11 неделя эконом

11-ТАҚЫРЫП

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ

XX ғасырда ұлттық нарық тепе-теңдігінін қалыптастыруға маңызды әлеуметтік-экономикалық қызметтерді экономикалық және әкімшілік тетіктер кешенін пайдалана отырып атқарушы мемлекет белсенді қатысады. Мемлекеттің экономикаға белсенді араласуының басты идеологы Д.М.Кейнс екені белгілі.

Үкіметтің экономикалық қызметтері.

Үкіметтің экономикалық қызметтері көп және олар алуан түрлі. Нақты алғанда үкіметтің экономикалық рөлі кең масштабта жүзеге асырылады, сондықтан іс жүзінде оның экономикалық қызметтерінің толыққанды тізімін қалыптастыру мүмкін емес. Бұл жерде өз талдауымыз ретінде үкіметтің экономикалық қызметтерінің келесі формаларын олардың жартылай араласуын есепке ала отырып қарастырамыз.

Біріншіден, үкіметтің кейбір экономикалық міндеттері нарықтық жүйенің қызмет етуін қолдау және жеңілдетуді мақсат етіп алады. Осы салада үкімет қызметтерінің төмендегідей маңызды екі түрін көрсетеміз:

1.Нарықтық жүйенің тиімді қызмет етуіне ықпал ететін құқықтық базамен және қоғамдық атмосферамен қамтамасыз ету.

2.Бәсекені қорғау. Міндеттердің екінші тобын атқара отырып үкімет нарықтық жүйе қызмет етуін күшейтеді және түрлендіреді. Бұл жерде оның келесі үш қызметі маңызды рөл атқарады:

3.Табысты және байлықты қайта бөлу.

4.Ұлттық өнім құрылымын өзгерту мақсатында ресурстарды бөлуді түзету.

5.Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономикалық коньюктура тербелістері арқылы туатын жұмысбастылық деңгейіне және инфляцияға бақылау жасау, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру.

Құқықтық база және қоғамдық атмосфера.

Үкімет құқықтық базамен қамтамасыз етуді және нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуінің алғышарты болып табылатын кейбір маңызды қызмет көрсетулерді өз мойнына алады. Тиісті құқықтық база жеке кәсіпорындарға заңды статус беру, жеке меншік құқықтарын анықтау және келісім-шартты сақтау сияқты шараларды сипаттайды. Үкімет сонымен қатар, кәсіпорындар, ресурсты жеткізушілер және тұтынушылар арасындағы қатынасты реттейтін заңға сай «ойын ережелерін» бекітеді. Заңнамаға сәйкес үкімет экономикалық байланыстар саласында төреші (арбитр) қызметін атқарушы рөліне ие болуға, экономикалық агенттер іс-әрекетінің жалған жағдайларын анықтауға және сәйкесінше жаза қолдануға құзырлы болуға мүмкіндік алады. Үкіметпен қамтамасыз етілетін негізгі қызмет көрсетулер қоғамдық тәртіпті сақтау үшін сақшы (полиция) күштерін қолданумен, өнім көлемі мен сапасын өлшеудің стандарттарын жасаумен, тауар және қызмет көрсетуді жеңілдетуші ақша жүйесін қалыптастырумен сипатталады.

Бәсекені қорғау

Бәсеке нарықтық экономикадағы негізгі реттеуші механизм болып табылады. Бұл өнім өндірушілер мен шикізат тасымалдаушыларды сатып алушылар үстемдігіне немесе тұтынушы тәуелсіздігіне бағынышты ететін күш.

Табысты қайта бөлу

Үкімет біздің қоғамымыздағы табыс теңсіздігін төмендету міндетін алып отыр. Бұл міндет бір қатар саяси шаралар мен бағдарламалар аясында көрініс табады. Біріншіден, трансферттік төлемдер аса мұқтаж жандарға және жұмыссыздарға жәрдемақыны қамтамасыз етеді. Екіншіден, үкімет сонымен бірге, нарыққа араласу арқылы табысты бөлуді өзгертеді, яғни нарықтық күштер арқылы бекітілген бағаны түрлендіру жолымен.

Ресурстарды қайта бөлу – құлпырмалы (ауыспалы) шығындармен байланысты.

Құлпырмалы шығындар. Егер тауар өндірісі немесе тұтынуы қандай да бір жақтың орны толмас шығындарын тудырса, онда құлпырмалы шығындар пайда болады. Яғни бұл шығындар өндірушілер мен тұтынушылар емес, үшінші тарап, жалпы қоғам ешқандай өтемсіз көтеретін өнім өндіру шығыны. Анағұрлым айқын құлпырмалы шығындардар қоршаған ортаның ластануымен байланысты.

Құлпырмалы шығындардың пайда болуына байланысты ресурстардың теңсіз бөліну мәселелерін реттеу үшін үкімет қандай шаралар қабылдауы мүмкін? Анығырақ айтсақ үкімет құлпырмалы шығындарды «өндірістің ішкі шығындарына қалай ауыстыра алады»? Әдетте түзету шараларының екі типі қолданылады: заңнамалық шаралар және ерекше салықтар.

Тұрақтандыру

Үкіметтің ең жаңа және кейбір жағдайларда ең маңызды қызметі болып оның экономиканы тұрақтандыруы жататыны тарихи қалыптасқан нәрсе, яғни жеке экономикаға толық жұмысбастылықпен, бағаның тұрақты деңгейімен қамтамасыз етуде қолдау көрсетуі.

Мемлекеттік реттеудің мақсаттары тығыз өзара байланыста бола отырып, мәні, әсер ету масштабы мен салдары бойынша бірдей мәнге ие емес. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішінен басты және айқын мақсаттарды ашып көрсетуге болады. Басты мақсаттар ішіндегі басымдыққа ие болып экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа жету, ұлттық бәсекеге қабілетті артықшылықтарды, экономикалық қауіпсіздікті, нарықтық механизмнің әр түрлі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету.

Айқын мақсаттар мемлекеттің реттеу объектілеріне қарай ажыратылады, бірақ әрқашан қоғамдық және жеке мүдделерді үйлестіру қажеттілігіне сүйеніп отырады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) объектілері – бұл елдің дағдылы түрде шешімін таппаған немесе жеке дара болашақта шешілетін қиыншылықтары, мәселелері пайда болған немесе пайда болуы мүмкін салалары, аймақтары, сонымен бірге жағдайлары, әлеуметтік-экономикалық өмір шарттары және құбылыстары, яғни бұл мәселелерді шешу экономиканың қалыпты қызмет етуі үшін және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күтпейтін қажеттілік.

ЭМР-нің негізгі объектілеріне:

-экономикалық цикл;

-шаруашылықтың секторлық, салалық және аймақтық құрылымы;

-капитал жинақталуының жағдайлары;

-жұмысбастылық;

-ақша айналымы;

-төлем балансы;

-баға; НИОКР – ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

-бәсеке шарттары;

-әлеуметтік қатынастар, соның ішінде жұмыс берушілер мен жалданып жұмыс істеушілер арасындағы қатынастар, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру;

-кадрлар даярлау және қайта даярлау;

-қоршаған орта;

-сыртқы экономикалық байланыстар.

ЭМР объектілері ретінде орталық (федералды), аймақтық, муниципалды немесе коммуналды басқару органдары саналады. Мемлекеттік реттеудің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

•шаруашылықты басқарудағы толықтай мемлекеттік монополизм. Бұл КСРО және социалистік достастық елдеріне тән болған, алайда қазіргі кезде кейбір коммунисттік елдерде де сақталған;

•нарықтық және мемлекеттік реттегіштердің әр түрлі нысанда үйлесуі.

Бұл «жапондық», «шведдік» үлгілерге, Германия федеративтік мемлекетінің әлеуметтік бағдарланған нарықтық шаруашылық үлгісіне, Австрия, «қытайлық» даму үлгісіне тән;

•жеке кәсіпкерліктің тежеусіз шарттарын ғана тиімді деп мойындаушы төтенше либерализм. АҚШ үшін тән.

Мемлекеттік реттеудің тиімділігі мықты заңнамалық, атқарушы, сот билігінің болумен анықталады.

Мемлекеттік реттеудің институтттық құрылымдары әкімшілік органдардан құралады. Экономикалық мақсаттарды іске асыру мен шешім қабылдауда реттілік арқылы анықталатын аталған басқару органдарының ерекшеліктерінің деңгейі елдегі басқарудың орталықтануы деңгейіне тәуелді. Осылайша саясатта бюрократияның деңгейін бақылаудың орталықтандыру Ұлыбританияда, Франциямен салыстырғанда анағұрлым төмен дәрежелі. АҚШ-тың жоғарғы әкімшілік құрылымдарында автономды органдардың саны едәуір көп. ФГР үшін интегралданған басқару жүйесі тән – мүдделердің, олардың үлгілерінің агрегаттануы мен делдалдық. Корпоративті модель мақсаттардың тепе-теңдігі үшін арнайы институттарын құруды қарастырады. Бұл Швецияның, Жаңа Зеландияның либералды корпоративизмі, Жапонияның жеке капитализмі, Швейцарияның «социотарлы» капитализмі.

Плюралистикалық үлгіде (Италия, Ұлыбритания) мүдделерді келістіруге арнайы механизмдер жоқ. Олар парламент, үкімет, кәсіподақ, партиялар қатысуымен саяси үрдістер аясында жүзеге асырылады.

Мемлекеттің белгілі органдары арқылы мемлекеттік реттеудің екі басты моделі көрінеді.

1. Реактивті (бейімделу) үлгісі, АҚШ-қа тән. Ол нарықтың өзгерістері мен «сәтсіздіктеріне» нақты әсер етуге мүмкіндік береді. Құрылымдардың қозғалмалылығы мен реттеуші органдардың қызметтерімен, макро және микро деңгейде тікелей және жанама реттеудің тетіктерінің құбылуымен, мемлекет пен жеке бизнестің біріккен іс-әрекетінің қосылуымен қамтамасыз етіледі.

2. Реттеудің проактивті үлгісі (Жапония) нарықтық механизмде мүмкін болатын ақауларды мемлекеттің араласуының «дәл» бөлу, мемлекетпен, кәсіпкерлермен келіссөздерде жоспарлауды, үйлестіретін және түзететін ұсынымдар арқылы алдын алады.

Мемлекет, әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттей отырып, экономикалық тапсырмаларға, мемлекеттің материалдық мүмкіндіктеріне, реттеудің жинақталған тәжірибесіне тәуелді әдістер мен құралдар жүйесін қолданады. Батыстық теориялар мен әлемдік тәжірибені талдау ұлттық үлгіні құру туралы және мемлекеттік реттеудің қоғамдық нысандары мен әдістерінің стандарт жинағы туралы да айтуға мүмкіндік береді.



Мемлекеттік реттеудің соңғы уақыттары қолданылатын әмбебап құралдарын қарастырайық.

Мемлекеттік реттеудің әдістері құқықтық (заңнамалық), әкімшілік, экономикалық, тікелей, жанама деп жалпылай бөлінген.

Құқықтық реттеу мемлекеттің өндіруші фирмалары мен тұтынушылар үшін «экономикалық ойындар» ережесін бекітуден тұрады.

Заңнамалық нормалар мен ережелер жүйесі меншіктің нысаны мен құқықтарын, фирманың келісімшарттар жасасу шарттары мен қызмет етуін, кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің еңбек қарым-қатынастары тұрғысында өзара міндеттерін анықтайды.

Әкімшілік реттеу контингенттеу, лицензиялау, квоталау, т.б. шараларды қарастырады. Әкімшілік шаралар жүйесі көмегімен (бекіту, рұқсат беру, мәжбүрлеу) мемлекет бағалар, табыстар, есептік мөлшерлеме, салық курсына бақылау жасай алады. Бірқатар елдерде әкімшілік шаралардың әсер ету аясы қоршаған ортаны қорғау, халықты әлеуметтік қамсыздандырумен шектеледі.

Экономикалық әдістер нарықтық байланыстардың сипатына әсер ету және халыққа білім беру аясында біріккен сұраныс, біріккен ұсыныс, капиталдың кончентрациялану деңгейі, экономиканы, әлеуметтік шарттарды құруға әсер ету арқылы нарық алаңын кеңейтуді және экономикалық өсуді қолдануды қарастырады. Осы мақсатта:

•Бюджеттік және фискалды саясат;

•Ақша-несие саясаты;

•Бағдарламалау;

•Болжау және жоспарлау.

Қаржылық саясат бюджет-салық және фискалды механизмді ұлттық-экономикалық және әлеуметтік мақсаттар үшін қолдануды көздейді.

Ақша-несие саясаты Халық банкінің нарықтық механизм элементтеріне және ең алдымен ақшалай айналымның оңтайлылығына жанама әсер ету әдісін қолдануды қарастырады.

Мемлекеттік реттеудің жоғарғы нысаны – бағдарламалау, болжау және жоспарлау. Оларды қолдану шаруашылық байланыстардың күрделіленуі мен қысқа, орта, ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуде кешенді шараларды қолдану қажеттігімен байланысты. Аталған мақсатты бағдарламалардың объектілері — (экономиканың аграрлы секторы), аймақтар, әлеуметтік шарттар, ғылыми зерттеулердің бағыттары. Бағдарламалар қарапайым, мақсатты, төтенше болады.

Экономиканы қалыптастыру, құрылымдық қайта құру, жекешелендіру бойынша және экономиканы дағдарыстан кейін тұрақтандыру бойынша жалпыұлттық бағдарламалар кең тараған.

Нарықтық экономиканың шарттарында экономиканы барынша ұзақ мерзімді жағдайда жоспарлау қолданады.

Реттеудің тікелей әдістері билікті өкім беру қарым-қатынасына негізделеді және субъектілердің шаруашылығының нәтижелі болуына және қызмет етуіне әкімшілік әсер етуге тіреледі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің тікелей әдістерінің ішінде экономиканың секторларын мақсатты қайтарымсыз қаржыландырудың әр түрлі нысандары басым, мысалы, аймақтар, фирмаларға субвенциялар немесе субсидиялар, дотациялар беру, арнайы бюджеттік немесе бюджеттік емес жалпыұлттық және аймақтық деңгейдегі қорлардан қосымша төлемақылар, сонымен қатар жеңілдікті несиелер. Аталған әдістердің мақсаты даму басымдығына қол жеткізу, қоғамдық қажетті секторлар, экономика секторларын, халық топтарын қорғау болып табылады. Тиімділігімен қатар аталған әдістің шығын мен бағаның қатынасының бұзылуы, бәсекелестіктің төмендеуі, нарықтың тепе-теңдік сақтау қызметінің нашарлау түрінде болатын жағымсыз тұстары да бар.

Экономикаға тікелей әсер етуді мемлекет шаруашылықтың белгілі салаларына инвестициялау арқылы жүргізеді. Бұл екі бағытта жүргізіледі: мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту немес мемлекеттік емес сектордың кәіспорындарын субсидиялау. Біріншісі капиталды қажет ететін және азрентабельді салаларда жүзеге асырылады. Мысалы, көмір өндірісі, темір жол және су көлігі, автомобиль жолдарын ұстау. Сонымен қатар, экономиканы дамытудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету үшін мемлекет нақты кезеңде ғылыми-техникалық прогресті анықтайтын, білікті кадрлар мен ғылыми зерттеулер жүргізу салаларына инвестициялауды жүзеге асырады.

Сурет 10.1 Нарықтық инфрақұрылымды мемлекеттік реттеу

Мемлекеттік кәсіпкерлік меншіктің басқа нысандарын қолдану жағымсыз салдарын тудыратын салаларда дамиды.

Осылайша, қорғаныстық өнеркәсіпте инвестициялау қазыналық кәсіпорындар құрылысына, акцияларын сатып алу арқылы басқа нысандағы меншік кәсіпорындарды ұлттық етуге, сот арқылы оккупанттармен серіктес болған кәсіпорындарды, мысалы, екінші дүниежүзілік соғысынан кейінгі Франциядағыдай тәркілеуге бағытталады. Осы негізде акцияларының жартысы мемлекетке тиесілі аралас кәсіпорындар құрылады. Кәсіпкерлік қызмет мемлекетке жалпыұлттық мәселелер мен маңызды әлеуметтік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекет халықтың өмір сүру деңгейін энергияға, азық-түлікке, қызметтерге шекті бағаларды белгілей отырып бақылайды.

Мемлекет реттеуді жекелеген кәсіпорындарды, біріккен немесе меншіктің жеке нысандарын қолдау арқылы жүргізеді және оларға тауарлар мен қызметтерді төмен бағалармен беру немесе субсидиялау арқылы қол жеткізеді. Мемлекет табыстың бір бөлігін ұлттық шаруашылықты дамытуға жұмсайды.Осылайша, президенттер Р.Рейган мен Дж.Буш саясаттары тікелей салымдар және көбінеки салық салудағы артықшылықтар арқылы ірі бизнесті қолдауға бағытталған.

Мемлекет білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау сияқты мемлекет көмегінсіз баяу дамитын немесе аталған салалар қызметіне бағалар өте жоғары болатын салаларды қолдау бағдарламаларын жүргізеді. Аталған салалар, сонымен қатар, аграрлық өндіріс, өнеркәсіп, көлік салалары көптеген мемлекеттердің субсидияландыру объектілері болып табылады.

Мемлекет ұлттық нарыққа тікелей, сонымен қатар, нарықтың дамуына, құрылымына, көлеміне мемлекеттік тапсырыс арқылы әсер етеді. Мысалы, фирмаға белгілі бір, кей жағдайда, ерекше, дефицит өнімді белгілі бір уақытта өндіруге мемлекеттік тапсырыс беру.

Нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады.

Салық сипаты тұрғысынан:

-Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар жатады.

-Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:

1.Олардың ақшалай табыстарын индексациялау. Оның мәні: инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді, индексацияның түрлері ақшалай табыс индексациясы, сақтық (сақталған) қаржыны индексациялау мен өмір сүру минимумын индексациялау. Индексациялау механизмін мемлекеттік статистикалық органдар тауар мен қызмет көтеруге бағаның өзгеруін бақылап отырады. Осы бақылау тұтыну бағасы индексін есептеуге мүмкіндік береді.

2.Кедейленген топтарды сүйемелдеу. Кедейлік деңгей әлеуметтік тәжірибеде өмір сүру минимумы арқылы өлшенеді. Өмір сүру минимумы деп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін калпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтады. Мұны есептеу тәсілі ең төменгі тұтыну бюджетіне негізделеді.

Жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына кеткен шығындарды минималды тұтыну бюджеті деп атайды. Ең төменгі бюджет мөлшерінің құны тұтыну құны индексінің өсуін ескере отырып, жылына 1 рет немесе тоқсан сайын қаралып отырады. Ал, тұтыну баға индексін анықтау үшін «тұтыну қоржынын» белгілеп алу керек. Ол әдетте , ең қажетті тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны – тұтыну игілігі мен қызметінің жиынтығы және адамға қоғамда белгіленген ең төменгі түтыну деңгейінде қамтамасыз ету.

3.«Атаулы» әлеуметтік қорғау (яғни барлық категориядағы тұрғындарды қорғаудан нақты адамды қорғауға көшу). Олардың табыстары ең төменгі жалақыны орташа жан басына шаққандағыдан төмен болады.

Осы келтірілген негізгі бағыттармен қатар, мемлекет кедейлік деңгейін төмендету үшін мынадай шаралар жүргізеді: еңбек биржасы арқылы мамандарды даярлау және қайта даярлауды, тұрғындардың жеке топтарын әлеуметтік қорғау механизмн жасау және табыспен аз қамтамасыз етілген тұрғындар тобын қолдау бағдарламасын қаржыландырады.




Предыдущий:

Следующий: