикалы елдерде жедел дамып келеді.Трансформацияның мәні мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өтуінде және нарықтық реттеудің дамуы. Бұл елдердің тобында мемлекеттік реттеу азаяды. XX ғасырдың 50—60 жж сыртқыэкономикалық ырықсыздану дамыған мемлекеттерде протекционизмді ауыстыра бастады. Ол халықаралық экономикалық қатынастардың барлық нысанын қамтыды: халықаралық сауда, капитал миграциясы, валюта-қаржы аясы.

Шамалы шектеу тек халықаралық жұмыс күшінің миграциясы аясында сезіледі. Дамушы мемлекеттерде және өтпелі экономикалы елдерде сыртқыэкономикалық ырықсыздану кейінірек басталды, себебі олар өзінің бәсекеге қабілетсіз салаларын қорғау мақсатында протекционисттік шараларды қолданды.

Бұл екі топта капиталды келтіру мен алып кетуге шектеу,сонымен қатар валюта-қаржы қатынастарын және жұмыс күшінің халықаралық миграциясын мемлекеттік реттеу сақталып отыр. Сыртқыэкономикалық ырықсызданумен қатар сыртқы саудада тарифтік емес шектеулер сақталуда (импортқа квота салу, антидемпингтік заңнама, рәсімдеу ережесі мен импорттық тауарларды бағалау.)

Ұлттық экономикаларда шетел капиталына жабық салалар сақталуда. Осыдан қорытынды жасасақ, тіпті дамыған елдердің сыртқы экономикалық саясатында ырықсыздану протекционизммен қатар жүреді.

11. Экономиканың жаһандануының мәні, көрінісі және әлеуметтік-экономикалық салдары (мәселелері)

Экономиканың жаһандануы – бұл ғылыми-техникалық прогресстің жылдам дамуы мен ақпараттық қоғамды қалыптастыруы, сонымен қатар, халықаралық сауданың және капитал қозғалысының либеризациясы негізінде экономикалық интеграцияның өсу процесі. Экономиканың жаһандану әрекеті келесі негізгі бағыттармен дамиды: 1. Халықаралық сауда:тауарлармен; қызметтермен; технологиялармен; интеллектуалды жеке меншік объектілерімен.

2. Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы: капитал (тікелей инвестициялар түрінде); жұмыс күші (төмен мамандырылған және жоғары мамандандырылған жұмысшылардың миграциясы түрінде).

3. Халықаралық қаржылық операциялар: несиелер (жеке, мемлекеттік, халықаралық ұйымдардың); негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және басқалар); туынды қаржылық инструменттер (фьючерс, опцион т.б.), валюталық операциялар.

Жаһандану дәуіріндегі экономиканың дамуының қозғалтқыш күші ретінде келесі өзгерістер болып табылады:

• нарықтар арасындағы қашықтықты қысқартатын технологиялық өзгерістер, әсіресе, көлік, коммуникация және ақпараттар саласында;

• халықаралық саудада және инвестицияларда мемлекеттер бекіткен кедергілердің қысқаруы, дүниежүзі бойынша ашық экономиканы қалыптастыру;

• жаһандық операцияларды жүргізуге қажетті, шетелдерде сауда мен инвестиция тәуекелділігін азайтатын, кең мағынада институционалды және құқықтық сенімділікті қамтамасыз ететін институттарды дамыту, мысалы: ДСҰ, ХВҚ, Дүниежүзілік банк.

Жаһандану үдерісі халықаралық экономикалық интеграцияның өсуіне, яғни бүкіл әлемнің бірегейлігіне алып келеді, сонымен бірге, мемлекет арасындағы тауар және қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің ағымына теріс әсер ететін кедергілердің жоюлуына септігін тигізеді.

Қазіргі кезде жаһанданудың негізгі көріністерінің бірі — аймақтық экономикалардың интеграциясы. Дүниежүзінде бойынша ең ірі интеграциялар қатарына Солтүстік америкалық НАФТА (3 мемлекет), Еуропа одағы (27 мемлекет), сонымен қатар АСЕАН, МЕРКОСУР Анд пактісі, ОПЕК, 2010 жылы құрылған Кеден одағы (Ресей, Қазақстан, Белорусь) жатады.

Жаһандануының көрініс беру формалары:

ақпараттың таратылуы мен айырбастың жаһанды жүйесінің пайда болуы;

тауар қозғалысының жаһанды жүйесінің қалыптасуы;

жаһанды қаржы жүйесінің қалыптасуы;

ұлттық экономиканың даму жолдары мен перспективаларың анықтау үшін ӘЭ-ның даму бағыттарын ескерудін жоғары маңыздылығы және т.б.

Жаһандану үдерісінің дамуының тағы бір маңызды критерийлерінің бірі – экономиканың ашықтығы, яғни мемлекеттің басқа елдермен ашық саяси-экономикалық жағдайда болу. Ашық экономика келесі принциптерді көздейді:

- айқындылық, ұлттық макроэкономикалық деректерге еркін қолжетімділік;

- ел ішінде экономикалық еркіндік;

- дүниежүзілік интеграциондық процестерге мемлекеттің және оның субъектілерінің араласуы.

Ашық экономика құруда экономикасы дамыған және «жаңа» өндірісі дамыған мемлекеттер алда келеді. Олардың қатарына АҚШ, Ирландия, Гонконг, Сингапур секілді елдер кіреді.

Жаһанданудың екі негізгі салдары бар. Біріншісі, жаһандануға белсенді қатысушылардың экономикалық өсуінің үдеуі. Екіншісі, әлемдік шаруашылықтың барлық қатысушыларының өзара тәуелділігінің күшеюі. Жаһандануға белсенді қатысушы елдердің экономикалық өсуінің үдеуінің себебі, елдердің тауар, қызмет көрсету, капитал, білім және жұмыс күшінің әлемдік нарықтарыда өз артықшылықтарын белсенді қолданатындықтан. Бұл салыстырмалы артықшылық теориясы (елдерге тауарлар мен қызмет көрсетудің тек ең тиімдісін өндіруге ұсынады) мен өндіріс факторының арасалмағы теорияларына (елдерге өзінде жеткілікті көп экономикалық ресурстарды экспорттауға, ал жетіспейтін ресурстарды импорттауын айтады) сәйкес. Екі теорияның қорытындыларына сәйкес жаһанданудан экономикасы неғұрлым ашық ел жеңеді.

Экономиканың жаһандануының оң, сонымен қатар, теріс әсері де бар. Оң әсеріне халықаралық мамандандырылған өндірістің және технологиялардың жылдам таралу салдарынан еңбек өнімділігінің артуы, өндіріс көлемінің және жан басына шаққандағы табыстың ұлғаюы жатады. Ал теріс әсеріне мемлекеттер мен қоғамдық топтар арасындағы теңсіздіктің ұлғаюы, экономикалық өсімнің тұрақсыздығы, ұлттық мемлекеттік бақылаудың азаюы жатады.

12. Әлемдегі елдерінің типологиясының (классификациясының) критерийлері мен негізгі өлшемдері.

Қазіргі таңда 240-қа жуық елдер бар, яғни, мемлекеттік рәсімделген тәуелсіз немесе белгілі бір территориясы бар және құқықтық қатынастарда мойындалған өзін-өзі басқаратын адамдар тобы. Олар ауданы, тұрғын халқы, этникалық және ұлттық құрамы, экономикалық және мәдени даму деңгейі мен ерекшеліктері, халықаралық еңбек бөлінісінде және жалпы халықаралық қатынастарда алатын орыны бойынша өте әр түрлі.

Әлемдегі елдердің қандай да бір жалғыз-ақ және жеткілікті классификациясы (типологиясы) жоқ. Классификацияның әр түрлі нұсқасы әр түрлі белгілерге (критерийлерге) негізделеді. Елдердің топ-топқа бөлінуі олардың тарихи, экономикалық, саяси және мәдени өркендеуінің ерекшелігіне байланысты. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, қазіргі кезде әлемнің барлық елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша тек қана екі топқа бөлуге болады: орталық және периферия.

Орталық әлемдік экономиканың ядросын құрады және постиндустриялды, тиімді нарықты экономикасы бар ӛнеркәсібі дамыған елдерден (шартты түрде Батыс елдері деп аталатын) тұрады.

Периферия – бұл дамушы елдер, олардың дамыған елдермен салыстырғанда еңбек өнімділігі және тұрғын халықтың жан басына шаққандағы табыстары төмен.

Әлем елдері типологиясының критериилері:

Жан басына шаққандағы ЖІӨ;

Экономиканың салалық құрылымы;

ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі;

Өмір сүру деңгейі мен сапасы (білімділік деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, т.б.).

Бүкіләлемдік банктің әдістемесі бойынша елдердің классификациясы. Бүкіләлемдік банк өз методологиясы бойынша жылсайын әлемнің елдеріндегі жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ) жан басына шаққандағы көрсеткішті есептеп отыра барлық мемлекеттер мен территорияларды келесі топтарға бөледі:

Жан басына шаққандағы табыстары жоғары елдер (12276 долл. жоғары — 2010 ж.)

Жан басына шаққандағы табыстары орташа елдер (3976 долл. -12275 долл. дейін — 2010 ж.)

Жан басына шаққандағы табыстары төмен елдер (1005 долл. аз — 2010 ж.)

БҰҰ-ның классификациясы. Қазiргi кезде ХХ ғ. 90-ші жылдарынан бастап БҰҰ классификациясы бойынша барлық елдерi үш топқа бөлінеді:

өнеркәсiбi дамыған

дамушы

өтпелi экономикалы елдер

Бұл топтастырудің негізінде ұлттық экономикаларды даму деңгейі және нарықтық қатынастардың даму дәрежесі критерийі жатыр.

Дамушы елдердің сипаттамасы:

Экономикалық және әлеуметтік дамудың төмен қарқыны;

Әлсіз ұлттық жеке капитал;

Экономикадағы мемлекттік сектор рөлінің жоғарылығы;

Өндірістік дамыған елдерден ғылыми-техникалық тәуелділік;

Қатты әлеуметтік қарама-қайшылықтар.

13.Әлем елдерінің Бүкіләлемдік банктің классификациясы. ЖІӨ-ді есептеу әдістері және елдердің экономикалық даму деңгейін салыстырудағы маңызы

Бүкіләлемдік банк әлемнің елдерін жылсайын есептеп отыратын жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ) жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша жіктейді және барлық мемлекеттер мен территорияларды келесі топтарға бөледі:

1. Жан басына шаққандағы табыстары жоғары елдер — 12276 АҚШ долл. және одан жоғары;

2. Жан басына шаққандағы табыстары орташа елдер – 3976 — 12275 АҚШ долл.

3. Жан басына шаққандағы табыстары төмен елдер — 1005 АҚШ долл.

Қазақстанды 2011 ж. нәтижесі бойынша Бүкіләлемдік банк табыстары орташадан жоғары елдер қатарына қосты – 8220 долл.

ЖҰТ-тың жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша 2009 ж. әлемнің 213 елдерінің арасында алдынғы орындарда Монако (183150 долл.), Лихтенштейн (137070 долл.), Норвегия (88890 долл.) елдері орналасты, ал ең төмен көрсеткіштер Сьерра-Леоне (340 долл.), Бурунди (250 долл.), Либерия (240 долл.) және Конго Демократиялық Республикасы (190 долл.) елдерінде болды.

ЖҰТ/ ЖІӨ-ның жан басына шаққандағы көлемі жайлы деректерде елдердің технологиялық даму дәрежесі, оның экономикасы құрылымының күрделігі, тұрғын халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы көрсетілмейтінің ескеру қажет.

Әлемдегі елдердің даму деңгейін ЖҰӨ/ЖҰӨ-нiң жан басына шаққандағы көлемi арқылы салыстыру үшін оның мөлшері АҚШ долларымен екі өлшеммен есептеледі:

айырбас (валюта) бағамы арқылы;

сатып алу қаблеттілігі паритеті (СҚП) бойынша.

Ағымдағы валюта бағамы бойынша есептелген ЖІӨ-нің көлемі жеке елдер мен аймақтардың нақты өлшемдерін анықтай алмайды. Оның себебі – валюта бағамдары негізінде елдің сыртқысаудалық жағдайларын бейнелеп көрсетеді (сыртқы сауданың қалыпына байланысты валютаға сұраныс пен ұсынысты).

Белгілі бір елдің ЖІӨ-ін нақтырақ бағалау мақсатында валюталардың сатып алу қабілетінің паритеті қолданылады. СҚП әртүрлі елдердегі тауарлар мен қызметтердің бағаларының айырмашылықтарын ескереді және сатып алу қабілеттілігі бойынша ұлттық валюталардың арасындағы арақатынасын көрсетеді. Ол ұлттық валюталардың айырбас бағамдарымен мүлде үйлеспейді.

СҚП АҚШ-да сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердің ұқсас жиынтығын сатып алуға қажетті ұлттық валюталар бірлігінің санын көрсетеді, яғни осы жиынтық зерттеліп отыратын елдің ұлттық валютасымен және АҚШ долларымен есептелгенде қанша тұратынын анықтайды. Басқа сөзбен айтсақ, бұл ұлттық валюта бірліктерінің белгілі бір саны, оған АҚШ-та 1 долларға тауарлар мен қызметтердің ұқсас өкілдік себетін сатып алуға болады.

СҚП бойынша есептелген ЖІӨ-нің көлемі валюта бағамы бойынша ЖІӨ-нен едәуір ерекшеленеді (20-40%-ға дейін), өйткені бірынғай тауарлар мен қызметтердің бағалары әр елде бір-бірінен елеулі өзгешеленеді. Әдеттегідей, жалпы алғанда дамыған елдерде бағалардың деңгейі жоғары, ал дамушы елдерде – төмен болады.

Сонымен бірге, ЖІӨ-нің көлемін айырбас валюта бағамы арқылы есептегенде кейбір елдерде валюта бағамдары бірқатар дамыған елдерде аса көтерілгенді (мысалы Жапонияда), ал басқа елдерде, керсінше, төмендетілгенді (мысалы Қытай мен Ұндістанда) ескеру қажет.

14. Елдер арасында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша алшақтықтың негізгі көрсеткіштері. Елдер арасында даму деңгейлеріндегі алшақтықтың азаюы/ұлғаюы. Әлем әлеуметтік-экономикалық табиғаты жағынан біржақты емес. Әр түрлі елдердегі эконмикалық даму көрсеткіштерінің алуан түрлі болғандықтан экономикалық даму деңгейін бір көзқараста қарауға болмайды. Ұлттық экономика мен әлемдік шаруашылықтың даму кезеңі негізгі көрсеткіштерге өзгерістер енгізеді. Ең қарапайым түрі –ол жан басына шаққандағы табыс деңгейіне байланысты бөлу. Әлем елдерінің ЖІӨ жиынтық көлемі 2012 ж бойынша сатып алу қабілеті паритеті бойынша алғашқы ондық: Катар, Лихтенштен, Люксембург, Сингапур, Норвегия, Бруней, АҚШ, ОАЭ, Швейцария, Канада, Австралия. Сатып алу паритететі қабілеті бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштері бойынша қамтамасыз етілген елдер мен территорияларға: Люксембург, Катар, Норвегия, Бруней, Кувейт, США, Сингапур.әлемнің ең кедей елдері Африкада орналасқан, оларға Бурунди, Центрально-Африканская Республика, Демократическая республика Конго, Эфиопия, Гамбия, Гвинея-Биссау, Либерия, Малави, Нигер, Зимбабве, Мозамбик. Аталған елдердегі жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 250-ден 750 долл./адам. құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей 48 орында, Қазақстан 60 орында. ТМД ең кедей елі Тәджікістан болып табылады -155 орында. Әлемнің дамушы елдері арасында соңғы онжылдықтарда Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия (ОША) елдерінің жетекшілігі айқындалды. Соңғы екі онжылдықта ОША елдері арасында экономикалық өсімнің жоғарғы қарқынын Қытай көрсете алды. Болашақта әлемнің экономикалық орталығы Шығыс Азия және ОША (Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, тұтастай ОША-ның ЖИЕ-рі) болуы мүмкін, олар қазір әлемдік ЖІӨ 30%-ды құрайды. Осы аймақтың позициясының күшеюі сондай-ақ оның потенциалды жоғарғы қарқынмен даму үстіндегі көрші елдерді – Оңтүстік Азия, Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Австралия мен Океанияны өзіне тарту орталығы болып құрылуынан көрінеді. Бұл әлемнің макроаймағы – Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ (АТА) деп аталады. Экономиканың даму деңгейінің басқа да көрсеткіштеріне еңбектің өнімділігі, жан басына шаққандағы электроэнергияның жылдық шығарылымы, өнеркәсіптік өндірістегі және экспорттағы ғылымды қажет ететін өнімдер, әлемдік нарықтағы тауарлар мен қызметтердің бәсекегеқабілеттілігі, экономика жағдайы (ЖІӨ өсім қарқыны), ЖІӨ және жұмысбастылық құрылымы. Аталған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша елдерді 3 топқа бөлуге болады: нарықтық экономикадағы өнеркәсібі дамыған елдер, олар әлемдік шаруашылықтың тірегі десе де болады; Азия, Африка, Латын Америка мен Океанияның дамушы елдері немесе үшінші әлем елдері десе де болады; өтпелі экономикалы елдер, шаруашылықты дамытудың жаңа формалары жолында тұрған Шығыс Еуропа мен Ресей елдері болып табылады. Қазіргі таңда байллар мен кедейлер расындағы табыс алшақтығы ұлғаюда. Ғылым мен технологияның дамуы, экономиканың алға шығуы тек бірқатар елдерде ғана орын алды, ол «алтын миллиард» деп аталатын жерде орын алды. Яғни, алтын миллиард ол дамыған және дамушы елдердің өмір сүру деңгейіндегі теңсіздік болып табылады. Жаһанданудың дами түсуі – теңсіздіктің артуына алып келді, ол әлеуметтік қысымды көтерді. Нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі жаһандану шарттарында мықты державалар үлкен күшке ие болуда. Соңғы жылдары «батыс» пен «үшінші әлем» елдері арасындағы экономикалық даму деңгейі теңесуде. Бұл жаһандану салдары деп, және үшінші әлем елдерінің тұрғындарының білім деңгейінің артуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар демографиялық және әлеуметтік-мәдени үдерсітерге байланысты, XX ғ. 90ж үшінші әлем елдерінің көбі білімділік деңгейі артты, бір жағынан экономикалық өсуді ынталандырды, екіншіден туудың қысқаруымен тұрғындар санының өсу қарқынын азайтты. Оыс үдерістер нәтижесінде үшінші әлем елдерінде жан басын ашаққандағы ЖІӨ көлемінің артуы орын алды және біріні әлем мен екінші әлем елдері арасындағы өмір сұру деңгейіндегі алшақтық қысқарды.

15. Адами әлеутінің даму индексі (АӘДИ): мәні, көрсеткіштер құрамы және жеке елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін сипаттаудағы маңызы 

Адам Даму Индексу (АДИ) адамдардың дамуы бойынша мемлекеттерді салыстыратын индекс. Ол бойынша мемлекеттің даму дамымағандығы өлшенеді. Көбінесе АДИ индексіне қарап мемлекеттерді дамыған, дамушы және дамымаған болып бөледі.

АДИ адамның өмір ұзақтығын, білімін, әріп тану және адам басына шаққандағы ЖІӨ өлшемдерін біріктіреді. Индекс адамның жалпы даму деңгейін көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы АДИ-дың даму деңгейін адамдардың таңдау қыбілеті, білім алу мүмкіншіліктері, денсаулық сақтауға арналған, табыс табу мен жұмыс жағдайлары сияқты факторларды есепке алатын үрдіс деп атайды.

АДИ- әлем елдерін салыстыру және өмір сүру деңгейін өлшеу, сауаттылық, білімділік және жас ұзақтығын зерттелініп отырған аумақтың адами әлеуетін сипаттайтын жыл саын есептелетін көрсеткіш. Ол әртүрлі елдер мен аймақтардың өмір сүру деңгейін жалпы салыстыру үшін қолданылатын стандартты құрал болып табылады. Бұл индекс1990 ж. бері БҰҰ-ның даму бағдарламасының шеңберінде адами даму әлеуетінің есептемелерінде жарияланады.

АДИ үш басты қағидалардан тұрады:

Өмір Ұзақтығы - Халық денсаулығы мен ұзқтығын өлшейді

Білім деңгейі мен білім бері жүйесі

Өмір сүру стандарты, адам басына шаққандағы жалпы ішкі өніммен өлшенеді.

Әлеуметтік-экономикалық жіктеліді әлеуметтік дамуды саныдық және сапалық тұрғыдан сипаттайтын ғылыми түрде негізделген жалпылама көрсеткіштер жүйесі мыналарды қамтиды:

әлеуметтік топтар, аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуындағы айырмашылықтардың деңгейін сипаттайтын адами даму әлеуеті индексінің жіетелу коэффициенті;

бір елдегі, аймақтағы денсаулық жағдайынның басқалармен салыстырғанда қаншалық екенін көрсететін денсаулық индексінің жіктелу коэффициенті;

Білім беру индексінің жіктелу коэффициенті. Мұндай көрсеткіш бір елдегі білім беру деңгейінің басқа елдің білім деңгейінен жоғары екенін анықтайтын көрсеткіш.

табыс индекінің жіктелу коэффициенті

өлім жітім индексінің жіктелі коээфициенті.

Кәсіби білім деңгейінің жіктелу коэффициенті

16. Әлемнің табиғи ресурстарының негізгі түрлері және олардың елдер арасында бөлінуі

Табиғи ресурстар – шаруашылықта қолданылып жүрген немесе қолднуға болатын табиғаттың құраушылары.

Табиғат ресурстарының түрлері:

- минералды;



- жер ;

- су;

- орман;

- әлемдік мұхит;

- реаккрациондық.

Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — өндірістік, денсаулық сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі.

Шаруашылықта қолданылатын болғандықтан бұл ресурстарды 2 топқа бөлуге болады:

1)өнеркәсіп өндірісініің ресурстары;

2)ауылшаруашылық өндірісінііің ресурстары.

Ресурстардың запастарының бғааудың әр түрлі әдііісері бар. БҰҰ ң әдістемесі бойынша табиғи ресурстар келесідей бөлінеді:

Барланған. Барлаудың немесе зерттеудің қазіргі әдістерімен анықталған техникалық қолжетімді және тиімді.

Алдын ала бағаланған. Теоретикалық есептеулер мен зерттеулердің негізінде белгіленген нақты анықталып, техникалық жағынан алынатын қорларды немесе резервтерді және қазіргі кезде техникалық және экономикалық себептерге байланысты менгеруге болмайтын табиғи ресурстардың қорлары.

Болжамдалған. Тау кен орнының геологиялық ерекшеліктері туралы болжамдық негізделген.

Әлемдік табиғи ресурстарға деген қажеттілік куннен кунге артуда. Шикізаттық ресурстардың маңызды түрлерінің әлемдік ресурстарының өсу қарқыны әлемдік жалпы өніммен әлемдік өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынына шамамен сай келеді.

1951ж- 1990ж аралығында әлемдік жалпы өнім 3 есе өсті, әлемнің өнкәсіп өндірісі 3,6 есе өсті, ал өндірусаласының өнімі 3,7 есе өсті. Мұнай өндірісі – 4есе, таби5и газ – 5,8 есе, ал пластмасса – 40 есе өсті.

Шикізаттық ресрстардың әлемдік өндірісі мен тұтынылуына абсолютті өсуіне ҒТП ккедергі болады. ҒТП дамуына байланысты дайын өнімнің өндірісі материалды және энерго сиымдылығыны кму үрдісі кедергі болады.

Табиғи ресурстар елдер арасында бірііңғай бөлінбеген. Әлемдегіелдер табиғи ресрстармен қамтамсыз етілуін сипаты мен деңгейі бойынша әр түрлі дәрежеде орналасқан. Шындығында ешқандай ел бүгінгі экономикасы үшін қажетті минерады ресурстармен толық қамтылмаған және оларды импорттаудан бас тарта алмайды.

Тек қана бінеше елдер табиғи ресурстардың ен көп бөлігіне ие олар: АҚШ, РЕСЕЙ; КАНАДА; ҚЫТАЙ және Қазақстанда да жатқызуға болады.

Негізінде жақсы қамтамасыз етілгендер:Бразилия, Үндістан, Австралия, Қазақстан.

Кейбір елдер 1-2 ресурстармен ғана қамтамасыз етілген: олар: Оңт Африка, Таяу Шығыс, Араб елдері.

Сонымен қатар табиғи ресурстардың ең аз қоры: Жапония, Африка елдері, Бурунди, Чад.

Әлем халқының 4,5% және минералды ресуртардың 20% ие болып отырған АҚШ әлемдік табиғи ресурстардың 40% тұтынады, әсіресе отын шикізаты. Ал Жапония , Канада әлемнің халқының 9% ие және табиғи ресурсардың 30% түтынады. Егер артық айтсақ дүниежүзілік мұнай қоры 200—300 жылға жетеді, ал шындығында колда бар мұнай қоры тек бірнеше жылға ғана жетуі мүмкін. Өйткені мүнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мүнай мен газ конденсатын өндіру мелшері шамамен 1 млрд т, ал табиғи газ ендірісі 5 трлн м3 болған. Ал 2000 жылы бүл көрсеткіштер тиісінше 3,5 млрд т және 23 трлн м3-ге жеткен. Қоңыр көмірдің барланған қорынын басым бөлігі және оны өндіретін өнеркәсіптің көпшішгі дамыған елдерде шоғьгрланған. Қоңыр көмір коры жөнінен АҚШ, Германия және Аустралия алдынғы орында. Дамушы елдердің көпшілігінде не мұнайдың, не көмірдің ірі қорлары жоқ, ол елдер сондықтан өндірістік-энергетикалық ресурстардың импортына тәуелді. Ал аса дамымаған елдерде отынға деген сұраныстың айтарлықтай бөлігі ағаш отын және биомассаның өзге түрлері(сабан, көк) есебінен қамтамасыз етіледі. Темір кені дүниежүзінің көптеген аймақтарында өндіріледі (оларды картадан анықтаңдар). Марганец кенін өндіруден ТМД өзге елдерден айтарлықтай алдыңғы орында (Аустралиядан 1 млн т, Бразилиядан 990 мың т, Үндістаннан 400 мың т артық). Қазақстанның жер қойнауынан пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табыл- ған. Еліміз вольфрамның барланған қоры бойынша дүниежүзінде 1-орында, уран, фосфор және хромит кендерінен 2-орында, ал молибден мен қорғасыннан 4-орында.

17. Табиғи ресурстардың қазіргі заманғы экономиканың дамуындағы рөлі. Өндірістің табиғи ресурстан тәуелділігін азайтудың негізгі жолдары

Табиғи ресурстар — өндіргіш күштердің дамуы деңгейінде шаруашылықта қолданылып жүрген немесе қолданылатын табиғат құрауыштары.

Табиғи ресурстарға жатады:

минералды ресурстар

жер, су, орман ресурстары

әлемдік мұхиттың ресурстары

Шаруашылық қолданылуына байланысты:

өнеркісптік өндірістің ресурстары

ауылшаруашылық өндірісінің ресурстары.

Мемлекеттер арасындағы табиғи ресурстардың бөлінуі:

Әлемдегі елдер табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуінің сипаты мен деңгейі бойынша түрлі дәрежеде орналасқан. Қазіргі таңда ешқандай мемлекет қазіргі экономикасы үшін қажетті минералды ресурстардың түрлерімен толық қамтылмаған және олардың импортынан бас тарта алмайды. Тек бірнеше мемлекет қана барлық белгілі табиғи ресурстарға ие. Олардың қатарында – Ресей, АҚШ, Қытай, Канада. Дамыған елдер минералды ресурстардың шамамен 40%-на ие бола отыра осы ресурстардың 70%-зын тұтынады. Жетіспейтін ресурстар, көбінесе, дамушы елдерден жеткізіледі. Осыған байланысты үлкен шикізаттық ағымдар оларды өңдейтін 3 негізгі орталыққа жылжыйды: Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияға.

Қазіргі экономиканың дамуындағы табиғи ресурстардың ролі



Страницы: Первая | 1 | 2 | 3 | ... | Вперед → | Последняя | Весь текст


Предыдущий:

Следующий: